Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Генетика негіздері Генетика есептерін құрастыру және шешу әдістемесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Генетика негіздері
Генетика есептерін құрастыру және шешу әдістемесі
Оқушыларға генетикалық терминдер мен таңбалар туралы будандастырудың түрлерін, генетиканың негізгі заңдылықтарын түсіндіріп болғаннан кейін есептер беріп, олардың шығару жолдарын түсіндіру қажет.
Генетикалық таңбалар:
Р- будандастыруға алынған ата- аналық даралар.
Г- гаметалар.
Г -1,2,3 -алынған ұрпақ: жанына қойылатын индекс ұрпақтың реттік санын көрсетеді: Ғ1- бірінші ұрпақ, Ғ2 - екінші ұрпақ, т.б.
х- будандастыру белгісі.
-аналық дараның жыныстық белгісі.
-аталық дараның жыныстық белгісі.
Гендерді латын алфавитінің әріптерімен белгілейді:
А -доминантты ген, а- рейессивті ген.
АА- доминантты гомозигота, Аа -гетерозигота, аа- рецессивті гомозигота.
Есептерді құрастыру
Өсімдіктерде, жануарларда адамда кездесетін тұқым қуалайтын белгілердің доминантты , рецессивті, аралық қасиетін көрсететін кестелер, екінші ұрпақта будандастырудың типіне қарай белгілердің сан жағынан ажырауын анықтайтын кестелер, аллельді емес гендердің өзара әсерін көрсететін суреттер, хромосомалардың құрылысы, терминдердің анықтамалары мен таңбалардың үлгісі, есептерді шығару жолдары туралы мәліметтер берілуі тиіс.
Есептерді құрастырудың үш әдістемелік нұсқасы бар.
-
Белгілер тұқым қуалаудың қай типіне жататынына байланысты құрсатыру;
-
Кестеде берілген тұқым қуалайтын белгілерді таңдап, есептің шартына енгізу;
-
Есептің мазмұнын құрастырып, сұрақтарды тұжырымдау.
1-кесте
Обьект
Белгі
Доминантты белгі
Рецессивті белгі
Сұлы
Ауруға төзімділігі
қалыпты
төзімсіз
Пісу мерзімі
ерте
Кеш
Сабағының ұзындығы
Қалыпты
биік
Асқабақ
Жемісінің пішіні
Тегершік тәрізді
Шар тәрізді
Жемісінің түсі
Ақ
Сары
Қызан
Жемісінің пішіні
дөңгелек
Алмұрт тәрізді
Жемісінің түсі
Қызыл
Сары
Сабағының ұзындығы
Қалыпты
Аласа
Арпа
Пісу мерзімі
Ерте
Кеш
Жүгері
Сабағының ұзындығы
Қалыпты
Аласа
Тұқымының түсі
Жасыл
Ақ
Бидай
Сабағының ұзындығы
Аласа
Қалыпты
Дрозофила
Денесінің түсі
Сұр
Қара, сары
Қанатының пішіні
Қалыпты
Жетілмеген
Көзінің түсі
Қызыл
Ақ
Тышқан
Жүнінің түсі
Сұр
Ақ
Сары
Сұр
Сары
Қара
Қара
Қоңыр
Теңіз шошқасы
Жүнінің тығыздығы
Тығыз
Сирек
Тауық
Жүнінің түсі
Сұр
Ақ
Аяқтарының пішіні
Қысқа
Қалыпты
Сирақ жүнінің пішіні
Сабалақ
Жалаңаш
Қауырсынның пішіні
Бұйра
Қалыпты
Жүнінің түсі
Ақ
Қара
Қауырсынның түсі
Ақ
Қызыл
Қауырсынның түсі
Қалыпты
Жібек қауырсынды
Айдарының пішіні
Раушангүл тәрізді
Жай
Қоян
Жүнінің ұзындығы
Қалыпты
Қысқа
Жүнінің түсі
Ала
Агути
Бояулы
Сұр
Агути
Альбинос
Агути
Гималай
Сұр
Қара
Сұр
Альбинос
Сұр
гимадлай
Түлкі
Жүнінің түсі
Қоңыр
Көк түс
Қоңыр
Көгілдір
Қоңыр
Альбинос
Қоңыр
Сұр
Ит
Жүнінің түсі
Қара
Қоңыр
Құлағының пішіні
Салпаң құлақ
Тік
Көздің көруі
Қалыпты
Көрмеуі
Жүйке жүйесінің ауруы
Қалыпты
ауру
Қой
Жүнінің түсі
Қара
Ақ
Сұр
Қара
Қара
Қоңыр
Үй шошқасы
Тұяғының пішіні
Біріккен тұяқ
Жұп тұяқ
Ауру түрі
Қалыпты
Порфирин
Альбинизм -организмге тән пигменттердің болмауы.
Порфириндер - өсімдік және жануар пигменттері.Гемоглобин, миоглобин, хлорофилл, т.б. құрамынды болады.
Обьект
Белгі
Доминантты белгі
Рецессивті белгі
Адам
Естуі
Қалыпты
Таскерең
Терісінің түсі
Қалыпты
Альбинизм
Дәм сезу
Фенилтиомочевинаның дәмін сезеді
Фенилтиомочевинаның дәмін сезбейді
Аяқтары қысқа
ахондроплазия
Қалыпты
Саусақтың саны
6 саусақты
5 саусақты
Резус фактор
Резус фактор оң
Резус фактор теріс
Көздің түсі
Қара
Көк
Қолын меңгеру
Оңқайлы
Солақайлық
Ауру
Миоплегия
Дені сау
Дені сау
Фенилкетонурия
Полидактилия
Дені сау
Дені сау
Гемералопия (ақшам соқыр)
Гемералопия
Дені сау
Дені сау
Галактоземия
Дені сау
Вильсон ауруы
Аниридия
Дені сау
Дені сау
Гипофосфатемия
Миопатил
Дені сау
Дені сау
Агаммаглобулинемия
Дені сау
Парагемофилия
Көздің мөлдір қабығының бұзылуы
Дені сау
Кіші азу тістері жоқ
Бар
Дені сау
Афибриногенемия
Синдактилия (саусақтарының бірігіп кетуі)
Дені сау
Моногибридті будандастыру
1-есеп. Генотиптері : а) АА; ә) Аа; б) аа; в) АаВb; г) АаВbСс; ғ) ААВВСС; д) ААВbСс даралар қандай типті гаметалар түзеді?
Шешуі:
Генотиптері АА аллельдері бар даралар мейоздық бөлінудің нәтижесінде бір типті А гаметалар түзеді.
Генотиптері екі түрлі даралар Аа-А және а екі түрлі гаметалар түзеді.
Генотипі bb- бір типті b гаметалар түзеді.
Генотиптері АаВb даралар дигетерозиготала болғандықтан 4 түрлі гаметалар түзуі тиіс: АВ,Аb, аВ, аb.
Генотиптері АаВbСс дараларда 8 түрлі гаметалар түзіледі: АВС, АВс, АbС, аВС, аbС, аbс.
Генотиптері ААВВСС даралар бір типті АВС гаметалар , ал генотипі ААВbСс даралар 4 түрлі гаметалар түзеді: АВС,АВс, АbС, Аbс.
2-есеп. Адамда альбинизм белгісі аутосомалы рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Ерлі -зайыптылардың біреуі альбинос, екіншісі қалыпты. Осындай отбасында екі жұмыртқадан пайда болған егіздер дүниеге келген. Олардың біреуі альбинос та, екіншісі бұл белгі бойынша қалыпты. Келесі ұрпақта альбинизм белгісінің болу ықтималдығын анықтау керек.
Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз.
Белгі
Ген
Генотип
Қалыпты
А
АА,Аа
Альбинос
а
аа
Ерлі -зайыптылардың біреуін - әйелі ауру деп белгілейік, оның генотипі - аа. Оның зайыбы сау. Зайыбының генотипі гомозиготалы немесе гереозиготалы болуы мүмкін. Осы отбасында екі түрлі егіздердің тууы ер адамның генотипі гетерозигота екенін көрсетеді.
Осы некенің үлгңсңн көрсетейік:
Р Аа х аа
Г А а а
Ғ1 Аа
Жауабы: осы отбасында ауру бала болғанымен келесі баласының альбиносболып тууының ықтималдығы 50% , себебі гаметалардың арақатынасы өзгермейді.
3 - есеп. Егер анасының генотипі белгілі болса, ұрпағының фенотипін анықтауға мүмкіндік береді. Гомозиготалы қара сиыр қызыл бұқамен шағылыстырылады. Ірі қара малда қара түс (В) қызыл түстен (b) басым екені белгілі. Алынған ұрпақ қандай түсті?
Шешуі: есептің шарты бойынша қара сиыр қара түс бойынша гомозигота, яғни оның генотипі - ВВ,бұқа қызыл түсті, оның генотипі -bb.
Шағылыстырудың үлгісі мынадай:
Р ВВ х bb
Енді ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтауға кірісеміз. Ол үшін ата -анасының әрқайсысының гаметалардың қандай типін түзетінін анықтаймыз.
Мейоздық бөлінуде гомозиготалы сиырдан В гені бар аналық гамета түзіледі. Екіншісінен b гені бар аталық гамета түзіледі:
Р ВВ х bb
Г В b
Ғ1 Вb
Жауабы: бірінші ұрпақ фенотипі бойынша қара, генотипі -бойынша гетерозигота. Бұл мендельдің бірінші заңын немесе бірінші ұрпақтың біркелкілік заңын көрсетеді.
Бақылау есептері
1.Көк көзді ер адам әке шешесі қой көзді , қой көзді қызға үйленеді. Ал қыздың әпкесінің көзі көк,осы некеден көк көзді бала болуы мүмкін бе?
2. Таскерең ауруы адамда, теңіз шошқасында, тышқанда кездеседі. Бұл нені көрсетеді? Бұл заңды қалай атайды? Оны кім ашқан?
3. Ерлі- зайыптылардың екеуі де гомозиготалы алты саусақты, отбасында бес саусақты бала тууы мүмкін бе?
4. Мысықтарда қысқа жүнділік ұзын жүнділіктен басым болып келеді. Қысқа және ұзын жүнді мысықты бір- бірімен шағылыстырғанда 6 қысқа, 2 ұзын жүнді күшіктер туған. Ата- аналық мысықтың генотипі қандай?
5. Адамда қара шашты бақылайтын ген, сары шашты анықтайтын геннен басым. Осы сары шашты әкеден және қара шашты шешеден қара шашты балалар туады.Ата- анасының генотипін анықтаңдар?
6. Қызыл көзді гомозиготалы дрозофила шыбынын ақ көзді шыбынмен шағылыстырғанда , екінші ұрпақта белгілер қандай сандық қатынаста ажырайды? Ақ көз рецессивті болады.
7. Сұлы өсімдігінің ерте пісетін белгісі -доминантты да, кеш пісетіні -рецессивті. Тәжірибе үлескісінде гетерозиготалы ерте пісетін түрлерімен кеш пісетін түрлерін будандастырғанда 1944 өсімдік алынған. Кеш пісетін өсімдіктердің санын анықтаңдар.
8.Альбинизм белгісі өсімдіктерге өлімші әсер тудырғанымен, сау өсімдіктердің ұрпақтарында жиі кездеседі. Егер альбинос өсімдіктер өлетін болса, неге олар популяциядан толық жойылып кетпейді?
9. Қызан өсімдігінің сабағы қалыпты биіктігі R , аласалығы r- ге қарағанда басым: а) сабағының осы аталған белгілері бойынша ажырауының арақатынасы 1:1 болғандығы; ә) 3:1 қатынасындай болып ажырағандығы өсімдіктердің генотиптерін анықтау керек.
10. Сирағы сабалақ жүнді қоразды сирағы сабалақ жүнді екі тауықпен шағылыстырылды. Сонда бірінші тауықтан -79 сабалақ және 23 сирағы жалаңаш балапандар , ал екінші тауықтан -48 сабалақ жүнді балапандар алынған.
А. Белгі қалай тұқым қуалайды? Қораз бен тауықтың генотипі қандай?
Ә. Сирағы жалаңаш балапандарды алдағы жұмыстарда қалай пайдалануға болады?
Жауаптары:
-
Мүмкін ;егер қой көзді қыз гетерозиготалы және қыздың әке- шешесі гетерозигота болған жағдайда.
-
Бұл заңды н.И.Вавилов ашқан. Өзгергіштіктегі гомологтық қатарлар заңы. Заң тек өсімдіктерге ғана тән емес.
-
Мүмкін емес.
-
Қысқа жүнді аналық мысықтың генотипі -Аа, ал ұзын жүнді аталық мысықтың генотипі -аа.
-
Әкесі рецессивті гомозигота болғандықтан генотипі -аа, 8 баласының бәрінің шашының қара түсті болуы шешесінің доминантты гомозигота- АА екенін көрсетеді.
-
3:1
-
972 өсімдік.
-
Генотипте альбинизм гені сақталады.
-
а) 1:1 болғанда, генотпиі. Аа х аа; ә) 3:1 болып ажырағанда, Аа хАа болады.
-
а ) бірінші тауықтың генотипі - Аа, екінші тауықтікі -АА; қораздыкі- Аа; ә ) сирағы жалаңаш балапандарды көбейту үшін пайдаланады.
Дигибридті және полигибридті будандастыруға арналған есептерді шығару жолдары
1-есеп. Адамда алыстан көрмеушілік белгі көруі қалыпты белгіден басым, ал қой көзді белгі, көк көзді белгіден басымдылық көрсетіп тұқым қуалайды. Екі жұп гендер әр түрлі хромосомада орналасқан. Гетерозиготалы еркек , көк көзді көруі қалыпты әйелге үйленгенде қандай ұрпақ күтуге болады?
Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз.
Белгі
Ген
Генотип
Алыстан көрмеушілік
А
АА,аа
Көруі қалыпты
а
аа
Қой көзді
В
ВВ,Вb
Көк көзді
В
bb
Еркек екі белгі бойынша гетерозигота болса, онда оның генотипі- АаВb болады. Ал әйел екі белгі бойынша рецессивті гомозигота болғандықтан генотипі -aabb.
Енді осы некенің үлгісін жазайық:
Р aabb х АаВb
Г ab АВ Аb аВ ab
Ғ2 Аа Вb Аа bb ааВb aabb
Генотиптері дигетерозиготалы АаВb аталықта мейоздық бөлінудің нәтижесінде 4 типті гамета түзіледі: АВ; Аb; аВ; ab. Осы гаметалардың әрқайсысы аналық ab гаметамен қосылып, 4 типті зигота түзеді. Олар : Аа Вb- алыстан көрмеушілік, қой көзді; Аа bb- алсытан көрмеушілік, көк көзді; ааВb- көруі қалыпты , қой көзді; aabb - көруі қалыпты , көк көзді.
Жауабы: бұл некеден туылған ұрпақтардың генотипі және фенотипі 4 түрлі болады.
2-есеп. Адамда қой көзді белгі ,көк көздіге қарағанда басым, ал оңқайлық, соалқайлыққа қарағанда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Бұл аталған жұп гендер әр түрлі хромосомада орналасқан. Көк көзді оңқай қыз, көк көзді солақай жігітке тұрмысқа шығады. Олардың екі баласы болған, біреуі көк көзді оңқай, екіншісі көк көзді солақай. Шешесінің генотипі қандай?
Шешуі:есептің шартын кестеге жазамыз.
Белгі
Ген
Генотип
Қой көзді
А
Аа АА
Көк көзді
а
Аа
Оңқайлық
В
ВbВВ
Солақайлық
b
bb
Көк көзді солақай жігіт екі белгі бойынша рецессивті болғандықтан, оның генотипін былай жазамыз: aabb. Қыздың генотипін олардың екі баласының фенотиптері арқылы анықтауға болады. Шешесінен балаларына оңқай және солақай белгілер ажырап , ал көздің белгілері ажырамай беріліп тұр. Бұл көрініс қыздың генотипі бір гомозигота және гетерозигота екенін көрсетеді.
Енді осы некенің үлгісін көрсететейік:
Р ааВb х aabb
Г аВ ab ab
Ғ1 ааВb - көк көзді оңқай
aabb - көк көзді солақай
Жауабы: шешесінің генотипі- ааВb болады.
3-есеп. Шабдалының екі түрін бір- бірімен будандастырғанда жемістің түктілігі және ақ еттілігі бойынша -28 түкті, ақ 9 түкті, сары ; 10 тегіс , ақ және 3 тегіс, сары ұрпақ береді. Ата-анасының генотипін анықтаңдар.
Шешуі: есепті шығару барысында фенотипі рецессивті даралар әрқашан гомозигота болатынын естен шығармау керек. Бұл есепті екі әдіспен шығаруға болады.
1-әдіс. Будандасқан белгілердің ұрпақтарының сандық қатынасына талдау жасау. Ұрпақтағы әр белгілердің будандасу нәтижесі жеке талданады: бірінші - түкті жеміс, екінші - жеміс етінің бояуы бойынша.
Бірінші ұрпақта 37-сі түкті жеміс және 13-і тегіс, бұлардың сандық қатынасы 3:1-ге тең деп есептеуге болады. Бұл ата-аналық даралардың гетерозигота Аа екенін дәлелдейді. Ал жемістің етінің бояуы бойынша ұрпақта 38 ақ және 12 сары жеміс болған, бұлардың арақатынасы 3:1-ге тең. Бұл ата- анасының генотипі гетерозигота Вb екенін көрсетеді.
Жауабы: будандастыруға алынған даралардың генотипі мынадай болады:
Аа Вb х Аа Вb.
2-әдіс бойынша бұл есепті генотипі гомозиготалы рецессивтң ұрпақ арқылы шешуге болады. Себебі бұл ұрпақта ата ансынан өткен а және b гендері бар. Бұл будандастыруға алынған даралардың осы белгілері бойынша гетерозигота екенін көрсетеді.
Жауабы: Аа Вb х Аа Вb.
Бақылау есептері:
-
Ақ жемісті, тегершік тәрізді асқабақ өсімдігін, ақ жемісті, шар тәрізді ,36- сы ақ жемісті, шар тәрізді, 13- і сары жемісті, тегершік тәрізді және 12-сі сары жемісті, шар тәрізді өсімдіктер алынған. Аталық және аналық өсімдіктерінің генотипін анықтаңдар.
-
Адамда бұйра шаш, тіке шаштан басымдылық көрсетеді. Терінің пигменттенуін анықтайтын ген, пигменттенуінің жоғын бақылайтын генмен басым. Әке- шешесінің терісі қалыпты пигментті және бұйра шашты отбасында альбинос, тіке шашты бала дүниеге келеді. Ата- анасының генотипін және бұйра шашты , терісі қалыпты пигменттенген бала тууының ықтималдығын табыңдар.
-
Көк көзді оңқай еркек, қой көзді оңқай әйелге үйренеді. Олардан екі бала туылады, біреуі - қой көзді солақай, екіншісі-көк көзді оңқай. Осы еркектің екіншісі - қой көзді оңқай әйелінен 9 қой көзді, барлығы оңқай балалары болады. Үш ата -ананың әрқайсысының генотипі қандай?
-
Қан тобы О еркек, қан тобы АВ әйелге үйленеді. Әйелдің әкесі гемофилиямен ауырады. Отбасы балаларының түрлі фенотиптерінің ықтималдығын анықтаңдар.
-
Генотипі Аа bb (сары,бұдыр) және ааBb (жасыл, тегіс) екі бұршақ өсімдігі будандастырылған. Алынған ұрпақтың генотипін және фенотипін анықтаңдар.
Жауаптары:
-
Аа Вb х Аа bb .
-
Ата -анасы дигетерозиготалы, бұйра шашты, терісінің пигменттенуі қалыпты.
-
Еркектің генотипі - ааВВ , оның бірінші әйелінікі -AaBb , екінші әйелінікі- ААВВ, а - көк көз, b- солақайлық.
-
ХХАО; ХYAO; XX*BO; X*YBO-III топ, гемофилия.
-
Аа bb х ааBb 1AaBb : 1Aabb : 1aaBb : 1aabb
сары- тегіс сары- бұдыр жасыл- тегіс жасыл- бұдыр
Аллельді гендер мен аллельді емес гендердің өзара әсеріне арналған есептерді шығару жолдары
1 -есеп . Адамда шизофрения ауруы аутосомалы- доминантты типті тұқым қуалайды. Гомозигота жағдайында геннің фенотиптіңк көріну жиілігі 100% , ал гетерозигота күйінде 20%-ды көрсетеді. Ата- аналары гетерзигота болған жағдайда отбасында ауру бала туылуының ықтималдығын жазамыз.
Шешеуі: есептің шартын кестеге толтырамыз.
Белгі
Ген
Генотип
Шизофрения
А
Аа
Қалыпты
а
аа
Некенің үлгісін жазайық:
Р Аа х Аa
Г А а А а
Ғ1 АА Аа Аа аа
Гетерозиготалы доминантты бала тууының ықтималдығы 25%. Ауру геннің фенотиптік көрінуінің жиілігі 100% болғандықтан, олардың барлығы да ауру болады. Гетерозиготалы бала тууының ықтималдығы 50% . ал гетерозиготада ауру геннің фенотиптік көрінуінің жиілігі 20% болғандықтан, туылған балалардың 1/5 10%- ы (0,5 х 0,2-0,1) шизофрениямен ауыратын болады.
Жауабы: бұл некеде ауру баланың өмірге келу ықтималдығы - 35% ( себебі доминантты белгі бойынша ауру -25% + 10% гетерозиготадан 1/5 бөлігі кіреді.
2-есеп. Негр мен еуропеоид некеден мулаттар туады. Мудаттар қосылған бірнеше некелерден туылған балаларды сараптағанда терісі әр түрлі балалардың арақатынасы мынадай сандық қатынаста болған: 1:4:6:4:1. Осылардың ішінде қара, ақ ұрпақтар, мулаттар, сонымен қатар қоңыр, ашаң түсті мулаттар кездеседі. Олардың фенотиптік жиілігін анықтаңдар.
Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз.
Генотип
Доминантты аллельдердің саны
Фенотип
Фенотиптің жиілігі
ААВВ
ААВb, AaBB
AaBb, Aabb, aaBB
Aa, aaBb
aabb
4
3
2
1
0
Негрлер
Ашаң негрлер
Мулаттар
Ашаң мулаттар
Ақ
1/16
4/16
6/16
4/16
1/16
Адам терісінің пигменттенуін аллельді емес екі ген анықтайды.адамда пигменттенудің қою болуы доминантты аллельдердің санына байланысты. Олардың фенотипі көрініс жиілігі кестеде берілген.
Бақылау есептері
-
Баланың қан тобы І, ал оның қарындасыныкі ІV. Олардың ата- анасының қан топтары туралы не айтуға болады?
-
Ата- анасының қан тобы ІІ және ІІІ . Олардың балаларының қан тобы қандай болады?
-
Адамда қан топтарын І гені анықтайды. Бұл геннің үш аллелі бар:
І А,І В,І О. Адамның генотипі ІоІо болса І топқа ; генотипі ІА ІА ІА ІО болса, ІІ топқа; генотипі ІВ ІВ ІВ ІО болса, ІІІ топқа; генотипі ІАІВ болса, ІV топқа жатады. ІV топтың аллельдері А және В кодоминантты болғандықтан ІО аллельден басым. Егер шешесінің қан тобы ІІ, әкесінің І болған жағдайда балаларының қан тобы қандай болады?
-
Ағайынды жігіттердің қан тобы -IV АВ. Олардың ата -анасының қан топтары қандай болуы мүмкін?
-
Көздері қара ерлі -зайыптылардың отбасында төрт бала бар. Олардың екеуінің көздері көк те, қан топтары І және ІV, ал екеуінің көздері қара да, қан топтары ІІ және ІІІ . қара көзді белгіні аутосомалы -доминантты деп алсақ, осы отбасында қара көзді, І топты қаны бар баланың тууы мүмкін бе?
-
Хондродистрофия ( қаңқа дамуының бұзылуы) адамда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Гомозигота күйінде бала туылмай жатып өледі. Ерлі- зайыптылардың осы ген бойынша ауру болса, онда олардан сау бала тууының ықтималдығы қандай?
-
Адамда аллельді емес гендер А1 және А2 меланиндердің (қоңыр қара түсті пигменттері) түзілуін және терінің қоңыр түсін анықтайды. Ал рецессивті гендер а 1 және а2 ақ түсті бақылайды. Белгілердің көріну дәрежесі генотиптегі доминантты аллельдердің санына байланысты. Аллельді емес гедердің әрекеттесу типін анықтаңдар.
-
Ақ гүлді екі бұршақ өсімдігін будандастырғанда ұрпағының 183-і ақ гүлді және 62-сі қара қошқыл түсті болды. Ақ түс рецессивті тұқым қуалайды. Аталық және аналық өсімдіктің генотипін анықтаңдар.
-
Асқабақ жемісінің тегершік тәрізді пішіні екі доминантты ген А мен В-ның өзара әрекеттесуі арқылы анықталады. Егер генотипте осы екі геннің бірі жоқ болса, жемісінің пішіні домалақ келеді. Екі геннің рецессивті аллельдері бірігіп, сопақша пішін береді.Жемісі тегершік пішінді гетерозиготалы өсімдік жемісі сопақша болып келген өсімдікпен будандастырылған. Ұрпақтың фенотипі мен генотипін анықтаңдар.
-
Гүлі күлгін түсті жоңышқа өсімдігін гүлі сары түстісімен будандастырылғанда бірінші ұрпақта алынған өсімдіктердің гүлінің түсі жасыл болған. Жасыл гүлді өсімдіктерді өзара тозаңдандырғанда белгілер екінші ұрпақта ажыраған: 169 асыл гүлді , 64 күлгін , 67 сары және 17 ақ гүлді болған. Белгілер қалай тұқым қуалайды?
Жауаптары:
-
Ата- анасының генотипі І А І О және І В І О . Олар ІІ және ІІІ қан тобы.
-
Балаларының қан тобы: АА, АО , ВО, ОО.
-
Қаны ІІ топты әйелдің генотипі гомозиготалы немесе гетерозиготалы болуы мүмкін. Бірінші некеде баланың қан тобы ІІ, екінші некеде баланың қан тобы ІІ немесе І болады.
-
Төрт нұсқасы бар: а) ІІ (А) және ІІІ (В) ; ә) ІІ (А) және ІV (АВ); б) ІІІ (В) және ІV (АВ); в) ІV (АВ) және ІV (АВ).
-
Туылуы мүмкін. Геномда қара көзді және І топ қанды бақылайтын гендер бар.
-
Отбасында сау бала тууының ықтималдығы 1/3 немесе 33,3%.
-
Полимерия.
-
Комплементарлық : аналық -АаВb , аталық -aabb .
-
АаВb, Aabb, aaBb, aabb.
-
Жоңышқа өсімдігінің гүлінің түсін тәуелсіз тұқым қуалайтын екі ген бақылайды, олардың өзара әсерінен жаңа белгі пайда болып, белгілер 9:3:3:1 қатынасында ажырайды.
Қан топтарының тұқым қуалауы
-
Қан тобы І қыз , қан тобы ІІІ жігітке тұрмысқа шығады. Олардың балаларының қан тобы қандай болады?
-
І А гені бойынша шешесі гомозиготалы, әкесі ІВ гені бойынша гомозиготалы болса, балаларының генотипі қандай болады?
-
Әкесінің қан тобы ІV , шешесі ІІ қан тобы бойынша гомозиготалы отбасындағы балалардың генотипін анықтаңдар.
-
ІІ қан тобы бойынша әйел де, еркек те гетерозигота болса, олардың балаларының қан тобы ІV , ІІІ, ІІ және І болуының ықтималдығы қандай?
-
Әке шешесінің біреуінің қаны І топқа , ал екіншісінікі ІІІ топқа жатады. Олардың бір баласы бар. Сол баланың қанының тобын және оның генотипін анықтау керек.
-
Сот поцесінде алимент төлемегені үшін іс қаралып жатыр. Шешесінің қаны І топ. Ал баласының қаны ІІ топқа жатады. Баланың әкесі ретінде қаны ІІІ топқа жататын еркек болуы мүмкін бе? Әкесінің қаны қай топқа жатуы мүмкін екенін анықтаңдар.
-
Ерлі- зайыптылардың екеуінің де қанының топтары гетерозиготалы ІІІ топ болған жағдайда , олардан ІІ және ІV жататын балалар тууы мүмкін бе?
-
Апалы -сіңлілі егіз қыздардың біреуінің қанының тобы ІІІ, азу тістері жоқ (шешесінен берілген), екіншісінің азу тістері бар, қанының тобы ІІ . Ата- анасының қан тобы ІV болған. Апалы- сіңлілі қыздар бір жұмыртқалы егіздерге жата ма, әлде әр түрлі жұмыртқалы егіздерге жата ма? Отбасы мүшелерінің генотипін анықтаңдар.
Жауаптары:
-
ІІІ
-
ІV.
-
ІІ және ІV.
-
ІІІ топ, І,ІІ топ -75% және І топ - 25%.
-
ІІІ немесе ІІ топ.
-
Мүмкін емес. Әкесінің қан тобы - ІV немесе ІІ болуы керек.
-
Мүмкін емес.
-
Әр түрлі жұмыртқалы егіздер, шешесі -гетерозигота.