Материалдар / Физика сабағында оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Физика сабағында оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынтасы, құштарлығының ерекше бір көрінісі. Осы белсенділікті сабақта арттыру – кез-келген мектептің өзекті мәселелерінің бірі. Оқушының белсенділігін арттыру, ойлау, оны тәжірибелік іс-әрекетке итермелеу үшін оқытудың белсенді әдістерін тиімді пайдалану қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2022
395
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Физика сабағында оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары

«Алматы облысы білім басқармасының

Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі

"«Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі

шағын орталығымен» МКМ физика пәнінің

мұғалімі Сарсенбаева Камила Аманбаейқызы



Белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынтасы, құштарлығының ерекше бір көрінісі. Осы белсенділікті сабақта арттыру – кез-келген мектептің өзекті мәселелерінің бірі. Оқушының белсенділігін арттыру, ойлау, оны тәжірибелік іс-әрекетке итермелеу үшін оқытудың белсенді әдістерін тиімді пайдалану қажет.

Бұл әдістердің пайда болуының себебі де оқушыға білім беріп қана қоймай, сонымен бірге танымдық қызығушылықтарымен шығармашылық ойлауын, қабілеттерін, өзіндік ақыл-ой жұмысының дағдыларын қалыптастыру болады.

Осындай әдіс-тәсілдердің физика сабағында тиімділері:

  • Мәселе туындату. Психологиялық қиын жағдайда оқушы ойлана бастайды. Ой оларды танымдық әркетке итермелейді.

  • Пікірталас ұйымдастыру. Ол ұжымдық талқылауды бастайды. Талқылаудың шарты – оқушылар алдын-ала дайындалады. Олар алдымен ең қолайлы шешімдерді табу үшін мәселелер мен негізгі тақырыптарды көрсетеді.

  • Топтық жұмысты ұйымдастыру. Топқа зерттелетін мәселені бекіту кезеңінде әр топқа әлсіз, орта және жоғарғы дайындықтағы оқушылар кіреді. Топтағы тапсырманы күшті оқушы орындайды да әлсіз оқушыға қалай жасағанын түсіндіреді. Оқушылар арасында өзара көмек жүреді.

  • Сабақты түсіндіруде бейне ақпаратпен (мысалы «Онлайын мектеп») үйлестіру оқушыларға ұсынылған оқу материалының мазмұнына арттырады және жаңа тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады.

  • Физика сабағында ақпараттық технологияны, соның ішінде мультимедиялық технологияларды қолдану. Онда ақпаратты қабылдау барысында бір уақытта бірнеше сезім мүшелері жұмыс жасайды. Бұл кезде ақпарат қазіргі замандағы адам үшін жақсы таныс нысандарда пайда болады. Олар аудио ақпарат, яғни дыбыстық, бейне ақпарат, қимыл қозғалысқа келтіру.

  • Алгоритм әдісі. Ол ақыл- ой әрекетін ұйымдастырудың логикалық формаларының бірі ретінде қолданылады. Алгоритм нәтижені қандай ретпен және қалай алу керектігін көрсетеді. Олар оқушылардың ойлау стилін қалыптастырады, білімнің дұрыстығына, сенімділігіне және оъективтілігіне талаппен қарауға тәрбиелейді.

Жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдану мысалдарын қарастырайық. Бірінші графикалық бейнелеу, бұл басқа пәндерге қарағанда физикада жиі қолданылады деп айтуға болады. Атап айтқанда тұрақты ток тарауларында берілген тапсырмалар оқушының белсенділігін арттырады. Графикалық әдісті қолданғанда зерттелетін обектімен бейнелерді оқушылардың қабылдауын біріктіруге болады. Сабақта оқушылардың ізденісті саналы түрде меңгеруін байқауға болады.

1 тапсырма.

1) Кілттен, ток көзінен, электр шамынан және амперметрден тұратын тізбек сызыңыз.

2) Электр шамының кернеуін өлшейтін құралды көрсетіңіз.

3) Мұндай тізбекті қайда кездестіруге боалды.



2 тапсырма Есеп құрастыр, оны шеш.





3 тапсырма Сызбаның қатесін тап.



Келесі әдіс - мәселе туындату. 8-сыныптағы «Қайнау» тақырыбындағы пайда болатын сұрақтарға тоқталайық: сұйықтардың қайнау температурасы неге байланысты? Егер сұрақ осылай берілсе ол қызығушылық туғыза қоймайды және оқушыларды белсенділік бола қоймайды. Сұрақты «Бөлме температурасында су қайнауы мүмкін бе?» деп қоятын болсақ, бұл оқушылардың қызығушылығын тудырады. Ал егер мынадай тәжірибемен толықтыратын болсақ «бөлме температурасында 1/4 су бар шприцтің саңылауын жауып, соңына дейін созыңыз, су суық болған кезде қайнайды» Және сұрақ неге? Оқушылар үшін бұл таңқаларлық жағдай, ойланатын мәселе туындатады.

Жоғарыда аталған кез-келген әдіс-тәсілдер оқушылардың белсенділігі артып, іздене білу қабілеттері жоғарылайды.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Оқулық «Физика-8» Р. Башарұлы, Ш. Шүйіншина,

К.Сейфоллина. «Атамұра» Алматы, 2018 жыл

2. Графикалық бейнелеу технологиясы. М.С. Атаманская. РО ИПК и

ПРО, Ростов 2010 жыл

3. Оқулық «Физика-8» Б.М. Дүйсембаев, Г.З. Байжасарова, А.А.

Медетбекова. Мектеп" баспасы 2016 жыл.

4. «Физика есептерін шешудің графикалық әдістері» М.С.Ладных,

Белгород, 2019 жыл






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!