Материалдар / Физика пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Физика пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2021
1215
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Туркестанская облысы
Мактаарал ауданы
            № 45
«Мадениет» жалпы орта мектебі
физика пәні мұғалімі:

Мурзакулов Шерматбой Мирзоевич















Баяндама.

«Физика пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану»





















2021 жыл

Мазмұны.

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

    1. Осы сұрақтарды инновациялық түрде шешудің жолы.

    2. Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың ерекшеліктері неде.

    3. Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады.

    4. Жаңа технологияның принциптері.

    5. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек.

ІІІ. Қорытындылау

    1. . Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу.

ІV. Ұсыныс.

  1. Әдебиеттер.





































І. Кіріспе. Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Ал осы мақсатқа жету үшін сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?

Қазақстан Республикасының Тунғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «…Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» — деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты. Тәрбиенің екінші сыңары – білім.

2.1. Осы сұрақтарды инновациялық түрде шешудің жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.
Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады.

2.2. Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың ерекшеліктері неде?
1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.  Жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.
3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады. Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
-Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
-Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
-Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
-Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
-Мұғалімнің уақытын үнемдейді
-Қосымша мәліметтер береді.
Жаңа технологияны пайдаланудың мұғалімге береріне келсек:
— Барлық баланы оқыту;
-Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
— Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
-Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;

2.3. Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
-оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
-оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
-оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;
— оны үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру мүмкіндігінің болуы.

2.4. Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру, өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелілікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Жаңашыл ұстаз ғана заман ағымына ілесе алады. Жақсы ұстаз ғана оқыта алады. Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты- оқушыны терең білім алу мен сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі.
2.5. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырмаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

  1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
    2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
    3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек
    4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
    5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

2.6. Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану.

Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді.
Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Білім беру үрдісінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі педагогикалық технологиялар мен әдіс – тәсілдер қолданылуда. Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп.
Мектептің қазіргі даму кезеңінде бұрынғы үйреншікті оқу жүйесін жаңа сападағы оқу жүйесіне ауыстыру мақсаты тұр – өте білімді, өздігінен тиімді ойлай алатын, қазіргі қоғамда өмір сүруге бейімді адамды тәрбиелеу. Бұл жағдайда оқушылардың өздігінен білім алуы, өздігінен оқуы және өзін-өзі тануы туралы мәселе қою оқу-тәрбие процесінің өзегі болуы табиғи. Осыған байланысты қазір балаларды оқытуда жекедара оқытуға (тұлғаны қалыптастыруға бағытталған), олардың өздігінен ізденіп, білім алудың сан түрлі жолдары мен әдістерін игеруіне, өз шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуына айрықша жағдайлар жасалуда. Бұл мәселені шешудің ең тиімді бағыттарының бірі оқу процесіне ақпараттық құралдар мен технологияларды енгізу болып саналады.

ІІІ. Қорытынды.Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар, қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру. Оқушы бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Бұл технологияның негізгі ұстанымдары: әлсін –әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетістіктерінің жариялылығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

ІV. Ұсыныс.

Алдағы уақытта, мүмкіндігінше, бұл жаңа әдіс-тәсілдің өзім үшін әлі де болса тың тұстарын меңгере түсіп, тәжірибеме енгізуді алдыма мақсат етіп қойдым. Елбасымыз «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп атап көрсеткеніндей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты да іс пен үлкен міндет тұр. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияларды пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы. Мен осы технологияны қолдана отырып, оқуға деген қызығушылығы жоқ оқушыны қызықтыруға болады деп айта алам. Өткені мен 9 қазақ сыныбындағы Фармонов Анвар есімді оқушымыз оқуға қыйыншылықты көрдім, осыдан мен осы компьютерлік оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқуға деген қызығушылығын арттыруға болатынын көрдім.

Оқушы қазіргі заманда телефон, компьютерлерде бәрлық мағлуматты көре алады, сондықтан оларға сұрақ жауап арқылы ізденүшілік және өзіндік жұмысын арттырады. Сондықтан осы технологияны басқа мұғалімдерге де қолдануға ұсыныс берем.

V. Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Сабыров Т.С. «Оқыту теориясының негіздері», Алматы, 2000ж.

  2. Интернет ресурстар. Google.com






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!