Материалдар / Физиканы ағылшын тілінде оқытудың маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Физиканы ағылшын тілінде оқытудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
физиканы ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
614
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

CLIL ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАР.


БАУБЕКОВА АЙЖАН ТАКЕНОВНА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ,КӨКСУ АУДАНЫ,БАЛПЫҚ БИ АУЫЛЫ,МЕДЕУБАЙ ҚҰРМАНОВ АТЫНДАҒЫ №2 ОРТА МЕКТЕП



Жалпы сөзімнің басын тілімізді құметтеуден бастағым келіп отыр.Тіл – әр ұлттың, әр елдің қастерлі де, құдіретті құралы дегім келеді. Қазіргі жастар заманы бізді бәсекеге қабілетті, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуімізді талап етеді,ол үшін біз,мына алдымызда отырған білімгерлерімізді озық ойлы азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Қазіргі заман талабы ата-бабаларымыз айтып кеткен келесі сөздердің қағидасы десем артық айтпағандығым деп ойлаймын «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілді құрметте»деген сөздер бекер айтылмаса керек.Сондықтанда өз тіліміз тірегіміз,өзге тіл біздің елімізді,жерімізді басқа көршілес елдерімізге танытатын көмекші құралымыз болмақ.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев үштілдік туралы білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Тілдердің үштұғырлығы” мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін және мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі – орыс тілі мен жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі – ағылшын тілі болуы тиіс екенін ерекше атап көрсеткен. Қазіргі таңда келешек ұрпақты білімді,сауатты,дарынды тұлға етіп дамыту үшін, көптілді меңгерту – басты мақсатымыз.

Үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептердің негізгі мақсаты:

Ең алдымен тілді меңгерген, әлеуметтік,кәсіби,мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады.Екіншіден:жаңартылған білім мазмұны аясында жаратылыс тану және математика,соның ішінде физика,химия,биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер СLIL технологиясын қолдана отырып, үштілділік саясатын жүзеге асыруға Медеубай Құрманов атындағы №2орта мектепте атсалысуда.

Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту сәтінен,топтық жұмыс.

"Bang-bang"ойыны

Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту сәтінен,оқушылар эксперимент жасауда.

Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту сәтінен,сұрақ-жауап ағылшын тілінде.


Жалпы CLIL дегеніміз не екеніне нақтырақ тоқтала кетсем.


CLIL(ContentLanguage Integrated Learning)










Shape1

CLIL әдісі 90 жылдары Еуропада көптілді дамыту саясатының аясында әзірленген









Ол-оқу бағдарламасын екінші тілмен кіріктіре отырып беру әдістемесі болып табылады. Қазіргі жаһандану заманында, яғни әлемдік ғылым, өнер және технологиялардағы дамуды оқушылар басқа тілді меңгеру барысында біле отырып, өз тілінде сол дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.Бұл оқушыларға шет тілін оқытумен қатар көптеген жаңа бағыттар береді, яғни оқушы тілмен қатар пәнді қоса меңгереді. Бұл дегеніміз жас ұрпаққа болашақта жаңа өмір,жаңа қадам,жаңа бизнес бастауға керемет мүмкіндік деп ойлаймын.




Сабақ



Shape3 Shape2

ана тілі  



шет тілінде










Нәтижесінде замануи әдіс тәсілдердің тиімділігі жас ұрпақтың жаңашыл, ізденімпаз, әр әрекеті шығармашылықпен байланысты, сындарлы ойлауға, өз білімін жетілдіруге жол ашады. Бәсекеге қабілетті, білімді тұлғаны дамытып қалыптастыру баршамыздың ісіміз екенін бір сәтте шығармауға міндеттіміз. CLIL әдісінің ең негізгі оң тұстарының бірі екінші тілді меңгеруге оқушының талпынысы болып табылады. Бұдан басқа оқушы екінші тілде оқи отырып, оның мәдениетін тереңірек білуіне мүмкіндік алады. Пәнді оқи отырып, оқылып жатқан тақырыптарға сай терминдерді қайталау барысында, оларды өз ой пайымдауларында қолдана отырып, оқушының белгілі пән бойынша сөздік қорының молаятындығына көзім жетті.

Қорыта келгенде:

-Көп тіл білетін,басқа ұлттардың салт-дәстүрін қадірлей білетін мәдениетті , отан сүйгіш тұлға болып қалыптасады.

-Оқыту жүйесінде енді ғана басталған білім беру оқушының бір мезгілде екі тілді,одан әрі қарай басқа тілдерді де меңгеруіне мүмкіндік жасай алады.

-СlIL әдісі арқылы білім алатын оқушылар екінші тілді тезірек меңгере және бір тілде ғана білім алатын құрдастарына қарағанда,білім жағынан алда тұрады.

-Оқушылар ҰБТ-ға қатысуынада тілдік кедергілердің болмауы және оқушылардың білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйренеді.

-Көп тілде және билингвальды оқыту арқылы толеранттық тұлға қалыптасады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

[1]- http://edu-resource.net (Предметно-языковое интегрированное обучение). 
[2] -https://infourok.ru (МЕТОДЫ И ПРИЕМЫ CLIL. Алметов Н.Ш., ЮКГУ им. М.Ауэзова, 2016)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!