Материалдар / Газбен пісіруге қолданылатын газдар

Газбен пісіруге қолданылатын газдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Газ жалынмен өңдеу кезінде негізгі жылу ретінде газ бен оттегінің (кейде газ бен ауаның) жалыны қолданылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2021
528
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып: Газбен пісіруге қолданылатын газдар


Газ жалынмен өңдеу кезінде негізгі жылу ретінде газ бен оттегінің (кейде газ бен ауаның) жалыны қолданылады. Жанғыш газдардың осы мақсатта жиі пайдаланылатын салалары келтірілген. Ең тиімді жанатын газға ацетилен (С2Н2) жатады. Ол өзінің технологиялың жөне термохимиялың қасиеттерінің артыкшылыктарының арқасында газбен өңдеудің сапасы мен өнімділігін барынша арттырады.

Ацетилен - ауадан жеңіл. Оның ауамен салыстырғандағы тығыздығы 0,9. Қалыпты атмосфералың қысым кезінде және - 84 °С температурада ол сұйық күйге, ал - 85 °С кезінде қатты күйге ауысады.

Ацетилен – бірден бір өндірісте кеңінен қолданылатын газ. Ол басқа тотықтырғыштарсыз немесе оттегісіз-ақ жарылуы мүмкін. Ацетилен жарылған кезде пайда болатын қысым оның жарылу сипаты мен алғашқы параметрлеріне байланысты. Кішігірім жабык ыдыста жарылыс болған кезде қысым алғашқы мәнімен салыстырғанда шамамен 10-12 есе асуы мүмкін, ал таза ацетиленнің детонациясы кезінде 22 есе, ацетилен-оттегі қоспасының детонациясы кезінде 50 есе өсуі ықтимал.

Металдарды Газ жалынмен өңдеу кезінде ацетиленді жылжымалы немесе тұрақты ацетилен генераторларынан газ күйінде алып қолданады немесе ерітінді қалпында ацетилен баллондарынан алады. Ерітілген ацетилен стандарт бойынша ацетон мен газ төрізді ацетиленнің кеуектері көп материалга толтырылған және қысьшы 1,9 МПа (1,9 кгс/см2) қоспасынан тұрады. Кеуектендірілген материал ретінде активтендірілген қайық көмірінің ұнтактары мен кұйма заттар қолданылады. Құйылған масса ацетиленді баллонның барлық көлеміне біркелкі тарату үшін пайдаланылады. Сон- дықтан жарылыс бола қалған жағдайда жалынды оқшаулауға мүмкіндік жасалады.

Ерітілген ацетиленді қолданудың, газ күйіндегі қолданумен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар. Кальций карбиді жақсы пайдаланылады, пісірушінің (кесушініц) жұмыс орны таза болады, аппараттар сенімді тұрақты жұмыс істейді жөне еңбек қауіпсіздігі артады.

Сұйытылған газдарға пропан, бутан және олардың қоспалары жатады. Ірі тұтынушылар оларды теміржол немесе автомобиль цистерналарымен алады да, зауыттың стандартты ыдыстарға құйып қояды. Газ бұл ыдыстардан газификатор арқылы немесе буланған күйінде алынады. Осы күйінде ол зауыттың газ реттегіш орынға және одан әрі цех аралың газ қүбырларына беріледі. Шағын түтынушылар газ станциясында толтырылған баллондарды пайдаланады. Баллондар арнаулы қондырғыға немесе әрбір жұмыс орын- дарына жеке-жеке қойылады. Газ кұбырымен келетін пропан-бутанның ең көп пайдаланылған кезіндегі қысымы кем дегенде 0,01 МПа (0,1 кгс/см2) болуы керек.

Сығылған газдарға метан, табиғи газдар, мұнай газары, кокс газдары және ңалальщ газдар жатады. Бұл топқа сутегі газы да кіреді. Табиғи газдар көбінесе метаннан тұрады, ал оны тұтынушыларға түтік арқылы немесе қысымы 15 МПа (150 кг/см2) болатын баллондармен жеткізеді. Қалалық газдардың құрамы тұрақты емес.

Мысалы, Мәскеудегі газ ңүрамы 70-95 % метан, ал ставропольдық газдың 98 % -ы метаннан тұрады.

Зауыттық тұтынушыларға бұл газ 0,005 МПа мен 0,ЗМПа аралығындағы қысыммен беріледі. Құбыр арқылы берілетін қалалың газдың қысымы кем дегенде 0,01 МПа болуы керек.

Оттегі тұтынушыларға оттегі станциясынан немесе газификатордан, сондай-аң, жеке дара баллондармен жеткізіледі. Оттегі басқа майлармен жанасса жарылғыш қоспа пайда болады. Сондықтан оттегімен жұмыс істейтін құралдар майлардан мұқият тазартылуы керек. Жұмыс кезінде де майлардың оттегі құралдарына жанаспауы қатаң қадағаланады.

Газ тәрізді техникалық оттегінің стандарт бойынша тазалықтары 99,7; 99,5; 99,2% болатын үш түрі (I, II, III) шығарылады.

Металдарды газ жалынмен өңдеудің кейбір түрлерінде (түзету, қыздыру, бетті тазалау және т.с.с.) тазалығы 92-98% оттегіні пайдалана беруге болады.

Сығылған оттегіні болаттан жасалған баллондарда сияқтайды және тасымалдайды. Сұйық жанғыштар (керосин, бензин) - тұтынушыларға қысымы 0,3 МПа болатын арнаулы жылжымалы иемесе тұрақты орындардан беріледі. Тракторларға арналған керосинді қолдануға болмайды. Себебі ол 300-600 °С қызған кезде шайырлы (смолалы) заттар көп белініп шығады да газ аппараттарының түтікшелерін бітеп тастайды.

Бензин мен керосинды пайдаланар алдында киіз сүзгіден өткізіп механикалық қоспалардан тазартады. Бензинді керосинмен қосып пайдаланғанда олардың өзара қатынастары 1:1 болуға тиіс.

Кальций карбиді ацетилен өндірілетін негізгі шикі зат. Ол қарасұр немесе қоңыр түсті қатты материал.

Ацетилен оның сумен қосылып (гидролиз) бүзылу кезінде алынады. 1 кг карбидтен шамамен 250 дм3 газ алуға болады және ол карбидтің түйіршіктелу сапасына байланысты. 1 кг карбидтің бұзылуына 5-20 дм3 су қажет болады. Кальций карбиді саңылаусыз (герметикалық) тығыз жабылған барабандар ішінде сақталады және таңбалымалданады. Бір барабан ішіндегі карбид массасы 50-130 кг болады.

Кальций карбидінің тапшылыгына байланысты оның орнына көбінесе төменгі қызу шығару мүмкіндігі 16,8 мДж /м3 (400 ккал/м 3)-ден кем емес және жаңбайтын бөлігі 20% -дан артық емес ацетиленнің алмастыргыштары пайдаланылады, сондай-ақ, керосин немесе бензин және олардың қоспасы қолданылады.

Металдарды газ жалынмен өңдеу үшін қолданылатын ацетилен алмастыргыштары негізінен екі топқа: сұйықтылган және сығылған газдарга болінеді.

Пісірушінің жұмыс орны орындалатын жұмыспен пісірілетін құрылымдардың көлеміне байланысты арнаулы пісіру кабинасында немесе тікелей бөлшектерде орналасуы мүмкін.

Шағын бұйымдарды пісіру,пісіру барысында жұмыс орны көлемі 2000х2000 мм немесе 2000х3000 мм пісіру кабиналарымен жабдықталады. Кабинаның қаңқасы болат құбырдан немесе профильді прокаттан металл түрінде жасалады.

Кабинаның қабырғалары жақсы желдету үшін оларды еденге 200-300 мм дейін жеткізбей, биіктігі 1800-2000 мм етіп жасайды.

Қабырғалары жұқа тегіс болатты асбоцементті тақталарды басқа да отқа жанбайтын материалдарды пайдаланады. Кабина есігін отқа төзімді сақинадағы қалың кенеп пердемен жабады. Кабина еденін отқа төзімді материалдар: кірпіштен, цементтен немесе бетоннан төсейді. Кабиналар табиғи немесе жасанды жарықпен жарықталып, желдетілуі тиіс. Осы мақсатта желдетумен қатар басқа зиянды газдармен пісіру шаңын еденнен тікелей жұтатын жергілікті сорғыштар орнатылады.

Бөлшектерді жинау және пісіруді кабинаның ішінде отырып атқару үшін биіктігі 500-600 мм немесе 900 мм-ге жуық пісіру үстелін орнатады. Ауданы 1 м2 үстелдің қақпағын қалыңдығы 15-20 мм болат табақтан немесе қалыңдығы 20-25 мм шойын тақтадан жасалады.

Жұмысшы (пісіруші) орны” (ЖО) деп металдарға ГЖӨ жүргізілетін жерді айтады. ЖО жылжымалы немесе тұрақты болуы мүмкін. Жылжымалы ЖО көбінесе мекемелер мен үйлердің ауласында, сол сияқты құрылыс алаңдарында орналасады, мұндай жерлерде қолмен пісіру пайдаланылады. Жылжымалы ЖО газбен қоректендіру келтірілген сызба бойынша жүргізіледі. Газ көзі үшін әдетте қысымы редуктор арқылы төмендетілген, газ бен оттегі баллондары қолданылады. Бұл газдарды жұмысшы кұралдарға жеткізу үшін (оттық пен кескішке) ұзындыгы 10 м-ден кем емес түтіктерді пайдаланады. Ацетилен баллоны орнына кейде сақтандырғыш затворымен жабдықталған жылжымалы генераторды қолданады. Жылжымалы ЖО-ның барлық жабдығын тасымалға ыңғайлы болу үшін бір тіркемеге бекітуге болады. Жылжымалы ацетилен генераторын қолданған кезде оны жүмыс кезінде тіркемеден түсіріп, оттегі баллонынан кем дегенде 5 м-ден аз емес қашықтыққа орналастырады. Генераторды жарақталған кезінде көшіруге тыйым салынады. Газбен пісірушінің (кесушінің) жүмыс орнында тістеуік, балға, металл бетін тазалайтын металл щеткасы, редукторды тазалайтын ине және өңдеп жатқан бөлшекті ауыстыратын сұймен болуы керек. Осыған қосымша, редукторларды бекітетін, баллондардың қақпақтарын ашып-жабатын және жұмыс кезінде оттықта (кескіште) пайда болған ақауларды жөндеу үшін қолданылатын құралдар (кілттер) болуға тиіс.

Пісіруші (кесуші) жұмысшылар бекітілген нормаға сәйкес жүмыс киімдерімен және қорғаныш ісәзілдірігімен (жарық сүзгішінің тығыздығы С-кесу, ал С-4 - ацетилен шыгыны 2500 л/саг. дейінгі пісіру кезінде) жабдықталуға тиіс.

Жылжымалы ЖО жабық ғимараттарда орналасқан кезде табиғи немесе арнайы желдеткіштермен қамтамасыз етілуге тиіс. Тұрақты ЖО цехтарда, бөлімшелерде немесе шеберханаларда газбен пісіру жөне кесу жұмыстарын қолмен немесе механикаландырылған жолмен орындау үшін қолданылады. Газбен қоректендіру бұл кезде бір орталықтан жүргізіледі: егер жұмыс орны 10-нан артық болса, тұтынушыларға газ құбырлармен жеткізіледі. Одан аз болған жағдайда, газ құбырларын пайдалану тиімсіз болғандықтан, газды жеке-жеке баллондардан қосуға рұқсат етіледі.

ЖО бір орталықтан газбен қоректендірудің типтік көрсетілген. Тұрақты ЖО оттегі газ құбыры арқылы тиісті қоректендіру көзінен (оттегі қондыргысынан, газификатордан немесе жібергіш жүйелерден) жеткізіледі. Осыған сәйкес ацетилен газ құбыры арқылы ацетилен қондырғысынан, тұрақты генератордан немесе жібергіш жүйеден келеді. Кей жағдайда ацетилен тікелей цехтың газ кұбырына беріледі. Бұлардан басқа газ көздерін пайдаланған кездерде газ құбырының цехқа кіретін жерінде орталық (топтық) сүйықтық немесе құрғақ сақтандырғыш затвор қойылады. Ол сақтандыргыш затвор цехаралық газ өткізгіштерін жалынның кері серпіліп соғуынан қорғау қызметін атқарады. Ацетиленнің қысымы мен шығын мөлшеріне байланысты затвор түрін таңдап алады. Тікелей завордан кейін (газ жүрісі бойынша) газ цехқа кіретін жерде манометр мен ашып-жабатын вентиль бар ацетилен кіргізетін шкаф қойылады және олар кол жететін ыцғайлы жерде орналасуға тиіс. Сол сияқты цехтардың әрбір бөлімшелеріне ацетилен берілетін газ кұбырының тармақтанған жерлеріне де жапқыш вентиль орнатылады.

Қолмен атқарылатын тұрақты ЖО қүрамына мыналар кіреді:

оттық пен кескішті газбен қамтамасыз ететін газ таратңыш;

- өңделетін бөлшектерді бекітетін құрал-саймандармен жабдықталган үстел;

- ГЖО жұмыстарын жүргізгенде бөлініп шығатын улы зиянды газдарды сыртка қуатын тұрақты желдеткіштер жүйесі;

- өцделетін бұйымдарды жылжытуғақкажетті жүк көтергіш аспаптар;

- өрт қаупінен сақтандырғыш құралдар.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ