Материалдар / Ғажайыптар әлеміне саяхат
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғажайыптар әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2019
1564
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру салалары: «Денсаулық», «Коммуникация», «Шығармашылық», «Әлеумет», «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметтері: Сөйлеуді дамыту, ҚМҰҚ, Құрастыру, Сурет салу, Қоршаған ортамен танысу, Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Ғажайыптар әлеміне саяхат»

Мақсаты:

1.Өткен ұйымдастырылған оқу қызметтерін қайталай отырып, балалардың білім деңгейін, дүние танымын тереңдету, ой-қиялын дамыту. Сандарды санау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. 2.Сөздік қорын молайту, тақпақтар арқылы тілдерін дамыту, ұсақ қол моторикасын дамыту. Ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну,сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. 3.Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау. Көрнекі құралдар: Математика, жұмбақтар, мақал-мәтел, геометриялық пішіндер, сиқырлы сандық. Жаңа технология: Денсаулық сақтау технологиясы бойынша сергіту сәті, ӨТШТ/ТРИЗ/ технологиясы бойынша мақта таяқшасымен сурет салу.


Тәрбиеші:

  • Балалар, қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен амандасып алайық. Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады.

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы-жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар:

  • Жүрек

Тәрбиеші:

  • Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

Балалар:

1- бала.Аспанымыз ашық болсын

2- бала.Күніміз бала.Бейбітшілік болсын

8- бала.Балабақша гүлдене берсін!

9- бала.Апайлар аман болсын


Тәрбиеші:

  • Қане балалар, осы айтқан лебіздерімізді қонақтарға сыйлайықшы.

Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанданені сезесіңдер?

Балалар:

  • Жылулықты, мейірімділікті, достықты.

Тәрбиеші:

  • Олай болса, балалар, бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.

Тәрбиеші:

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

  • Қыс мезгілі

Тәрбиеші:

  • Қыстың қандай айы?

Балалар:

  • Ақпан айы

Тәрбиеші:

  • Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар:

  • Қыс мезшілінде күн суық болады. Қар жауады.

Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар балалар, олай болса қыс мезгілі туралы кім тақпақ айтып береді?

1-бала:

  • Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр болып жатады.

2-бала:

  • Қысқа түндер ұзарды,

Ұзақ күндер қысқарды.

Қыстың айы қаңтардан

Басталады жыл басы.

Тәрбиеші:

  • Балалар, біз бүгін ғажайыптар әлеміне саяхат жасаймыз, сендер дайынсыңдар ма?

Балалар:

  • Иә

Тәрбиеші:

  • Олай болса, жол ережелеріне мән беріп, жолда сақ жүрейік. Және қолшатырымызды да ұмытпайық, жаңбыр жауып кетуі мүмкін.

Тәрбиеші:

  • Балалар, саяхатымызды бастамас бұрын жол картамызбен танысып алайық. Жол карта бізге сиқырлы сандықты табуға жол көрсетеді.

Тәрбиеші:

  • Балалар жолымызда әртүрлі қиындықтар кездеседі. Қиындықты жеңе аламыз ба балалар? Дайынсыңдар ма?

Балалар:

  • Иә

Тәрбиеші:

  • Алдымызда 1-ші кедергі тастар бар екен. Абайлап өтейік.

Балалар тастардан өтеді. Неше тастан өткенін санайды.

Тәрбиеші:

  • Балалар, тастардың жанында геометриялық пішіндерді байқадыңдар ма?

Балалар:

  • Байқадық.

Тәрбиеші:

- Балалар, 2-ші кедергімізде шарларды жару арқылы жұмбақ шешеміз.

1.Жауып жаңбыр, 2.Суда мұз бар,

Жер сабыр, Жерде қар бар,

Шөп, жапырақ солады. Боран борап соғады.

Бұл қай кезде болады? (Күз) Бұл қай кезде болады? (Қыс)

3.Мамықтай ұлпа, 4.Онсыз астың дәмі жоқ,

Қанттай аппақ (қар) Ассыз оның мәні жоқ. (Тұз)

Балалар шарды жарып, тапсырмаларды орындайды.


Ойын:

«Қолшатыр»

Мақсаты:балаларды ептілікке, жылдамдыққа баулу, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның шарты: күн деген кезде балалар ойынға шығады, ал балалар жаңбыр жауды деген кезде қолшатырдың астына тығылады.

Балалар «Қолшатыр» ойынын ойнады.

Үшінші кедергі: «Мен суретшімін». ӨТШТ/ТРИЗ технологиясы.

/Балалар қағаздағы суреттерді мақта таяқшаларын гуашьқа батыру арқылы бояйды/


Тәрбиеші:

  • Суреттерің әдемі шығыпты, бұл кедергіден де өттік. Ендеше сергіту сәтін орындайықшы.


Сергіту сәті:

Қане, біздің қолымыз,

Жоқ біздің қолымыз.

Қане, біздің қолымыз,

Жоқ біздің қолымыз.

Міне, біздің қолымыз,

Міне, біздің алақан.

Міне, біздің қолымыз,

Міне, біздің алақан.

жарқын болсын

3- бала.Еліміз тыныш болсын

4- бала.Ауырмайық,денсаулық болсын

5- бала.Нанымыз көп болсын

6- бала.Ата-анамыз аман болсын

7-

Қолдарымыз билейді, билейді, билейді,

Шаршағанды білмейді.

Қолдарымыз билейді, билейді, билейді,

Шаршағанды білмейді.


Балалар сергіту сәтін орындады.


Тәрбиеші:

  • Балалар 4-ші «Мақал-мәтел» кедергісі. Біздерге мақалдарды толықтыр депті. Қане кім айтады?

1-бала:Аққуды атпа, ............................./досыңды сатпа/ 2-бала: Ағаш тамырымен,....................../адам бауырымен мықты/ 3-бала: Білімі жоқ адам,........................./тұзы жоқ тағам/ 4-бала: Жүз теңгең болғанша,.............../жүз досың болсын/

5-бала: Жақсыдан үйрен,......................../жаманнан жирен/


Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар, балалар 5-ші кедергіге де келіп жеттік. 5-ші кедергінің тапсырмасы дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?»

Балалар ойын ойнады.


Тәрбиеші:

  • Балалар, біз жол картаның көмегімен, сиқырлы сандығымызға да келіп жеттік, ендеше ашып көрейік.

Сандықтың ішінен әдемі де түрлі түсті гүлдер шыққан сыйлықтарды тәрбиеші балаларға таратып береді.


Тәрбиеші:

  • Осымен «Ғажайыптар әлеміне саяхатымыз» аяқталды енді өз тобымызға оралайық

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау мақсатында балаларға сұрақтар қою.

Тәрбиеші:

  • Балалар, сендерге саяхат ұнады ма?

Балалар:

  • Бізге саяхат ұнады.

Тәрбиеші:

  • Сендер саяхатқа қайда бардыңдар?

Балалар:

  • «Ғажайыптар әлеміне саяхатқа» бардық.

Тәрбиеші:

  • Ненің көмегімен бардық?

Балалар:

  • Жол картаның

  • Бүгінгі ұйымдастырылған ооқу қызметінде сендерге не ұнады?

Балалар:

  • Мақал айтқан ұнады.

  • Мақта таяқшасымен сурет салған ұнады.

  • Сиқырлы сандықты ашқан сәт ұнады.


Балаларды мадақтау

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір-біріміздің жүрек жылуымызды сезініп,ибүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып, қонақтармен қоштасайық.


Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.!

















Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 Балдырған бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




«Бекітемін»

«№35 Балдырған бөбекжайы» директоры

_________________М.М.Кабдрахманова

«18 » ақпан 2019 жыл








«Ғажайыптар әлеміне саяхат»

/есеп беру ұйымдастырылған оқу қызметі/




Дайындаған: №9 ортаңғы тобының тәрбиешісі Оразшаева У.О.

Өткізген: №9 ортаңғы тобының тәрбиешісі Оразшаева У.О.



















Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!