Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының бағдарламасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Тұран»мектеп-гимназия мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Келісемін» ӘБ отырсында бекітілді
Оқу ісінің меңгерушісі: ӘБ жетекшісі:
_______________ ______________
Ж.Әбенова Ж.Ильясова
___.____._______ ____.____._____
«Генетика және селекция негіздері» қолданбалы
курсының бағдарламасы
Құрастырған: А Кайбылдаева
Жетісай қаласы. 2017-2018 оқу жылы
ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС
БАҒДАРЛАМАСЫ
ГЕНЕТИКА және СЕЛЕКЦИЯ НЕГІЗДЕРІ
11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН
биология пәні мұғалімі:А Кайбылдаева
І.Түсінік хат
(11«Б»сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
Жалпы биология курсында «Генетика ж/е селекция негіздері» тарауы ең қиын тараудың бірі болып есептеледі. Генетика математикаға ұқсас дәл пәндерге кіреді. Генетикада ген - өлшем бірлікке жатады. Генетика заңдылықтарын жаттауға болмайды, оны тек түсіну керек, себебі генетикалық есептер заңдылықтарға тікелей байланысты. Әсіресе күрделі генетикалық есептерді шығару білігін дамыту үшін теориялық білім мен есеп шығарудың алгоритмін оқушы жақсы меңгерсе еш қиналмай, қиын тарауды өте жақсы меңгереді.
Генетикалық анализ (талдау) – гендерді белгілері арқылы анықтап көрсететін генетика әдістерінің жиынтығы. Егер химия пәнінде қышқылдарды, негіздерді анықтайтын индикатор лакмус қағазы болатын болса, ал биологияда белгілердің ажырауы арқылы гендердің санына байланысты болады.Анализ фенотип және генотип бойынша жасалады, яғни сыртқы белгілерің жиынтығы және гендер жиынтығы бойынша.
Мысалы, моногибридті будандастыруда Ғ2 – де фенотип бойынша 3:1 ажырау, дигибридтіде 9:3:3:1 белгілері бойынша ажырау заңы дәлелденіп анализ жасалады.
Анализ керісінше геннен белгіге қарай жасалуы мүмкін.
Бұл қолданбалы (элективті) курс оқушылардың генетика саласында білімдерін тереңдету, қоршаған ортаның мутагенезінің генетикасы, адам денсаулығын қорғау бағытындағы білімді кеңейтуге негізделген. Қоршаған ортаның ластануы халықтың денсаулығына әсер ететіні түсінікті, өйткені көптеген аурулар адамның ұрпақтан ұрпаққа ауысатын гендік мұраларының және қоршаған ортаның қатысуымен пайда болады. Сонымен қатар бұл курс болашақта биология саласы бойынша мамандық (адам-адам, адам-табиғат) таңдауда, ұлттық біріңғай тест тапсыруда, ғылыми жоба сайыстарынан білімді тексеруде, жоғарғы оқу орнына түсуге дайындық ретінде тереңдетіліп жүргізіледі. «Генетикалық анализ негіздері» атты қолданбалы, элективті курс Ресейлік авторлардың бейіндік оқыту бойынша жинағында Г.П.Подгорнова құрастырған нұсқасы белгілі. Ал автор ретінде біздің құрастырған нұсқада көптеген өзгерістер мазмұндық, нормативтік және ақпарттық - әдістемелік жағынан айырмашылықтар бар. Г.Мендельдің І,ІІ, ІІІ-заңдарын, Т.Морган заңдарын дәлелдеуге есептер шығару, өз бетімен және практикалық жұмыстарға көбірек уақыт бөлінді.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген.
Курстың мақсаты: Жалпы биологияны оқытуда генетика саласынан оқушылардың білімін тереңдету, моногибридті, дигибридті, тригибридті будандастыруда Мендельдің І,ІІ,ІІІ – заңдарын дәлелдей білуге баулу. Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдылықтарына сәйкес жүретіндігін өмірмен байланыстыра отырып меңгерту.
Геном және қоршаған орта мәселесі арқылы экологиялық генетика мен адам генетикасының көкейкесті бағыттарына аса назар аудару. Ғылыми зерттеу инситуттарына не селекциялық орталықтарға экскурсия ұйымдастырып, ғалымдармен, селекционерлердің жұмыстарымен практика жүзінде танысу.
Курстың міндеттері:
-
Генетикалық анализде оқушыларға генетикалық коллекциялардың мәнін көрсету.
-
Генетикалық обьектілерге эксперимент қоюдың ерекшеліктерін түсіндіру.
-
Будандастырудың нәтижесінде алынуға тиісті нәтижеден ауытқудың себептерімен таныстыру.
-
Кейбір генетикалық бақылауларды және эксперименттерді математикалық әдістермен өңдеу жолдарын таныстыру.
-
Барлық тірі организмдер үшін генетикалық заңдылықтардың бірлігін түсіндіру.
-
Тұқымқуалаушылықтың хромосомдық теориясының негізгі ерекшеліктері.
-
Мендельдің І,ІІ,ІІІ – ші заңдарын есептер шығару арқылы дәлелдеу;
-
Моногибридті- дигибридті будандастырулардың мәнін ашып, есептер шығару.
-
Оқушылардың білімдерін пысықтау және тереңдетіп дамыту
-
Генетикалық есептер шығарудың алгоритмін негізге ала отырып, оқушылардың білімі, білігі және біліктіліктерін дамыту.
-
Медициналық генетиканың негізгі міндеттері жөнінде мәліметтер бере отырып, күнделікті өмірде адамның жеке басының денсаулығын сақтау,салауатты өмір сүру қажеттілігі туралы білімдерін тереңдету.
-
Геном және қоршаған орта туралы шет елдер (АҚШ, Жапония, Түркия, Польша, Румыния, Иран, Тайланд) мен өз еліміздің ғалымдарының экологиялық зерттеулерінің ғылыми негіздері жөнінде мағлұматтарды ақпараттық технология құралдары арқылы жинақтап, танысу.
ІІ. Мазмұндық бөлім
Курстың мазмұны
Сағаттың жалпы саны -34
Кіріспе
Генетикалық селекция – генетика әдістерінің жиынтығы. Белгілердің сақталуына генетикалық орта мен сыртқы орта факторларының әсері. Плейотропия, экспресивтік.Генетиканың негізгі ұғымдары және олрадың өзара байланысы.
1.Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері
Хромосомалардың құрылысы. Хромосоманың химиялық құрамы мен репродукциясы. Кариотиптің түрлік ерекшеліктері. Хромосоманы санау. Практикалық сабақ «Ауыл шаруашылық дақылдарының ерекшелігін ескеріп, хромосомалармен танысуға препараттар дайындау әдістер»
2.Моногибридтік будандастырудағы тұқымқуалау
Моногибридтік будандастыру. Г.Мендельдің І,ІІ – заңдары. Мендельдің І,ІІ заңдарын дәлелдеуге есептер шығару. Өз бетімен практикалық жұмыс.
3.Полигибридтік будандастырудағы тұқымқуалау
Дигибридтік будандастыру.Дигибридтік ажыраудың цитологиялық негіздері. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Тригибридті будандастыру. Г.Мендельдің І,ІІ,ІІІ – заңдарын дәлелдеуге есептер шығару. Практикалық жұмыс.
4.Гендердің тіркес тұқымқуалауы және кроссинговер
Гендердің тіркес тұқымқуалауы. Т.Морганның заңы.Кроссинговер. Генетикалық карталар. Т.Морганның заңын дәлелдеуге есептер шығару.
Практикалық жұмыс «Дрозофила шыбынымен жұмыс»
5.Популяциядағы генетикалық заңдылықтар (4 сағ)
Харди-Вайнберг заңы. Есептер шығару.
6.Жыныс генетикасы
Адам генетикасы. Медицинадағы генетика және кейбір тұқымқуалайтын аурулардың алдын алу. Геном және қоршаған орта.
ІІІ. Нормативті бөлім
«Генетика ж/е селекция негіздері» қолданбалы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы
р/р |
Тараулар |
Сағат саны |
Оның Теория - лық сабақ |
ішінде Практи- Өздік калық жұмыс сабақ |
|
||
І |
Кіріспе |
3 |
3 |
-
|
|
||
ІІ |
Генетика-тұқымқуалаушылық пен өзрегіштікті зерттеген ғылым |
4 |
1 |
2 1
|
|
||
ІІ. |
Моногибдидтік будандастыру |
6 |
2 |
2 2 |
|
||
ІІІ. |
Полигибридтік будандасудағы тұқымқуалау |
7 |
2 |
3 2 |
|
||
ІV. |
Гендердің тіркес тұқымқуалауы және кроссинговер |
6 |
2 |
2 2
|
|
||
V. |
Популяциядағы генетикалық заңдылықтыр |
4 |
1 |
2 1 |
|
||
VI. |
Жыныс генетикасы |
2 |
- |
1 1 |
|
||
VII.
|
Қорытынды ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР |
2 |
|
|
|
||
Сабақ № |
Өтілетін тақырыптар |
Сағат Мер саны зімі |
|||||
1. 2. 3. |
Кіріспе Генетика-тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеген ғылым. Өзгергіштік заңдылықтары. |
1 1 1 |
|||||
ІІ. 4. 5. 6. 7. |
Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері Моногибридті будандастыру Фенотип ж/е генотип Есептер шығару Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері |
1 1 1 1 |
|||||
ІІІ. 8. 9. 10. |
Дигибридтік будандастырудағы тұқымқуалау. Дигибридтік будандастыру. Г.Мендельдің І,ІІ заңдары Дигибридті будандастыруға Мендельдің І,ІІ заңдарын дәлелдеуге есептер шығару Негізгі генетикалық ұғым |
1 1 1 |
|||||
ІV. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17. |
Полигибридтік будандастырудағы тұқымқуалау Полигибридтік будандастыру Организмдердің көбею формалары жынысты жыныссыз көбею Т.Морганның тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы Тіркес тұқым қуалау Жануарлар ж/е гүлді өсімдіктердің ұрықтануы Цитоплазмалық тұқым қуалау Генетикалық карта құру |
1 1 1 1 1 |
|||||
V. 18. 19. 20. 21. 22. |
Гендердің тіркес тұқымқуалауы және кроссинговер Гендердің өзара әрекеттесуі Денсаулықтың генетикалық негіздері Жыныс генетикасы Адам генетикасы Медициналық генетка |
1 1 1 1 1 |
|||||
VI. 23. 24. 25. 26. |
Популяциядағы генетикалық заңдылықтар Генетиканың маңызы.Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары Өзгергіштік модификация Мутациялық өзгергіштік Генетикалық ж/е эволюциялық теория |
1 1 1 |
|||||
27 28. 29. 30. 31. 32. 33. 34. |
Қорытынды ашық сабақ Селекцияның генетикалық негіздері Өсімдік селкциясының қазіргі жетістіктері Жануарлар селекциясы Микроорганизмдер селекциясы Ең жаңа сұрыптау әдістері Гендік инжинерия Биотехнология табыстары Қорытынды ашық сабақ |
1 1 1 1 1 1 1 1 |
ІV. Ақпараттық-әдістемелік бөлім
Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары:
Қолданбалы курсты оқытуда оқушылардың шығармашылық потенциалдарын дамытуда жеке оқушымен, топпен жұмысты заманымыз-
ға сай педагогикалық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлы, бейіндеп оқытудың түпкі мақсаты жоғары оқу орнына дайындық болғандықтан жоғары білім беретін оқу жүйесіндегі әдістерді қолданған тиімді.Мысалы: лекция-семинарлар, жобалау – ғылыми жобаларды қорғау, дискуссия, практикалық сабақтар, ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар т.б. Сабақты өткізуде тақырыпты терең меңгеруде интерактивті тақтамен, слайдтар, оқу видеофильмдердерді пайдаланған жөн. Тақырыпқа сай мүмкіндігінше зерттеу обьектілеріне – ғылыми зерттеу институттарына экскурсиялар, көрмелер ұйымдастыру қажет.
Білім мен біліктерге қойылатын талаптар
Оқушылар білуге тиіс:
-
генетикадағы негізгі ұғымдар мен терминдерді және белгілеулерді;
-
генетикалық анализдің әдістерін;
-
хромосома құрылысы мен құрамын;
-
моно, ди,тригибридті будандастыруларда Менделдің І,ІІ,ІІІ – заңдарын білу;
-
генетикалық есептер шығарудың алгоритмін;
-
генетикалық коллекциялардың қолданылуы;
-
міндетті, стандартты деңгейде және жылжымалы деңгейде білуге тиісті негізгі 25 ұғымды;
-
молекулалық генетика саласының жетістіктерін.
Оқушылар дәлелдеуі тиіс:
-
генетика терминдерін пайдалана білу;
-
генетиканың модельдік обьектісі-дрозофиламен жұмыс;
-
генотиптері әртүрлі организмдердің гамета типтерін анықтау;
-
Ғ2- ге фенотип және генотип бойынша Пеннет торы арқылы және торды қолданбай анализ беру:
-
ажырау заңының формуласын дәлелдеу;
-
генетикалық есептер шығару;
-
Харди-Вайнберг формуласын қолдану;
-
кариотиптің суретіне қарап, адамның хромосомдық синдромдарын анықтау.
«Тұран»мектеп-гимназия мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қаралды: Келісілді: Бекітемін:
ӘБ жетекшісі Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп директоры
Ж.Ильясова Ж. Абенова Г.Қалжанова
«_____»_________ «_____»_________ «_____»________
«Экология негіздері»
10 «Ә,Б»-сынып (қолданбалылы курс
Құрастырған: биология пәні мұғалімі: А Кайбылдаева
Жетісай қаласы. 2017-2018 оқу жылы
Түсінік хат
10 сыныпқа арналған таңдаулы курс бағдарламасы, жылына 34 сағат, аптасына
1 сағаттан. Бұл бағдарлама болашақта география саласы бойынша мамандық таңдауға, ұлттық біріңғай тест тапсыруда, ғылыми жоба сайыстарынан білімді тексеруде, жоғарғы оқу орындарына түсуге дайындық ретінде тереңдетіліп жүргізіледі.
Бағдарламаның мазмұнында жалпы экологиялық мәселелер, экологиялық дағдарыс, экологиялық қауіп-қатер мәселелері және оны шешудің жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, экологиялық тұжырымдамаға сүйене отырып, оқушылардың экологиялық сана-сезімі мен мәдениеті қалыптастыру мәселелеріне көп көңіл бөлінген.
Бағдарламаның мақсаты:
Қоршаған орта мен табиғат, жергілікті жердің экологиясы мен өсімдіктерін, жануарларын, Қазақстанда қалыптасып отырған экологиялық жағдайлар мен оларды шешудің оңтайлы жолдарын жан-жақты қарастыру негізінде ұрпаққа үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру.
Бағдарламаның міндеттері:
-
Экологиялық тәрбие мен білім беруді жергілікті жердің табиғатын қорғау міндетімен ұштастыру;
-
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерінің теориялық жағынан негіздеу;
-
Қоршаған ортаны қорғауға деген жоғарғы адамгершілік сезімі мен жауапкершілікке тәрбиелеу;
-
Өзінің туған өлкесін сүюге, табиғи ортасын аялауға, туған өлкесіне жанашырлық сезіммен қарауға үйрету;
Нәтижиесі мен қорытындысы:
«Экология негіздері» курсын оқытуда оқушыларды биологияның іргелі ұғымдары мен аумағы бойынша өз білімдерін тереңдетеді және жүйелейді. Бағдарлама оқу үрдісінде мынадай нәтижиелер күтіледі:
-
Экологиялық білімін табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыру жолдарын көрсетеді;
-
Оқушылардың жергілікті жер табиғатын қамқор болуына;
-
Оқушылардың коммуникативтік (тілдік) ойлау қабілетін, өзіндік танымдық іс-әрекеті мен шығармашылық бейімдерін артады;
Оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар:
-
Экология ғылымының негізгі ұғымдары мен түсініктерін;
-
Экология ғылымының мақсаты мен міндеттерін;
-
Қазіргі кезеңдегі зерттеу бағыттарын қалыптасу кезеңдері мен құрылымын;
-
Географиялық қабық экологиясының оның негізгі ластаушы көздерін;
-
Экологиялық апаттардың жалпы сипатын, зардаптарын;
-
Адам мен табиғаттың өзара байланыстарының салдарын;
-
Қазақстанның экологиялық апат аймақтарын;
-
Қазіргі кездегі экологиялық мәселелерді шешу жолдарын біліп шығу қажет;
Оқу материаланың мазмұны (34 сағат, аптасына 1 сағат)
Экология нені зерттейді. Экология ғылымының мақсаты мен міндеттері. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы.
Биосфера туралы түсінік. Биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары және адамның шаруашылық әрекеті. Атмосфераны ластайтын зиянды заттар.
Гидросфера туралы түсінік. Су көздерін ластайтын заттардан алдын алу
Табиғатты қорғаудың экологиялық негіздері. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері. Экологиялық апаттардың жалпы сипаты мен зардаптары. Агроэкология және қоршаған орта. Қоршаған ортаны ластайтын заттар. Қоршаған ортаның химиялық заттардан ластануы. Қоршаған ортаның радияциялық заттардан ластануы. Қоршаған ортаның биологиялық заттардан ластануы. Қазақстандағы экологиялық аймақатры. Ауыл шаруашлығына пайдаланылатын жердің экологиялық жағдайы. Ауыл шаруашлығы жерінің техногендік ластану мәселелері. Өсімдіктер экологиясы. Жануарлардың экологияға тигізетін әсері.
-
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелері (10 сағат)
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары. Арал теңізінің экологиялық ахуалы. Балқаш теңізінің экологиясы. Каспий теңізінің экологиясы. Қала және ауыл экологиясы. Өндіріс фабрикалардың экологияға әсері. Табиғатты тиімді пайдалану.
10 сынып «Экология негіздері»
Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат
№ |
Мазмұны |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
І. Экология |
|
|
1 |
Экология тарихы |
1 |
|
2 |
Экология негіздері. |
1 |
|
3 |
Экологиялық құқық. |
1 |
|
4 |
Экологиялық мәселелер |
1 |
|
5 |
Экологиялық факторлар. |
1 |
|
6 |
Қазіргі экологиялық құрылымы |
1 |
|
7 |
Экология пәні.Орталық экологиялық факторлар |
1 |
|
|
ІІ Биосфера маңызы экосистема |
|
|
8 |
В.Н.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі |
1 |
|
9 |
Биосфера құрылымы |
1 |
|
10 |
Биосфераның тұрақтылығы. |
1 |
|
11 |
Ғаламшардағы биологиялық. Алуантүрлілік |
1 |
|
12 |
Экосистеманың ерекшелігі. |
1 |
|
13 |
Экосистемадағы тірі организмдердің өзара байлаысы. |
1 |
|
14 |
Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. |
1 |
|
15 |
«Жасыл ел»бағдарламасы ж/е жастар. |
1 |
|
16 |
Қорытынды бақылау жұмысы |
1 |
|
|
ІІІ Адам ж/е эклогия |
1 |
|
17 |
Адам эволюцисы |
1 |
|
18 |
Демография ж/е экологиялық мәселлер |
1 |
|
19 |
Қоршағаан ортааның экологиялық жағдайы мен айыру деңгейі |
1 |
|
20 |
Бірлестіктер жүйелер. |
1 |
|
21 |
Қорытындылау . |
1 |
|
22 |
Қала ж/е адам денсаулығы. |
1 |
|
23 |
Адамның қоршаған ортаны пайдалануы мен ластану дәрежесі |
1 |
|
24 |
Адам денсаулығына зиянды заттардың әсері. |
1 |
|
25 |
Адам денсаулығына зиянды органикалық ж/е бейорганикалық заттар |
1 |
|
26 |
Қорытынды бақылау. |
1 |
|
|
ІV Табиғат ж/е экология |
1 |
|
27 |
Су тіршілік көзі . |
1 |
|
28 |
Су тіршілік нәрі |
1 |
|
29 |
Топырақ эрозиясының адам денсаулығына әсері. |
1 |
|
30 |
ХХІ ғасырдың күн тәртібінің негізгі бағыттары М.Киттинг кестесі бойынша. |
1 |
|
31 |
Табиғатты қорғаудың салттары |
1 |
|
32 |
Экологиялық мәселелерді шешудегі халықаралық келісім шарт |
1 |
|
34 Қорытындылау 1
«Тұран»мектеп-гимназия мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қаралды: Келісілді: Бекітемін:
ӘБ жетекшісі Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп директоры
Ж.Ильясова Ж. Абенова Г.Қалжанова
«_____»_________ «_____»_________ «_____»________
«Медициналық биология»
9«А»-сынып (қолданбалылы курс)
Құрастырған: биология пәні мұғалімі: А Кайбылдаева
Жетісай қаласы. 2017-2018 оқу жылы
«Медициналық генетика» қолданбалы курсы
Түсінік хат
Тақырыптың өзектілігі: . «Медициналық генетика» қолданбалы курсы жаратылыстану-математика бағытты таңдаған 10 сынып оқушыларына арналады, аптасына 1 рет өткізіледі. Медициналық генетика адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын ауруларды, оларға диагноз қоюдың және емдеудің жолдарын зерттейді.Генетиканың бұл саласы бойынша зерттелетін келесі маңызды бір мәселе –адамда тұқым қуалайтын өзгерістерді қандай фактарлардың тудыратынын және адамзатты көптеген ауыр зардапртардан тұқым қуалайтын ауруларды емдеу. Бұл курстың мектепте оқытылуы оқушыларды медициналық жоғары оқу орындарына түсу үшін жеткілікті білім көлемімен қамтамасыз етеді.Бағдарлама жоғары оқу орнына түсуге арналған оқулықтар негізінде құрастырылған.
Бұл курс оқушылардың генетика саласында білімдерін тереңдету, қоршаған ортаның мутагенезінің генетикасы ,адам денсаулығын қорғау бағытындағы білімді кеңейтуге негізделген.Қоршаған ортаның ластануы халықтың денсаулығына әсер ететіні түсінікті ,өйткені көптеген аурулар адамның ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын гендік мұраларының және қоршаған ортаның қатысуымен пайда болады.Оқулықта кездеспейтін генетикалық аурулар туралы толық мәліметтер беріледі және бұл аурулардың алдын алу шараларымен танысады.
Кәзіргі білім беру жүйесінің маңызды мақсаты - бәсекекге қабілетті маман дайындау. Жоғары сынып оқушыларын оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын даму ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Білім алушылардың алған білімдерін жинақтап жүйелеуін, қолдануын және қолдану барысында өз бетінше жаңа мағлұматтар алу барысын көздейді, яғни белгілі бір проблеманы бөлшектеп, өңдеу арқылы бір мақсатқа жетудің тәсілі.
Мақсаты: Генетика ауруларының түрлерімен таныстыру, ауру ерекшеліктерін қарастыра отырып, бұл аурулардың алдын алу шараларының әдістерін үйрету. Медициналық генетика курсын оқыту процесі кезінде білім алушылар адам ағзасының қоршаған ортамен байланысы бар екендігіне көз жеткізу.
Міндеттері:
1.Генетикалық аурулардың заңдылықтарын білу;
2.Оқушыларға жоғары оқу орнына дайындық кезінде генетика саласы
бойынша терең білім беру;3.Үйрету, дағдыландыру, аналитикалық
талдау жасату;4.Теорияда алған білімдерін практика жүзінде
пайдалана білуге үйрету;
5.Оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге
жағдай жасау;Бағдарлама
обьектісі:
Бағдарлама жоғары оқу орнына дайындалатын оқушыларға
арналған.
Нені білу керек:
- білім алушылардың оқылған материалдарын синтездеп, оған анализ
жасау;- генетикалық ауру түрлерін ажырата білу ;
- генетикалық анықтамалар мен терминдерді;- генетикалық аурулардың алдын алу шараларын;
- емдеу тәсілдері мен әдістерін;
Нені істей алу керек:
- алған теориялық білімдерін практикада дұрыс қолдана білуге үйрену;
- кәзіргі таңдағы әртүрлі биологиялық кітаптармен жұмыс істей білу ;
- қызықтыратын тақырыптар бойынша реферат, баяндама жасай алу;
Күтілетін нәтиже: Білім беру саласындағы өзгерістермен, жаңарған білім мазмұнымен жұмыс жасауға даярлығы, жеке тұлғаны дамыту үшін білім беру технологияларын насихаттай отырып, өз жұмыстарын, дайындығын іске асыруға бағыт алғандығы, құзырлы білім алушының қалыптасуы.Жоғары оқу орнына дайын болуы.
«Медициналық генетика» қолданбалы курсы бойынша тақырыптық жоспары
№ |
Мазмұны |
Сағат саны |
Мерзімі |
1 |
Кіріспе |
1 |
|
2 |
Медицинаның даму тарихы. |
1 |
|
3 |
Медицина ғылымын зерттеген Қазақстандық ғалымдар |
1 |
|
|
|
|
|
4 |
Медицина ғылымын зерттеген шетелдік ғалымдар |
1 |
|
5 |
Медециналық генетика |
1 |
|
6 |
Жаңа ұғымдар мен терминдер |
1 |
|
7 |
Қазақстан генетика ғылымының дамуы. |
1 |
|
8 |
Жыныс генетикасы |
1 |
|
9 |
Адам генетикасы . |
1 |
|
10 |
Практикалық жұмыс. |
1 |
|
11 |
Денсаулық генетикалық негіздрі |
1 |
|
12 |
Адам мүшелерінің ауруларының алдын алу |
1 |
|
13 |
Жыныстық жол мен берілетін жұқпалы аурулар. |
1 |
|
14 |
Адам ағзасының жеке дамуындағы физиологияляқ өзгерістер |
1 |
|
15 |
Адам ағзасының әр түрлі климаттық жағдайлрға бейімделуі |
1 |
|
16 |
Адам қорғаныш тапшылығының қоздырғыштығы . |
1 |
|
17 |
Имуннитет |
1 |
|
18 |
Ұрықтануға зиянды заттардың әсері. |
1 |
|
19 |
Адамның мінез құлұы қозу мен тежелу. |
1 |
|
20 |
Тұқым қуалайтын аурулары туралы түсінік. |
1 |
|
21 |
Хромосомалық аурулары. |
1 |
|
22 |
Тұқым қуалайтын аруларды емдеу. |
1 |
|
23 |
Туыстық некенің тиімсіздігі |
1 |
|
24 |
Практикалық жұмыс. |
1 |
|
25 |
Адамның тұқым қуалаушылығының зерттеу әдістері |
|
|
26 |
Генетика . |
1 |
|
27 |
Генетикалық эволюция. |
1 |
|
28 |
Генетикалық карталар |
1 |
|
29 |
Практикалық жұмыс |
1 |
|
30 |
Генетикалық инженерия |
1 |
|
31 |
Өзгергіштік |
1 |
|
32 |
Популяция ж/е генетикалық құрамы. |
1 |
|
33 |
Практикалық жұмыс . |
1 |
|
34 |
Қорытынды сабақ. |
1 |
|
Бағдарлама мазмұны
Кіріспе (3 сағат )
Антропогенетика. Адам генетикасының әдістері. Тұқым қуалайтын аурулардың этиологиясы,классификациясы.
Хромосомдық аурулар ( 8 сағат)
Хромосомдық ауруларының негізгі ерекшеліктері. Хромосомдық ауруларының түрлері. Даун синдромы. «Мысық дауысы(айқайы)» синдромы. Шершевский –Тернер синдромы.
Клайнфельтер синдромы. Хромосоманың қысқа иығының делециясы.
«Тұқым қуалайтын аурулардың – бүгіні мен ертеңі» дөңгелек үстел.
Гендік аурулар (8 сағат )
Гендік аурулар туралы түсінік. Гендік аурулардың негізгі ерекшеліктері. Гендік аурулардың даму түрлері. Фенилкетонурия.Галактоземия. Қант диабеті. Гипертония.
Жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары (6 сағат)
Жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары туралы түсінік .Тұқым қуалайтын жүйкелік -бұлшық ет аурулары. Алғашқы бұлшық ет дистрофиясы. Миотония. Бас ми дамуының ақаулары. Бас ми дамуының ақаулары.Жүйке жүйесінің аурулары тері мен ішкі мүшелердің зақымданулары мен қабаттасуы.
Психикалық аурулар генетикасы (4сағат)
Психикалық аурулар генетикасы туралы түсінік. Эпилепсия (талма ауруы). Шизофрения.
Медициналық генетиканың проблемалары (5 сағат )
Медициналық генетиканың проблемалары. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу жолдары . Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу жолдары. Оқушылардың шығармашылық жұмысы.
18