Материалдар / Генератордың құрылысы
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

Генератордың құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Генератор тұтынушыларды қоректендіру үшін және қозғалтқыш жұмысы кезінде аккумулятор батареиясының зарядталуына қызмет етеді. Автомобил генераторларына қойылатын талаптар: толық жүктеме кезінде барлық тұтынушыларды қорекпен қамтамассыз ету; қозғалтқыштың айналу жиілігінің кең аймағында тұрақты кернеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2023
691
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жол-көлік колледжі» МКҚК

Арнайы пән оқытушысы:Танирбергенова Эльмира Полатқызы

Тақырыбы:Генератордың құрылысы

Генератор тұтынушыларды қоректендіру үшін және қозғалтқыш жұмысы кезінде аккумулятор батареиясының зарядталуына қызмет етеді.

Автомобил генераторларына қойылатын талаптар: толық жүктеме кезінде барлық тұтынушыларды қорекпен қамтамассыз ету; қозғалтқыштың айналу жиілігінің кең аймағында тұрақты кернеу (13,2... 15,5 В); массасы және құны минималды; тербелу, тозаңдану, жоғарғы температура жағдайында сенімді болуы.

Автомобилдерде үдеткіш белдеуі бар индукторлы генераторлар пайдаланылады (қармақ тәрізді роторомен). Олардың жұмысында айтарлықтай айырмашылық жоқ.

 Көптеген генераторлардың үлгілерінің ішінде қарапайымы 37.3701, мұны ВАЗ автомобилдеріне орнатады. Генератордың статорына 11 (сур.8.2) электротехникалық болаттың пластинасы алынады. Оның ұяшықтарына жұлдызшаға жалғанған үш ұяшықты жүйенің орамалары 18 жатқызылған, мұнда сым диаметрі 1 мм, суық күйінде бір ұяшықтың кедергісі 0,155 Ом.

 

Сур.8.2 Генератор 37.3701:

1—кронштейн; 2—түзеу блогы; 3— кедергі өшіруші конденсатор; 4, 14— қақпақтар; 5, 16— мойынтіректер; 6— тығыздаушы сақиналар; 7— щетка ұстағыш; 8—түйісу сақиналары; 9—білік; 10— ротор; 11— статор; 12— қозу орамасы; 13— бекіту планкасының бұрандамасы; 15— кілтік; 17— желдеткіш; 18— статор орамасы.

Ротор білігіне 9 арасында қозу орамасы 12 бар қармақ тәрізді белдеулер баспақталған. Оның соңы түйісу сақиналарына 8 шығарылған. Орамада диаметрі 0,8 мм сымның 420 жібі бар, оның кедергісі 2,6 Ом. Тоқ қозу орамасына щетка ұстағышта 7 орналасқан щетка және түйісу сақиналары арқылы қозу орамасына беріледі. Оған герметикалық жасаудағы кернеуді интегралды реттегішпен (КИР) түзеуші блок 2 бекітілген. Бұл БПВI 1-60-02 блогы екі шинада құралған — бір-бірінен бейтарапталған кері және дұрыс. Оларға әр-түрлі белдеудегі үш диодтан Вд-20 орнатқан. Шиналар тоқ серігі және бір мезгілде жылуды әкетуші радиатор қызметін атқарады. Толықтырушы үш диод қозу орамасына баратын тоқтарды түзеуге қызмет етеді.

Қақпақтар 4 және 14 алюмини қортпасынан жасалған және шпилкалармен тартылған. Генератор іске қозғалтқыш иінді білікгінің ременді берілісі арқылы іске қосылады. Генератор орамаларын үрлеу үшін жетек шкивіне қалақшалар 17 орналасқан, ал қақпақтарда 4 және 14 желдетуші тесіктер жасалған.

Генератордың айналу жиілігі 4000 айн/мин, қуаты 770 Вт, номиналды тоғы 55 А.

Басқа автомобилдердің генераторлары қарапайым орналасқан. «Нива ВАЗ-21213» автомобилінде Г221-А-006 генераторы орнатылған. Жоғарыда қарастырылған құрылымға қоса оның қақпағында, яғни түйісуші сақиналар жағынан ауа шарбағы орналасқан, ол ораманы үрлеуге беретін ауаны тазартуды қамтамассыз етеді.

16.3701 генераторы және оның модификациясы 161.3701 ГАЗ және ВАЗ автомобилдерінде орнатады және оның модификациясына 32.3701 генераторы пайдаланылады.

Аккумляторлы батареялар. Қорғасынды –қышқыл аккумуляторлардың қызметі және мақсаты. Қозғалтқышты оталдыру шарты аккумуляторлы батареялардың түрін және құрылымын анықтайды. Оталдыру режимі өте қиын. Автомобилдің аккумуляторлы батареияларын стартерлі деп атайды.

Стартерлі батареяларға қойылатын талаптар: максималды жұмыс кернеуі (12 және 24 В); минималды ішкі кедергі т.с. олар үлкен тоқ беруі керек; зарядсыздану үрдісі кезінде кернеудің аз өзгерісі; масса бірлігінен алатын қуаттың максималды көлемі (меншікті масса); зарядалу кезінде көлемінің тез қалыпталуы; сенімдлікпен механикалық беріктігінің жоғарылығы және күту қарапайымдылығы, құнының төмендігі.

Оталдыру кезінде стартердің жұмысына күші 300...500 А тоқ қажет. Мұндай режимдегі тоқты қорғасынды – қышқыл батареиялар қамтамассыз ете алады. Батареялардың басқа түрлері бар, бірақ олар қымбат немесе қасиеттері нашар, мысалы, щелочные.

Аккумуляторлы батареялардың құрылысы. Аккумуляторлар батареяларды тізбектей жалғайды, сонда жалпы 6 В (ұш аккумулятор), 12 В (алты аккумулятор) кернеулерді қамтамассыз етеді. Олардың әрқайсы эбониттен, термопластан (толтырылған полиэтиленнен), полипропиленнен және полистиролдан жасалған жекеленген моноблокқа 11 (сур. 8.3) орналасқан. Бұл жадығаттар қышқылға -, суыққа-, жылуберіктікке және жоғары механикалық беріктікті қамтамассыз етеді.

 Блоктағы 13 оң 3 және теріс 3 электродтар шктелген шарбақшалар түрінде қорғасын қорытпасынан жасалған, онда белсенді май жағылған. Электрод қалыңдығы жеңіл автомобилдерде орнатылатын батареялар үшін 1,5...2 мм болуы мүмкін, ауыр жүктік автомобилдерде 2,4...2,6 мм болады.

 

Сур.8.3. Стартерлі аккумулятор батареясы:

1, 3— сәйкес оң және теріс электродтар; 2— сепаратор; 4— борн; 5—қорғаушы қалқан; 6—жалғаушы көпірше; 7—қақпақ; 8— перемычка; 9—тығын; 10— белдеулік шешім (піспек); 11— моноблок; 12 – призмалы қабырға; 13— электродтар блогы.

Батареялардың стартерлі сипатамалары электродтардың кіші қалыңдығында жақсы. Электродтар ені 143 мм және биіктігі 133,5 мм болатын квадрат пішімді. Электродтар жарты блоктармен көпіршелер 6 арқылы жалғанған. Параллел жалғанған электродтар саны аккумулятордың көлемін анықтайды. Теріс пластиналардың саны әдетте біреуге артық болады, себебі оң электрод химическиялық харакеттерде белсенді болады.

Олардың мұндай орналасуы аз деформацияны қамтамассыз етеді. Электродтар арасына қышқылға берік сынғыш жадығаттан жасалған сепараторлар 2 орналасқан: мипор, мипласт және поровинил. Батареялардың пайдалану пайдалануы құрылымы сепаратордың сапасына байланысты. Сонда поровинилді сепаратордың батареяларының күші 10...15 с поровиниловыми сепараторами на 10... 15 % көп.

Жарты блокты пластиналар призма түрінде жасалған моноблоктың түбіндегі қабырғаларға 12 бекиді. Донды призмалардың арасындағы кеңістік олардың өзара қысқа түйісуін болдырмайтын электродтардың өшуші бөліктерін жинақтау үшін арналған. Блок үстіне қорғаушы қалқан орнатады 5. Моноблок бөлігінің үстін қақпақпен пісіру немесе желімдеу арқылы жабады. Қақпақта электролитті құю және желдету үшін піспек 10 және тығын болады. Олардың құрылымы батареяның 45   қисаюында электролиттің шашылуын болдырмайды. Пайдалану және зарядтау кезінде электролиттің қайнауы болғанда электродтардың жоғарғы ұнтағынан қақпаққа дейін 20 мм аралықты ұстайды.

Батареяларды маркировкалау. Бірінші сан 3 немесе 6 батареялар санына сәйкес 6 немесе 12 В аккумуляторлар санын сипаттайды. СТ әрпі стартерлі екнін білдіреді, ТСТ — тракторлы стартер, келесі сан — разрядтың 20 сағаттық режиміндегі ампер-сағ (А с) көрсетілген номиналды саны. Келесі әріптер: моноблок жадығаты (Э — эбонит, Т — термопласт, П — полиэтилен), сепараторлардың жадығаты (М — мипласт, Р— мипор, П — пластипор, С — стекловолокно) және орындалуы (Н — құрғақтай зарядталмаған, А — жалпы қақпақпен). Мысалы, 6СТ-55ЭМ маркасы кернеуі 12 В стартерлі батарея және сыйымдылығы 55 А с, моноблок эбониттен жасалған, сепараторы мипластан жасалған, орындалуы - құрғақтай зарядталмаған дегенді білдіреді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!