Ғарышкерлер куні

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғарышкерлер куні

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ғарыш, Ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын молайту. Ой - өрістерін, көріп білу қабілеттерін дамыту. Ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат
Мақсаты: Ғарыш, Ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту.
Сөздік қорларын молайту. Ой - өрістерін, көріп білу қабілеттерін дамыту.
Ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Кіріктірілген ойын әрекеті: Музыка, математика
Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң
Ормандар мен далалар,
Қайырлы таң
Достасқан бар балалар,

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.
Ал, балалар қыстан кейін қай мезгіл келеді?
Балалар: Көктем мезгілі келеді.


Тәрбиеші: Сол көктем мезгілінде - ғарышкерлер мерекесі болады.


Ғарышкерлер дегеніміз олар ғарышқа ұшатын адамдар. Аспан әлемінде де, көптеген ғаламдар бар.
Біз жер ғаламында өмір сүреміз.
Қай ғаламда өмір сүреміз?
Балалар: Жер ғаламында өмір сүреміз.
Тәрбиеші:- Балалар, сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
Балалар:- Ұшақ, тікұшақ, зымыран.

  • Қандай ғарышкерлерді білесіндер?(Ю. Гагарин, Т.Әубакиров, Т.Мусабаев.)

  • Ғарышкерлердің көлігі қалай аталады?(Зымыран)

  • Олар немен ұшады? (Зымыранмен)

  • Зымыран қайда ұшады?(Аспанға)

  • Дұрыс балалар, енді менің сендерге қосатыным бар.

  • Айға дейін ұшатын, өте биік, ауа көлігі ғарыш кемесі – Зымыран. Зымыранды ғарышкерлер жүргізеді. Ең бірінші ғарышқа көтерілген Ю.Гагарин болған. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы (космодром) деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерінде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады. Ғарышкерлердің арнайы киімдері бар – ол «скафандр» деп аталады.




Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Олай болса шлемдерімізді басымызға киіп, осы ғарыш әлеміне аттанайық .

Ән: « Мен ғарышкер боламын»

Ұшып барамыз, ұшып барамыз алдымыздан бір үлкен ғалам көрінгендей, қонуға дайындаламыз.

Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
Аспанда тағы нелер болады, балалар?
Балалар:- Күн, ай, бұлттар және біз білмейтін ғаламшарлар бар екен.

Экранға назар аударайық .

Тәрбиеші: балалар, біз ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттаған едік қой


Бақберген:

Аспан - аспан арайым,
Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.



Абдурауф:

Ғалым болам десеңіз,
Білім жина басынан.

: Ғарышқа ұшам десеңіз,
Шынықсын денең жасыңнан.

Муслим:

Көкке ұшамын

Ұшқыш болар баламын

Соңына ерем

Ер ғарышкер ағаның





( Музыка әуеніне топ іші жарық болып экраннан инопланетьян шығады)

(Кенеттен жарық сөніп, инопланетьянның дауысы шығады)



  • Балалар қараңдаршы бұл кім болды екен?

  • Бәріміз амандасайық.

(инопланетьянин басын ізейді)

  • Кешіріңіз, сіз біздің тілімізде сөйлей алмайсыз ба?

  • Жоқ (басын шұлғыйды)

  • Мүмкін түсінетін шығарсыз?(Иә)(Ым мен, қол қимылы мен ғарыш кемесінің сынып қалғанын көрсетеді)

Ғарыш кемесінің суретін көрсетеді.

    • Балалар олардың кемелері сынып қалған екен, бізден көмек сұрайды.

    • Балалар қалай көмектесуге болады?

    • Мүмкін ғарыш кемесін бірге құрастырайық.

    • Ендеше мына зымыранға қарайықшы. Дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
      Балалар: төртбұрыш, шаршыға, үшбұрышқа, дөңгелекке.
      Өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді?
      Ендеше мына жерде әр түрлі пішіндер бар. Суретке қарап құрастырайық.

      Балалардың зымыран құрастыруы
      Міне зымыранымыз дайын болды

    • Инопланетьян: Балалар біздің ғарыш кемелерімізді құрастырып бергендерің үшін алғыс айтамын және сендерге алғыс ретінде түрлі ойындар және естелік ретінде планеталардың суреттерін сыйлыққа беремін


      Тәрбиеші: Балалар біздің де қайтатын уақытымыз болды. Осы көргендерімізді жердегі достарымызға айтып берейік.
      Қане енді ұшуға дайындалайық. Ұштық, Ұштық.

      Рефлексия:- Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік? Ғалам, жер, ұшақ туралы.
      Кімдер туралы білдік? Ғарышкерлер туралы білдік.
      Сендерге не ұнады? Зымыран, т. б. жауаптары.

Ал жердегі достарымызға осы аспан денесінде болып жатқан қимылды бимен жеткізсек қалай қарайсыңдар?

Балалар қуана келіседі.

Тәрбиеші: Осымен біздің Ғарышкерлер күніне арналған ашық ойын әрекетіміз аяқталды Сау болыңыздар

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.04.2024
214
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі