Материалдар / Физика біздің болашағымыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Физика біздің болашағымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
физика біздің болашағымыз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
727
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Физика біздің болашағымыз

(интеллектуалдық ойын)

(7-11 класс)

Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекілігі: компьютер, слайдтар

Барысы:

1. "Архимед туралы аңыз". 10 класс оқушылары

Жаратылыстану ғылымдары туралы қанатты сөздер. 9 класс оқушылары

2. Қатысатын оқушыларды екі топқа бөлу.

3. Топтар жарысы.

4. Жарыс шарттарымен таныстыру.

5. Сайысқа келген қонағымызды таныстыру.

6. Қазылар алқасының қорытындысы.

I. Мұғалім: Қайырлы кеш, қадірменді оқушылар, ұстаздар! Баршаңыз да "Физика біздің болашағымыз" атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Жанабергенова Армангүл

Сайысымызды бастамас бұрын 10 класс, 9 класс оқушыларын ортаға шақырамыз:Жаратылыстану ғылымдары туралы қанатты сөздер.

Азамат: "Физика - табиғат туралы ғылым"

Э.Роджер.

Ерсайын: "Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы"

К.Гаусс.

Ырысты: "Математика барлық ғылымдардың патшасы, ал физика оның қызметшісі".Студенттер шығармасынан.

Жансая: "Физиканың оң қолы химия болса, ал математика оның көзі"

М.В.Ломоносов.

Айымгүл: "Математик көп жағдайда техника мәселелеріне шорқақ келеді, ал тамаша конструктор кейде математиканы мүлде түсінбейді".

М.А.Лермонтов.

Архимед туралы аңыз

Қатысушылар: Гиерон патша, зергер, Архимед, автор.

Автор:

2200 жыл бұрын Сицилия аралы Сиракузда

Өмір сүрді Архимед ұлы дана.

Әкесі Фидийден білім алды,

Жастайынан ғылымға барын салды.

Сол елдің ханы Гиерон досы болатын,

Басында тәжі, көңілі тасып толатын,

Күндерде бір күн сол ханның тәжі тозыпты,

Жарқырамайды, күңгірттеу тартып оңыпты.

Бұл тәжді енді жаңадан жасау керек-ау-

Деген ой кеп, Гиеронның басын толқытты.

Қазынадан өлшеп көп те емес, аз да емес

Тәжге жететін таза алтынды алдыртты.

Қолынан өнер таматын шебер зергерді

Таңдап та талғап алдына сосын шақыртты.

Гиерон:

Аз да емес, көп те емес

Алтын берем қолыңа,

Осы алтыннан тәж жаса,

Ісің басып оңына.

Зергер: Құп болады, хан ием,

Автор: Зергер ханға иілді де,

Алтынды алып жөнелді.

Ай өткен соң тәж дайын боп ,

Хан иеміз қуанышқа бөленді.

Зергер: Жаңа тәжің дайын болды,

Жұмыс болды біткен оңды.

Әшекейлеп жасаған соң,

Жұмыс өте ауыр болды.

Үстеме ақы бермесеңіз,

Қолым міне жауыр болды.

Гиерон:

Әзірге осыны місе тұт, зергер.

Зергер: Рахмет, хан ием!

Автор:

Ақысын алып зергер кетті.

Бұл өмірде бәрі де бар,

Өтірік бар, шындық бар,

Таза алтыннан құйылды ма,

Хан көңілінде бір дың бар.

Күдігін тез сейілтпекке ақыры

Архимед досын шақырды.

Қосы ма екен әлде күміс,

Әлде мыстан қосты ма?

Отырды үнсіз Гиерон патша

Архимедті тосты да.

Гиерон:

Тәж қарасаң тамаша.

Қуанамын балаша.

Бірақ осы алтын тәжім

Қоспа ма, әлде таза ма?

Күмәнім бар кеудемде,

Архимед досым, сен кел де,

Араламай, кеспей де,

Сындырмай да, теспей де,

Қоспа бар ма, таза ма?

Мына тәжді бағала.

Автор:

Ғалым енді ойға батты.

Сансыз ойданбасы қатты.

Архимед:

Мына тәжді кеспей де,

Сындырмай да, теспей де,

Көлемін тап - деп құрғырдың

Гиерон патша бұйырды.

Әшекейленіп жасалған

Бұл тәжді қалай шабамын?

Салмағы тәждің белгілі

Көлемін қалай табамын?

Көңілдегі күдікті ойдың

Аранын қалай жабамын?

Автор:

Күн ойланды, түн ойланды,

Ұйықтамауға айналды.

Тамаққа да зауқы соқпай,

Ауыруға сәл қалды.

Архимед бір күні ваннаға түсіп,

Сергіп алмаққа бекінді.

Суға түскенде өз көлеміндей судың

Жерге төгілгенін көрді.

Көлемді қалай табудың жолы

Табылып сол сәт қуантты оны.

Киінбестен далаға шығып,

Гиеронға қарай жүгірді.

Көшеде халық соңынан еріп:

Не болды?- десіп шуласты.

Жер сілкінді ме, су алды ма

Өрт болды ма - деп қашты.

Архимед:

Эврика! Эврика! Таптым.

Шешімін таптым!

Автор:

Көлемін тәждің табудың жолын

Архимед ханға айтады.

Архимед:

Көлемін тәждің анықтау үшін

Ауада оны өлшеймін.

Суға салып өлшеймін.

Көлемін оның табамын.

Алтын тығыз күмістен

Екі есеге салыстырам оны да.

Сөйтіп мына алтын тәждің

Құрамын оның табамын.

Автор:

Бар жұмыс соған бағытталды,

Архимед бәрін есепке алды.

Құрамын тәждің зерттеген кезде

Күміс қосқаны анықталды.

Осылайша ашты Архимед

Ығыстырушы ұлы заңын.

Зергер болса жазасын алды.

Тайдырып өзі басынан бағын.

Автор:

Физика заңымен Архимед

Көрсе де біршама тауқымет,

Патшаның тәжісі қаншасы

Таза екенін айтып ед!

II. Топқа бөлу. Алдымен қатысатын оқушылар екі топқа бөлінеді.

III. Топтар жарысы. Енді екі топқа жұмбақ жасырамын, соның шешімін тапқан топ сол атқа ие болады.

Құрметтейік ғалымды,

Ғылымды алға жылжытқан.

Инерция құбылысын

Айтшы, достар, кім ашқан? (Галилео Галилей)

Қасына емес басына,

Алма түсіп қасына,

Тартылыс заңын таптым деп

Кетті ғалым асыға (Исаак Ньютон)

IV. Жарыс шарттарымен таныстыру.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты ол -

Еңбектену жалықпау,

Сәт сапар тілеп бәріңе

Сайысты енді бастайық!

Сайыс мынадай белестерден тұрады:

1. «Өткел» кезеңі

2. «Белес» кезеңі

3. «Бекет» кезеңі

4. «Асу» кезеңі

5. «Жерұйық» кезеңі

6. «Серпілу» кезеңі



1 кезең. Ойынның алғашқы «Өткел» кезеңінде топтар өздерін таныстырады.

2 кезең. «Белес» кезеңінде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

«Галилей» тобына:

1. Молекулалары бей-берекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйі.

(Газ)

2. «Физика» гректің қандай сөзінен шыққан? (Табиғат)

3. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы. (Телескоп)

4. Тығыздықтың өлшем бірлігі. (кг/м3)

5. Сандық мәнімен бірге бағыты да көрсетілген физикалық шаманы ата? (Күш)

6. Ғылыми деректермен негізделген жорамал қалай аталады? (Болжам)

7. Жарықтың әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығу құбылысы қалай

аталады? (Фотоэффект)

8. Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал

массасына кері пропорционал. Бұл қандай заң? (Ньютонның екінші заңы)

9. Алғашқы радиоқабылдағыштарды ойлап тапқан орыс инженері кім?

(А.С.Попов)

10. Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал қалай аталады?

(Трансформатор)

«Ньютон» тобына

1. Дене молекулалары бір-біріне жанасқан кезде өз-өзінен бір-біріне ену

құбылысы қалай аталады? (Диффузия)

2. Жұлдыздар жүйелері шоғырларын не деп атайды? (Галактика)

3. Массасы 1кг отын түгел жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығатынын

көрсететін физикалық шаманы ата. (Отынның меншікті жану жылуы)

4. Физикада «бірінші ұстаз» атанған ғалым? (Аристотель)

5. Жылдамдықтың өлшем бірлігі. (м/с)

6. Атом қандай бөлшектерден тұрады? (Электрон, протон, нейтрон)

7. Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш? (Микрофон)

8. Жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар мен саңылаулардың жиынтығы

(Дифракциялық тор)

9. Қысым тұрақты, температура мен көлем өзгеретін термодинамикалық процесс

қалай аталады? (Изобаралық)

10. Денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және

бағыттары бойынша қарама-қарсы. Бұл қандай заң?

(Ньютонның үшінші заңы)

3 кезең. «Бекет» кезеңінде сұрақтар топқа қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қосымша көмек алса ұпай саны кемиді. Сұрақты қарсыластары жауап беруге ынта танытса, жауап беру кезегін қарсыластар кезегіне беруге құқығы бар. Бұл жағдайда ұпай қарсыластарына жазылады. Егер топ кезегін бермей өздері жауап беріп, олары дұрыс болмай шықса, тиесілі ұпайлары жинаған ұпайларынан алынып тасталады.

«Шерлок Холмс» жайлы сұрақ қойылады. Шерлок Холмс өте білімді, байқағыш және ойшыл адам болған. Сонымен бірге, осы сайыс кезеңінде ол кісінің «физик» болғанына көздеріңіз жетеді.

1-сұрақ:

Қыс мезгілі болатын. Шерлок Холмс даладан бір үйге кіреді. Қырау басқан терезенің саңылауынан жолдың бір шеті ғана көрінеді. «Мына үйдің қызы жалқау екен» - деп ойлапты. Неліктен ол мұндай ойға келді?

Жауап. Ол үйдің терезесін қырау басып тұр. Онда терезе жақтауларының аралығына тесіктер арқылы бөлмеден жылы дымқыл ауа кіріп, суық ауамен жанасқанда терезеге қатып қалады. Бұдан шығатын қорытынды терезе дұрыстап жылыланбаған.



2-сұрақ:

Бір үйге келген Шерлок Холмс, үй иелерімен әңгімелесіп отырып, бірер минуттан кейін: «Сіздің ас үйіңізде шәйнек қайнап жатыр» - деген екен. Оның отырған бөлмесінен ас үй көрінбеген, онда ол мұны қайдан білді?

Жауап. Әдетте шәйнек қайнағанда қақпағы бүлкілдеп тұрады, оның қозғалуы ішіндегі су қайнап бу түзілген кезде қысымы артады да, ол қақпақты көтеріп жібереді, қақпақ ашылғанда бу сыртқа шығып, іштегі қысым азаяды, қақпақ орнына түседі, сол кезде дыбыс шығарады. Процесс осылай жалғаса береді.

3-сұрақ:

«Құймақ ыстық кезінде ғана тәтті» - дейді Шерлок Холмсты ас ішуге шақырған аспазшы, - «Олар көпке дейін ыстық болып тұруы үшін, мен құймақ салынған табақты металл подносқа салып қоямын» - депті сөзін жалғастырған аспазшы. «Одан да құймақты ағаш подносқа салған дұрыс болар», - деп Шерлок Холмс кеңес беріпті. Бұл кеңесінің астарында не жатыр?

Жауап. Ағаштың жылу өткізгіштігі металға қарағанда аз болады. Сондықтан ағаш подноста табақ баяу суиды.

4-сұрақ:

Шерлок Холмс түскен үйдің иесі есікке барып, ішке мысықты кіргізеді. Мысықты көрген Шерлок Холмс «Сыртта ауа райы суық екен», - дейді. Ол мұны үйде отырып қалай білді?

Жауап. Мысықтың жүніне қарап анықтаған. Суық күнде мысықтың жүні әдеттегіден де қобырайып үлпілдеп тұрады, оның әр талының аралығында көбірек ауа болады, ол жылуды нашар өткізеді.

4 кезең. «Асу» кезеңінде сұрақтар екі топтың барлық топ ойыншыларына қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1. Ғалым туралы

1) Негізгі сұрақ. Ғалымға Герон патшасы алтын тәж жасаған ұстаның адалдығын сынауды тапсырған. Тәжді бұзбай-жармай ішінде қоспасы бар жоғын білуді ұсынған. Бір жолы моншаға барып, толтыра су құйылған ваннаға түскен, су жартылай төгілген, сонда оның ойына мәселенің шешуі келген. Ол қуанғаннан «Эврика! Эврика!» деп айқайлап жіберген. Тәждің салмағын ауада, суға батырып өлшеген. Аңыз бойынша тәж затының тығыздығы таза алтынның тығыздығынан кем болып шықты. Ұстаның өтірігі әйгіленіп, ғалым тамаша табысқа ие болған. Бұл сұрақ бойынша қай ғалым туралы айтылады?

Қосымша көмек: Өзінің туған қаласын Сиракузды қорғау үшін әскери машина ойлап тапты. Ол «маған тіреу нүктесін беріңдер, Жер шарын да орнынан қозғалта аламын» деп айтқан.

Жауабы: Архимед (б.з.б. 287-212)

2) Негізгі сұрақ. Бұл құбылысты алғаш рет суда қалықтаған Плаун спорасын микроскоппен қарап, бөлшектерін пайдаланады. Бұл бөлшектер бей-берекет қозғалыста болады.

Ең ғажабы бұл қозғалыс еш уақытта тоқтамайды.

Температура артқан сайын молекуланың қозғалғыштығы артады. Бұл құбылыс қозғалысты газда, ауада, қалықтаған тозаңнан немесе түтіннің бөлшектерінде байқаған болады. Бұл құбылысты неміс физигі ПОЛЬ бақылаушыны қызықтыратын етіп әдемі суреттеген. Бұл қандай тәжірибе, оны ашқан ғалымның есімі кім?

Қосымша көмек: Бұл суықта немесе газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.

Жауабы: Бұл құбылысты алғаш рет 1827 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун ашқан, Броундық қозғалыс деп атаймыз.

2. Физикалық құрал. Оқушыларға сұрақ оқылып болған соң физикалық құрал көрсетіледі.

1) Негізгі сұрақ. ауа райын сипаттайтын шама, атмосфералық қысым, қорап ішіндегі қысым тұрақты. Сондықтан атмосфералық қысым өзгергенде мембрана көп немесе аз майысады. Ал мембранаға стрелка бекітілген. Осы стрелка шкаладан атмосфералық қысымды нұсқайды. Бұл қандай физикалық құрал деп ойлайсыз?

Қосымша көмек: Бұл құралды итальян ғалымы тәжірибе жүзінде Торричелли ойлап тапты.

Жауабы: Барометр.

2) Негізгі сұрақ. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылауы бар шардан поршенді цилиндрден тұрады. Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршенді бассақ, шардың саңылауларынан су немесе түтін барлық бағытқа бірдей ұзындыққа шапшып, будақтап шығаратынын байқаймыз. Бұл қандай физикалық құрал деп ойлайсыз?

Қосымша көмек: Бұл құралмен жасаған тәжірибелерге сүйене отырып, «сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі» деген қағиданы алдық.

Жауабы: Паскаль шары.

3) Негізгі сұрақ. Бұл аспап жылу мөлшерінің дәлірек мәні қоршаған ортамен өзара әрекеттеспейтіндей етіп оқшауланған денелер арасындағы жылу алмасуды бақылауға арналған. Ол үлкенірек ыдыстың ішіне арасында ауа қабаты болатындай етіп жылу өткізбейтін кеуек материалдың үстіне қойылған үлкен жұқа қабырғалы екінші бір ыдыстан тұрады. Қабырғалардың арасында ауа қабаты қалады. Жоғары жағынан ыдыстар жылу оқшауландырғыш қақпақпен жабылады. Бұл қандай физикалық құрал деп ойлайсыз?

Жауабы: Калориметр.

5 кезең. «Жерұйық» кезеңінде оқушылар есептер шығарады. Әр топқа 3 есеп беріледі. Дұрыс шыққан есепке 15 ұпай беріледі.

«Галилей» тобына:

Есеп. 1. Жиілігі 0,5Гц, амплитудасы 80см болатын гармониялық тербелістердің теңдеуін жазыңдар. Тербелістердің бастапқы фазасы нөлге тең.

Бер: Формуласы: Шешуі:

xм=0,8м   

ν=0,5Гц 

φ0=0 

x - ?

Есеп. 2. Кернеу 220В, ток күші 5А желіге жалғанған электрқыздырғыш 30мин жұмыс істегенде, қанша электр энергиясының шығыны болады?

Бер: Формуласы: Шешуі:

U=220В    1,98МДж

I=5А 

t=30мин 

Q - ?

Есеп. 3. t=270С температурада бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы U=15кДж. Осы газ молінің мөлшерін анықтаңдар.

Бер: Формуласы: Шешуі:

t=270С   

U=15кДж 

ν - ?

«Ньютон» тобына

Есеп. 1. Тербелістің амплитудасы 12см, ал жиілігі 50 Гц. Тербелетін нүктенің 0,4с өткеннен кейінгі ығысуын есептеңдер. Тербелістің бастапқы фазасы нөлге тең.

Бер: Формуласы: Шешуі:

xм=0,12м   

ν=50Гц   

t=0,4с 

φ0=0

x - ?



Есеп. 2. Қуаты 11кВт, 220В кернеуге есептелген, электрқондырғының кедергісін табыңдар.

Бер: Формуласы: Шешуі:

P=11кВт   Ом

U=220В 

R - ?

Есеп. 3. Ішкі энергиясы 300Дж-ге тең болатын 270С температурадағы, сыйымдылығы 2л ыдыстағы идеал газ молекулаларының концентрациясын табыңдар.

Бер: Формуласы: Шешуі:

U=15кДж   

=

t=270С 

V=2л

n - ?

V. Сайысқа келген қонағымызды таныстыру.

Мұғалім: Оқушылар есеп шығарып болғанша бүгінгі сайысымызға келген қонағымызды шақырайық.

- Сәлеметсіз бе? Өзіңізді таныстырып өтсеңіз?

- Менің аты-жөнім Оқыптуған Тапқышбекұлы. Шетелдерде Вундеркинд деген досым бар. Сіздердің мектептеріңде физика апталығы болып жатыр деген соң бір кәдеге жарармын деп, ат басын әдейі бұрдым.

Мұғалім: Бәрекелді! Хош келдіңіз! Бізге де сіз секілді көңілді, әзілқой, тапқыр адам керек еді. Ал құрметті көрермендер, Оқыптуғанға қоятын сұрақтарың болса, орындарыңнан тұрып қоюларыңа болады.

1 сұрақ: Бізге мұғалімдер кішкене білмей қалсақ, "су мисың" деп ұрсады, сол дұрыс па?

Мұғалім: Ой, сіздер де қоймас сұрақты қояды екенсіздер?

Оқыптуған: Жоқ, дұрыс сұрақ, жауап беруге болады. Адам организміндегі заттардың ең көбі су. Ол қанның 79,3%-ын , сүйектің 22%-ын, бұлшық еттің 76%-ын құрайды. Ал, есептеп қарасақ, мидың 83,3%-ы судан тұрады. Сондықтан оқушылар, мұғалім сендерге су мисың деп ұрысса, оған ренжімей-ақ қойыңдар, өйткені ол ғылымда дәлелденген.

2 сұрақ: "Ішің күйсе, тұз жала" деген мақалды түсіндіріп берсеңіз?

Мұғалім: Опырмай, сұрақтың да түрі көп болады екен ғой?

Оқыптуған: Күн ыссыда адам шөлдейді. Өйткені термен бірге денедегі тұз да шығады. "Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар" демекші шыққан тұздың өтеуін тұз ғана өтейді. Сондықтан, қатты шөл қысқанда 5 грамдай ас тұзын жеп немесе құрғаған тамақты тұзды сумен шаю керек. "Ішің күйсе тұз жала" деп іші тар адамдарға емес, шөл қысқан адамдарға айту керек.

Сіздердің оқушыларыңыз ылғи сұрақ қоюға шебер екен. Сұрағы бар адамның жауабы да болу керек. Ал, олар менің сұрақтарыма жауап берер ме екен?

Оқыптуған сұрақтары:

1. Мұз суда неліктен жүзеді? (Өйткені мұздың тығыздығы судың

тығыздығынан аз)

2. Неліктен су отты сөндіреді? (Су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

3. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (Құс жолы)

4. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың? (Көлеңке)

5. Маса мен шыбынның қайсысы қанатын көбірек қағады? (Маса)

6. Теңіз не себептен көк болып көрінеді? (Көк аспанды шағылдырады)

7. Жүрегінің қуаты 2,2Вт

Ғұмырында 40тонна тамақ жейді

Жердегі ең ақылды тіршілік иесі? (Адам)

"Бір физиктің махаббаты"

Айым саған лупамен қарадым,

Найзағайдай жарқылдайды жанарың.

Жүрегіме миллиампердей ток беріп,

"Броундық қозғалысты" өткеріп.

Күйіп те, жанып барамын.

Өн бойымда молекулалар шарпысты,

Қайткенде, жаным, аман қаламын.

Вакуумдағы ойларым ғой есебім

Ғашық дерттің теңдеулерін шешемін.

Таба алмасам түбі, егер, еш емін.

"Изохорлық процесті" кешемін.

Заряд едің, сәулем, қандай таңбалы.

Неге ғана көңіл лампың жанбады?

Ашып айтшы, жүрсең мені жаратпай,

Болмайықшы, тегі аттас зарядтай,

Физиканың заңдарына бағынып,

Жарықтардай толық кейде шағылып

Түрленемін Ньютон тапқан жолақтай.

Жарықтардың интерференциясы сияқты.

Қосыламыз ба, - деп қоямын сұрақты-ай,

Естимісің жаным, бұл қай тұрысың,

Жүрегімнің лүпілі ультрадыбысың

Берсең маған энергияңды қуатты.

Уағда етемін,

"Больцман тұрақтысындай"

Махаббатым тұрақты.

6 кезең. «Серпілу» кезеңінде оқушылар, сайысқа келген қонағымыз да би билейді.

VI. Қазылар алқасының қорытындысы. Жанабергенова Армангүл екі топтың ұпай сандарын айтып шықты. "Галилей" тобында 100 ұпай, ал "Ньютон" тобында 115 ұпай. Сонымен, жеңіске жеткен "Ньютон" тобы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!