Материалдар / Газдардың салыстырмалы тығыздығы

Газдардың салыстырмалы тығыздығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінің мұғалімдеріне, жаңа әдіс-тәсілдер пайдаланылған және де сабақ жаңартылған білім жүйесі бойынша жасалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
7301
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жандарова Жумакул Сейтжапбарқызы, Газдардың салыстырмалы тығыздығыТүркістан облысы, Төлеби ауданы,«Балдәурен-Шымкент» республикалықОқу-сауықтыру орталығы
Сабақтың тақырыбы:Газдардың салыстырмалы тығыздығы.
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары8.2.3.7 Газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу
Ойлау дағдыларының деңгейлеріБілу, түсіну, қолдану
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар: салыстырмалы тығыздықтың қалай белгіленетінін, қандай формуламен есептейтінін біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептейді, салыстырмалы тығыздық арқылы әр түрлі газдардың молярлық массасын таба алады.Кейбір оқушылар: салыстырмалы тығыздықты табуға есептер құрастырып, шығарады
Бағалау критерийі
  • Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептейді
  • Салыстырмалы тығыздық бойынша газдың молярлық массасын анықтайды
  • Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады: салыстырмалы тығыздықтың анықтамасын, қалай белгіленетінін, қандай формуламен табатынын айта алады. Газдың молярлық массасын анықтай алады.


    Негізгі сөздер мен тіркестер:


    тығыздық, молярлық масса, ауа, көлем, масса






    Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


    Талқылауға арналған тармақтар:


    1.Ауаның құрамындағы азот газы жеңіл ме әлде оттегі газы жеңіл ме?2. Неліктен шар ұшады?


    Сіз неліктен.......екенін айта аласыз ба?


    Сіз неліктен салыстырмалы тығыздық деп аталатынын айта аласызба?


    Жазылым бойынша ұсыныстар: тапсырмаларды орындайды




    Құндылықтарды баулуБірлесе жұмыс жасау, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, белсенді болу, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.
    Пәнаралық байланысМатематика, физика
    Алдыңғы білім6.2 А Заттардың құрылысы мен қасиеттері7.3. Валенттілік. Химиялық формулалар. Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу
    Сабақ барысы

    Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлеріРесурстар
    Сабақтың басы 2 мин















    3 мин





















    2 мин
    Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу.«Есім-акронимі» ойыны оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, өз есімінің бастапқы әріпінен өзін сипаттайтын сын есімдер келтіреді.Айман-ақылды, Назерке-нәзік, Мадина мейірімді т.б.- Оқушыларды топқа бөлу: 1,2,3 ке санап «Оттек», «Ауа», «Сутек» деп 3 топқа бөлінеді. Өткенді қайталау«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі:1.Авогадро заңының тұжырымдалуы.2.Қалыпты жағдай деп қандай жағдайды айтады?3.Молярлық көлем дегеніміз не, ол қалай белгіленеді және өлшем бірлігі қандай?4.Кез келген газдың 1 молінің алатын көлемі қандай?5.Молярлық көлемді пайдаланып, газдардың көлемін қандай формуламен есептейді?6. Молярлық көлемді пайдаланып, зат мөлшерін қандай формуламен табады?Әр топ оқушылары өздеріне берілген 2 сұраққа жауап береді.Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Ой қозғау» сұрақтары қойылады: 1.Ауаның құрамындағы азот газы жеңіл ме әлде оттегі газы жеңіл ме?2. Неліктен шар ұшады?2. Көмір қышқыл газын бір ыдыстан екінші ыдысқа су сияқты құю себебі неде?























    Үлестірме қағаздары
    Ортасы

    10 мин































































    6 мин



































    5мин
    Жаңа сабақ: Мұғалімнің түсіндірмесі:Газдардың салыстырмалы тығыздығы.1 моль газдың басқа 1 моль газдан неше есе ауыр немесе жеңіл екенін көрсететін физикалық шама газдардың салыстырмалы тығыздығы D деп белгіленеді.Бірінші газдың салыстырмалы тығыздығы мен екінші газдың салыстырмалы тығыздығы олардың молярлық массаларының қатынастарына тең:Мұндағы D - Бірінші газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығы деп аталады. Әдетте газдардың салыстырмалы тығыздығы сутек газы DН2, оттек газы DО2, ауа Dауа т.б. бойынша есептеледі. Ауаның орташа молярлық массасы Мауа═ 29. Осыған сәйкес әртүрлі газдардың молярлық массасын мына формулалар бойынша есептеледі:М═ DН2Н2; М═ DО2О2; М═ Dауа*МауаАммиак газының ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын табыңдар. Әуелі газдардың салыстырмалы молекулалық массасын табу қажет:Мr (NН3)═17, Мr (ауа)═ 29.Енді аммиактың салыстырмалы тығыздығын табайық:Dауа(NН3)═ Мr (NН3)/ Мr (ауа)═ 17/29═0,59Химиялық формула бойынша да газдардың тығыздығын табуға болады.Кез-келген газдың 1 молінің көлемі (VМ- молярлық көлем) қалыпты жағдайда 22,4 л екенін пайдаланып, берілген газдың тығыздықтарын келесі формула бойынша есептейді:р═ m/V мұндағы р(ро) –заттың тығыздығы m- заттың массасы V- заттың көлеміЕгер зат массасы оның молярлық массасына тең болса, оның көлемі молярлық көлемге сай кемиді, сондықтан р═ М/VММысалы: Ауаның қалыпты жағдайдағы тығыздығын есептеңдер:р(ауа)═ 29 г/моль /22,4 л/моль═ 1,29г/л Жаңа тақырып бойынша есептер шығарады:1.Тапсырма «Кім жылдам?» әдісі арқылы жеке жұмыс беріледі1.Зат мөлшері 3 моль оттек қ.ж. қандай көлем алады?2.Көлемі 56 л (қ.ж.) азоттың зат мөлшерін есептеңдер.3.Массасы 48 г оттек қандай көлем (қ.ж.) алады?Дескриптор:1. Зат мөлшері арқылы көлемді табады2. Көлем арқылы зат мөлшерін табады3. Масса арқылы зат мөлшерін табады, зат мөлшері арқылы көлемді табады. Қ.Б. Экрандағы дұрыс жауап арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды

    «Қызықты ойын» (сергіту)3 әріптен тұратын 3 элемент жазу4 әріптен тұратын 4 элемент жазу5 әріптен тұратын 5 элемент жазу
  • Бор, йод, мыс
  • Хлор,бром, азот,фтор
  • Сутек, калий, оттек,литий,темір
  • 2.Тапсырма «Кім жылдам?» әдісі арқылы топтық жұмыс беріледі «Оттек» тобына:1. Қалыпты жағдайдағы О3 озонның тығыздығын есептеңдер.2. Тұрмыста қолданылатын пропан газы С3Н8 ауадағы оттек газынан неше есе ауыр? «Ауа» тобына:1. Көмірқышқыл газының СО2 сутек бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеңдер.2. Ең жеңіл газ сутегі болса, ең ауыр газ радон болып табылады. Сутегі газы радоннан неше есе жеңіл екенін табыңдар? «Сутек» тобына:1.Оттектің сутек бойынша тығыздығын есептеңдер2. Шарларды гелий газымен толтырғанда, ол жоғары қарай ұшады. Гелийдің ауадан неше есе жеңіл екенін анықтаңдар?Дескриптор:1. Молярлық көлемді пайдаланып, тығыздықты есептейді. 2. Газдардың салыстырмалы тығыздығын табады.Қ.Б. топтар «бас бармақ» арқылы бір-бірін бағалайды.










































    Периодтық кесте

























    АКТ











    смайлик















    Үлестірме қағаздары





























    смайлик
    Сабақтың соңы

    8 мин















































    2 мин













    2мин
    3.Тапсырма «Оттек» тобына: «Шаршылар мен нөлдер» ойыныАуадан ауыр болып келетін газ тәрізді заттардың формулаларын тауып, сызыңдар.Дескриптор:Газдардың молярлық массасын есептейді, ауаның массасымен салыстырады.«Ауа» тобына: «Үштік одақ» ойыныДескриптор:1. Газдардың молярлық массасын табады2. Ауа, оттек, сутек газдары бойынша салыстырмалы тығыздықты есептейді«Сутек» тобына: «Сәйкестендіру тесті»Дескриптор:1. Салыстырмалы тығыздық арқылы молярлық массаны табады2. Молярлық масса арқылы белгісіз газдың формуласын табадыҚ.Б. «Комплимент» әдісі арқылы бағалаймынБалалар бүгін өз қоржындарыңызға қанша термин жинадыңыздар. Терминдермен жұмыс

    «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс аламын.
    Үлестірме Қағаздары



































































    стикер


    Қосымша ақпарат
    СаралауСіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
    А деңгейі1. Мына газдардың тығыздықтарын есептеңдер: H2, Cl2, SO2, H2S. N22. Газдардың салыстырмалы тығыздықтарын (Н2, ауа) табыңдар: NH3, HCl, SO3, H2S.B деңгейі1. Көлемі 30 л, ауамен салыстырғандағы тығыздығы 2-ге тең газдың массасын және тығыздығын есептеңдер.2. Массасы 128 г SO2 көлемін (қ.ж.), зат мөлшерін және молекула санын есептеңдер.С деңгейі 1. Белгісіз газдың сутегімен салыстырғандағы тығыздығы 32-ге тең болса, оның ауамен салыстырғандағы тығыздығы қандай?2. Белгісіз газдың тығыздығы p=1,52 г/л болса, оның сутегімен сал
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ