Материалдар / Ғасыр ақыны- Мұқағали Мақатаев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғасыр ақыны- Мұқағали Мақатаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға көмек ретінде тәжірибеммен бөліскім келеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
512
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғасыр ақыны – Мұқағали Мақатаев


1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді жыр сүйер қауым! Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махабаттына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған кешімізді бастаймыз.

2-жүргізуші: Мұқағали - өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:

«Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын»,- деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, біртуар екенін халыққа таныта білді.

Баяндама: М.Мақатаевтың өмірбаяны.

1-жүргізуші: Туған жерін сүймеген, туған жерін жырламаған ақын жоқ та шығар, сірә. Адам жаны жай тауып, рахатқа бөленетін табиғат аясында туып-өскен, көк майсасының алабөтен жұпарын сезіп, төбе-белдерінде еркін шапқан әрбір ақынның сол тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес.

2-жүргізуші: Алайда, ақын туған жерінің сүретін бейнелеуде, оны әсемдікпен жеткізуде ешкімге ұқсамайтын, ешбір ақынның өлең тармақтарында жолықпайтын өзіндік өрнек таныта, өзгеше поэтикалық әлем аша жырлайды.

1-жүргізуші: Сырым да осы,

Жырым да осы,

Алдыңда.

Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда, - деп біркүндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың 9 ақпан туылған күні.

2-жүргізуші: Бұл күнде тірі болса 87 жасқа толатын Мұқағали ақын еді. Бірнеше жылдар бұрын дәл осы күні Мұқағали ақын

«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай,

Мына жандар негып жатыр тойламай

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай»- деп қолының қысқалығына налый отырып, жыр шумақтарын төккен екен.

1-жүргізуші: Домбыра,жүрегіммен үндес едің,

Өзіңмен сырласымдай тілдесемін,

Бабамнан қалған мұра сен болмасан,

Өмірдің не екенін білмес едім.

2-жүргізуші: Ән: «Домбыра»

1- жүргізуші: Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал, медет тұтарымыз - алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтықсыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен қымбат та құнды.

2-жүргізуші: Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңыздар, онда мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен. Ендеше, қашан да ақиқаттың ақ туын көтеріп, әділет пен адалдықты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.

1-жүргізуші: Мұқағалидың тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. Мұқағали поэзиясы – таңғышықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек», т.б. кітаптары жарық көрді.

2-жүргізуші: Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді.

1-жүргізуші: Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.

2-жүгізуші: Поэзия минуты: Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Ақынның өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды.

2-жүргізуші: О, махаббат!

Сен әлі тірі ме едің,

Көзімнен ғажайып болған күнім едің,

Гүлім едің...

Елтіген түнім едің,

О, махаббат!

Сен әлі тірі ме едің?!

1-жүргізуші: О, махаббат!

Сен әлі тірі ме едің?

Тірі ме едің....

Мен әлі тірілемін!

Ақ періште алдында жүгінемін.

... Қолдай гөр, ғашықтардың пірі, мені!

2- жүргізуші: М.Мақатаев туралы ақын-жазушылардың айтқан ой-пікірлеріне кезек берейік.

1- оқушы: «Жыр басы Қарасаздан басталған М.Мақатаев бүгінде ән болып қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау поэзия әлемінде шырқап барады»

2-оқушы: «Өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса, М.Мақатаевта көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе-күн қасымызда. Әнеол мұзбалық қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды бір өзі толтырып, жазық маңдайы жарқырап, жалтырап жыр оқып тұр!...» (Ә.Тәжібаев)

3-оқушы: «Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын» (Л.Әзімжанова)

4-оқушы: «Мұқағалидай ақыны болған халық – бақытты халық» - (Ф.Оңғарсынова)

1- жүргізуші: «Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй»- деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік.

2- жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма, ойландаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған

1-жүргізуші: Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзінен басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.

2-Жүргізуші: Осымен, М.Мақатаев шығармашылығына арналған «Ғасыр ақыны – Мұқағали Мақатаев» атты ашық сынып сағатымызды аяқтаймыз.

1-жүргізуші: Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рақмет!

2-жүргізуші: Қош сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!