Материалдар / "Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы" 9 класс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы" 9 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар гендердің тіркесіп тұқым қуалауы туралы түсінік қалыптасады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2018
1199
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні: __________________
Сыныбы: 9 А
Тақырыбы: 25. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік – оқушыларға гендердің тіркесіп тұқым қуалауы туралы білім беру.
Дамытушылық – теориялық білімді практикада есептер шығаруға үйрету.
Тәрбиелік – генетиканың жанашырлары болған ғалымдардың есімдерімен таныстыру (Г.Мендель, Т.Морган, Г.де Фриз, Э.Чермак, Р.Пэннет, т.б.), олардың еңбектері мен тәжірибелерін бағалай білуге және байқампаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, аралас
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру, дәлелдеу
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Өзгергіштік дегеніміз не?
Генетиканың негізін салушы ғалым:
Екінші ұрпақта ата – аналардың екеуіне тән белгілердің көрініс беру заңдылықтары.
Моногибридті будандастыруда бір белгіні қалыптасуына қанша аллельді ген қатысады?
Гибридология деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
Г. Мендель бірінші ұрпақ будан алу үшін тозаңданудың қандай түрін пайдаланды?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту
IV. Актуалдау
V. Жаңа білімді меңгерту
Америкалық биолог, эмбриолог Томас Хант Морган (1886-1945) 1910 жылы шәкірттерімен бірге бірнеше жыл бойы жеміс шыбыны – дрозофилаға тәжірибе жүргізді. Өйткені өте қолайлы зерттеу объектісі болып табылады. Дрозофиланы жазда бүлінген жеміс – жидектер үстінен жиі кездестіре аламыз. Дрозофиланы зерттеу нысаны ретінде таңдап алуының мынандай ерекшеліктері бар:
Аз уақыт ішінде ұрпақ береді, 8 – 10 күн;
Ұрпақтарының саны көп, бір аталық пен бір аналық жұбы 100 – ден артық ұрпақ береді;
Хромосома саны аз, 4 жұп – 8 хромосома;
Қолда өсіруге арзан;
Белгілері жақсы білінеді.
Бұл жағдай дененің түсі мен қанаттың дамуын анықтайтын гендердің бір хромосомада орналасқанын және олардың бірлесіп тұқым қуалайтынын көрсетеді. Бір хромосомада орналасқан гендердің бірлесіп тұқым қуалауы гендердің тіркесуі немесе тіркесіп тұқым қуалау деп аталады. Мұны Морган заңы деп те атайды. Бір хромосомада орналасқан гендерді тіркес гендер деп атайды. Бір хромосомада орналасқан гендер тобы тіркесу топтарын құрайды.
Морган жыныс генетикасына қатысты зерттеулерді де жасады. Аталық және аналық даралардағы хромосома жиынтығы біркелкі емес. Қазіргі кезде адамның 46 хромосома – 23 жұп құрайды. Мұны диплоидты жиынтық деп атайды. Ал гаметалардағы диплоидті жиынтықтың тең жартысы – 23 хромосома ғана болады. Мұны гаплоидты жиынтық деп атайды. Олардың 22-сі – аутосомалар, біреуі – жыныстық Х – хромосома. Жыныстық хромосома - аталық және аналық организмдерде екі түрлі болатын соңғы хромосомалар жұбы(ХХ және ХУ). Барлық гаметалары бірдей және ондағы хромосомалары мөлшері және пішіні бойынша ерекшеленбейтін жыныстар гомогаметалы деп аталады.
Кейбір түрлердің жыныс хромосомалары
♀ - ХХ
♂ - ХУ
♀ - ХУ
♂ - ХХ
♀ - ХХ
♂ - ХО
♀ - ХО
♂ - ХУ

Сүтқоректі жануарлар
Құстар
Шегіртке
Қаракүйе

Дрозофила
Жібек құрты
Қандала


Адам
Көбелектер




VI. Дамытушылығы

Егер адамның бұйра шашы түзу шаштан, ал қара түсті шаш ақшыл шаштан басым болса, келесі будандастырулардан қандай ұрпақ күтуге болады?
1)әкесі-қошқыл түсті дигетерозиготалы, бұйра шашты, шешесі-басылыңқы дигомозиготалы болса ше?
2)әкесі-ақшыл шашты және бұйралық ген бойынша гетерозтготалы, ал шешесі-түзу шашты, шашы қошқыл гомозиготалы болса ше?
3)әкесі екі ген бойынша гомозиготалы, әрі ақшыл шашты, шашы-бұйра, ал шешесі-дигетерозиготалы болса ше?
4)әкесі-басылыңқы дигомозиготалы, ал анасы-дигетерозиготалы болса ше?

С-бұйра шаш
с-түзу шаш
B-қара
b-ақшыл
Р♂ СсBb х ♀ ссbb

♂ СB
Сb
сB
сb

Сb
СсBb
Ссbb
ссBb
ссbb

Сb
СсBb
Ссbb
ссBb
ссbb

Сb
СсBb
Ссbb
ссBb
ссbb

Сb
СсBb
Ссbb
ссBb
ссbb


Бұйра, қара шаш: 4
Бұйра, ақшыл: 4
Түзу, қара: 4
Түзу, ақшыл: 4
Фенотип: 1:1:1:1
Генотип: 1:1:1:1

Р ♂ Ccdd х ♀ ccDD

♀ cD
cD
cD
cD

Cd
CcDd
CcDd
CcDd
CcDd

Cd
CcDd
CcDd
CcDd
CcDd

Сd
ccDd
ccDd
ccDd
ccDd

Сd
ccDd
ccDd
ccDd
ccDd


Бұйра, қара: 8
Түзу, қара: 8

Фенотип: 1:1
Генотип: 1:1
Р♂ CCbb х ♀ CcBb

♀CB
Cb
cB
cb

Cb
CCBb
CCbb
CcBb
Ccbb

Cb
CCBb
CCbb
CcBb
Ccbb

Cb
CCBb
CCbb
CcBb
Ccbb

Cb
CCBb
CCbb
CcBb
Ccbb


Бұйра, ақ: 8
Бұйра, қара: 8
Фенотип: 1:1
Генотип: 1:1:1:1

4. Р♂ aacc х ♀ АаCc

♀AC
Ac
aC
ac

Ac
AaCc
Aacc
aaCc
aacc

Ac
AaCc
Aacc
aaCc
aacc

Ac
AaCc
Aacc
aaCc
aacc

Ac
AaCc
Aacc
aaCc
aacc


Бұйра, ақ: 4
Бұйра, қара: 4
Түзу, ақ: 4
Түзу, қара: 4
Фенотип: 1:1:1:1
Генотип: 1:1:1:1
VII. Бекіту
Морган дрозофила шыбынына қандай тәжірибелер жүргізді?
Тіркес гендер деген не?
Кроссинговер дегеніміз не?
Аутосома дегеніміз не?
Жыныстық хромосома деп нені айтамыз?
VIII. Қорытындылау
IX. Үйге тапсырма 25. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы.
X. Бағалау










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!