Материалдар / "Физика сабағында жобалап оқытуды пайдаланудың тиімділігі" Мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Физика сабағында жобалап оқытуды пайдаланудың тиімділігі" Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні мұғалімдеріне жобалап оқыту технологиясының тиімділігі мен білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2021
1127
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Физика сабағында жобалап оқытуды пайдаланудың тиімділігі




С.Б.Садуева

Физика пәнінің мұғалімі

«Бақыршық орта мектебі» КММ

Жарма ауданы ,ШҚО.


«Шеберліктің белгісі - әртүрлі әдісті біліп

сабақта орынды қолдана білу»

А.Байтұрсынов


Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың халыққа жолдауында «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім. Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей, инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру, ол ұстаздың сауатты, жан-жақты маман екендігінің бірден бір көрсеткіші деп айтса болады. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдануды дұрыс жоспарлау - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Яғни, кәзіргі педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық –ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген.Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында білім алушыға білім мен білік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден – бір шарты – оқу орындарындағы білім беру үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми – техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі падалана білу әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Ал бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымай ізденімпаздығымен, шығармашылық жемісімен келмек.Осындай жаңа технологиялардың бірі – жобалап оқыту технологиясы. Жобалау –«proicere» деген латын сөзі.Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді.Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей. Ол жобалау әдісі туралы былай дейді:

  • оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс;

  • жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі;

  • оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады.

  • Жеткіліксіз білімді әр түрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді;

  • ұжымда жұмыс істеп үйренеді;

  • зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді;

  • оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды.

Жобалап оқыту технологиясына тереңірек үңілсек, дәстүрлі сабақ беру жүйесінде білім алушыны тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін еместігіне көз жеткіземіз. Жобалап оқыту технологиясы педагогтың интеллектуалдық, кәсіби, моральдық, рухани, азаматтық және басқа да сапалы қасиеттерін қалыптастырып отырып, мұғалімнің жеке тұлғасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оқу барысында білім алушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет. 21ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдылықтарының бірі - мектеп білімін жаңарту. Ол білім алушылардың неғұрылым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Білім алушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екен бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда "cooperative learning" - бірге үйрену деген мағынаны білдіреді. Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы - білім алушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашлығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы- Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. "Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе - бұл мысал жобалау технологиясының нағыз титік үлгісі" - деген үлкен Хилпатрик. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – білім алушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы білім алушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін қзі көрсете білуге бейімдеу Егер білім алушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарды дұрыс шешім қабылдап отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт- бағдар бере алады. Сонымен, жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, білім алушыны ізденіске іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеш білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.Жобалау технологиясы негізінде - білім алушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр. Білім алушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарғыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет

Жоба жұмысы кезеңдері.

Жұмыстың мазмұны.

Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-әрекеттері.

Білім алушылардың іс - әрекеттері.

Дайындық кезеңі «Жоба тақырыбын анықтау»

Бір бағыт төңірегінде білім алушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әрбір білім алушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді. Әр білім алушы өмірлік тәжірибесіне (егер ол болса), сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның мақсаты анықтайды.

Жоспарлау. Топқа бөлу.

Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау. Білім алушыларды өз бетімен акпарат жинауды бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Білім алушылардың жобасы бойынша күнделігін тексереді. Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. "Қоғамдық" тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді.

Зерттеу жұмысы.

Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары:сұхбат, анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау. Білім алушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен топ мүшелерімен жеке - жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру. Жеке және жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдар мен қарым қатынас қалыптастыру. Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашлық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.

Нәтижені талқылау.

Ақпаратты талдау, шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау. Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке білім алушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келгетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудиовидо техниканы жабдықтайды. Топ арасындағы әркімнің рөлін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемаларды сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады.

Жұмыстың тұсау-кесері.

Ғылыми жоба;

Шығармашылық жоба;

Ойын түріндегі жоба;

Ақпараттық жоба және т. б түрлері бар.

Мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоба болып бөлінеді.

Сонымен, білім алушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі болып табылады. Нақты тақырып төңірегінде білім алушының алдында әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекеті.Конфуцийдің «естігенімді-ұмытамын, көргенімді-есте сақтаймын, өзім істегенімді – меңгеремін» - дегені бұл технологияның негізгі ұстанымы.

Физика сабағында жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсатым – білім алушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыс жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы білім алушыны болашақта әр-түрлі жағдаяттарда, әр-түрлі ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер білім алушы жоба тақырыбын дұрыс таңдап, оны дұрыс жоспарлай білсе және оны орындай алса, ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр-түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр-түрлі адамдармен тіл табыса отырып әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.

Сонымен жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, білім алушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеу.

Осы жобалау технологиясын қолдануда білім алушыға берілетін 10 бағыт:

  • Өз бетімен ойлану

  • Өз-өзіне сұрақ қою

  • Айналасындағы адамдермен пікірлесу

  • Кітаптан қарау

  • Интернеттен қарау

  • Бақылау

  • Материал жинау

  • Қорытынды жасау

  • Презентация

  • Рефлексия «соңғы сөзі»

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқу процесі білім алушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциялдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы білім алушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.

Қорыта айтқанда, интегралдық жобалау әдісінің ғылыми тұрғыда артықшылығы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі, өзіне сенімі артады, қосымша материалдарды қолданады. Мектептің ақпараттық – білім кеңістігін дамытудың төмендегідей артықшылығы бар:

Әдістемелік – оқу-тәрбие процесіне қатысушылар өз уақытын өз өз тармағына сай пайдаланады. Құжаттармен жұмыс істегенде уақыт үнемдейді. Ақпараттық – жаңа бағдарламаларды, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге мүмкіндік алады. Байланыстылық – оқу процесіне қатысушылар: әкімшілік-мұғалімдер, білім алушы-ата-ана арасындағы тығыз байланысқа мүмкіндік туады.«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей қорыта келгенде өз сабағымда жаңа технология әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екендігіне көз жеткіздім:

  • Білім алушының оқуға деген ынтасы артады

  • Әр білім алушының жеке қабілеті айқындалады;

  • Үлгерімі нашар білім алушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;

  • Жақсы оқитын білім алушының тереңірек білім алуына жағдай туады;

  • Әр білім алушы өздігінен ізденуге, жұмыс істеуге дағдыланады;

  • Білім алушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, білім алушылардың шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.Демек, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үдерісінде білім алушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.Физика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қараев Ж.А. Оқытудың компьютерлік технологияның дидактикалық заңдылықтары. //Информатика, физика, математика. 1993. № 4. -3-7 б.//

2.Қисымова Ә.Қ., Увалиева Т.Ж. Оқыту технологиялары. – Алматы. 2007, 204 б.

3.Исаева Г. «Ақпараттық технологиялар және білім сапасы» //Қазақстан мектебі, №7, 2008. 47-48б

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!