Материалдар / Франция Ұлттық кітапханасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Франция Ұлттық кітапханасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Франция Ұлттық кітапханасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2019
7884
128 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Бөлім ІХ

Әлемдегі ірі кітапханалар

Сабақтың тақырыбы:

.Франция Ұлттық кітапханасы

Мектеп: 131 мектеп- лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Аманова. Ж

Күні:

Пәні қазақ тілі


Сынып:6

Қатыспаған оқушылар: Қатысқан оқушылар:

Сабақта негізделген оқу мақсаттары:

6.2.4.1 ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру;

6.4.4.3. үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады.




Сабақтың мақсаттары:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды.Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбірі мынаны орындай алады:

Тақырыптың мазмұнын меңгеріп, негізгі идеясын түсінеді, талдау жасай алады, өздігінен тапсырмаларды орындай алады

Бағалау критерийі:

Мәтін мазмұнын түсінеді;

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Блум таксономиясы:білу, түсіну,қолдану,талдау, баға беру

Сабақта қамтылатын

құндылықтар

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру

Ресурстар:

Оқулық, тапсырмалар, суреттер, мультимедиялық құралдар

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдалану үшін интербелсенді тақтаны қолданады.

Әдіс-тәсілдер:

«Тапқыр болсаң тауып көр», «Кім жылдам», «Табыс сатысы» әдістері

Пәнаралық байланыс

География, әдебиет


Алдыңғы оқу

Өткен білімді пысықтау

Сабақтың жоспары

Жоспарланған

уақыттар

Сабақ барысы:

Басталуы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларға қорапшаға салынған 3 түрлі түстегі кәмпиттер таратылады. Және кәмпиттердің сыртында желіммен жабыстырылған «ыстық қайрат», «нұрлы ақыл», «жылы жүрек» деген қағазға жазылған сөздер болады.

Бірыңғай қызыл түсті таңдаған оқушылар: I топ «Ыстық қайрат»

Бірыңғай сары түсті таңдаған оқушылар: II топ «Нұрлы ақыл»

Бірыңғай көк түсті таңдаған оқушылар: III топ «Жылы жүрек» тобы болып біріктіріледі.

Қызығушылықты ояту кезеңі: 5 мин

Мұғалім: Балалар, қазір тақтада көрсетілетін көрікті жерлерді атап шығайық.

Picture 1 Picture 4

Picture 7

Балалар, иә, біз қазір Францияның көрікті жерлерімен, ұлттық құндылықтарымен танысып шықтық. Ал, сендер, Еуропадағы ең ежелгі кітапхананың Франция мемлекетінде орналасқанын білесіңдер ме? Өйткені бүгінгі тақырыбымыз Франция Ұлттық кітапханасына арналады.

Picture 13

Білу

7 мин

Мәтінді оқып, тақырыбы мен мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін талдап, стилін анықтаңдар.

Франция Ұлттық кітапханасы – Еуропадағы ең ежелгі кітапханалардың бірі. Қорының көлемі жағынан әлемнің алып кітапханалары қатарында. 1368 жылы негізі қаланған корольдік кітапхана патша сарайы – Луврда (XVII ғ. Бастап мұражай) қызмет көрсете бастаған. Кітапхананың алғашқы қорында1200 жазба болған.Париж кітапханасының негізін қалаған Карл V ғалымдардың кітапханада емін-еркін жұмыс жасауына жғадай туғызды. 1368-1369 жылдары кітапхана патшаның бұйрығы бойынша Лувр қорғанындағы Соколина мұнарасына көшірілді.

XVII ғасырда кітапхана Луврдан басқа ғимаратқа көшіріліп, кітапханаға оқырмандардың еркін кіруіне мүмкіндік берілді. Кітапхана қоры 300 мың томға дейін жетті. Людовик XII кітапхананы Блуа қорғанына көшіріп, кітапхана қорын Орлеан герцогінің, ата-бабаларының жинағымен толықтырды, сондай-ақ итальян ақыны Петрарканың кітапханасынан да кітаптар алынды. Людовик XIV патшалық құрған кезеңде корольдік кітапханаға бірқатар маңызды кітаптар мен қолжазбалар сыйлыққа берілді. Кітапхананың негізгі жетекшілігі патшалық ғимараттың бас интенданты ретіндегі Кольбердің қолындаб олды.

Қазір Франция ұлттық кітапханасы латынның «L» әрпі пішініндегі төртбұрышты мұнаралардан тұрады. Мұнаралар бір-біріне қарама-қарсы қарап, ашық тұрған кітапқа ұқсайды. Осы ашық кітаптар ішінде кітапхана залдары орналасқан. Кітапхана жобасы – адамзаттың асыл ойы мен шығармашылғының айнасы.

Түсіну

5 мин


«Тапқыр болсаң тауып көр!» әдісі

I топ «Ыстық қайрат»

II топ «Нұрлы ақыл»

III топ «Жылы жүрек» топтарына сұрақтар:

  1. Мәтінде аталған Лувр туралы не білесіңдер? Ізденіп көріңдер.

  2. Кітапхананың алғаш Луврда ашылуы нені білдіреді?

  3. Француз патшаларының кітапханаға жасаған қамқорлығын қалай түсінесіңдер?

Қолдану

5 мин

«Кім жылдам» әдісі

«Инсерт» әдісімен оқылым мәтіні бойынша қорытынды жазыңдар.

V(бұрыннан білемін)

+(жаңа ақпарат)

-(менің ойлағаныма қайшы)

?(білгім келеді)






Талдау

6 мин



Франция кітапханасы туралы мәліметтермен кестені толықтырыңдар.

Орналасқан орны


Жинақ көлемі


Оқырмандар саны


Басқа да ақпарат


Веб сайт



Жинақтау

5 мин

Оқылым мәтіні негізінде «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылаңдар.

Үйге тапсырма

2мин

Үстеулерді қатыстырып, өздеріңнің кітпаханаға барған не қызық кітапты оқыған сәттегі көңіл-күйлеріңді жазыңдар.

Баға беру

5 мин

Рефлексия. Өзін-өзі бағалау.

slide_10.jpg










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!