Материалдар / Ғасырлар қойнауынан жеткен Абай ілімі және рухани жаңғыру 5 сынып

Ғасырлар қойнауынан жеткен Абай ілімі және рухани жаңғыру 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағатының жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2020
452
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А. Ажығожина

Пәні

Тәрбие сағаты

Сыныбы

5

Күні


Мұғалім

Какибаланова Маржан Бокебаевна

Сабақтың тақырыбы

Ғасырлар қойнауынан жеткен Абай ілімі және рухани жаңғыру.

Сабақтың мақсаты

Рухани жаңғыруды Абай өлеңдерімен байланыстырып сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;

Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Оқыту нәтижесі

Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.

Сабақтың түрі

Танымдық ашық сабақ

ресурстар

Интерактивті тақта, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар, шаңырақ

Кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

1 мин

-Сәлеметсіздерме бүгінгі біздің қонақтарымыз және ұстаздар. Бүгәнгі ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.



Қызығушылықты ояту

3 мин

-Балалар, қараңдаршы мынау не?

Шаңырақ киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі екенін білеміз. Шаңырақ уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Қазір бәрің мына екі түрлі жолақтарды алып, осы шаңыраққа уық ретінде құрып жіберейік.

Ата-бабаларымыз осы шаңырақтың астында келісімге келген, қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл-кемеңгері Абай атамыздың да ғасырлар қойнауынан келе жатқан қаншама еліне арнаған өлеңдері мен қара сөздері осы шаңырақ астында жазылған. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Ғасырлар қойнауынан жеткен Абай ілімі және рухани жаңғыру" -деп аталады. Ендеше бүгінгі сабағымыздың "Бір шаңырақ" өлеңімен бастайық.






Топтастыру. Жасыл жолақ ұстаған оқушылар бірінші топқа, сары жолақ ұстаған оқушылар екінші топқа отыру.

Шаңырақ


Оқушылар жолақтарды алып шаңыраққа байлап , шеңбер құрып тұрады


Бір шаңырақ астында

Кең сермейміз қанатты.

Жақсы тілек тілеп сізге,

Бастаймыз біз сабақты.


Оқушылар жолақтар арқылы топтасып отырады.

Кіріспе.

Ой қозғау.

1 мин

-Бәріміз экранға қарайық, не көріп тұрмыз?

Иә, қарыштап дамып келе жатқан біздің еліміз, еліміздің астанасы.

Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде қатар жүргізіліп отырған 2 процесс саяси және экономикалық жаңғыру қарқынды іске асырылды. Бірақ әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін саяси реформалардан бөлек бір тұтас мәңгілік ел болып сақталу үшін ұлттық рухани жаңғыру қажет болды. Жаhандану дәуірі бәсекеге қабілетсіз, ұлттық болмысынан тамырын үзген мемлекеттерді артқа қалдырды. Осы орайда Елбасымыз 3-ші жаңғыру, болашаққа бағдар боларлық рухани жаңғыруды бізге ұсынып отыр.

Астана



1 мин

Видео. / Елбасының сөзі/


Негізгі бөлім


10 мин

-Балалар, рухани жаңғыру дегенді қалай түсінесіңдер?

Бір кездері ұлы кемеңгер Абай атамыз да өз өлеңдерінде қараңғылықпен күресті. Абай қазақтың өзіне зиян тигізетін мінездерін, бүкіл өлеңдерінде, қара сөздерінде олардан арылу керектігін айтты. Осы орайда академик, философ - Жабайхан Әбділдин "Президент мақаласы Абайды түсінуге көмектеседі. Абайдың тамаша ойлары президент мақаласының мәнін, соның тереңдігін көрсетеді" деген екен. Ендешебізде бүгінгі Елбасымыздың мақаласын Абай өлеңдері мен қара сөздерімен түсініп көрсек.


Кәне, бәріміз тақтаға қарайық.

Қоғамның санасын жаңғыртудың алты бағытын Абай Құнанбаевтың өлеңдері арқылы түсіну.

1. Бәсекелік қабілет /өзгелерден ұтымды дүние ұсына алу: материалдық өнім ғана емес, білім, қызмет, зияткерлік өнім/.

2. Прагматизм. /экология, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлету, ысырапшылдық пен даңғойлыққа жол бермеу/

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау/ ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгілік қалуы тиіс/

4. Білімнің салтанат құруы /білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу/

5. Қазақстанның ревалюциялық емес, эволюциялық дамуы/ индустрияландыру, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдар, жаңа интеллигенцияның қалыптасуы/

6. Сананың ашықтығы/көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің "отбасы, ошақ қасы" аясында қалуы/



Адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеті т.б.









1. Ғылым таппай мақтанба.

2. Жадыра.

38 қара сөз.

3. Қарақат Т

24 қара сөз

4. Нұрай

32 қара сөз

5. Тоғжан


6. Анел

Әсемпаз болма әрнеге


5 мин

Видео. Абай ілімі және рухани жаңғыру.



3 мин

1 топ. Адамның бойында кездесетін жақсы қасиеттерді жаз.

2 топ. Адам бойын аулақ ұстау керек жаман қасиеттерді жаз.



5 мин

Несіпбек Айтұлының "Жаңғыру" поэмасынын және............................... өлеңінен үзінді.


Рефлексия

3 мин

Тілек ағашы


Қорытынды

4 мин

Ғасырлар қойнауынан келе жатқан Абай ілімі бүгінге ғана емес болашаққа да, қазаққа ғана емес күллі адамзатқа қажет. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықтарды жеңі үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, әлем таңғалар, талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, қазақ елінің ертеңі сендерсіңдер. Сабағымызды Абай атамыздың "Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан" өлең жолдарымен аяқтай келе, "Тәуелсіз елдің ұраны" әнімен сабағымызды аяқтайық.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ