Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ФИЗИКА ПӘНІНЕН БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ЦИФРЛАНДЫРУ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ФИЗИКА ПӘНІНЕН БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ЦИФРЛАНДЫРУ
Мизамбекова Жанат Бакытовна
Педагог-зерттеуші,
Физика және информатика пәндерінің мұғалімі,
«Қостанай қаласы № 17 жалпы білім
беретін мектебі» КММ Қостанай қ,
Е-mail:zhanat.mizambekova@bk.ru
Білім беру үдерісін цифрландыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Мұндай даму барысы, сөз жоқ, барлық салалардың да оған ілесуін қажет етеді. Бұл процестен әрине, физиканы оқыту ісі де артта қалмауы тиіс.
Білім беру процесінде білім сапасын арттырудың бірден бір жолы ол жаңа цифрлық платформаларды үздіксіз жаңартып отыру. Бүгінгі алдымызда білім алып отырған әр оқушы- тәуелсіз, егемен еліміздің болашағы,олай болса балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті ұрпақ күтеріміз сөзсіз.Қазіргі замандағы мұғалімнің алдындағы негізгі басты міндеті - тек қана оқушыларды білім жағынан ғана қалыптастырып қоймай, оқушылардың рухани деңгейін оятып, тәрбиелік құндылықтарын арттырып, пәнге деген қызығушылықтарын дамытуға атсалысу. Бала тәрбиесінің дамуына ұстазынан басқа қоршаған орта немесе басқа да адамдардың ықпалы әсер ететіндігі барлығына аян. Мұғалім өмір бойы оқушымен оқушы болып өтетіндіктен, оқып - ізденуін ешуақытта тоқтатпайды. Мұғалімнің өздігінен ізденіп, білімін жетілдіріп отыру - бүгінгі таңдағы білімнің ажырамас бөлігі болып табылады.Сондықтан да мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметі болуы шарт. Физика пәні бойынша білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың цифрлық әлеуетін көтеру үшін келесі платформаларды қолдануға болады
Emaze –платформасы .Оқушыларға физикалық құбылыстар мен процесстер туралы презентация жасау міндеті берілсін. Оқушылар физикалық құбылыстар туралы ақпаратты ыңғайлы және түсінікті түрде ұсыну үшін стар туралы ақпаратты ыңғайлы және түсінікті түрде ұсыну үшін 3Д форматындағы презентацияны қолдана отырып ,мәліметті нақты көрсете алады.Осы платформаны қолдану барысында оқушы физиканы зерттеу контексінде сыни ойлау дағдысы, шығармашылық ойлауы, мәселелерді шешуі, физикалық ұғымдарды түсіну және қолдану дағдылары қалыптасады. Бұл цифрлық платформаны білім алушы реферат және эссе жазу мақсатында да қолдана алады.
Flipbook-платформасы. Бұл платформа аясында білім алушы әртүрлі тақырыптар бойынша баяндама жоспарын құруға болады. Мысалы: Сұйықтар мен газдар механикасы. Одан әрі сол баяндамаға сәйкес зерттеу жүргізе отырып , температураның сұйықтардың қасиеттеріне әсерін анықтайды.Бұл платформада оқушы физикалық шамаларды өлшеуге байланысты эксперимент жүргізіп,өлшеулер мен талдауларды жасай отырып, қорытындысын көрсете алады.Жеке тұлға-дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-құлқы, айналадағы адамдарға, қарым- қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, күрделі жағдайларды нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын көзбен қарай білетін салауатты тұлға.
Ендеше бұл жолда креативті тұлға қалыптастыру үшін не нәрсеге басымдық беру керек? Олай болса өзімнің күнделікті сабақтарымда түрлі жаңа цифрлы платформаларды қолдануды әдетке айналдырдым.
Оқушыларым да бұл бұл платформаларды қолдану барысында аса жауапкершілікпен, қызығушылықпен атсалыса қатысты.
Осындай керемет платформалардың бірі-jotform.Бұл платформа шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, ақыл-ойының толысуына, өжеттікке, тапқырлыққа, батылдыққа және де ойдан-ойға жетелеп, адамға қиял мен қанат бітіріп, шығармашылыққа да баулиды.[2].Бұл платформаның көмегімен әр түрлі тақырыптар бойынша рум турлар жасауға болады. Физика пәні бойынша шығармашылық тапсырмаларды орындауға өте тиімді.Мысалы «Рентген сәулелері» тақырыбы бойынша толық көлемде материал дайындауға болады.
Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңына сәйкес,білім беру жүйесінің басты міндеті-жалпы азаматтық құндылықтар, ғылыммен практика жетістіктер негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау. Әр сабақта жаңа үлгідегі цифрлық платформалар тапсырмалартиімді қолдану деп білемін.[1]
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Физика сабақтарында цифрлық платформалардың пайдаланудың тиімділігі:
- оқушының өз бетімен жұмыс жасауы;
- аз уақытта көп білім алып,уақытты үнемдеу;
- білім– білік дағдыларын қалыптастыру;
- шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстау сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
- оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Жаңа цифрлық платформаның басты тиімділігі – бұл мұғалімге физика сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді.Иммерсивті технологиялардың, ауқымды деректер технологияларының, жасанды интеллект алгоритмдерінің, «ақылды» сыныптар мен үйлердің құрамдас бөліктерінің айтарлықтай дамуына білім мен педагогика ғылымы жүйесінің ықтималды жауабы да бар. Адамның қатысуынсыз цифрлық ресурстардың өзара әрекеттесу технологияларына байланысты оқушыларды тәрбиелеу.
Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті – білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау.
Қорыта келгенде, «Цифрландыру- еліміздің болашағы мен ертеңі. Оны дамыту жастардың қолында. Еліміздің технологиялық келешегі жалынды жастарымыздың қарым-қабілетіне байланысты», — демекші ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де креативті білімді етіп тәрбиелеп, рухани дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақтың біліміне бағыттауымыз қажет.
Әдебиеттер тізімі:
-
Бұзаубақова К.Ж. Физика сабақтарындағы оқытудың инновациялық технологиялары. Астана, 2017 ж.
-
Кобдикова . Ж.У. Үш өлшемді әдістемелік жүйе – білім беру сапасын арттырудың тиімді құралы . Алматы, 2019 ж.