Материалдар / физика пәнінен ХХІ ғасыр көшбасшы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

физика пәнінен ХХІ ғасыр көшбасшы

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық сыныпқа байланысты сұрақтар түгел қамтылған ХХІ ғасыр көшбасшы болуға оқушылар үшін дайындалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2021
438
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны

І айналым «Бәйге»

  1. Су ішінде тұрған адам дем алған кезде оған әсер ететін Архимед күші қалай өзгереді ?

А) кемиді В) артады С) өзгермейді

2. Жас қиярды тез тұздау үшін оған ыстық тұздықты құяды. Қиярды тұздау неліктен ыстық тұздықта тез болады?

А) тұз тезірек ериді В) қияр өзегіндегі молекулалар арақашықтығы артады да, қиярды тұздау процесі тезірек жүреді

С) молекулалардың қозғалыс жылдамдығы артады және диффузия тезірек жүреді

3. Көрсетілген қасиеттің қайсысы қатты денелерге тән?

А) анықталған көлемі бар В) ыдыстың барлық көлемін алады С) ыдыс пішінін қабылдайды

4. Бір қалыпты қозғалыс жылдамдығының формуласы.

А.v=s⁄ t В υ=s•t С. υ=s-s0⁄ t

5. Дене координатасының өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама

А. қашықтық В. үдеу С. жылдамдық

6. Қайсысы векторлық шама

А масса В тығыздық С жылдамдық


7.Дененің инерттілігін сипаттайтын негізгі шама

А жылдамдық В масса С Импульс

8. Температураны өлшеу үшін прибор жасалған.

А Динамометр В термометр С Ареометр

9. Молекула – кинетиканың теорияның дамуына ұлы үлес қосқан орыс ғалымы

А. Ш. Кулон В . М.В.Ломоносов С . И. Ньютон

10. Егер математикалық маятниктің ұзындығын 4 есе арттырса , оның тербеліс периоды

А . 2 есе артады В. 2 есе кемиді С. 4 есе артады

11. Екі оқушы динамометрді қарама –қарсы бағытта әрқайсысы 50Н күшпен тартады . Динамометрдің көрсетуі

А. 25 Н В. 50Н С. 100Н

12. Ток жүрген кезде зат тасымалы болатын өткізгіштерді атаңыз

А электролиттерде В жартылай өткізгіштерде

С металдарда

13. Ток күшін өлшейтін құралды көрсет

А. Вольтметр Б Ваттметр С Амперметр

14. Магнит ағыны қандай бірліктермен өлшенеді?

А) Гн Б) В С) Вб

15. Индуктивтік қандай бірліктермен өлшенеді?

А) Гн Б) А С) В

16. Магнит индукциясы қандай бірліктермен өлшенеді?

А) Гн Б) Тл С) Вб

17. Магнит индукциясы векторының ағыны.......... өлшенеді:

А) Вб Б) Ом С) М

18. Магнит өрісінің күш сызықтары......

А) Тұйықталған Б) Тұйықталмаған С) Шексіз

19. Егер контурда 2 А ток күші кезінде ол арқылы ағын 4 Вб болса, контурдың индуктивтігі неге тең?







20. Термодинамиканың бірінші заңы қалай аталады?

А) Импульстің сақталу заңы

Б) Энергияның сақталу заңы

С) Масса мен энергияның өзара байланыс заңы

ІІ айналым «Жорға»

Тұлғалар

  1. "Маған тіреу нүктесін берсеңдер, Жер шарында орнынан қозғалтар едім", деген сөзді айтқан ертедегі Гректің ұлы математигі, механигі. Сицилия аралындағы Сиракузде дүниеге келіп сонда қайтыс болған. (Архимед)

  2. Италиялық физик, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы. Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинада өзінің алғашқы телескопын 1609 жылы құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты. (Галилео Галилей)

Классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, 1643 ж. Вулсторпада дүниеге келген.

  1. 1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда 1669-1701 ж.ж. кафедраны басқарған.Оның зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған.Жұқа пластиналардың түстерiн зерттеп, жарықтың дифракциясы мен интерференциясын анықтады. (И.Ньютон)

  2. Ерлі-зайыпты француз физигі, радиоактивтілік туралы ілімнің негізін салған. Әйелі Нобель сыйлығын екі рет алған. (Кюри мен Мария)

  3. Мен Жердегі тапсырмаларымды орындадым” деген сөзді жазған американдық Time журналының “Ғасыр адамы” атағына ие болған тұлға. Физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі. 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері. (Энштейн)

Оптика

1. Жарық құбылысын зерттейтін ғылым (Оптика)

  1. Ақ жарықтың жіктелуі (Спектр)

  2. Жарық көздеріне не жатады (От, Лампы , Күн , Жұлдыз)

  3. Жарық ненің бойымен таралады (Түзу)

  4. Линза түрі (Жинағыш, шашыратқыш т,б)

Электр

  1. Электр атауы қандай сөзден шыққан ?(Электрон )

  2. Диэлектриктен жасалған дене (Изолятор)

  3. Электр зарядының бірлігін анықтайтын анықтаушы француз физигі (Кулон )

  4. Электрон зарядының таңбасы (теріс)

  5. Денелердің электрленгенін анықтайтын құрал (электроскоп)

Жұмбақтар

1. Мұз жарғыш жүзіп келеді

Бауыры қызып келеді

Абайла ойып түсер

Ондайлар бұзық келеді (үтік)

2 Шам, плита жұмысын жасай қалды

Ал оның есептен басы айналды

(Электр есептегіш )

3. Құйрығы інге кірсе беті өртенген

Ішегіне ішегі тисе қатер төнген (Электр пеші )

4. Суға салсаң батпайды

Отқа салсаң жанбайды (Мұз)

5 Аса қажет өмірге халық үшін

Пайдаланам өмірге жарық үшін (Электр тогы)

Тұрақты шамалар

1. 1,38*10-23 Дж/К

2. 1,6 *10-19 Кл

3. 6,67 *10-11 Н*м2/ кг2

4. 9,8 м/с2

5. 3*108 м/с

Формулалар

1. Q=сm( t2–t1 )

2. Е= F/q

3. Е=q2/2C

4. gR

5. T=2П√l/g

Өлшем бірліктер

1. м/с2

2. Дж/К моль

3. моль-1

4. кг м/с

5. м/с

Механика

1. Метро эскалаторында тұрған адам Жермен салыстырғанда қандай күйде болады?

2. Жолдың өлшем бірлігі?

3. Инерция дегеніміз не?

4. Материяның ажырамас қасиеті?

5. Центрге тартқыш үдеудің формуласы қандай?

Жалпы сұрақтар

1. Материалдық нүкте деген не?

2. Электромагниттік толқынның пайда

болуының басты шарты

3.Жарықты спектрлерге жіктеп, жарық

толқындарының ұзындығын дәл өлшеуге

мүмкіндік беретін оптикалық аспап

4. Шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалатын

нүктеге түсірілген тең әсерлі күш векторы

қалай бағытталған?

5.Толқын ұзындығының халықаралық

жүйедегі өлшем бірлігі


ІІІ айналым «Шығармашылық тур»

ІҮ айналым «Жорға»

Ғажайып сұрақтар

1. Әлемді дүр сілкіндірген

1957 жылғы 4 қазан.

Бұл күн тарихта қандай хабармен жер жүзін елең еткізді? (алғаш Жер серіктері ұшырылды)

  1. Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын "Титаник" жолаушы кемесі күтпеген жерден айсбергке соғылып, Атлант мұхитына батып кеткен-ді. Қазіргі кемелер мұндай апаттан ненің арқасында біржола құтылды? (Радиолокатор, радиотолқындар)

  2. Төңкерілген стақаннан су төгілмейді. Стақаннан сілкілеп шығарғаннан өзінде су шарға айналып, тұрып қалады. Қозғау үшін ешқандай күш жұмсаудың қажеті болмады. Бұл қандай құбылыс болар еді? (Салмақсыздық)

  3. Су бетінде кішкентай ғана жәндік құдды бір мұз айдынында сырғанап жүрген конкишідей зу-зу етеді. Барлық жәндік тәрізді оның да алты аяғы бар. Бірақ ол төрт аяғымен қозғалады. Алдыңғы екі аяғы өзге аяқтардан қысқа су бетіне маса, шыбын түсе қалса сол алдыңғы аяқтарымен шап беріп ұстап алады да, оған өзінің тұмсығының үшкір ұшын қадай қояды. (Су инелігі)

  4. Отанымыздың теріскей аймақтарына бара қалсаңыздар табиғаттың қазақ жерінен байқалмайтын бір ғажайып құбылысына куә боласыздар. Көкшіл аспан әлемінің бүкіл солтүстік жағы кенеттен қызыл-жасыл түске боялады да, көк күмбезін толық шарпиды, бейне бір аспан шымылдығы құрылады. Сәлден кейін бояулардың жарқылы бірте-бірте сейіле солғындана барып ғайып болады. Табиғаттың әсем құбылысы не деп аталады? (Солтүстік шұғыла)



Логика

  1. Аузы жабық ыдыста шыбындар қозғалмайды. Ыдысты өлшеп массасын анықтаймыз. Ыдысты шайқап шыбындарды қозғалысқа келтіреміз. Тағыда массасын өлшейміз. Масса өзгереме? (өзгермейді)

  2. Стол үстіне азғана тұз сеуіп, оған қосымша ұнтақталған бұрыш қосамыз. Тұзға да бұрышқа да қол тигізбестен бір бірінен қалай бөліп аламыз? (Тарақты шашқа тарап, зарядтап тұзбен бұрышқа тигіземіз. Бұрыш тараққа жабысып қалады)

  3. Екі бірдей білеуше, біреуі темір, біреуі магнит болса қайсысы темір қайсысы магнит екенін қосымша құралсыз қалай табамыз? (Екеуін кезекпе-кезек бір-бірінің ортасына тигізеді. Магниттің екі шеті ортасына қарағанда тартуы күштірек білінеді . Егер білеушенің шеті екіншісінің ортасын тартса ол магнит болғаны.)

  4. Су астында аквалангы жүзіп жүріп, бағытынан айырылып қалды. Судың үсті, асты қай бағытта екенін қалай ажыратады? (Көпіршіктің бағытын бақылау)

  5. Найзағай түскенде ағаш неге быт-шыт болып кетеді? (Капилляр түтікше арқылы көтерілген сумен млн вольт кернеуі бар тоқ өткенде су буланып, ағашқа түсетін қысым артады.)








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!