Материалдар / Ғ. Құрманғалиевтың өмірі мен шығармашылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғ. Құрманғалиевтың өмірі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән аты : Халық әні-терме Оқытушының аты-жөні : Идирова Жадыра Саматқызы Оқушының аты –жөні : Базарбай Руфина Сыныбы : 5 Сабақтың тақырыбы: Ғ. Құрманғалиевтың өмірі мен шығармашылығы «Оралым» әнін талдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2022
490
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 2

Дамбы өнер мектебінің

Халық әні-терме мамандығының

І санатты оқытушысы

Идирова Жадыра

Саматовна






Пән аты : Халық әні-терме

Оқытушының аты-жөні : Идирова Жадыра Саматқызы

Оқушының аты –жөні : Базарбай Руфина

Сыныбы : 5


Сабақтың тақырыбы: Ғ. Құрманғалиевтың өмірі мен шығармашылығы

«Оралым» әнін талдау.

Сабақтың мақсаты: Оқушының халық әніне деген қызығушылығын арттырып, әндерді өз нақышына келтіріп, орындау шеберлігін жетілдіру. Өз халқының ән өнерін түсіне білуге баулу.


Білімділік: Оқушыға қазақ жеріне танымал жез таңдай, күміс көмей,арқалы әнші- Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармашылығы туралы мағлұмат беру.


Дамытушылық: Қазақтың біртуар өнер иелерінің ән -термелерін үйрете отырып, оқушының ой -өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Дәстүрлі ән өнеріне баулу.

Сабақ түрі: аралас

Оқыту әдісі: Ауызша түсіндіру, сұрақ - жауап, домбырада саусаққа қарап үйрету әдісі, ойландыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Көрнекілігі: Портрет, кітаптар, домбыра, үнтаспа, ноутбук.


Жоспары:

  1. Ғ.Құрманғалиевтің өмірбаянымен таныстыру. 2. Ғ.Құрманғалиевтың шығармашылығымен таныстыру. 3. "Оралым" әнін талдау.

  2. 4. Ғ.Құрманғалиевтің орындауында Оралым әнін үнтаспадан оқушығы тыңдату. 5.Сөзжұмбақ шешу

6.Қорытындылау, бағалау.

І.
Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а / Сәлемдесу.

б /Аспаптың құлақ бұрауын келтіру.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


1.Халық әні «Асыл қарға» әнін жатқа сұрау.
2.Әндердің мазмұн мағынасын сұрап, қате кеткен жерін түзету.

ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Тақырыбы: Ғарифолла Құрманғалиевтің өмірі мен шығармашылығы Оралым әнін талдау.

Сабақтың барысы:
Ғарифолла Құрманғалиев (1909 —1972 жж.)- Республика мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші (тенор), Қазақ КСР халық әртісі. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келді. Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. Ұлы Мүхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқыдан дәріс алды. 1934 жылы Алматыда өткен халық көркемөнерпаздарының бірінші Бүкіл Қазақстандық слетіне қатысты. Сол жылы Қазақтың музыкалық драма театрының (қазір Қазақтың опера және балет театры аталады) құрамына қабылданды.Құрманғалиев Е.Брусиловскийдің "Ер Тарғын", "Айман-Шолпан", "Қыз Жібек", М.Төлебаевтың "Біржан-Сара", А.Жұбанов пен Л.Хамидидің"Абай" операларында күрделі партиялар мен рөлдерді ойнады. Оның орындауында халық әндері асқақ та әсем әуезімен аспан астын толтыра сорғалай шырқады. Ол әрбір әуенді әуелете салған сайын оған жан мен жүрек бітіріп, дауыс сазына даланың ұланғайыр дарқандығын өз көңіл толқынысымен ұштастыра сиғызып жіберетін. Ғарифолла аңыратып, жамыратып ән төкпелеткен кезде тыңдаушының көз алдына арқыраған арғымақтар мен аса киелі аруаналар даласының кескін-келбеті келеді. Ақтарыла тасыған ақ жарма өзендер мен ағын сулар әуені қыран қүстардың қанат қағысы, алып таулар асқақтығы, ақиық ақын Махамбет жырының атойы бар бояуымен, ішкі рух нәр-нақышымен Ғарекеңнің өз жүрек түкпірінен шығып жатарды. Ол өзі негізін салып кеткен әншілік мектептің осындай өзгеше орындаушылық шеберлікті қажет ететін дара қасиеттері бар. Ғ.Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті. 1967 жылдан бастап Республикалық өнер және цирк студиясында сабақ берді. Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәрте мемлекеттік марапаттармен бағаланды.


«Оралым» әні


1 . Оралым – туған жерім , даңқты қалам

Тарихын шолған сайын өнеге алам .

Түбінен әр көденің бір мал өрген ,

Кең – байтақ , ақ селеулі жазық далам .

Қ- сы

оу , Оралым , менің , оралым ,

Сен дегенде жанымның

Әсері де бір басқа .

Сен деп салған әнімнің

Нөсері де бір басқа .

Қоңыр белің , жібек желің ,

Неткен ыстық жаныма

Қайран елім , туған жерім .

Сен аман бол бағыма .


2 . Жымпиты – шаруа ауданы малын баққан.

Бірігіп бірнеше ұлт теңін тапқан.

Бұлдырты Өреңті мен Шідертідей

Үш өзен – ел ырысы жарып аққан .


Қ – сы


3 . Елімді мақтан етем Жайық атты ,

Ел сүйер ер жігітті серті қатты .

Тау болсын , орман болсын , теңіз болсын .

Әркімнің туған жері балдан тәтті .





ІІІ. Қорытындылау:

Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылады.

1.Оралым әнін жаттау. 2.Бағалау.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!