Материалдар / ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ –САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ –САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы өткен ғасырдың 60жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2021
538
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ –САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

Талдықорған қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы №10 ОМГ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жирикова Назгүл Байғұлжақызы

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы өткен ғасырдың 60жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіруі процесінде маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай, ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзыреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген.Тұлға құзыреттілігін дамыту – ұстаздың құзыретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы оқу ісіне қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Бүгінгі таңда оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту стратегияларының оқушы құзыреттілігін дамытуда маңызы зор. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, пәнге деген қызығушылығы артып, талдау жұмыстарын жүргізе білуге үйренеді. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятқан әдістер арқылы өз ойларын топта талдай біледі.

Жалпы «функционалдық сауаттылық» деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру.

Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі теория мен тәжірибені тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс. Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын арқылы баланы ойлата білу. Қазақ тілі мен әдебиет сабағында мынадай әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландырады.

  Инсерт (түртіп алу) стратегиясы
Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып
, оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады:
«V» — білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді
Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң оқушылар жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма беріледі. Мұнда оқушыларға аз таныс, қызықтыратын, энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар туралы мәліметтер жинауға болады.

Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.
«Синквейн» тәсілі

 Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс — әрекет жазылады (етістік, көсемше).
4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.
5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.

   « Эссе» стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады.
     «Кубизм» стратегиясы

Кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубты ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
«Білемін.
Үйрендім. Білгім келеді» әдісі

Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады.
«Концептуалдық дөңгелек» стратегиясы кластерге ұқсас, бірақ мұнда бір шоқтан таралуы керек.Бұл тәсіл оқушылардың назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, сабақ жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
  «Ирек» стратегиясы

Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат — әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында.

 «Болжам» стратегиясы
Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып, қиялдауына еркіндік бердім. Оқушылар арасынан қиялы жүйрік бала дараланып шығатыны сөзсіз. 
   «Пікір алысу» стратегиясы
Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді

«Әңгіме» стратегиясы
Өзіне — өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау.
Сонымен, сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы мынада:
— мотивацияның артуы;
— дербес іс — әрекеттің артуы;
— ойлаудың белсенді болуы;
— оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан — жақты дамуы;
— логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеру.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және білім прагдимасы қалыптасады.

«Фрейер моделі» әдісін қолданған өте тиімді. Бұл жерде мәтіннің ішіндегі түйінді сөздерді алып, түйінді сөздерге анықтама беріледі, оның антонимдерін, синонимдерін, сөйлемде қалай орналасқанын анықтайды.

«FILA» әдісінде оқушылар топтарға бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады. Кесте 4 бағаннан тұрады:

-Мәтін ішінен түйінді сөздерді теріп жазу;

-Мәтін бойынша сызба түрінде конспект жасау;

-Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;

-Мәтіннің ішінен негізгі идеясын бейнелейтін сөйлемдерді теріп жазу.

«Оңай және қиын сұрақтар» кестесі

 Бұл кестені оқушылар қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесе жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра алады. Кестенің сол жағына олар түсініктері бойынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді. Мысалы, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар сауалдар, ал қиын сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге бола

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімнің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту барысында оқушыларға егжей –тегжейлі мәтінді түсінуге, кейіпкерлердің рөлін сомдауға, дұрыс түсінуге және алған білімдерін тәжірибемен байланыстыра қолдана білуге, пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруға мүмкіндік береді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы

2. К.Өстеміров, А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары» - А., 2006ж. 3.Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. – «Оқушылардың функциональдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012ж.


 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!