Физиология пәнін жоғары оқу орындарыда оқытудың маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Физиология пәнін жоғары оқу орындарыда оқытудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім) жүйе, мүше, тін және жасуша деңгейінде жүретін тірі организмдердің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылады. Жекеленген функкцияларды зерттеу үшін организмнің қоршаған ортамен әрекеттесу заңдылықтарына, механизмдеріне, себептеріне, оның түрлі шарттарда тіршілікке бейімделуіне, эволюциялық даму сатысында туындауы мен түзілуіне, сонымен қатар индивидуальді даму ерекшеліктеріне сүйенеді. Физиологиялық процестерде жете түсіну үшін анатомия, гистология, биология, биофизика сияқты пәндердің негізін терең ұғыну қажет. Физиологияда физикалық, химиялық, кибернетикалық, математикалық зерттеу тәсілдері кеңінен қолданылады. Пән мақсаты: Клиникалық кафедраларда оқуын әрі қарай жалғастыруда және дәрігер кәсіби дағдыларын игеруді қамтамасыз ететін, адам ағзасы және оның құрамдас жүйелерінің функционалдық ерешеліктері жайлы жүйелік білімді қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘӨЖ 378.016;312


ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ


Нұрбекұлы Б., Хамзина Ш.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті


Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім) жүйе, мүше, тін және жасуша деңгейінде жүретін тірі организмдердің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылады. Жекеленген функкцияларды зерттеу үшін организмнің қоршаған ортамен әрекеттесу заңдылықтарына, механизмдеріне, себептеріне, оның түрлі шарттарда тіршілікке бейімделуіне, эволюциялық даму сатысында туындауы мен түзілуіне, сонымен қатар индивидуальді даму ерекшеліктеріне сүйенеді.

Физиологиялық процестерде жете түсіну үшін анатомия, гистология, биология, биофизика сияқты пәндердің негізін терең ұғыну қажет. Физиологияда физикалық, химиялық, кибернетикалық, математикалық зерттеу тәсілдері кеңінен қолданылады.

Пән мақсаты: Клиникалық кафедраларда оқуын әрі қарай жалғастыруда және дәрігер кәсіби дағдыларын игеруді қамтамасыз ететін, адам ағзасы және оның құрамдас жүйелерінің функционалдық ерешеліктері жайлы жүйелік білімді қалыптастыру.

Оқытудың соңғы нәтижелері:

Қалыптасатын құзыреттілік



(Дублиндік дескрипторлар)

Пән бойынша оқытудың соңғы нәтижелері




білімі және түсінігі

  • ағзаның жасушалары мен тіндерінің жалпы және арнамалы функционалдық қасиеттерін, мүшенің жасушалық және тіндік функционалдық жалпы заңдылықтарын, оларды зерттеу әдістерін біледі;

  • ағза мүшелері мен жүйелерінің функционалдық сипаттамасын біледі;

  • организмнің физиологиялық қызметі реттелуінің негізгі принциптерін біледі;

  • ағзаның тіршілік жағдайын тұтасымен, оның қоршаған ортамен өзара байланысының заңдылықтарын түсінеді;

  • мүшелер мен жүйелерді зерттеудегі заманауи физиологиялық әдістерді біледі.


білімі мен түсінігін қолдана білуі

  •  бейімделушілік нәтижеге жеткізетін физиологиялық қызметтердің реттелуі мен пайда болуының негізгі заңдылықтарын түсіндіреді және бағалайды;

  • өмір сүру жағдайына байланысты организмнің негізгі мінез-құлық формаларының реттелуін және пайда болу заңдылықтарын түсіндіреді және бағалайды;

  • организмнің алдыңғы қатарлы функционалдық жүйелерінің маңызын,

  • қызметін, жалпы құрылымдық принципін түсіндіреді және бағалайды;

  • дені сау организмді зерттеудің маңызды әдістерінің принциптерін түсіндіреді;

  • Коротков әдісімен артериялық пульсті пальпациялау, қан қысымын өлшеу техникасын көрсету;

  • спирометрия және пневмотахометрия техникасын көрсетеді;клиникалық және физиологиялық жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді;

  • функционалдық диагностикада қолданылатын клиникалық және физиологиялық зерттеулер жүргізеді және нәтижелерді интерпретациялайды.

ойлау қабілетін қалыптастыру

  • қалыпты жағдайда қорғаныштық және бейімделу процессіндегі реттеу және өзіндік реттеу мен салауатты өмір салтының негізгі принциптерін бағалау және түсіндіру бойынша тұжырымдар қалыптастыру;

  • жасушалар, тіндер, мүшелер мен жүйелердің физиологиялық процесстерін түсіну үшін алынған білімдерді қолдану; нейрогуморальдық реттелу механизмдерін түсінуде;

  • алынған теориялық базаларды алдағы уақытта патологиялық физиологияны игеруде қолдану.

коммуникативті қабілеттіліктері

  • логикалық талдау, дәлелдемелі сөйлеу, талқылауды және пікірталастар, шыдамдылық, жанжал туындаған кезде келісім мен оның шешу дағдыларын көрсету;

  • топтағы жұмыс дағдысын көрсету;

  • түрлі адамдармен түрлі жағдайларда өзара қарым-қатынас дағдыларын көрсету;

  • кәсіби терминологияны білетіндігі туралы дағдысын көрсету;

  • өзінің іс-әрекетіне пікір беру дағдысын білу;

  • зерттеуші пән аясында тиімді жазбаша, ауызша және технологиялық дағдыларды көрсете білу.

оқыту дағдылары және оқуға деген қабілеттері

  • медициналық тәжірибеде және ғылыми зерттеулерде дәлелді медицина принциптерін пайдалана отырып, адам ағзасының, қалыпты және патологиялық жағдайларда ағзалар мен жүйелердің тұтастай құрылымы мен қызмет ету заңдылықтарын талдау;

  • мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде коммуникациялық бағдарламаларды меңгерген, өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби табысқа бағытталған бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру

  • жаңа білім алуға дайындық пен қабілеттілікті көрсету;

  • әдебиеттермен, Internet көздерімен, электрондық базалар бойынша, компьютерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс жасау дағдыларын көрсету;

  • іздену/ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу;

  • оқыту қызметін академиялық адалдық, моральдық, этикалық және құқықтық нормалар қағидаларын сақтай отырып жүргізу.





Әдебиеттер тізімі:

  1. Бабский Е.Б. Физиология человека: учебник, Т.1,Т.2,Т.3/ Е. Б. Бабский, Н. Е. Бабская. -3-е изд. - Алматы: Эверо, 2015. -260 с., -248 с., -228 с.

  2. Нормальная физиология: учебник /Л.З.Тель (и др.); ред.:Л.З.Тель, Н.А.Агаджанян.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2015.-768с.

  3. Косицкий Г.И. Физиология человека: учебник, Т.2/ Г. И. Косицкий. -3-е изд., перераб. и доп. - Алматы: Эверо, 2015. -284 с.

  4. Физиология человека: Учебник/Под ред.В.М.Покровского,Г.Ф.Коротько.-3-е изд.,перераб и доп.-М.: Медицина,2011.-664 с.

  5. Орлов Р.С. Нормальная физиология: электронный учебник/ Р. С. Орлов, А. Д. Ноздрачев. -2-е изд., испр. и доп. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2013. -60,3 Мб.


Қосымша әдебиеттер:

1.Руководство к практическим занятиям по физиологии: учебно-метод.пособие/ Ф.А.Миндубаева,А.М.Евневич, Т.И.Крекешева. – Алматы: Эверо,2012.-194с.

2. Камкин А.Г. Атлас по физиологии: электронный учебник, В 2-х т. Т.2/ А. Г. Камкин, И. С. Киселева. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2011. -58,7 Мб.

3. Нормальная физиология: учебное пособие. Т.1 / ред. В. Ф. Киричук. - Алматы: ТехноЭрудит, 2019. - 344 с.

4. Шандаулов А.Х. Основы общей физиологии: учебник /А.Х.Шандаулов. - Алматы :Эверо, 2021. - 240 с.

5. Физиология: учебник / ред. С. А. Георгиева. - Алматы: ТехноЭрудит, 2019. - 396 с.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2023
301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі