Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ғажайып көбелектер" шебер-сыныбының жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Абай облысы, Семей қаласы, №12 «Ажар» бөбекжайы КМҚК
Белгибаева Нургуль Сапаргалыевна
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
«Айдария» ересек тобында ұйымдастырылған іс-әрекетінің жоспары
Тақырыбы: «Ғажайып көбелектер»
Методика: «Дәстүрлі емес әдіс – тұзды бояу».
Мақсаты: Шығармашылық және көркемдік қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
-
Бейнелеу өнерінің өзіндік әдістерінің бірімен танысу, оны іс-жүзінде қолдануға машықтандыру;
-
Эстетикалық талғамға, әсемдікті көре білуге тәрбиелеу;
-
Көркемдік қабілеттерін, қиялын, бейнелі ойлауын дамыту;
-
Саусақ моторикасын жақсарту;
-
Дербестік, табандылық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық қасиеттерін қалыптастыру;
-
Қиялды дамыту.
Сөздік жұмыс: тұз, көбелек,
Қолданылатын көрнекіліктер: Проектор, ноутбук, тақта, суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: Ақ картон немесе акварельмен сурет салуға арналған альбом, бір тостаған ас тұзы, тұзды алуға қасық, ПВА желім, акварель бояулары, жұмсақ қылқалам, бір стақан су, қолды сүртуге арналған сүлгі.
Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері, көрсету, түсіндіру, ғажайып сәт, сергіту сәті.
Оқу қызметінің барысы
І.КІРІСПЕ БӨЛІМ.
Педагог:
-
Балалар, бүгін біздің ашық оқу қызметімізге қонақтар келді. Қане, барлығымыз бір қатарға тұрып, қонақтармен барлығымыз бірге амандасайық:
-
-Сәлеметсіздерме!
-
-Здравствуйте!
-
-Good morning!
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
Педагог: - Балалар, бұл жерде біреу бар сияқты, кім екен бұл?
Қарындаш: - Сәлем, достар! Бұл мен Қарындаш. Менің Сурет әлеміме қош келдіңдер! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Педагог және балалар: - Сәлем, Қарындаш!
Қарындаш: Бірақ балалар, менің әлеміме кіру үшін сендер менің алақаныма қолдарынды қойып, жақсы көңіл-күймен қуаттануларың керек. Сендер дайынсыңдар ма?
Педагог: - Әрине, дайынбыз. Қане балалар, жақсы көңіл-күймен қуаттанайық. (Балалар алақандарын қойып, өтеді. Көңілді әуен қосып қою).
Педагог: - Тамаша, балалар!
Қарындаш: - Ой балалар, мұнда не болған? Мен суретімдегі ғажайып көбелектер қайда кетіп қалған? Әлде ұшып кетті ме? Сендер көрмедіңдер ме? Енді көбелектерімді қайдан табамын? Не істесеі болады?
Педагог: - Қарындаш, сен уайымдама, біз саған бұдан да әдемі ғажайып көбелектерді салып береміз.
Педагог: - Балалар, Қарындашқа көмектесеміз бе?
Балалардың жауабы: - Иа, әрине, көмектесеміз.
Педагог: - Олай болса балалар, бүгін сендерді дәстүрлі емес сурет салудың қызықты және ерекше техникасымен таныстырғым келеді - бұл тұзды бояу деп аталады. Тұз - қол жетімді, қолдануға оңай, экологиялық таза, денсаулық-үнемдейтін, ең бастысы, қиялымызды мүмкіндігінше оятуға қабілетті материал.
Педагог: - Ол үшін бізге ақ картон, тұз, пва желімі, акварель бояулары, қылқалам қажет.
Енді мен сендерге сурет салудың алгоритмін, яғни сурет салу тәртібімен таныстырайын. Ал сендер мұқият тыңдап, қарап отырыңдар.
Сурет салу алгоритмі:
1.Алдымен көбелекке ПВА желімін жағамыз.
2.Әрі қарай, қасықпен барлығын тұзбен себіміз.
3.Аздап құрғаған соң, табақтың үстіндегі артық тұзды түсіріп тастаймыз.
4. Толық құрғағанша қалдырып қоямыз.
5. Одан кейін тұздың үстінен қылқаламды пайдалана отырып, акварель бояумен әр түрлі түстермен бояймыз.
Педагог: - Олай болса, балалар, сурет салуды бастамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып, дайындап алайықшы.
«Саусақтар гимнастикасы жаттығулары»
1. Шынжыр (Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды).
2. Піл (Оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы).
3. Доп (Алақандар бір-бірімен жабысады, доп пішінін жасайды).
4. Гүл (Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады).
Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.
Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейді тартсаң да,
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келіп тұр.
Достық үшін пілге мен,
Гүл сыйлағым келіп тұр.
Педагог: -Жақсы, балалар! Енді сендердің саусақтарын сурет салуға дайын!
Сондай-ақ, сурет салу барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды ұмытпауымыз қажет!
Педагог:- Олай болса балалар, бір-бірімізге күлімсіреп, осындай керемет көңіл-күймен жұмысымызды жақсы әуенді қосып бастайық.
(Сурет салу барысында релаксациялық музыка қосылып тұрады)
Педагог: - Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар, біздің көбелек кепкенше бірге сергіп алайық.
Педагог: - Балалар, қараңдаршы, тіпті бөтелкенің де түсі жоғалып кеткен сияқты, қане мен оған әдемі түсті қосып көрейін. Қандай түс шығады екен?
Сергіту сәті (бөтелкемен қимыл-қозғалыс, музыка қосылады)
Балалар орындарына отырып, жұмыстарын жалғастырып, суретті аяқтайды.
Педагог: - Балалар, біздің көбелектеріміз бояудан кейін оянып, қанаттарын жайғанша, мен сендермен қимыл-қозғалыс ойынын ойнағым келіп тұр.
(«Робот» биі)
(Карточка көрсетіледі, балалар қайталайды, көңілді әуен қосылады)
Педагог: - Тамаша, балалар, енді орнымызға барып, көбелектерімізді Қарындаштың суретіне орналастырайық.
Педагог: - Қараңдаршы, балалар! Біздің көбелектеріміз өте әдемі болып шықты.
Қарындаш: - Менің кішкентай өнерлі достарым, сендерге рахмет, мен сендердің жұмыстарына ризамын. Сендер маған өте әдемі көбелектер салып бердіңдер, сол үшін мен сендерге сыйлық бергім келіп тұр. Сендерге рахмет балалар! Сау болыңдар!
Педагог балаларға сыйлықтарды таратып береді.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.
-
Балалар, айтыңдаршы, біз кімді кездестірдік?
-
Қарындаш бізден қандай көмек сұрады?
-
Қандай дәстүрлі емес әдіс арқылы сурет салдық?
-
Тұзды біз тағы да қада жиі қолданамыз?
-
Тұздың қандай емдік қасиеттерін білесіңдер?
-
Сендерге бүгінгі іс-әрекет ұнады ма?
Балаларды мадақтау, марапаттау.
Бүгінгі біздің ашық оқу қызметі аяқталды, келесі кездескенше сау болыңдар, балалар!
Барлығымыз бірге қонақтармен қоштасайық:
Сау болыңыз! До свидания! Good bye!
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Біледі: Дәстүрлі емес әдістер арқылы сурет салуды.
Түсінігі бар: «Тұзды бояу» әдісі туралы түсініктері бар.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тұздың көмегімен сурет салуды.