Материалдар / Ғасырлар пернесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғасырлар пернесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығыс Қазақстандық күйшілер Шайхы Құсайынұлы мен Қайрақбай Шәлекенұлының өмірі мен шығармашылықтары жайында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
810
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ғасырлар пернесі»

(жерлестеріміз, Шығысқазақстандық күйшілер Шайхы Құсайынұлы мен Қайрақбай Шәлекенұлының шығармашылықтары туралы)


Мақсаты: Өңіріміздегі күй өнерінің дамуы туралы ақпараттар беріп, күйшілік мектеп өкілдері - ХІХ ғасырда өмір сүрген жерлес күйшілермен таныстыру.

Міндеттері:

- Жерлестеріміз, Шығысқазақстандық күйшілер Шайхы Құсайынұлы мен Қайрақбай Шәлекенұлының өмірлері мен шығармашылықтары жайында мағлұмат беру.

- «Балжыңгер», «Мол қоңыр» атты күйлердің шығу тарихымен, ерекшеліктерімен таныстыру.

- Күйшілердің өнерін бізге жеткізуші жерлес өнертанушы, ұстаз, өнерпаздардың есімдерін ұлықтау.

- Ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.


Өту барысы:


(алдымен үнтаспадан Шайхы Құсайынұлының күйінен автордың өз орындаған үзінді естіледі)

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Мына күйді бұрын-соңды естіп пе едіңдер?

Балалар: Жоқ.

Мұғалім: Бүгін біз өздеріңмен өңіріміздегі күй өнерінің дамуы жайында және оған зор үлес қосқан жерлес күйшілеріміз туралы зерделейтін боламыз.

Біздің өңірімізге орындалуы жағынан айтатын болсақ шертпе күйлер тән.

Өлкеміздің есімдері мен шығармашылықтары әлі де толық зерттеуді қажет ететін тұлғалардың бірі – Шайхы Құсайынұлы. (күйшінің суреті көрсетіледі). Өз тұсының дәуірі мен ортасының кемеңгер күйшісі болған Шайхы атамыз Күршім ауданының тумасы. Сүйегі Саржомарт ішіндегі Сәйке руынан. Ол арнайы музыкалық білімі болмаса да, табиғи қабілетімен домбыра аспабын, күй өнерін шебер меңгерген өнерпаз болған. Халық күйлерін жанымен сүйіп, үйреніп меңгеріп, көптеп бойына сақтап, арттағы ұрпақтарға аманат етіп қалдырған күйші. Замандастарының айтуынша, Шайхы атамыздың репертуарында 50-60-тай халық күйлері болыпты.

Мысалы «Балжыңгер», «Ақ қабаның толқыны» күйлері Марқаның көлі мен өзенінің аттарымен, ал «Бейсенбінің кеңес күйі» ХІХ ғасырдағы атақты Бейсенбі бидің есімімен байланысты болса керек. Сондай-ақ Сыдық, Мәди сынды Катон-Қарағай жерін мекендеген күйшілердің декүйін жеткізуші болып табылады.


Шайхы атамыздың күйін бізге бүгінгі таңға сақтап, жеткізіп отыраған жандар бар. Солардың бірі - Тынымхан Мамырбеков (суреті көрсетіледі). Ол – Күршім ауданы, Күршім ауылының тұрғыны. Өнертанушы, Шайхы күйлерін насихаттаушы.

1945 жылы дүниеге келген. Әкесі домбырашы, анасы суырып салма ақын болған Тынымхан ақсақалдың өнерге деген қабілеті ата-анасынан дарыған.

1965 жылдан Күршім мәдениет үйінде халық аспаптар оркестріне жетекші болып еңбек еткен. Шайхының «Ой күйі» атты шығармасын оркестрге лайықтап жазған. Әрбір концерт сайын халыққа Шайхы күйлерін насихаттауда репертуарға күйші шығармаларын қосып, халыққа жеткізуде зор еңбек сіңірді. 1982 жылы аталмыш ұжым «Халық оркестрі» атағына ие болған. 1979 жылдан аудандық музыка мектебінде еңбек етіп, сол жерден зейнеткерлікке шығады.


(күйші шығармашылығы жайында Тынымхан Мамырбековтың әңгімелеп берген бейнеролигі көрсетіледі).


Мұғалім: Ал енді күйшінің «Балжыңгер» деп аталатын күйі қалай шықаны жайлы танысайық (көрнекілік құралдар бірге көрсетіле отырып әңгімеленеді).


«Балжыңгер» күйінің тарихы

Сол кездегі тарих бойынша бізде Марқакөл деген жер бар, монғал жерінде Арқакөл деген жер бар екен. Екі елдің тұрғындары бір-бірімен араласып, құдандалы болып жататын заман болған екен. Ол кезде Ертісті «Дала Ертіс», «Ақ Ертіс», «Қара Ертіс», «Көк Ертіс» деп төртке бөліп атапты.

Осындай уақыттардың бірінде монғолдың Балжың деген жігіті қазақ қызына ғашық болады. Жігіттің Кер аты болған екен.

Жігіт пен қыз өзара келісімге келеді. Қыз жігітке: Мен тон тігіп болғанға дейін Марқаның көлін айналып келсең, мен сенімен сенің еліңе барамын дейді. Екеуі келісіп, қыз тон тігуге кіріседі, жігіт көлді айналып келуге кетеді. Сондағы Кер аттың шабысы бейнеленген күй дүниеге келіпті. Иесі мен ұшқыр жануары бір-біріне сай жарасып тұрғандықтан, бұл күй екеуінің аттарын қосып айтқандай «Балжыңгер» деп аталыпты.

Жерлесіміз Шайхы Құсайынұлының күйлерінің ішінде «Балжыңгер» күйі басқа күйлеріне қарағанда көпшілікке кеңінен танымал. Оның «Балжыңгердің шабысы», «Балжыңгердің желісі», «Балжыңгердің аяңы», «Балжыңгер» деп аталатын 4 түрі бар екен.


(Шайхы Құсайынұлының «Балжыңгер» күйін Тынымхан Мамырбековтың орындаған бейнеролигі көрсетіледі).


Шайхы Құсайынұлының шығармашылығын бүгінгі ұрпаққа насихаттап, жинақтап, нотаға таңбалап түсіріп жеткізген жанның бірі де бірегейі - Мырзабек Мустафин (суреті көрсетіледі).

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің ұстазы. Шығыс өңірінің өнерінің зерттеліп, насихатталуында зор үлес қосып жүрген оқытушы. Шайхы Құсайыновтың күйлерін нотаға түсірген (көрнекілік құралдар ретінде күйшінің нотаға түскен күйлері көрсетіледі).


(Шайхы Құсайынұлынан жеткен «Көк сері» халық күйін Мырзабек Мұстафиннің орындаған бейнеролигі көрсетіледі).


Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда танысатын тағы бір тұлға ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ шертпе күй мектебінің өкілі, дәулескер күйші, дала данышпаны, ел қайраткері, сахара саңлағы, төбе би Қайрақбай Шәлекенұлы күйшінің суреті көрсетіледі).


(Күйші өмірі жайында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің оқытушысы Рысханов Шалхар Рысханұлының әңгімелеп берген бейнеролигі көрсетіледі).

Қайрақбай Шәлекенұлы – Алтай-Тарбағатай күйшілік мектебінің Тарбағатай дәстүрлі орындаушылығының негізін қалаушы. 1822 жылы Тарбағатайдың теріскейіндегі Дөрбілжің елінде дүниеге келген. Әкесі – Шәлекен орта дәулетті адам болған. Мінезді, бірбеткейлілігі, адуындылығы салдарынан халық арасында «Ақшулан қасқыр» деген атпен танылған екен. Анасы – Нұрғайша жаны жайсаң, көңілі таза, ел арасында зор құрметке ие болған жан.

Мұғалім: (жалғастырады) (көрнекілік құралдар бірге көрсетіле отырып әңгімеленеді).

Халық аузында айтылып жүрген әңгіменің бірінде Қайрақбайды «Нұр түскен бала» деп атапты. Оның себебі, Қайрақбай туғанда анасы Нұрғайша түс көріпті. Түсінде бесікте жатқан Қайрақбайға бір шөкім нұр түсіп тұр екен дейді. Сол нұр бірте-бірте барлық үйге жайылып, алауын шашып, шаңыраққа қарай баяу көтеріліп, зәулім көкке сіңіп кеткен деседі. Расында да Қайрақбай бітімі бөлек, зердесі ерек болып өседі. Ескі, өнегелі сөзге, салихалы ән мен күйге құлағы жастайынан түрік болады. Қурайдан сыбызғы жасап өлең тойдың сәнін келтіре бастайды.

Бір күні Шәлекеннің үйіне ат арытып бір жолаушы келіп түседі. Құдайы қонақ асқан сыбызғышы болса керек. Жиылған топты қонақ кәде ретінде көсілтіп күй тартып риза қылып отырады. Сол кезде Қайрақбай бес жастағы бала болса керек. Сүйте тұра қонақтың сыбызғы тартысына барлық ынта – жігерімен құлап, әкесіне жалынып сұрап жүріп қонақты тағы да бірнеше күн үйіне қондырып, күй тыңдайды. Ел ақтап, көпті көрген кәделі қонақ Қайрақбайға пейілі құлап, «Болайын деп тұрған бала екен, бетін қақпай өсіріңдер!», деп ақ батасын беріп аттанған көрінеді. «Бес жаста Қайрақбайға өнер қонған, сол кезде ұстазының көңілі толған» деген аталы сөз сол бір оқиғадан қалған екен.


Қайрақбайдың 40-тан аса күйі болған дейді оның күйін жеткізушілер. Қайрақбай Шәлекенұлының күйшілік дәстүрін жалғастырушы баласы Әнжан болса, Әнжаннан оның баласы Заманбек үйренеді. Заманбек те өз заманының шебер күйшісі болған.

Қайрақбай күйлері әр тақырыпты қамтиды. Күйлерінің біразы «Қоңыр» деген атауға ие. «Майда қоңыр», «Мол қоңыр», «Мұңлы қоңыр» деп аталатын күйлері бар.

Өз заманында Найман елінің төбе биі болған Қайрақбай табиғатынан ірі, кесек бітімді болған екен. Оның мінісіне кез келген ат жарамаған. Сондықтан да бітіміне сай жылқыны өзі таңдап мінген көрінеді. Соның ішінде жанына жақын, серігі «Мол қоңыр» деген аты болыпты. Орындалуы жағынан Шығыс күйшілік мектебінің ерекшелігін көрсететін «Мол қоңыр» күйі күйшінің осы атына арналған.


(Қайрақбай Шәлекенұлының «Мол қоңыр» күйін жас күйші-орындаушы Шағанбаев Нұрсіләмнің орындаған бейнеролигі көрсетіледі)


Мұғалім: Ұрпаққа өлмес музыкалық мұра қалдырып кеткен күйшілеріміз Шайхы Құсайынұлы мен Қайрақбай Шәлекенұлының өмірлері мен шығармашылықтары мәңгілік мұра деп білеміз. Қазақ өнері жасай берсін!





Камалиев Қуаныш Мошанұлы

Музыка пәнінің мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 20 А.Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!