Материалдар / ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚ- ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒДАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚ- ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада ана тіліміздің мол байлығын көрсететін мәтіннің лингвистикалық ерекшелігіне тоқталады. Ғалымдардың мәтіннің тілдік қатынастағы рөлі жайлы пікірлеріне талдау жасалған. Мәтінге тән ғылыми белгілер көрсетіліп, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тәсілдер ұсынылған. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мәтіндерді оқу және талқылау арқылы дұрыс сөйлеуді және жазуды үйренуге мүмкіндік туғызатын әдіс-тәсілдерді ерекше саралаған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2022
419
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚ- ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒДАРЫ

Сыздықова С.Н.

«Балқаш қаласы білім бөлімі

Әлихан Бөкейхан атындағы

15 мектеп- лицей»КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі

e-mail:

Аннотация.

Мақалада ана тіліміздің мол байлығын көрсететін мәтіннің лингвистикалық ерекшелігіне тоқталады. Ғалымдардың мәтіннің тілдік қатынастағы рөлі жайлы пікірлеріне талдау жасалған. Мәтінге тән ғылыми белгілер көрсетіліп, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тәсілдер ұсынылған. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мәтіндерді оқу және талқылау арқылы дұрыс сөйлеуді және жазуды үйренуге мүмкіндік туғызатын әдіс-тәсілдерді ерекше саралаған.


Адамның ойын жарыққа шығаратын құрал тіл. Ана тіліміздің мол байлығын, қадір қасиетін, оралымды сөз тіркестерін оқушылардың бойына жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы жеткізу қазақ тілі ұстаздарының алдындағы бұлжымас серт. Білім берудің, тәрбиелеудің , біліктілігін көтерудің мақсаттарына жеткізуге бағытталған, бірлескен іс-қимылдардың жиынтығын оқытудың әдістері деп аталса, функционалды сауаттылық болса, оқушыларды өмірге бейімдеу мақсатында жаңа әдіс-тәсілдермен машықтанған, креативті тың ойлайтын озық ойлы мамандарды тәрбиелеуде, жаңа нәтижеге жетуде сындарлы оқыту мен оқудағы тиімді мүмкіндіктерді пайдаланып келемін. Жас ұрпақтың функционалды оқу сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануының өзі оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңартуда жатқаны белгілі. Сөйлесім әрекетін қалыптастыруға ықпал ететін қатысымдық тұлғалардың ең жоғарға сатысы мәтін болып табылады. Өйткені адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде сөйлемдерді қалай болса солай айта салмайды, оларды мағыналық жағынан, тұлғалық жағынан да байланыстырып баян- дайды, яғни мәтін арқылы жеткізеді. Адам үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез келген кезеңінде айтамыз, сүхбаттасамыз. Оқу сауаттылығын арттыруда мәтін арқылы жұмысты негізге алған белгілі ғалым, тілші Н. Оралбаева: ««Текст оқушыға білім береді, текст оқушыны оқуға үйретудің құралы, ол ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді, қазақша сөйлеуге үйретеді» деп мәтіннің оқушы тілін дамытудағы рөліне ерекше тоқталған екен. Демек, мәтін – сөйлеу процесінің жемісі. Ол тілді жүйелі қолданудың барысында ғана пайда болады екен. Сөйлеу процесі сырт қарағанда меңгерілмеген құбылыс сияқты болып көрінгенімен, шындығында, тіл жүйесі оған әсерін тигізіп отырады. «Мәтін» тақырыбының бағдарламаға арнайы енгізілуінің дұрыс екендігі бүгінгі күні еш күмәнсіз дәлелденіп отыр. Өйткені мәтінмен жұмыс, бір жағынан, оқушылардың сөйлеу әрекетін қалыптастырудың негізі болса, екінші жағынан, тілдің лексикалық және грамматикалық жақтарының алуан түрлі қыр-сырларын жан-жақты талдап, жинақтай білуіне, олардың өзара бірлікте болатынын танытуға мүмкіндік береді. Осы орайда мен де оқушыны білімге ықыласы мен қызығушылығы мен функционалдық сауатын арттыру мақсатында түрлі әдіс -тәсілдерді өз қазақ тілі сабақтарында кіріктіре отырып, пайдаланамын. Санамалап бір -екі элементтерін айтып өтсем:

«Фрейер моделі» әдісін қазақ әдебиеті сабағында жиі қолданамын. Бұл жерде мәтіннің ішіндегі түйінді сөздерді алып, сол түйінді сөздерге анықтама беріледі, оның антонимдерін, синонимдерін,сөйлемде қалай орналасқанын анықтайды.

«FILA» әдісінде I-II нұсқа болады.Оқушылар топқа бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады. Кесте төрт бағаннан тұрады:

I нұсқа

1. Мәтін бойынша түйін сөздерді теріп жазу

2. Мәтін бойынша сызба түрінде конспект жасау.

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

4. Мәтіннің ішінен негізігі идеясын бейнелейтін сөйлемдерді теріп жазу.

II нұсқа

1. Мәтін ішінен түйін сөздерді теріп жазу

2. Мәтін бойынша сызба түрінде конспект жасау.

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

4. Мәтіннің ішінен негізігі идеясын бейнелейтін сөйлемдерді теріп жазу

«Джигсо» әдісінің артықшылығы топпен жұмыс жасауға арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту болып табылады. Мұнда топқа бөліп алып, әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Үлестірме материалдар түрінде таратамыз. Тапсырмаларды топтармен ақылдасып, өзара келісуі арқылы жауап беріп отырады.

Міне, функционалды сауаттылық дегеніміз осылайша тілдік құрылымдарды зерделеуден қалыптасады. Бір ғана сөзбен айтар болсақ, білім мазмұнының жаңғыруы деп түсіндік. Пәнді не бір саланы терең түсініп, алған білім мен нәтижені тек қана сабақта пайдаланып ғана қоймай, практикада қабілетін дамыта отырып, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету деп те мағынасын беруге болады.

Оқушының жеке тұлға және әлеуметтік тұлға ретіндегі келешегі назарда болу керек деген шешім шығаруға болады. Сандық технологияларда оқушыға қалай оқыту керектігін үйрету, өзіндік дәлелді пікір, уәжін жеткізе алатын , сыни олауға да үйретуіміз тиіс.

Өзім де педагог ретінде креативті әдістерді пайдаланып, оқытудың төменде көрсетілген бағдарламаларын принцип етіп, жеті модулді негізге алып келемін.

Білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер. «Диалог негізінде оқыту , оқу » қозғаушы күші метатану немесе «қалай оқу керектігін» стратегияларын ұсынамын. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету . «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарлама негізінде ,кез келген даму деңгейге байланысты мәселеге сын көзбен қарап , пікір айтуға дағдыландырамын.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. Біз күнделікті әр сабақтарда формативті бағалау үрдісін қолға аламын. Суммативті бағалау немесе жиынтық бағалау бір кезеңде білім деңгейін саралауда өлшемін анықтаймын.

Жалпы бағалау. Интерактивті тақта арқылы әр түрлі грамматикалық тапсырманы орындау, жаңа сөздермен түрлі жұмыс жүргізіп, сөздерге талдау жасауға, оқушының ынтасын арттыруға, уақытты үнемдеуге таптырмас мүмкіндік. Түрлі әдістермен мысалы «хакут» әдісімен тест жүргізіп, білім сапасын бақылауда компьютерлік технологияның үлесі мол.

Тоқсан ауыз сөзімнің түйіні: оқушының мектепте алған білімін қоғамдық әлеуметтік ортада пайдалануға , функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі ғылым мен білімнің дамуына тамшыдай үлесімізді қоссақ нұр үстіне нұр болар еді. Баланың тәрбиелеу үдерісінде ата-ананың да белсенді маңызы бар деп қорытындылағым келеді.




Пайдаланған әдебиеттер:

  1. З. Бейсенбайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2010

  2. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы: РБК, 2000. – 208 б.

  3. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Рауан, 2016. – 224 б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!