400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар (ашық сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ-да қолданылған әдістерді алу үшін ватсапқа жазыңыз. 87072835793
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Сабақтың тақырыбы: Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар

Бөлім:

8-бөлім. Дұрыс тамақтану, гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар.

Педагогтің аты-жөні:

Ақылбекқызы Дана

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.Т/А2 Әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына диалог, монолог, полилогтердегі (пікірталас) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау;

7.О7. Ғаламтор, инциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау;

Сабақтың мақсаты:

1. Әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына диалог, монолог, полилогтердегі (пікірталас) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдайды.

2. Ғаламтор, инциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолданады, авторына сілтеме жасайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

10 мин.




(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру






Топқа бөлу

Топ басшысын сайлау

Топқа бөліну барысында ұяшықтарды таңдату арқылы топ басшысын және топ түрлерін анықтатамын.

1-топ «Сатушы»

2-топ «Тұтынушы»

3-топ «Зардабы»

Үй тапсырмасын сұрау.

« WordWall» әдісі арқылы жасалады.

  1. Шылау дегеніміз не?

  2. Одағайдың ережесін айтып бер?

  3. Дұрыс тамақтану ережесіне қандай тағамдар жатады деп ойлайсың?

  4. Одағайдың түрлерін ата?

  5. Одағайға бір мысал келтір?

  6. Шылаудың жалғаулықтары қандай?

  7. Шылауға бір мысал келтір?



Оқушылар жағымды психологиялық ахуал туғызады. Әр оқушы өзінің қай деңгейде дайындалып келгендігіне орай өз-өздерін смайлктермен (жақсы, орташа, нашар) бағалайды.



Әр топ өз топ басшысын сайлағаннан кейін, топ басшылары ұяшықты таңдау арқылы топ атауын таңдайды.


Қалыптастырушы бағалау:

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе




«WordWall» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.

Өз ойымен бөліседі.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасайды.











Қалыптастырушы бағалау:

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

7-сынып оқулық

«Мектеп» баспасы

Жұмыс дәптері













ДК экраны

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

28 мин.


Мұғалім сабақтың мақсатымен және жаңа сабақпен таныстырады.

1-тапсырма. Топтық жұмыс.

Сабақты пысықтау үшін, балаларға бүгінгі тақырып төңірегінде бейне материал көрсетіп тыңдатамын.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Топтық тапсырма. Пікірталас ойыны.

«Жартылай дайын өнімдердің пайдасы мен зияны» тақырыбында 3-топ пікірталас дайындау үшін кейс дайындаңыздар.

Пікірталас барысында интонация, кідірісті түсініп қолданады.

Кейс жазу ережесі

1.Резолюция-Қарар (Пікірталастың тақырыбы)

2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)

3.Status quo-Қалыптасқан жағдай (қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер (бейнебаян немесе қосымша ғаламтор мен газет-журналдардан айту

4.Философия (Тақырыпқа байланысты мақал-мәтел)

5.Аргументтер (бірнеше аргумент, яғни факт неліктен зиянды/зиянсыз екенін түсіндіру)

6.Қорытынды.


Оқушылар жаңа сабақпен танысады.











3-топта «Жартылай дайын өнімдердің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталас өткізеді.













Дескриптор: 3-балл

-пікірталас өткізеді

-кейс ережесін сақтайды
-бейнебаяннан алған мәліметтерін қолданады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК https://youtu.be/wPjOfvMcCcA

https://youtu.be/wPjOfvMcCcA








2-тапсырма. Жұптық жұмыс.

Бұл тапсырмада оқылған мәтін мен тыңдалған мәтінді негізге ала отырып, әр жұп гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар мен табиғи тағамдарды ажыратып «Ноутбук» әдісіне жазыңдар.




Бұл тапсырмада оқылған мәтін мен тыңдалған мәтінді негізге ала отырып, әр жұп гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар мен табиғи тағамдарды ажыратып «Ноутбук» әдісіне жазады.

Дескриптор: 3 балл

- оқылған мәтін мен тыңдалған мәтінді негізге алады.

- гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды жазады.

- табиғи тағамдарды жазады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

3-тапсырма. Жеке жұмыс.

8-тапсырманы оқып шығып, мәтін бойынша 4 сөйлем әдісі арқылы тапсырманы орында.


Әр оқушы тапсырманы жеке жұмыс дәптерлеріне орындайды.

Дескриптор:4-балл

- Пікір келтіреді

-Дәлел келтіреді

-Мысал келтіреді

-Қорытынды жасайды

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Сиқырлы қалам» әдісі арқылы әр топқа бір сұрақ қою арқылы сабақты бекітемін.

«Жасыл, сары, қызыл» әдісі арқылы оқушылардың рефлекциясын тыңдаймын.

Үйге тапсырма беру:

9-тапсырма

Жеке жұмыс:

Түсіндім

Сұрағым бар

Қыйналдым


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

7-сынып оқулығы, жұмыс дәптері, ДК экраны

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?


Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

«Құмсағат» әдісі арқылы бағалаймын

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
291
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі