Күні:
12.04.22
ж.
Cынып: 9 «а», 9
«б»
Пәні: Физика.
Физикадан сыныптан тыс сабақ
Тақырыбы: «Қызық
екен...».
Мақсаты :
Білімділік: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған
білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық
қабілетін, логикалық ойлау
қабілетін, ой-өрісін кеңейту,
белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Оқушының шығармашылық
қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлік, ізденімпаз, интеллектуалды
қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету
барысында жауапкершілігін жетілдіру, біліміне деген сенімін
арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне, білімді, дарынды, озық болуға
тәрбиелеу.
Жоспары:
Сәлеметсіздер ме,
астро-физикалық сайысқа қатысушылар, ұстаздарымыз бен мектеп
оқушылары! Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті
көрермендер! Бүгін 9 «а» және 9 «б»
сыныптар арасында физика және асторномия пәнінен өткелі тұрған
«Қызық екен...» сайысына қош келдіңіздер! Бүгін бізге ғарышқа
саяхат жасау үшін 5 ғарыш кемесі ғана бар. Сол ғарыш кемелеріне
отырып ұшатын ғарышкерлерімізді 2 топқа бөліп
аламыз.
Олай болса сайысымызға қатысқалы отырған
топтар:
1-топ 9 «а» сыныптың
«Импульс»
2-топ
9 «б» сыныптың «Энергия»
Сайысымыздың кезеңімен таныс
болайық:
І-кезең. «Восток» кемесіндегі «Кім
көп біледі?» - сұрақ-жауап.
ІІ-кезең. «Пионер»кемесіндегі «Ойлан тап!» -
формулаларды аяқтау.
ІІІ-кезең. «Восход» кемесіндегі Ғарыш айлағы...-
сұрақ-жауап.
ІV-кезең. «Маринер» кемесіндегі
«Дода» өнер көрсетуі тиіс.
V-кезең.
«Союз»
ғарыш кемесіндегі үй тапсырмасы
Бүгінгі 2-топтың жарсының
қортындысын жетондарды қай топ көп жинайды сол топ жеңімпаз
болады.
Олай болса сайысымызды
бастайық!
І-кезеңі. «Восток»
кемесіндегі «Кім көп біледі?» -
сұрақ-жауап. (Әр топқа сұрақ оқылады)
Бұл сайыста әр топқа бір минут
ішінде сұрақтар оқылады, әр бір дұрыс жауап бір ұпаймен
бағаланады.
1-топ;
Алғырлар
тобын
-
Физика не туралы
ғылым? (табиғат)
-
Жаңғырық қайдан пайда
болады? (дыбыстың
шағылуынан)
-
Заттың ең кішкентай
бөлігі (атом)
-
Аристотельден кейінгі «екінші
ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби)
-
Заттың үш күйін
ата. (қатты, сұйық,
газ)
-
Дененің жұмыс істей алу
қабілетін сипаттайтын шама (энергия)
-
1961 жылы 12 сәуірде қандай
оқиға болды? (адам ғарышқа
ұшты)
-
Күн бататын жақ?
(Батыс)
-
Ток күшінің өлшем
бірлігі? (Ампер)
-
Қандай ыдыстарға су
құйылмайды? (су толы
ыдысқа)
-
Жылу берілуі кезінде дененің
алған немесе жоғалтқан энергиясы (жылу
мөлшері)
-
Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы
(ток)
-
Бір
дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы
қалай деп аталады. (диффузия)
-
Кім
барлық тілде сөлейді? (жаңғырық).
-
Бір
температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез
қайнайды? (шикі
су)
-
Су мен
күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары
әртүрлі)
-
Бірлік
ауданға түсірілетін күш. (қысым)
-
Теңізде
қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
-
Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын
шама (үдеу)
-
Стакандағы суды ішіп қойса, ішінде не қалады?
(ауа)
2-топ.
-
Табиғат туралы
ғылым (физика)
-
Кім барлық тілде
сөйлейді? (жаңғырық)
-
Ағылшын
ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп
болды? (алма)
-
Адамға қай кезде көзілдіріктің
керегі жоқ? (ұйықтағанда)
-
Аспан
денелерін зерттейтін ғылым. (астрономия)
-
Жердің серігі.
(Ай)
-
Көзіңмен көресің, бірақ
қолыңмен ұстай алмайсын? (көлеңке)
-
Дененің пішінінің
өзгеруі (Деформация)
-
Қараңғы бөлмеге кіргенде ең
алдымен нені бірінші жағасың. Май шамды ма, әлде газды
ма? (сіріңкені)
-
Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы?
(телескоп)
-
Ұзындықтың халықаралық
бірліктер жүйесіндегі өлшемі? (метр)
-
Күн шығатын жақ.
(шығыс)
-
Геоцентрлік жүйе бойынша
әлемнің центрінде не тұрады? (жер)
-
Астероидтар қатарына жатқызылған планета.
(Плутон)
-
Көк шарфты суға салса не
болады? (су
болады)
-
Күш
өлшейтін құрал қалай аталады? Динамометр
-
Жұмыс қандай бірлікпен
өлшенеді? Джоуль
-
Еркін түсу үдеуінің
мәні? 9,8
м/с2.
-
Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де
сипатталатын шамалар (Векторлық шамалар )
-
Заттың агрегаттық күйлері
(Қатты, сұйық, газ
)
ІІ-кезең.
«Пионер»кемесіндегі«Ойлан тап!» -формулаларды аяқтау. Әр
топқа 9 формула беріледі. Берілген формуланы аяқтайды және ненің
формуласы екенін айтады. Әр жауап 1 балл.
№ 1
№2
ІІІ-кезең. «Восход» кемесіндегі
Ғарыш айлағы... Бүгін алғаш 1961 жылы 12
сәуірде Гагарин ғарышқа самғағаннан бастап міне дәл бүгінгі күні 61
жыл толып отыр. 61 жылда адамзаттың ғарышты игеруі қарыштап алға
дамыды, қаншама рет ғарыштық сапарлар жасалды. Адамзат күн санап,
сағат санап ғарыштан жаңалықтар біліп жатыр. Сол сияқты біз де
бүгін ғарышқа саяхат жасап, белгісіз галактикалар мен
ғаламшарларды, кометалар мен астероидтарды, жұлдыздар мен
тұмандықтарды ашу үшін ғарышқа сапар шегеміз.
1.Қазақстандағы ғарыш
айлағы? (Байқоңыр)
2.Біздің галактиканың
аты? (Құс
жолы)
3.Алғашқы Жердің жасанды
серігі қай жылы ұшырылды? (1957 жылы 4
қазан)
4.Күнге ең жақын
ғаламшар. (Меркурий)
5.Жыл мезгілдері неге
ауысады? (Жер Күнді айнала
қозғалады)
6.Жердің Күнге ең жақындайтын
нүктесі? (дұрыс
жауабы:перигелий)
7. Астрономияның негізгі
құралын атаңыз? (дұрыс жауабы:
телескоп)
8. Ең жақын жұлдызды
атаңыз. (дұрыс жауабы: Күн
)
9.Күндегі энергия көзі қайдан
пайда болады? (гелий, сутегі
)
10.Телескопты ойлап тапқан
ғалым.(Ньютон)
11.Қандай ғаламшарларда
сақиналары бар? (Юпитер, Сатурн, Уран,
Нептун)
12.Күн қандай жұлдыздар тобына
(спектрлік класқа) жатады? (G-3)
13.Алып ғаламшарлардың
ерекшеліктері неде?(
(Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун) өлшемдері мен
массалары үлкен, ал орташа тығыздығы
аз )
14.Галактиканың қандай
түрлерін білесіңдер? (эллипс, спираль,
бұрыс)
15. Айға алғаш табан тіреген
адамдар? (дұрыс жауабы: Американ
ғарышкерлері Н.Армстронг, Э.Олдрин, М.Коллинз. «Аполлон-11», 16-24
шілде 1969 жыл)
ІV-кезең.
«Маринер» кемесіндегі «Дода».
өнер
көрсетуі керек.
Сайысымыздың келесі
бөлімі «Дода» деп аталады. Бұл сайыста топтар өз өнерлерін көрсетуі
керек.
V-кезең.
«Союз»
ғарыш кемесіндегі Үй тапсырмасы қол өнер
сайысы (макет
құрастыру)
Бүгін көріп, тамашалаған
интеллектуалды ойынымыз,астро-физикалық сайысымыз өз мәресіне
жетті. Қорытынды жасау үшін, яғни жеңген команданы анықтау үшін әр
топ жетондарыңызды санай қойыңыздар.Топтар
марапатталады.
« Көрермендермен
ойын» Физика пәніне орай жауап
бересіздер.
Көрермендерге
сұрақтар:
1.Қияр ыстық суда
әлде суық суда тез тұздалама? (Ыстық. Диффузия ыстық суда тез
тарайды)
2.Үстіне құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге? (Қара түс күн сәулесін тез жұтады )
3.Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
4. Көп болса,
асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны
қайсың? (Уақыт)
5.Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп
тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы:
үш
6. Қозғалысқа
келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол
келеді. (Күш)
7. Барлық денелерге
тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеуге болады
дәл. (Масса)