Материалдар / Физика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Физика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Авторы:
04 Мамыр 2023
262
5 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Физика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі прогрессивті реформаланып, әлемдік білім кеңістігіне енудің алғашқы қадамдарын басып келеді. Ғылым мен  техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымның теориясы мен оқыту үрдесі де түбегейлі өзгерістерге ұшырау үстінде. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгереді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болады.

         Қазіргі білім берудегі басты мақсат — жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан — жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Сонымен қатар, олардың өз бетімен жұмыс жасауларына жағдай жасау және шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа педагогикалық технологияларды немесе оның элементтерін ұтымды пайдалану өзекті мәселеге айналып отыр.

Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде көптеп қолданып жүрміз. Бұл технологиялардың оқушының ой — өрісінің дамуына тигізер пайдасы өте зор, себебі оларды қолдану сабақ нәтижесін, сапасын, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Әсіресе оқушылардың өздігінен танып, іздену іс — әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

Бастапқы ғылыми идеялар:

1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім  алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

  1. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3.Деңгейлеп-саралап оқыту құрлымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады : ең төменгі (минималды базалық) бағдарламалық, күрделенген деңгей.

Базалық деңгей —  мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.

Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы  мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.

4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін .

жеке тұлға ерекшеліктеріне;

психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшеліктеріне , ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара біліуіне/;

-пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.

Деңгейлеп оқыту — оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес,оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.

Оқушы өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен  дами алатын тұлғаға айналады. 

Үлгермеушіліктен құтылып, мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті мазмұнын меңгеруге кепілдік береді.

Оқушының жеке қаблетіне  сәйкес бағытта шығармашылықпен жұмыс істеуіне  жағдай туады.

Оқыту үрдесінің барысында әр оқушының белгілі бір мерзім аркалығындағы дамуын үздіксіз  қадағалайтын мониторинг жүргізуіне мүмкіндік туады.

Оқушы жеке қаблетіне  сәйкес бағытта «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға» айналады.

 

Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. 9 сыныпта Бүкіл әлемдік тартылыс тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.

І-деңгей: мынадай сұрақ беремін: Бүкіл әлемдік байланыс принципі, физика заңдылығының жалпыламалығы. Проблемалық сұрақтар беремін.

  1. неге жер күнге құлап түспейді?

  2. жердің өз осінен айналуының пайдасы мен зияны

  3. Қай жерде салмақ артық, полюсте ме, экваторда ма?

ІІ-деңгейде: есептер шығарылады: өте жақсы оқитын оқушылар А белгісімен белгілен. Жақсы оқитындарға В белгісі, нашар оқитындарға С белгісіндегі есептер беріледі.

ІІІ-деңгейде: жазу мен сызуды ой тұрғысынан ойлаудың Венн диаграммасын қолданамын. Жер мен Күн ұқсастығы.

ІV-деңгей: шығармашылық есептер, мәнжазбаларын қорғап шығады.

Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдана отырып, баланың білім біліктілік, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үшін не бір әдіс тәсілдерді қолданамын. Ол үшін мына қағидаларды үнемі назарымда ұстағанды жөн деп есептеймін:

  1. Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап – тілектерін, шығармашылығын жетілдіру.

  2. Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

  3. Өзін – өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының ақыл-ойы дамиды, өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын және жауапкершілігін арттырады, оқушылардың білімі әділ бағалануына, өз білімін өзі бағалай білуіне мүмкіндік туды, өз қабілетіне, болашағына сенуіне, танымдық әрекеттерінің қалыптасып, одан әрі шығармашылықпен айналысуына, пәнге қызығушылығының артуына мүмкіндік береді. Сабақ кезінде түрлі әдістер қолдана отырып өткізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығуы артады. Ол өз кезегінде білім сапасына да оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!