Сабақтың басы (1–7 мин)
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу.
Оқушыларға
берілген декорациялардағы арифметикалық амалдарды орындау
мақсатында бүгінгі тақырыпты табуды ұсынады.
Үштілділік:
Ғарыш –
космос – space
«Кел,
ойланайық»
«Ашық микрофон» әдісі бойынша мұғалім сұрақтар
ұсынады.
– Қай
денелерді көзбен көре аласың?
– Қайсысын
телескоп арқылы көресің?
Оқулықпен жұмыс
– Аспан
әлемі қандай?
– Қандай
ғарыш денелерін атай аласың?
– Олар
туралы не білесің?
|
Оқушылар
мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
«Ғарыш»
тақырыбын табады.
Ғарыш
сөзін үш тілде айтады.
«Салыстырайық»
Оқушылар
Күн мен Жердің ұқсастығы мен айырмашылығын айтады. Күн мен Жердің
бір-бірімен қандай байланысы бар екенін
анықтайды.
|
ҚБ: дұрыс
жауап берген оқушыға қол шапалақтау арқылы қолдау
көрсетіледі.
|
Bilimland
|
Сабақтың ортасы (26 мин)
|
Оқулықпен жұмыс.
Аспан
әлемі туралы түсінік береді. «Ол шексіз созыла береді. Аспан
әлемінде Күн, жұлдыз, Ай, ғаламшарлар бар. Осының бәрі ғарышты
құрайды. Жұлдыздар мен Ай түнде бізге жарқырап көрініп тұрады.
Аспан әлемін астрономия ғылымы зерттейді. Күн, жұлдыз, Жер – ғарыш
денелері. Күнді Жермен қоса сегіз ғаламшар айналады. Ғаламшарлар
әртүрлі. Жер – тіршілік көзі бар, өмір сүруге болатын жалғыз ғарыш
денесі.
«Зерттейік».
Жұптық
жұмыс.
– Жер Күнді
айнала ма, әлде Күн Жерді айнала ма? Қорытынды
жасаңдар.
«Салыстырайық»
– Күн мен
Жердің ұқсастығы мен айырмашылығын айт. Күн мен Жердің бір-бірімен
қандай байланысы бар?
Қызықты
мәлімет.
Ғарышта еш
дыбыс естілмейді. Өйткені дыбыс толқынын тарататын ауа
жоқ.
Бейнебаянмен жұмыс жасау.
Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы мәлімет
ұсыну. Байқоңыр ғарышайлағының географиялық орнын картадан
көрсету.
Бейнебаянға кері байланыс
жасау.
Сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=n-khlCFOpzQ
|
Оқушылар
мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды. Түсіндірме кезінде өздерінің ой
қорытындыларын қосып айтады. Анықтау жүргізеді.
«Жер Күнді
айнала қозғалады» деген жұппен қорытындыға
келеді.
Венн
диаграммасы әдісі бойынша Күн мен Жерді
салыстырады
Бейнебаянды мұқият қарап, өз түсінгендерін
айтады.
|
ҚБ: мұғалімнің «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы»
деген қолдау сөздері арқылы жүзеге асады.
«Бағдаршам» әдісі Мұғалім оқушылардан өз жұмыстарының
нәтижелері бойынша оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін және өз
білімдеріне қаншалықты сенімді екендігін көрсетуді
сұрайды.
•
Жасыл – мақсатқа қол жеткізілді, алға сенімді
жүреді.
•
Сары – біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер
бойынша табысқа қол жеткізілді, алайда сенімсіздік бар, кеңес,
көмек сұрайды.
•
Қызыл – жетістікке қол жеткізбеді, абыржуда,
сондықтан ол туралы мұғалімге мәлімдейді.
|
Макет,
глобус
Дидактикалық материалдар
Презентация
А4
Слайд
АКТ
|
|
Дәптермен жұмыс
-
Жер
ғаламшары Күн жүйесінде нешінші болып тұр?
-
Ғаламшарларды реті бойынша нөмірлеп жаз. Күннің
тіршілік үшін маңызын қысқаша жаз
|
Жер
ғаламшары Күн жүйесінде 3-ші тұрғанын айтады. Ғаламшарларды ретімен
нөмірлеп жазады. Күннің тіршілік үшін маңызын жазады. Мысалы: Күн
Жерге жарық пен жылу береді. Жарық болмаса, айнала қараңғы болады.
Жылу болмаса, Жер беті мұз болып қатып қалады.
|
ҚБ:
мұғалімнің қолдау сөздері арқылы жүзеге асады.
|
Баспа
дәптер
|
Сабақтың соңы (7 мин)
|
Тірек сөздермен жұмыс
Ғарыш, ғаламшар, жұлдыз, астрономия. Жетекші
сұрақтар:
–
Ғарыш дегеніміз не?
–
Аспан әлеміндегі ғаламшарларды
ата.
–
Күн жүйесінде Жер нешінші
ғаламшар?
–
Астрономия ғылымы нені
зерттейді?
|
Сұрақтарға жауап береді:
–
Ғарыш – шексіз кеңістік.
–
Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн,
Уран, Нептун.
–
Жер – Күн жүйесіндегі Күннен бері қарай санағанда
үшінші ғаламшар, адамзаттың тіршілік ететін
бесігі.
–
Аспан әлемін зерттейді.
|
«Үш шапалақ»
|
презентация
|
|
Рефлексия
«Гүлшелер» әдісі арқылы сабақты
қорытындылау.
Оқушылар үлестірмелі материалдың көмегімен
тақтадағы жер бейнесін гүлмен безендіру арқылы сабақтағы
түсініктерін қорытындылайды.
|
Оқушылар
үлестірілген гүлшелерді алып, сабақ қорытындысын ауызша айтып,
гүлшелерді тақтадағы Жер бейнесіне жабыстырады.
|
|
Плакат
стикер
|