Материалдар / Геоақпараттық жүйелер(ГАЖ)- ғылымының географиядағы бүгіні мен келешегі,ондағы мәселелер мен шешу жолдары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Геоақпараттық жүйелер(ГАЖ)- ғылымының географиядағы бүгіні мен келешегі,ондағы мәселелер мен шешу жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада Геоақпараттық жүйелер ұғымының ауқымы, бүгіні мен болашағына байланысты теориялар, Геоинформатикадағы географиялық мәселелер мен оның шешу жолдарын әр бағытта қарастырылатын болады. Мақала қазіргі географияның жаңа бағыты Геоақпараттық жүйелердің әлемдік ілім мен дамуда өзіндік рөлінің ерекшелігін айқындайды. Қазіргі кезде Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды, қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялар мен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2022
1717
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ

MRNTI (Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы)

Тақырыбы: Геоақпараттық жүйелер(ГАЖ)- ғылымының географиядағы бүгіні мен келешегі,ондағы мәселелер мен шешу жолдары.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, оқытушы, магистр Cеминар Еркегүл.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, студент Әмешов Асылжан Асқарұлы.

Аннотация. Бұл мақалада Геоақпараттық жүйелер ұғымының ауқымы, бүгіні мен болашағына байланысты теориялар, Геоинформатикадағы географиялық мәселелер мен оның шешу жолдарын әр бағытта қарастырылатын болады. Мақала қазіргі географияның жаңа бағыты Геоақпараттық жүйелердің әлемдік ілім мен дамуда өзіндік рөлінің ерекшелігін айқындайды.

Қазіргі кезде Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстардыинфрақұрылымдардықоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялар мен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда.

Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады - геоақпараттық қосымшалар үшін қолданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді.  ГАЖ-дің осы негізгі сипаттамасы ғылыми ізденістер мен зерттеулердің жаңа жолдарын ашуда қолданылып жатқандығы баяндайды. Бұл анықтамада ГАЖ -дың басты қасиетті туралы айталмайды: тек оның адам мен жаһан өміріндегі пайдасы мен заманға сай артықшылықтары баяндалды. Мақала ГАЖ-дың барша жақсы мүмкіндіктерін сыйлайды.

Кілт сөздер. Геоинформатиканы қазіргі жаһандану кезінде қолдану,онымен географиялық бағыттарды айқындау, Гаж -дың жаңа мүмкінідктерін саралап, әлемдік географиялық ғылымның жаңа бағыты ретінде қарастыру .Геоинформатика, ГАЖ, жаһандану, географиялық теория, цифрландыру,компьютерлік техника, инвентаризация ,оптимизация , 2ГИС, Яндекс карта, Goodle Maps, inDRIVER, H+, 2G, 3G, 4G, 5G cекілді терминдердің ғылымға көмегіне сүйену.

Геоинформатика - қазіргі цифрлық озық заманда тереңдетіліп әрі өте сапалы да жүйелі оқылып жатқандықтан,жоғарғы оқу орындары мен негізгі білім ошақтарында картография мен географияның теориясы мен әдістерінің көмегі мен колданбалы математика , информатика және компьютерлік техника мүмкіндіктерінің өзара байланысуы нәтижесінде қалыптасқан жана ғылым.

Геоинформатиканың негiзгi мақсаты -географиялык ақпараттарды қазіргі заманғы технология көмегімен колдана отырып,жинақтап,қайта өңдей білетін, география білім бағдарламасын дайындауда болашақ мамандарды даярлау.

Бүгінгі таңда ақпараттандыру мен цифландыру біздің қоғам мен адамның шаруашылық әрекетінін барлық саласына өз ықпалын тигізуде . Ол басқа ғылым салаларынын дамуына әсер ете отырып , өзі де қарқынды даму жағдайында. Қазақстан Республикасы экономиканы цифрлық форматка көшіру үшін « Цифрлық Қазақстан » атты мемлекеттік бағдарлама қабылдаған болатын. Оның мiндеттері бойынша Интернет желісін пайдаланушылар саны 2021 жылы 81% - ға , ал халықтың цифрлық сауаттылығы 81.5 % -ға жетуі тиіс .

Бүгінгі танда Қазакстан экономиканы цифрлық форматка көшіру деңгейі бойынша 85 елдiң iшiнен 50 - орынды иеленді .

Осы мақсатта географиялык акпараттық жүйелердiн ( ГАЖ ) маңызы арта түседі. Қоғамды ақпараттандыру барлық денгейдегі мемлекеттік баскару ұйымдарының жұмысын оңтайландыруға негіз болып отыр . Көптеген елде ГАЖ - дың дамуын және картографиялық жұмыстарды автоматтандыруды жақсарту максатында мемлекеттік тұрғыдагы геоақпараттық бағдарламалар жасалынуда .

Географиялық ақпараттық жүйе ( ГАЖ ) дегенiмiз- географиялық мәліметтер мен нысандарды тиiмдi жағдайда енгізу , сактау,өңдеу,талдау,жанарту және визуализация жасауды ұйымдастыратын бағдарламалар мен аппараттардын жиынтығы.

ГАЖ - дын түрлі салаларын дамыту мақсатында жергiлiктi және салалық кұрылымдарды бір орталықтан басқару , әуе - ғарыштык ақпараттарды жинақтау және өндеу жұмыстары іске асырылады . ГАЖ - дын құрамына ғылыми - өндірістік мәліметтер базасы жинақталган ғылыми институттар,жоғары оқу орындары олардын салалық кұрылымдары бiрiктiрiлiп, алынған ақпараттарды кажетті жерлерге жеткізу жұмыстары жолға қойылған .

Бүгiнгi танда геоинформатика ғылымы техника мен өндірісті қамтитын біртұтас жүйе болып табылады . Геоинформатика бұл арнаулы технологияға қажетті ақпараттарды жинақтау,сақтау,өндеу және тарату сияқты өте қажетті іс - әрекеттерді жүзеге асырады . Сондай – ақ геожүйелердегі инвентаризация ,оптимизация,басқару және ұштастыру сияқты іс - шаралар мен міндеттерді де шешуге атсалысады .


Геоакпараттык жүйелерді дамытудың бірнеше ұтымды жолдары бар .

Бірінші ұтымды жолы - ipi өндіріс орындары мен басқару құрылымдарында жергiлiктi компьютерлік жүйелерді кұру .Бұл жолды дамытуға қаржы құйып отырған құрылымдар олардың даму бағыттарын айқындауда басымдық танытады .

Екiншi жолы- Интернет жүйесiнiн дамуына тікелей катысты . Бұл дүниежүзіне жылдам тарайды және күнiне он мындаған жана тұтынушылардың қосылып отыруы бұл жүйенiн қарқынды дамуына негіз болады Сондықтан дәстүрлі ГАЖ біртіндеп жана сатыға көтеріліп, жоғарғы денгейдегi өте қуатты интеграциялык және интерактивті жүйеге,ғаламдык өріске айналды.

ГАЖ аясында жаңа типтегі географиялык ақпараттар жүйесі қалыптасып , ол Интернет мүмкіндiктерi негiзiнде телеарналар мен телекоммуникация көмегiмен көпшілікке кеңiнен танымал бола бастайды . Қазіргі ақпараттық жүйе мен технологияның қарқынды дамуы ГАЖ - дың жана белгілерін калыптастыруда. Визуализациялауды бүгiнде көптеген саяхаттар мен табиғаты әсем,назар аударарлык орындарды көрiп , тамашалауға уақыт пен қаржы тапшылыгы мүмкiндiк бермеген жағдайда тиiмдi пайдалануга болады .

Осы деректерді визуализациялау үшін қандай ресурстарды және қалай қолдану қажет ?

Визуализациялау үшін түрлі әдістер - 2D және 3D елшемді бедерлі карталар , цифрлық анимация,көлемді бейнелер,диаграммалар жасауда кеңiнен қолданылады . Теледидардан ауа райы мәліметтерін берген кезде метеорологиялық керсеткіштерінің көріністерін,денелерінің қозғалысын,мұхиттың беткі ағыстарының қозғалыстарын бейнелi түрде көрсетіп отырады.

ГАЖ - дың қолданылу аясы . Бүгінгі танда ГАЖ - дың қолданылатын саласында кездестіруге болады . Адам әрекетінің барлық көрінісі ГАЖ аясында жүзеге асады. Оларға әкімшілік,көлік,инженерлік коммуникация мен қауіпсіздік саласында, демография, экология,денсаулық мен елдер аумағында жүк тасымалы жатады. Көлік саласыда ГАЖ мүмкіндіктерін арттыруга зор мүмкіндіктер туғызады.Көптеген адамдар қазіргі кезде қала ішінде жүргенде баратын нысандарын Google Maps, 2ГИС,Яндекс карта секілді электронды карталарын қолдану арқылы жол табады. Алайда бұл бағдарламалардың да өз кемшіліктері де бар. Оларды саралап жазар болсам:

  1. Қала ішінде көпшілік қолданатын inDriver жол көлік бағдарламасы қаладағы интернет желісінің сапасыздығына байлаанысты тапсырыстарды кеш қабылдайды.

  2. Адамдардың да бұл бағдарламар арқылы өздеріне керекті нысандар мен жүретін жолдардың дұрыс интернет желісінің болмауына байланысты келеңсіздіктерге ұшырап жатады.

Осындай ГАЖ- дағы мәселелерді шешу үшін Жапония мемлекеті 2021 жылдың басында әлемдік интернет желісіне біз қолданып жүрген Н+,2G,3G,4G, cекілді интернет желілерінен де жүйрік, әрі өте тиімді, озық спутниктік бағдарламалармен жасақталған 5G интернет желісін қосуды ұсынды.

Бұл интернет желісі бізге қалаішілік және географиялық карталар мен бағдарламаларды қолдану кезінде керекті мәліметтерді барынша тез әрі сапалы алуға көмектеседі. Әлемді қазіргі кезде интернет желісі мен оны қолданатын бағдарламасыз елестету мүмкін емес, осыған орай заман талабына сай қажетті ресурстарды дұрыс пайдалану бізге қажетті фактор.


ГАЖ- коммуналдық және өнеркәсіптік инфрақұрылымды ұйымдастыруда, тіпті төтенше жағдайлар кезіндегі іс-шараларды айқындауда маңызы өте зор.

ГАЖ бизнесті дамыту және жергілікті жерге мониторинг жаcay мақсатындағы шараларды басқаруға ең тиiмдi ақпараттық жүйе болып саналады. Сонымен қатар ГАЖ - технология кез келген жердiң дәл картасы,құрам бөліктерін көрсете алатын әлемдік цифрландырудың қазіргі озық қоры.


Жалпы қорытындым ГАЖ әлемдік цифрландыру мен сұраныс пен ұсынысқа тәуелді, адамдардың 2ГИС, inDriver жол көлік бағдарламасын пайдалану негізінде, көпшілік пен ғылыми оқырмандар арасында болатын келеңсіздіктерді шешуде өте маңызды орын алатын географияның дамыған, сапалы, заманауи жаңа бағыттарының бірі деп білемін. Бұл ғылым саласы болашақ пен бүгінгі географиялық ғылымның алтын көпірі секілді деп ойлаймын.




Пайдаланылған әдебиеттер :


1. М. Б. Нұрпейісова ҒАРЫШТЫҚ ГЕОДЕЗИЯ ОҚУЛЫҚ

2. В.Стикунова. Основные Геоинформатики.

3. Шайтурина Журкинова Геоинформатика.

4. Қ.Қаймулдинова, С.Әбілмәжінова, А.Сайпов География (гуманитарлық бағыт) 10- сынып







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!