Материалдар / ФИЗИКА САБАҒЫНДА ЖОБАЛАР ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ФИЗИКА САБАҒЫНДА ЖОБАЛАР ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген мақалада жалпы білім беретін мекемелерде негізгі пән болып саналатын физика пәнін оқыту барысында,жаңа заманға сай оқушылардың пәнге қызығушылығын сонымен қоса білім алушылардың зерттеушілік қабілетін арттырып,түрлі заманауи жобалар жасау арқылы теориялық білімге де қызығушылығын арттыру мәселесі тілге тиек етілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Сәуір 2023
731
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ФИЗИКА САБАҒЫНДА ЖОБАЛАР ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ


Естөре Толқын Жәнібекқызы

7М01502-Физика білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Алматы қ., Қазақстан

tolkin21@mail.ru 87078106726


Түйіндеме: берілген мақалада жалпы білім беретін мекемелерде негізгі пән болып саналатын физика пәнін оқыту барысында,жаңа заманға сай оқушылардың пәнге қызығушылығын сонымен қоса білім алушылардың зерттеушілік қабілетін арттырып,түрлі заманауи жобалар жасау арқылы теориялық білімге де қызығушылығын арттыру мәселесі тілге тиек етілді.

Кілттік сөздер: зерттеушілік ,шағын жобалар,жобалау технологиясы,гипотеза,анализ.


МЕТОД ПРОЕКТОВ КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ КУЛЬТУРЫ ОБУЧАЮЩИХСЯ НА УРОКЕ ФИЗИКИ.


Аннотация: в данной статье была затронута проблема повышения интереса учащихся к предмету в ходе преподавания физики,которая является основной дисциплиной в общеобразовательных учреждениях,а также к теоретическим знаниям посредством создания различных современных проектов и повышения исследовательских способностей обучающихся.

Ключевые слова: исследования,небольшие проекты,технология проектирования,гипотеза, анализ.


THE PROJECT METHOD AS A MEANS OF FORMING A RESEARCH CULTURE OF STUDENTS IN A PHYSICS LESSON.


Abstract: this article touched upon the problem of increasing students' interest in the subject during the teaching of physics, which is the main discipline in general education institutions, as well as theoretical knowledge through the creation of various modern projects and improving the research abilities of students.

Keywords: research,small projects,design technology,hypothesis, analysis.



"Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға,Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға" деп Абай атамыз жырлағандай, қазір XXI ғасырда жас ұрпаққа,жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатқандығы барлығына аян. Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған тұсында, дәстүрлі оқыту технологиясы қолдану білім алушылардың тақырыпты толық түсінуіне кепілдік бермей отыр.Сондықтан қазіргі таңда педагогтардың жаңа заман талабына сай оқыту тәсілдері мен әдістері кеңінен ойластыруына мүмкіндіктер берілуде.Қазіргі заман мұғалімінен тек өзінің пәнін біліп қана қоймай өз пәніне сәйкес оқуытуда жаңа әдістер мен технологияларды қолдану міндеттеліп отыр.Оқытуда жаңа әдістерді қолдану соңғы жылдары көптеген нәтижелер беріп,оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін мейлінше жоғарылатуда.Соның ішінде жаратылыстану бағытындағы «Физика» пәнін оқытуда жаңа инновациялық әдістерді қолдану өз нәтижесін беріп отыр.

«Физика» пәнін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың функционалдықсауаттылығын дамыту негізінде оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлігін және шығармашылық қабілетін қалыптастыру: білім, білік және дағдыларды меңгеру негізінде әлемнің жаратылыстанымдылық бейнесін біртұтасқабылдай алуды қалыптастыру. Функционалдық сауаттылықты жобалық және іздену, зерттеушілік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы қалыптастыру ұсынылады.

Зерттеушілік тәсіліне«мұғалім – білім алушы» екеуінің өзара қарым –қатынасы сипатының ынтымақтастық жағдайына қарай өзгеруіне, сондай –ақ танымдық қызығушылығына тәрбиелеуге, білім алу мен оқуға деген оң көзқарас құруға, терең, сапалы білім алуды қалыптастыруға ықпал етеді.Зерттеушілік тәсілді қолдану жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуына, өзіндік білім алу дағдыларын, белсенді танымдық іс – әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық тәсілдің бұл түрін сабақта жобалар орындау арқылы жүзеге асыруға болады. Әлемдік педагогикалық тәжірибеде жобалық әдіс көпжылдардан бері қолданысқа ие. Жобалық әдіс, басқа әдістермен қатар, жеке тұлғаға бағытталған әдісінің ұстанымдарына негізделген. Жобалық әдіс - проблеманың шешуін іздеуге бағытталған, білім алушылармен оқытушының бірлескен әрекеті.

Жобалық әдіс нақты проблемаларды шешуде теориялық білімдерді практикада қолдануға, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерінің қалыптастыруға, білім алушыға жеке, жұппен, топпен жұмыс істей отыра, проблеманы анықтауға және оны шешуге мүмкіндік береді. Жобалық әдісті қолдану барысында оқушыларда жоғары мотивация пайда болады, өздігінен жаңа білім алуға құштарлығы артады. Сонымен қатар, жобаны орындау кезінде оқушылардың функционалды сауатылығы қалыптасып, жаңартылған білім беру жүйесі көздеген мақсаты да орындалмақ.

Жоба жұмыстарының түрлеріұзақтығына байланысты төмендегідей жүргізіледі.



Shape1



Орта мерзімді және ұзақ мерзімді жобалар - көп уақытты талап етеді немесе сабақтан тыс уақытта орындаған тиімді. Сондықтан, бір сабақ көлемінде оқушылардың зерттеушілік әрекеттерін қалыптастыру мақсатында шағын- жобалар әдісін қолданған тиімді.

Шағын - жобалар орындау үшін жұмыстың тиімді түрі– топтық жұмыс. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың өзара оқытуын қамтамасыз етеді, өзара дамытуына, заман талабына сай ақпараттық, коммуникативтік құзіреттіліктерінің қалыптасуына септігін тигізеді.

Жобалар тақырыбын таңдау кезеңінде оқушылардың жас ерекшеліктерін, физика курсының пәндік мазмұнын және жобалық іс-әрекетінің нәтижелілігін ескерген жөн.

Жинақта ұсынылған шағын –жобалар бір оқу сағаты көлеміне есептелген. Жобаларды орындау барысында оқушылар өз бетінше физикалық шамалардың арасындағы тәуелділігін анықтайды, демек сындарлы оқытудың негізгі принципіне сәйкес оқушылар теориялық білімдерін практика жүзінде табысты қолданады.

Оқытудың жобалау технологиясын нәтижелі қолдану, ең алдымен жоба мен жоба іс-әрекетінің оқытуын талап етеді. Ол нақты өмірлік тәжірибеде жүзеге асырылады. Мәселелік-бағдарлы оқу оқушылардың өзіндік дағдысы арқылы жүйелі ұйымдастыруға бағытталған. Оқушылардың бұндай қызығушылықтары өздерінің білімдері мен білік, дағдыларын қолдана алған жағдайда және білім беру белсенділігінде өздерінің нәтижелерін көрген кезде пайда болады. Мұндай мүмкіндікті оқытудың жобалау технологиясы береді, ол оқушыларды қоғамның дамуына теориялық және практикалық маңызыдылығы бар мәселелерді оқуға, көруге, қоюға, шешуге үйретеді.

Өз тәжірибемде 7-8сынып оқушыларына сабақ бергендіктен шағын жоба жасауда жұмыс гипотезасы мен мақсатын тұжырымдау, сонымен қатар, гипотезаны дәлелдеу үшін жобаның орындау жоспарын құруды өздеріне тапсырамын.

Бұл үшін оқыту үрдісінде оқытушы оқушылардың ойлау қызметін оятатындай, оның дамуына жағдай жасау керек, ол тек оқушылардың өзіндік жұмысын орындау барысында іске асады. Дәл өз бетімен жұмыс істеу «репродуктивті (репродукция)» деңгейден білімнің критерийлері ретінде «біліктілік» және «шығармашылық» деңгейге өтуге, құзыреттіліктердің қалыптасуына мүмкіндік береді.


Өз тәжірибемде пайдаланатын кейбір шағын – жобалар мысалдары.


7-сынып

Тақырыбы:көкөніс тығыздықтары анықтау.

Мақсаты:экперимент жүзінде көкөніс тығыздықтарын өлшеу.

Құрал-жабдықтар:таразы, мензурка жәнекөкөністер (сәбіз,картоп,қызанақ,қырыққабат,сарымсақ т.б.).


Жұмысты орындау:

  1. Әр көкөніс көлемін өлшеуіш аспап көмегімен өлшеңдер. Мензуркаға сыймайтын көкөністердің көлемін қалай табуға болатынын өздерің табыңдар


  1. Әр көкөніс массасын таразыға салып өлшеңдер.


  1. Өлшеу нәтижелерін пайдаланып, формула бойынша көкөністердің тығыздықтарын есептеңдер.

  2. Көкөністер тығыздықтары кестесін құрыңдар.


Реттік

номері


Көкөніс

атауы

Көлемі ,

V(м3)

Массасы ,

m ( кг)

Тығыздығы

ρ (кг/м3)

















  1. Интернет желісін пайдаланып, осы көкөністер тығыздықтарын табыңдар. Өз нәтижелерімен салыстырыңдар. Айырмашылығы бар ма?

  2. Эскперимент нәтижелері дәл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?


Анализ

Жобаны орындау барысында білім алушылар өздері таразының көмегімен көкөністердің массасына көз жеткізеді.Құрал-жабдықтармен жұмыс жасау әрине қызығушылық тудырмай қоймайды.Мұнда олар біріншіден, таразыны күнделікті өмірде қалай пайдалану керек екендігін үйренеді.Екіншіден,таразы көрсеткен шамаларды өздері жазып алып,формула арқылы есептеп үйренеді.Үшіншіден, өздері өлшеп алған,формула арқылы шығарған нәтижеге нақты көз жеткізу мақсатында бір-бірімен салыстыру жұмыстарын жүргізеді.Соңында тығыздықтың анықтамасын оған байланысты теорияны оқуға білім алушылардың ынтасы ашылады.



8-сынып


Тақырыбы:Сұйықтың булану жылдамдығының сұйық температурасына және сұйық бетіндегі будың ұшыру жылдамдығына тәуелділігі.

Мақсаты: Сұйықтың булану жылдамдығының сұйық температурасына және будың ұшыру жылдамдығына тәуелділігін зерттеу.

Гипотеза:

а) егер сұйық температурасын арттырса, онда сұйықтың булану жылдамдығы артады, кемиді (керегінің астын сызыңдар).

в) егер сұйықтың сұйық бетіндегі будың ұшыру жылдамдығын арттырса, оның булану жылдамдығы артады, кемиді (керегінің астын сызыңдар) .

Құрал жабдықтар:суық және жылы суы бар екі ыдыс, спирті бар тамызғыш, тамызғыш, екі парақ қағаз, қағаздан жасалған желпілдеуіш.


Жұмысты орындау :

  1. Бір парақ қағазға екі тамшы суды тамызыңдар: біреуі суық екіншісі жылы судан.

Рисунок 28

  1. Екеуінің де үстінен тамшылар кепкенше дейін қағаз желпілдеуішпен былғап тұрыңдар.

  2. Тамшының қайсысы тез буланады?

  3. Екі парақ қағаздың әрқайсысына бір тамшы спирттен тамызыңдар.

  4. Біреуін бөлек алып қойыңдар, ал екіншінің үстінен тамшы кепкенше дейін қағаз желпілдеуішпен былғап тұрыңдар.

  5. Тамшының қайсысы тез буланады?

  6. Жоба гипотезасына сәйкес қорытынды жасаңдар.

  7. Гипотезаларың расталды ма?


Анализ

Жобаны орындау барысында білім алушылардың баты мақсаты біріншіден,көрсетілген гипотезаның жауабын көз жеткізе отырып,дәлелдеп беру және көрсету.Екіншіден,құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланып,зерттеушілік жұмысты алгоритм бойынша дұрыс әрі тиянақты орындалуы қатаң бақыланады.Үшіншіден, алынған нәтиженің дұрыс екендігіне көз жеткізіп,нақты дұрыс жауапты дәлелдей отырып жобаның гипотезасына жауап беруге үйренеді.


Осылайша білім алушылардың зерттеушілік қабілетін арттыруға онымен қоса ғылыми көзқарасын дамытып,қызықтыруға әбден болады. Алайда, жобалар тақырыбына сәйкес тұжырымдалған гипотезалардың барлығы ақиқат болу шарт еместігін де оқушыларға ескерткен жөн. Осылайша, жаңартылған мазмұнында оқыту жүйсенінің мақсатына сәйкес шағын –жобаларды орындау барысында оқушылар өз білімдерін өмірде қолдана білуге, пікірлерін дәлелдеуге үйренеді.

Жоба әдісінің негізінде оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын дамыту, өз білімін өз бетінше жасай білу қабілеті, ақпараттық кеңістікті насихаттау, сыни ойлауды дамытуға қол жеткізуге болады. Жобалардың әдісі әрдайым оқушылардың белгілі бір уақытқа орындайтын жеке, жұп, топтың өзіндік жұмысына бағытталған. Бұл тәсіл өзара ынтымақтастықта оқу әдісімен тиімді үйлеседі.Аяқталған жобалардың нәтижелері, «нақты» болады, егер бұл теориялық мәселе болса, онда нақты практикалық шешім - нақты нәтиже екендігіне көз жеткіземіз.

Қорыта келгенде, жоба әдісінің ең басты ерекшелігі оқытушы білім алуға жағдай жасаса, онда оқушы әртүрлі дерек көздерінен өзіндік білім алуға,өзіндік жаңа білімдерді кіріктіруге, өз бетімен алған білімдерді мәселені ашуға және оны шешу жолдарын анықтауға пайдалануды үйренеді. Жоба тобында жұмыс істеу арқылы қарым-қатынас біліктілігін игереді, өзінде зерттеу біліктілігін дамытады (мәселені аша білуге, ақпаратты жинауға, бақылауға, эксперимент жүргізуге, анализ жасауға, гипотеза құруға, жалпылауға). Оқытудың дәл осындай тәсіліоқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, өмірлік дағдыларды қалыптастыруға ықпал жасайды.



Пайдаланған әдебиеттер:


  1. 2015-2016 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орты білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. -235 б.

  2. 2017-2018 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орты білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. -300б.

  3. Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Физика» пәнін бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсарына арнап әзірленген үлестірмелі материалдар. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. – 87б.

  4. Фронтальные экспериментальные задания по физике в 6-7 классах средней школы: Пособие для учителей/ Под ред. В.А. Бурова, С.Ф. Кабанова, В.И. Свиридова. – М.: Просвещение, 1981. - 112 с .

  5. Фронтальные экспериментальные задания по физике: 9 кл. Дидакт. Материал. Пособие для учителя/ В.А. Буров, А.И.Иванов, В.И. Свиридов; Под ред. В.А. Бурова – М.: Просвещение, 1981. - 112 с .





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!