Материалдар / Физика және химия пәндерінен ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН АҚПАРАТТЫҚ –КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Физика және химия пәндерінен ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН АҚПАРАТТЫҚ –КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика және химия пәндерінен ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН АҚПАРАТТЫҚ –КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
685
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Физика және химия пәндерінен ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН АҚПАРАТТЫҚ –КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ.

Оқушының оқу танымдық әрекетін қалыптастыруда ақпараттық –коммуникациялық технологияны тиімді пайдалана отыра оқытудың маңызы ерекше.Сондықтан зерттеу тақырыбымыз:«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ».Бұл тақырыпты алудағы мақсатымыз мектеп оқушыларына ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді қолдана отырып, сабақта нәтиже мен табысқа жету.Себебі, ақпараттық –коммуникациялы технологияларды қолдану нәтижесінде алынған ақпараттар оқушыларға сыни ойлауға, бағалауға, талдауға, жинақтауға және өз шешімдерін айтуға ықпал етеді. Сыныптастарына қарсы пікір айтуға немесе баламалы пікірлер айтуға жол ашады. Қазіргі уақытта біздің мектеп оқушыларының негізгі пәндер бойынша нақты білімдері бар болғанымен, бірақ өз білімдерін іс жүзінде қолдана білуде қиналатыны байқалады. Осы себепті оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрету үшін,алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру қажет.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс жасағанда баланың танымдық белсенділігі және өз бетінше білім алуы мен шығармашылығы артады. . Қазіргі таңда әлемдік проблемалардың бірі білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мәселесі болып отыр. Мектептің алдына қойған ең басты мақсаты оқушыға білімді жаттанды түрде емес,ұмытылмайтындай және болашақта алған білімін қолдана алатындай етіп тұлға бойына сіңіру болып табылады. Химия және физика пәні мұғалімі ретінде оқушылардың «Химия және физика» пәнінен алған білімін , практикалық біліктілігін, әрекетін құзыретті болуын қамтамасыз ету өзекті деп санаймыз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуметтік қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді. Әсіресе ақпараттық –коммуникациялық технология мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады. Оқушыларға арналған құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады; Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді; Оқытудың тиімділігі жоғарылайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі артады; Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, білімге деген табиғи сұранысын қанағаттандырады; Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемделген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды; Мұғаліммен оқушының жұмысын жеңілдетеді. Жаңа ақпараттық –коммуникациялық технологиялар дегеніміз білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру үрдісі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру. Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың негізгі міндеттері:Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;Практикалық шараны анықтап, жүзеге асыру; - Ғылыми ізденушілік және оқу әдістемелік жұмыстар жүргізу. Химия және физика пәнінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Химия және физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті, мысалға тақырыптарына сәйкес, мазмұнмен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Заман талабына сай жас ұрпақққа сапалы білім беруде интерактивті және аудио визуалды құралдарды, электрондық оқулықтарды физика және химия сабақтарында пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Бұл құралдармен жұмыс жасау үшін оқытушыға мына талаптар қойылады.:Оқытушының психологиялық педагогикалық және әдістемелік дайындығын арттыру;Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын білім беру кезінде пайдалануға оқытушының бейімділігі болуы тиіс, бұл оқытушының іскерлігі мен шеберлігін шыңдайды; Әр сабағымызда жаңа ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдық: -Білім, білік дағдыларын дамыта отырып, химия және физика пәніне қызығушылығын арттыру;-. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;-Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;-Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;-Өз бетінше ізденуге үйрету және компъютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;- Алған білімдерін өмірде және тәжірибеде қолдана білуге тәрбиелеу. Әр түрлі сызбаларды көрсетуде мысалы: «Алкиндар» тақырыбында тетраэдр пішінді түрлі-түрлі сиямен ерекшелеп көрсетумен қатар, сызғыш, қажетті кескін суреттерді тез тауып сызып қолдануға болады. Компъютердегі интернет жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап, тікелей қолданудамын. Физика және химия курсын оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдалану нәтижесінде оқытушы мен білім алушының арасында қол жеткізетін нәтижені мына сызбадан көруге болады: Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны химия және физика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білімін, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттік. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуге, компьютерлік сауаттылықтарына жол аштық. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келеміз. Бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеуге өз үлесімізді қосудамыз . 8 сыныпта физика пәнінен Lesson Study тәжірибесін өткізу бойынша «Қыздырғыш құралдар» тақырыбына ашық сабақ өткіздім. Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Сабақта оқушылар өздеріне берілген тапсырманы түсіну бөлімінде презентация түрінде қорғады. Физика, химия пәндерін тереңдетіп оқыту барысында, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын, жаңа және белгілі педагогикалық технологияларды оқыту үрдісінде батыл енгізе отырып пайдалану, оқытушылардың басты міндеті болмақ әрі, білім алушының білім сапасының артуына айтарлықтай жақсы ықпал береді.Оған дәлел ретінде соңғы көрсеткіштерді айтуға болады:-оқушылардың химия және физика пәнінен соңғы жылдары білім динамикасын бақылауға болады. Пән бойынша білім сапасы 47%- дан 54% –ға артты . Білім беруді жаңартудың негізгі талабы да осы мәселелерді жүзеге асыруда болып отыр. Бүгінгі оқытудың жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе екені баршаға түсінікті.Барлық әлемдегі білім беру саласының басты мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде де тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады. Сондай жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үдерістегі өзгерістермен тығыз байланысты білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!