Материалдар / Ғасыр індетінен сақтанайық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғасыр індетінен сақтанайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаман әдеттерден аулақ бол
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2018
1003
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ғасыр індетінен сақтанайық!

Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, тәрбиелі де саналы, білімді, дені сау, қайратты, елін, жерін қорғайтын, ата-ананы, үлкенді-кішіні сыйлай білетін нағыз ұлтжанды азамат және азаматша болуға тәрбиелеу. Дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын , ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту ;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

а) амандасу

ә) оқушыларды топқа бөлу

б) психологиялық ахуал (есім – акроним)

Мұғалім сөзі: Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалы да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге шыққан сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық. Елбасымыз Н.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында Қазақстан азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек. Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде. Ішімдік, нашақорлық – адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді жеткізгіміз келеді.Олай болса, біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз “ Ғасыр індетінен сақтанайық! ” тақырыбында өтеді.

Оқушы ойы. (Дайындап келген плакаттарын қорғайды)

  1. топ: Ішімдікке жол жоқ!

  2. топ: Житс ауруы туралы біле жүрейік

  3. топ: Темекі мен есірткіден аулақ бол!

Сұрақ – жауап (медбикемен сұхбат)

СПИД құрбаны (монолог). Мусаева Ақтілек, Баймұратова Гаухар

- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!

Өзімнен өзім сыр таптым,

Өле алмай жүрген сырқатпын.

Шіріген картоп сияқты,

Бұрышында қалған бір қаптың.

Өзімнен өзім тістенем,

Шарабым да тұр ішпеген.

Ұйықтайын десем қорқамын,

Көрмейтін сұмдық түс көрем.

(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)

- Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім. Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім. Бір сөзбен айтқанда, өте ерке болып өстім. Әке - шешем бар дегенімді жасады. Анда - санда әкем мен тентек болған кезде, айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз балада нең бар?»- деп ара түсетін.

(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)

Әлпештеп алды анам алдымнан шығып,

Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.

Ата - ана перуана боп перзенті үшін,

Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.

Ардақтап ата - анаңды сол секілді,

Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.

Түседі еске кей кез бала кезім,

Бала кезім... кетуші ем дала кезіп.

Ақ қайынға шайқалған қараушы едім,

Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.

- Иә, ата - анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Жетінші сыныпқа жеткенше екі - үш мектепке ауысып үлгердім. Неге дейсіз ғой. Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді. Олардың да мен секілді ұлы бар екен. Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы наша «деген» пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!

Тамырын умен суарып,

Денсаулық деген егістің,

Шірітіп апсың біразын,

Ғаламат қымбат жемістің.

Инемен таза денеңді,

Тесуге неге келісті?

Көк түтінмен уланып,

Ащы суды неге іштің?

Төсекке асыл азамат,

Ауру аеңдеп құлайсың.

Дәрігерлерді мазалап,

Не үшін енді жылайсың?

(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып, сөйлеп кетті.)
- Содан арада екі - үш жыл өтті. Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды. Не құдіреті барын, сол инені көрсем аузымнан суым шығып, есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды. Жалғыз анамның жиған - тергені есірткінің айырбасына кетті. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім. Дәрігерлер менің СПИД - пен ауыратынымды анықтапты. Төрт - бес жыл білмей жүріппін.

Таусылмақ дәм. Бітпек өмір - өзенім.

Менің - дағы жетті кетер кезеңім.

Оны көптен тарқамаған қайғы мен

Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.

«Өлермін» - деп күңіренем, күйзелем,

Мені есірткі найзасымен түйреген.

Өз әлімше арман - көлде жүзе алмай,

Қанатымнан жараланған күйде мен.

- Соңғы кезде өмір - тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым. О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой. Бір - ақ өмір! Осы бір - ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді, өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады. Бәрі кеш енді.

О, Жаратқан!

Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы, құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.

(Мұңлы ащы әуен ойналады.)

Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,

Құрбанымын СПИД деген кеселдің.

Ақтамай - ақ кетіп барам арманың,

«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.

Кім кінәлі, аялаған анам ба?

Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Тек қана өзім кінәлімін сол үшін

Улы дерттің құрбаны мен болам да.

Жас жеткіншек!

Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,

Ауырсаңдар бұл кеселмен,

Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.

Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,

Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!

Азалы да ащы әуен қайта ойнады. Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп, жерге құлайды. Бұл оның ақтық сөзі еді.

Ситуатциялық жағдайлар

  1. Топ.

  1. Бір спортсмен өзі әйгілі болады. Жақсы, жұртқа танымал. Бірақ табыс көзі онша болмайды. Енді ол отбасынан асырау үшін“Арақ заводына” жұмысқа тұрады. Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді.Кейіннен ол аз – аздап ішіп, араққа бойы үйреніп кетеді. Енді жұмысты тастайын десе, ақша керек, тастамайын десе, ішіп қоя береді. Жағдаяттан қалай шығуға болады?

  2. Сіздің ойыңызша СПИД-пен ауырған адамды қызмет еткен жерінде қалдырудың жөні бар ма? Әлде..............

  1. Топ. 

  1. Ол 15 жаста. Темекі тартып, арақ ішіп, аз-аздан үйреніп жүріп әбден бойына сіңіріп алды. Ал оның ағасы да алғашқыда қалай бой ұрғанын білмей қалған болатын. Інісі ағасының сол бір заттардан қанша зардап шеккенін біледі. Бірақ өзі сол заттарды тастай алмайды. Сіздің пікіріңіз?

  2. Сіздің ойыңышша ВИЧ ақпаратты табуға арналған тесттен сіздің өтуіңіз жөн деп есептейсіз бе?

  1. Топ. 

  1. Жартылай жасанды есірткі – героиннің тағы бір ерекшелігі бірден бой көрсете қоймайды. Шегуші ағзасына мысқылдан сіңіп, әбден бойын игеріп алғанда ғана көрініс береді. Алғашқыда қалай тәуелді болғанын білмей қалады. Сөйтіп ол ...

  2. Досыңыз СПИД-пен ауырғаның білсеңіз не істер едіңіз?

Видеоролик

Рефлексия («Төрт сөйлем» әдісі)

Пікір, дәлел, мысал, қорытынды

Қорытынды

Мұғалім: Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Ойымды қорытындылай келе, оқушыларым зиянды әдеттерден аулақ болып, азамат боламын десең, ісіңді түзе. Ата-анаңыз сіздерге өте үлкен үміт артып отыр, өйткені сіздер әлі жассыздар, сіздердің қолдарыңыздан келетіні, сабақ оқып, үлкенді тыңдап, кішіні сыйлап, елімізге еңбек ететіндей білімді азамат болып өсу. Қазір небір зиянды әдеттерге бой алдырып алсаңдар, оның арты өкінішке әкеліп соқтыратыны анық. Одан да, бос уақытыңызды мәнді, мағыналы өткізуге тырысыңыздар. Салауатты өмір салтын ұстанғанымыз абзал .       Сіздер - Елбасы сенген еліміздің болашағысыздар,  ата-анаңыздың өмірінің жалғасысыздар . «Ғасыр індетінен сақтанайық.» атты бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер!
























































1. Есірткі дегеніміз не?
Есірткі - (norkosis) грекше наркоз, ұйықтату, ұйқы мен ұмыттыру мен, жансыздадыруды білдіреді.
Есірткі – бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез –құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті, айығу үмітсіз. Әлеуметтік дертті адамның сезімін толықтай жансыздандырады деугеболады.
2. Есірткінің қандай түрлері бар?
1. Медицинада ауруды басу үшін қолданылатын (апиын, опиум, опий) өнімдеріне морфин, кофеин, омнопин, промедол, метадон, көкнәр, жәнет. б., заттар жатады.
- Сора өнімдері (коннабиноидтар) гашиш, анаша, марихуана жәнет. б.
- Психикаға белсенді әсерететін заттар – анфетамин (финамин) сиднокарт;
- Қолдан жасалған эфедрин немесе эфедриннен алынған эфедрон, первитін, экстрази, фентозидәрі – дәрмектері және т. б.
Ұйықтататың және седатифтік заттар – барбитураттар, бензодиазипиндер, натрий оксибутироты және т.б.
- Галлюценогиндер (фенциклидин, кетами, ЛСД, псилоцибин, және т. б.)

- Холинолиттік әсері бар кейбір дәрі - дәрмектер (паркинсонға, аллергияға Қарсы қолданылатын циклодол, демидрол, пипольфен және т. б.) 

- Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар құрамындағы органикалық ұшпа заттар ( бензин, бензол, толуол жәнет. Бұларды көбінесе иіскейді). Адам организімі мен психикасына күшті әсер ететін ең қауіпті әрі көп қолданылатын есірткінің түрі – анаша.
Анаша – сұр түсті химиялық зат, облыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынад

3. Есірткі қолданудың қандай жолдары бар?
Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі – егу арқылы қабылдау, өйткені қалай болсын бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы тез миға жеткізеді.
Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу, шайнау.)
Ең көп тарағаны шаншу немесе егуарқылы қабылдау.
Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті. Нәтижесінде қанайналымы нашарлайды. Сол себепті нашақорлар денелеріне ине салуға болатын жерлер іздей бастайды. Инені қолтамырларынан басқа да тамырларға салуға болады. Көбінесе ата – аналар балалардың қолының тамырын қадағалап, аман екендеп алаңсыз жүре береді. Ал, олар аяқ, жауырын тамырларына салдыруы мүмкін.
4. Есірткінің адам организіміне әсері қандай?
Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қанарқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді,  қызметін бұзады, уландырады. Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік басады.
Есірткі анда – санда қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ – қолдарының сіңірі оқтын – оқтын құрысады. Тері, жұқпалы ауруларымен жиі ауырады. Тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабынуына шалдығады. Тамаққа тәбеті жоғалады, жиі шөлдейді. Олардың көз жанары солғын болады.
Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді, тиісінше мидағы эндорофин заттары оған үйренеді де жүйкежасушаларын өлтіре береді. Адамның миы ештеңеге зейін қомайтын, әлсіз болып қалады.

5. Нашақорлар қандай жолмен ақша табады?
Жиі есірткі қабылдайтын адамға есірткі алу үшін көп ақша керек. Мысалы, орташа есеппен 0, 1 г есірткінің құны 500теңге. Күнде нашақор осы мөлшерді қабылдауы керек. Жұмыс істемейтін адамға 500 теңге үлкен ақша. Нашақорлардың көбінің күнделікті басқа да шығындары болады. Сол себепті әр нашақордың алдында ақшаны қайдан табамын деген мәселе тұрады. Олар:
1. Қайтарымсыз ақша алу.
2. Ең оңай жолы – алдау, олар алдымен достарынан, туған - туыстарынан, әке – шешесінен қарыз алады.
3. Үйінен ұрлау, көбінесе нашақордың қылмыстық жолы үйінен басталады. Қымбат заттарды, зергерлік, техникалық заттарды сатады.
4. Ұрлық – үйдегі ұрлайтын зат біткенде көршілердің, туыстарының заттары және дүкендерге ұрлыққа түседі, қалта ақтаратын болады.
5. Есірткіні дайындау және сату. Нашақорлар арасында мұндай еңбек «адал еңбек» деп аталады. Бұл ең көп ақша табу үшін қолданылатын жұмыс түрі.
6. Алдау. Бұлжағы да нашақорлар арасында көп кездеседі (қолдарындағы есірткіні өткізу немесе алу үшін түрлі қулыққа барады.)

6. Нашақорлардың қандай құқықтары бар?
Нашақорлық пен ауыратын адамдарды медициналық – әлеуметтік оңалту туралы заң бар. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мынандай құқықтар көзделінген.
- білікті медициналық – санитарлық көмекалуға;

- наркологиялық мекемелер мен ұйымдарды таңдауға;
- өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты, сондай – ақ емдеу және оңалту әдістері туралы ақпарат алуға;
- медициналық – әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері немесе қажет болған жағдайда, жүрген жері бойынша өткізуге;



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!