Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғажайып химия
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«М. Ғабдуллин атындағы мектеп гимназиясы» КММ
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: «Қызық екен химия»атты интелектуалды ойын
Дайындаған: Касымов К. Н.
Сыныбы: 10Ә сынып
2020-2021оқу жылы
Тақырыбы: «Қызық екен химия » атты интелектуалды ойын
Ойынның мақсаты: Оқушылардың химия пәнінен алған білім деңгейін байқау
және оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге
баулу.
Тәрбиелік: Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың дұрыс шешім
қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын
қалыптастыру.
Көрнекілігі: карточкалар,
слайд
І
бастаушы: - Армысыздар, құрметті
ұстаздар және қымбатты сайысқа қатысушылар!
Бүгінгі біздің « Қызық екен химия» атты сайысқа қош
келіпсіздер!
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің
Бүгін осы сайыста жеңіске жет
Білімді әрі білікті жас жеткіншек.
Сайыскерлерімізбен танысып алайық.
І топ «Су» тобы. ІІ топ
«Тапқырлар» тобы
Қарап тұрмай бәйгеге сіз еріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз Топтарды әділ бағалайтын 10 а сынып
оқушысы
Сайыс бес кезеңнен тұрады
І кезең «Бәйге»
ІІ кезең «Қызық екен»
ІІІ кезең «Полиглот»
ІV кезең «Төрт сурет бір сөз»
V кезең «Білімінді сынап көр»
Сайысты бастамас бұрын сайыстын ережесімен таныстырып кетейін.
-
Сұрақтың жауабын тапқан кезде алдарыныздағы жұлдызшаны жылдам көтерген оқушы жауап береді. Жұлдызша көтерілмей жауап берілсе , жауап қабылданбайды.
2. Қатысушы дұрыс жауап берген жағдайда бір ұпай иеленеді.
Егер дұрыс жауап бермесе, қарсы топ жауап беруге болады.
3. Жауапқа бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
4. Бұл шартты екі мәрте бұзған ойыншы ойыннан шығарылады.
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз, – дей келе біз бірінші кезең –
бәйгені бастайық.
І кезең
«Бәйге»
Сұрақтар:
1. Оттектің атомдық массасы нешеге тең? (16)
2. Қай элементтің таңбасы айдаһар белгісіне ұқсайды? (S)
З. Заттардың ең ұсақ бөлшегі (атом, нейтрон)
4. Жылу бөле жүретін реакция
(экзотермиялық)
5. Алғашқы көмекке
пайдаланылатын бейметалл (иод)
6. Ауаның құрамында 78% құрайтын газ (Азот)
7. Домбыраның ішегін аңыз бойынша үзген металл
(қорғасын – Pb)
8. Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын марганцовканың химиялық атауы
( калий пермаганаты)
9. Қандай заттарды күшті электролиттер деп атайды?
(Суда ерігенде иондарға толық ыдырайтын заттар).
10. Эндотермиялық реакция дегеніміз не (жылу сіңіре жүретін
реакция)
11. Оң зарядталған ион (Катион)
12. Фотосинтез процесі кезінде жапырақта түзілетің зат. (
крахмал)
13. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына
ұшырайды. (Фтор)
14. Азот металдармен әрекеттескенде қандай қосылыс түзеді?
(нитридтер)
15. Аммиактың судағы ерітіндісі? (мүсәтір спирті)
16. Фосфордың табиғи қосылыстарын ата? (фосфорит, апатит)
17. Зат мөлшері немен өлшенеді (мольмен)
18. Масса немен өлшенеді және немен белгіленеді
(г, кг, т.
m)
19. Күкірт қышқылының формуласы (H2SО4)
20. Атомдық массасы 32 –ге элемент
(күкірт)
(Әділ қазы әр топтын ұпай санын
хабарлайды).
Ғажайып нәрсе
химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия
Жаңалап бірі
жаралған
II кезең «Қызық
екен»
Қарсалыныздар «Қара жәшік» Бұл кезеңде «Қара жашікте» не жасырылғаның табу керек
-
Оның пайда болу тарихы қарапайым, пойыздағы екі адам оны ойлап тапты, бір жылдан сон оны Джонсон мен Джонсон фирмасы шығара бастады. Бастапқыда теміржолшылар үшін шығарылды. Қазіргі уақытта оны барлық жерінде үйде,көлікте, сыныпта табуға болады. Ол адамдар Медициналық тауарлар шығаратын компанияның негізін қалаушы Роберт Вуд Джонсон және темір жолының бас хирургы Дэнвер мен Рио Гранде болатын. Бұл не? (Дәрі қобдишасы)
-
Бұл қоспаны ойлап тапқан Британдық химик Уильям Перкин. XIX ғасырдың ортасында ол спирт қосқан кезде ашық күлгін түске айналған анилин бояғыштарының алғашқы қатарын алды. Британдық патшайым Викторияның өзі 1862 жылғы Дүниежүзілік көрмеде мовеинмен боялған Жібек көйлегінде шықты. Осы жаңалық үшін ғалымға рыцарь атағы берілді. 1879 жылы алынған қоспаның антисептикалық қасиеттері келесі ғасырда ғана ашылды. Құрғақ түрінде алтын-жасыл кесектер болып табылатын препарат латынша viridis nitens-тен алынған, бұл "жасыл жылтыр"дегенді білдіреді. (Жасыл бриллиант)
-
Бұл қоспаны француз химигі Бернард Куртуа мен оның мысығы ашты деген аңыз бар. Аңыз бойынша, бұл сүйкімді жануар зертханада бүкіл ыдыстарды шәшіп тастады, нәтижесінде балдырлар күлінің спирттік ерітіндісі күкірт қышқылымен араласып кетті. Нәтижесінде зертханада көк-күлгін бу бұлты пайда болды . (Йод)
-
Оның таңғажайып қабілеттерін 1785 жылы орыс химигі Товий Ловиц ашты.
Ғалымның ашылуы бірден, олар айтқандай, халыққа өтті. Орыс теңіз флоты оны суды тазарту үшін қолдана бастады, бұл ұзақ сапарлар кезінде өте маңызды болды, өйткені ол тіпті ең жаман, "шіріген" суды денсаулыққа зиян келтірместен пайдалануға мүмкіндік берді. Ол адсорбция сияқты қиын мәселеде теңдесі жоқ көшбасшы болып қала береді. (Белсендірілген көмір)
IІІ кезең
«Полиглот».
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.
Қатысушылар берілген жұмбақты шешу немесе мақалды аяқтау арқылы
жасырынған сөзді тауып, орыс, ағылшын тіліне аударады. (әр айтылған
сөзге 10 ұпай)
1. Отқа жанбас суға батпас (Мұз, лед, айс,)
2. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп
жүрмейсің
(ауа, воздух, air)
3. Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын..... жоқ (Темір, железо, iron
4. Сыйлап берген..... да тәтті (су, вода, water)
5. Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың (тұз, соль,
solt)
6. Сабыр түбі сары… (алтын, золото, gold)
7. Иісі, түсі, өңі жоқ
Табиғатта онсыз өмір жоқ
Өсімдіктен аламын
Өміріме нәр қыламын.
Жауабы: Оттек, кислород, oxygen
8. Алтын....... тас екен. Арпа бидай ас екен.
Жауабы: Күміс, Серебро, silver
(Әділ қазы әр топтын ұпай санын
хабарлайды.)
Бүгін де химия барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
ІV кезең «Төрт сурет бір сөз» Бұл турда әр топқа 4 сурет арқылы жасырылған сөз қойылады соны табуы керек. Дұрыс жауапқа 15 балл
V кезең
«Білімінді сынап көр»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген
ақылшың,
Қиындықтан өткізер,
1. Бұл кезеңде қатысушылар берілген тақырыптар бойынша таңдау
жасайды: Биология және медицина, ұлы тұлғалар, қилы сұрақтар, т.
б
2. Қатысушыларға үш тақырып беріледі. Олардың әрқайсысында
күрделілігі бойынша бағаланатын сұрақ жасырулы. Оған сәйкес 10; 20;
30; 40, 50 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды.
Таңдалатын сұрақ саны – 5, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап
береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен
жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде
ұпайға ие болады.
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз
кезегінде жұлдызша көтеру арқылы
дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы
үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап
беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген
ойыншыға өтеді.
«Ұлы тұлғалар»
10 - Универсалды тұрақты - идеал газдың 1 мольндегі молекула санын
ашқан итальяндық ғалым(А. Авогадро)
20 - Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан француз химигі (Д.
Пруст)
30 - «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам бөгде жердің
алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» қай ғалымның сөзі? (Қ.
Сатпаев)
40 - Иондардың гидраттануы туралы ұғымды енгізген ғалым (И. А.
Каблуков)
50 - «Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация
қорғаған орыстың атақты химик ғалымы? (Д. И. Менделеев).
Биология және
медицина:
10 - Адам ағзасында кездесетін микроэлементтер.
(иод,фтор,алюминий,бром)
20 –Күнделікті өмірде қолданатын зат? (тұз)
30 - Адам дем шығарғанда қанша % СО2 бөледі? (4%)
40 - Бұл заттың 0, 9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп
аталады. Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады. Ол
затты тұрмыста да қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай?
(NaCl натрий хлориді)
50 - Бұл затты тамақпен уланғанда дәрі түрінде қолданады, оны
қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бүл қай
дәрі? (белсендірілген көмір)
Қилы
сұрақтар:
10 – Алюминийдің атомдық массасы неше? (27)
20 - Алғаш рет химиктер оны көк аспан ауасы, өмірдің негізі ауасы
деп атаған, ал қазір біз оны қалай атаймыз?
(оттек)
30 - Дәстүрлі лампаның қызуға
ұшырайтын бөлшегін қандай металдан жасалған (вольфрам)
40 - Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (Темір,
мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)
50 – Ас содасының формуласы ? ( натрий
гидрокарбонаты)
(Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын
хабарлайды.)
Құтты болсын ұтып
алған бас бәйге,
Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.
Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан
Ала бер жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды
құттықтаймыз