Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Физика пәнінен дидактикалық құралдарды жасау әдістемесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ФИЗИКА ПӘНІНЕН ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Хабибуллина Асима Сериковна Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы «Тайпақ мектеп-гимназиясы» КММ Физика пәнінің мұғалімі
Аңдатпа
Қазiргi кезде физика ғылымының, өндiрiстiң дамуына сәйкес пәннiң мазмұны кеңейiп, тереңдеп, оларды оқытудың ерекшелiктерi көбеюде. Сондықтан физиканы оқыту әдiстемесi жеке ғылым саласы болып қалыптасып, iрге тасы қалануда. Барлық жеке пәндердi де оқыту әдiстерi дидактикаға негiзделедi.
Кілттік сөздер: эвристика, дидактика, физика, эксперимент, технологиялық әдістер, ғылым, теория, табиғат, жас қоғам, болашақ, әдістеме.
Дидактика дегеніміз не?-cұрағына жауап берейік, «дидактика» бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика- оқытудың негізгі теориясы. Ол оқытудың негiзгi заңдылықтарын, жолдарын, бағытын көрсетедi. Дидактиканың түсінігі мен мәні, тоқыту өнері, бұл педагогика пәні, тіркелген білім беру ғылымдары, оған қатысатын әдістерді, тәсілдерді және құралдарды оңтайландыру мақсатында оқыту мен оқу үдерісіне араласу үшін жауап береді. Жеке пәндердiң әдiстемесi арнаулы дидактика деп аталады. Физиканы оқыту әдiстемесiнде арнаулы дидактика пәнiнен көбiрек оқытудың мазмұны, эксперименттің қолданылуы, тәрбиелiк мәнi, оның ұйымдастыру мәселелерi жан-жақты қаралады. Физика пәнiнен бiлiм беру - табиғат құрылымының және оның құбылыстарының ең қарапайым әрi әмбебап түсiнiктерiмен және заңдылықтарымен таныстыра отырып, физика пәнін оқушыларға жете түсінуге жол ашу болып табылады. Физика пәнінен бiлiмін теориялық жүзінде табиғат, қоғам құбылыстарын түсiндiруге, күнделiктi өмiрде қолдана бiлуге үйрету мақсаты қойылады. Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Заман талабына сай жаңа технологияларды, дидактиканы қолдана отырып оқыту мұғалімге байланысты. Оның негізгі қасиеті — ізденгіштігі. Физика пәнінен дидактикалық құралдарды жасау, оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасының маңызы зор. Бұл бағдарламаның стратегияларын ұтымды пайдалана отырып, әр оқушының өз ойын ашық айтуына, пікір таластыруына, өз тобында жұмыс жасай алуына мүмкіндік алады. Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде . Физика әдістемелік жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде қолдану мақсатқа алынып отыр. «Физика әдістемелік құралдарды» негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес етіліп жасау қазіргі заман білім жүйесіне оқушыларды әзірлеу үшін таптырмас құрал болып табылады. Материалдарды ұсынуда оқытудың ғылыми ұстанымдары мен оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі. Физикалық және техникалық құралдарының ең маңыздысы дидактикалық ерекшелігі, оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уакытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет .
Физика пәнінен дидактикалық құралдарды жасаудың негізгі жоспары және мақсаты:
-
Дидактикалық құралдар жасау барысында мазмұны, кіріспе және теориялық бөлімдерінің негізігі бағытын, мақсатын ашуы.
-
Оқушылардың дидактикаға деген қызығушылығын ояту мақсатында қызықты, жеңіл, тез жатталып орындалатын әртүрлі тапсырмалар жинақтарын енгізу.
-
Дидактикалық құралдарға мультимедиялық технологияларды 3D форматтағы қолдану, жаңа технологиялар арқылы жан-жақты зерттелген, заман талабына сай ақпараттарды енгізу.
− 123D Design. Жасы + 13 жастан асқан балаларға арналған бағдарлама.
− Tinkercad-Autodesk компаниясының 3D модельдерін көрсетуге арналған веб-бағдарламасы
− MeshMagic 3D-де үш өлшемді нысанды салуға болады, содан кейін оны 3D-ге түрлендіруге болады, сонымен қатар 3DP, 3ds, 3mf, OBJ, PLY, STL форматында дайын жобаларды өңдеуге мүмкіндік береді. Орындай құрумен қарапайым фигураларды сала алады.
-
Оқушылардың өзіңдік тапсырмалар орындау бөлігін енгізу, әртүрлі IT-технологиялық бағдарламаларды қолдану. Соның ішінде мектеп саласында кездесктін тапсырмаларды орындауға арналған бағдарламалар:
5. Эвристикалық және зерттеушілік іс-әрекеттерді ұйымдастыру
− Эвристикалық әдіс - бұл ғылымды мұғалімге тәуелсіз түсінудің ашылатын әдісі. ЖОО-ның жазбалары және оқуы. Армстронг, Сити және Гильдия институтының химия профессоры (Лондон) мектептерде жаратылыстану пәндерін оқытуды ілгерілетуде үлкен ықпал етті.
Физиканы эвристикалық әдіспен оқытудың келесі артықшылықтары бар:
− Оқушылар арасында суретке түсіру және зерттеу дағдысын қалыптастыру.
− Өздігінен білім алу және өзін-өзі бағыттау дағдысын қалыптастыру.
− Бұл оқушылар арасында ғылыми көзқарастарды дамытады, оларды шынайы және шынайы етіп жасайды, сонда олар нақты эксперименттер арқылы шешім қабылдауға үйренеді.
− Бұл психологиялық тұрғыдан негізделген оқыту жүйесі, өйткені ол максималды «орындау арқылы оқытуға» негізделген.
− Оқушылардың бойында еңбексүйгіштік дағдысын қалыптастыру.
− Бұл әдісте жұмыстың көп бөлігі мектепте жасалады, сондықтан мұғалім үй тапсырмасын беру туралы алаңдамайды.
− Бұл мұғалімнің жеке назарын және жақын қарым-қатынас мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
− Бұл байланыстар мұғалім мен оқушы арасында жылы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
6. Өзіндік бақылау, жетістіктерді өзіндік диагностикалау .
Физика сабақтарында оқушылардың эксперименттік және теориялық жұмыс дағдысын, шығармашылық қабілетін, дидактикалық құралдарды пайдалана отырып дамытуға болады. Бұл орайда эксперименттік тапсырмаларды және басқада дидактикалық тапсырмаларды үйге берудің маңызы ерекше, үйге тапсырмаларды интернет желісі немесе арнайы программалар арқылы жасап QR-қолдана отырып тарату. Үй тапсырмасына эксперименттік тапсырмалар және дидактикалық тапсырмалар беру оқушының біршама қабілеттерін және шеберліктерін дамытады және осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады. Физикалық құбылыстардың негізінен ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процесі әр оқушыда бірдей жүрмейді, кейбір оқушылар оқыған материалды тез игереді, кейбір оқушылар ой қорытуына және есіне сақтауына уақыт қажет еткізеді. Үйде оқушылар дидактикалық құралдар арқылы өз қарқынымен жұмыс істейді. Физиканың дидактикалық құралдары оқушылардың білім дегейіне қарай ұйымдастырылса сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі. Физика сабақтарында дидактиканы қолдану, есептер шығару оқушылармен жұмыс жасау барысында әрбір мұғалімнің негізгі әдістемесінің құраушысына айналуы керек. Себебі, қазіргі заман талабына сай, оқушыларды техникалық бағыттағы пәндерге атап айтқанда физика саласына бағыттау ең басты қазіргі заманның қажеттілігі болып табылады .
Қорыта келгенде, білім сапасы-мұғалім ізденісі. Педагогикалық іскерліктер. Осы бағыттарды негізге ала отырып, әдіс – оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім дидактикалық құрылғыларды оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері жасау, дидактикалық әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстардың жоспарлануы керек.