Материалдар / Ғарыш дегеніміз не? сабақ

Ғарыш дегеніміз не? сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ғарыш туралы және ғарышкерлердің өмірі туралы түсінік беру. Шығармашылық тапсырмалар және суреттермен жұмыстар жүргізу арқылы білім деңгейін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2018
616
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ғарыш дегеніміз не?Мақсаты: Оқушыларға ғарыш туралы және ғарышкерлердің өмірі туралы түсінік беру. Шығармашылық тапсырмалар және суреттермен жұмыстар жүргізу арқылы білім деңгейін арттыру. Оқушыларды дауыстап, мәнерлеп, шапшаң оқуға жаттықтырып, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту. Оқушыларды Отанын сүюге, адал еңбек етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта.Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,талдау, бағалау, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау.Түрі: аралас сабақСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөліміПсихологиялық дайындықМейірімді жүрекпен,Ақпейілді тілекпен,Амандасып алайық,Бір жадырап қалайық!ІІ. Үй тапсырмасын сұрауТаулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғауІ топ. Таулы жер өсімдіктерін қорғау туралы айтады.ІІ топ. Таулы жер жануарларын қорғау туралы айтады.ІІІ. Жаңа сабақ Ғарыш дегеніміз не?1.Ғарышкерлер туралы түсінік беру.Т.Әубәкіров – 1946 жылы туылған. Ата- анасынан жастай жетім қалған. 1974 жылы 1-класты әскери ұшқыш атағы берілді. Миг-29 истребителі болған. 1991 ж «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.



Т.Мұсабаев – 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген.1993 жылы Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін бітіріп, Алматы облысындағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер болған.



12 сәуір 1961ж. Байқоңыр космодромнан әлемде ең алғаш ғарыш кемеде адам ғарышқа ұшты .Ең бірінші ғарышқа ұшқан космонавт 27 жастағы Юрий Алексеевич Гагарин. Ғарышта 1 сағат 48 минут болды. Ғарышқа ұшу мақсаты жер шарын бір рет айналып зерттеп өту.2.Ғарыш дегеніміз не?( жаңа сабақты түсіндіру) Жұлдыздар- айналаға жылу мен сәуле шашып тұратын аспан денелері. Олар жерден алыс орналасқан, бірақ кейбір жұлдыздар күннен ондаған немесе жүздеген есе үлкен. Шоқжұлдыздар саны – 88.Әр шоқжұлдыздарға атау берілген, оның бірі - Жетіқарақшы. Жер, ай, күн - ғарыштық денелер. Күн және 8 ғаламшар күн жүйесіне кіреді. Олар Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Күн.

Метеорит– ғарыштық дене 5-10 км үлкендігімен, оның жылдамдығы өте қатты. Күн жерге жақын жұлдыз. Күн үлкен шар, қатты ыстық беретін газдардан тұрады. Күн біздің жерден 109 есе үлкен. Күннің температурасы 6000 градус С. Меркурий ғаламшарын Рим сауда құдайы атына арнап қойған. Меркурий күнге өте жақын орналасқан, сондықтан осы ғаламшарда өмір жоқ. Бір жылы 88 күнге тең. Таң атып батқанына 6 ай мерзім өтеді екен. Шолпан – күннен санағанда екінші ғаламшар. Осы ғаламшар қалын бұлттармен қапталған, және бұл ғаламшарда қатты ыстық. Жер үшінші күннен кейінгі ғаламшар. Жер бетінде қатты ыстық жок сондықтан жер ғаламшарында өмір бар. Марс ғаламшарына соғыс құдайының атын қойған. Күннен санағанда 4-ші ғаламшар болып саналады. Ғаламшардың түсі қызыл себебі оның тастарында темір қоспалары көп. Марс ғаламшарында өте суық болғандықтан сол ғаламшарда өмір жоқ . Юпитер ғаламшарын ең үлкен құдайлардың құдайы атымен аталған. Юпитер - 5–ші ғаламшар. Бұл ғаламшар су мен газдан тұрады. Сатурн ғаламшарын Юпитердің әкесінің атына арнап қойған. Сатурн - 6–шы ғаламшар. Сатурн екі сақинамен қоршалған. Сол сақиналар газ, мұз және тау жыныстарынан тұрады екен. Жаңа ғаламшарды Уран деп Сатурн әкесінің атына арнап қойған. Уран күннен санағанда 7–ші ғаламшар болып есептеледі. Нептун ғаламшарын теңіз құдайы Нептунға арнап қойған. . Нептун 8–ші болып саналады. Бұл ғаламшарда қатты желдер болады. Желдің бағыты 2000км/сағатына соғады екен. Королев Сергей Павлович - орыс елінің конструкторы. Осы адамның қолдауымен «Восток» пен «Восход» ғарыш кемелерін жасап сол кемелерде адам алғаш рет ғарышқа ұшты.





3. Сөздік жұмыс.Шоқжұлдыз, күн жүйесі, галактика, әлем. 4. Сергіту сәтіКөз жанарымызды сақтайық.5. Шығармашылық тапсырма.«Ұшқыш болғым келеді» тақырыбына өлең шығару.6. Дидактикалық ойын. Ойын мақсаты: оқушылардан жер бетінде, суда, ауада жүретін көлік түрлерін сұрау. Ойынды басқарушы жер десе, балалар жер бетіндегі көліктерді атап шығуы тиіс.Жер: машина, автобус, велосипед.Су: қайық, кеме.Ауа:ұшақ, тікұшақ.Осы көлік түрлеріне байланысты екі топ бір – біріне жұмбақ жасырады.ІҮ. Қорытынды
  • Сұрақ – жауап алу
  • Ғарыш (білгенім,не білдім, үйрендім,не білгім келеді?)


БілгенімНе білдім, үйрендім?Не білгім келеді?








Ү. Үйге тапсырма
  • Ғарыш дегеніміз не? оқып, мазмұнын айту.
  • Қазақ ғарышкерлері туралы толық мәлімет жинау.
ҮІ. Бағалау5 болсын алар бағамыз, Біліммен бақыт табамыз.Өнер-білім көп бақыт,Өсе берсін санамыз. Шалқар ауданы Сарысай негізгі орта мектебіЗейнелғабдинова Айшат ЗейнелғабдинқызыБастауыш сынып мұғалімі
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ