Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Геоэкология" қолданбалы курс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы
Ұзын-Ата» жалпы орта мектебі
география пәні бойынша 2018-2019 оқу жылында
жүргізілетін қолданбалы курсының жұмыс жоспары
Сыныбы: 10 сынып
Тақырыбы: «Геоэкология – еліміздегі экологиялық
мәселелердің шешу жолдары»
Пән мұғалімі: Андикова Камшат Қуатқызы
2018-2019 оқу жылы
«Бекітемін» __________ «Келісемін» ___________
Мектеп директоры Бейіндік ісі меңгерушісі
Ә. Туреханова Б.Беденова
Мұғалім туралы мәлімет
Аты-жөні: Андикова Камшат Қуатқызы
Туған жылы: 02.02.1990
Мекен-жайы: Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы,
Әйтеке би №26
Жұмыс орны: «Ұзын-Ата» жалп орта мектебі
Бітірген оқу орны: Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті
Білімі: жоғары
Мамандығы: 050116 - география мамандығы
Жалпы еңбек өтілі: 6 жыл
Педагогикалық
еңбек өтілі: 5 жыл
Санаты: 12 (екінші санат)
Марапаттары: мектепішілік, аудандық марапаттаулармен
Аудандық мұғалімдер пән олимпиадасында ІІ орын,
«ЭКСПО-2017» шеңберінде «Жасыл экономика»
номинациясының аудандық форуымында ІІІ орын диплом
Шығармашылық
жұмыс: Қоршаған ортаны қорғау
Телефон: 8-702-939-27-30
««Геоэкология – еліміздегі экологиялық мәселелердің шешу жолдары тақырыбындағы қолданбалы курстың бағдарламасы
Қолданбалы курс 34 сағатқа негізделген, аптасына 1 сағат
І. Курстың мазмұны
ІІ. Түсінік хат
ІІІ. Таңдау пәнінің мақсатымен міндеті
ІV. Оқушыларға қойылатын талаптар
V. Оқу курсының тақырып мазмұны
VІ. Тақырыптық жоспар
VІІ. Білім беру деңгейін бақылау
VІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Курстың мазмұны
Геоэкология ұғымы батыс елдерінде ХХ ғасырдан 30-шы жылдарында пайда болған. Кеңестік дәуірде академик В.Б. Сочава алғашқыларының бірі болып география мен экологияның өзара байланысын зерттеді. Геоэкология бұл антропагенді үрдістердің әсері нәтижесінде табиғи орта мен биосферадағы қайталанбас үрдістер мен құбылыстарды зерттейді.
жаратылыстану пәндерінің негізгі ұғымдарын зерделеу кезінде әлеуметтік, жаратылыстану және техникалық ұғымдарды жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей етіп, бір-бірімен байланыстыра оқыту оқушылардың экологиялық дүниетанымын кеңейтіп, жаңа әлеуметтік – экологиялық ұғымдар жүйесін қалыптатыруға мүмкіндік береді.
Геоэкология ғылымына үлес қосқан ғалымдар. Экологиялық білім сонау антикалық дәуірден жинақталған. Иабиғаттың тылсым сырын түрлі бағытта зерттеген жараталыстанушылар организмдердің өзара қатынасына көңіл аударған.
Әйгілі эколог Ч. Элтон «Өте ежелгі пәннің жаңа атауы - экология» депатап өткен болатын. «Экология» деп «адам – қоршаған орта» қатынасы туралы ілімді 1866 жылы Э. Геккель енгізді.
Қазақстан Республикасында «экология» ғылымының дамуына экологияның оқыту үрдістерін жетілдіруге үлес қосқан профессорлар:
Ә. С. Бейсенова, И.Н. Нұғыманов, Ж.Ж. Жатқанбаев, И.Д.Фурцов, Ә.Бейсенованың «Экологияны» жеке оқу пәні ретінде мектепте оқытуға енгізді.
Қазақстан табиғаты мен экологиясы, экологиялық білім мен тәрбие беруде үлкен үлес қосқан ғалым Ж. Шілдебаев.
ІІ. Түсінік хат
Геоэкология – бұл георграфия ғылымының бір бағыты. Ол экология жағынан таза ортаны сақтау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Геоэкология бұл антропогенді үрдістердің әсері нәтижесінде табиғи орта мен биосферадағы қайталанбас үрдістер мен құбылыстарды зерттейді.
Жаратылыстану пәндерінің негізгі ұғымдарын зерделеу кезінде әлеуметтік, жаратылыстану және техникалық ұғымдарды жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей етіп, бір-бірімен байланыстыра оқыту оқушылардың экологиялық дүниетанымын кеңейтіп, жаңа әлеуметтік – экологиялық ұғымдар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жалпы білім беретін орта мектептің 10-шы сыныптарына ұсынылып отырған геоэкология білім беру бағдарламасы оқушылардың жер ғаламшары, биосферасы, жанды және жансыз табиғаты, жеке адам мен бүкіл адамзатты биосфералық үрдістегі орны туралы ұғымдардын одан әрі дамытуға арналған.
Осы бағдарламаны енгізу нәтижесінде мынаны біліп үйренуі керек.
- Негізгі экологиялық түсініктердің анықтамасы;
- Адамзаттың қазіргі ғаламдық проблемалары және оларды шешу жолдарын қарастыру негізінде оқушыларды қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты дайындау;
- Оқушыларды әр түрлі қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, өз бетімен қорытындылар жасауға үйрету;
- Оқушыларды статистикалық, картографиялық деректерді өз бетімен өңдеуге үйрету;
- Табиғат қорғаудың қазіргі мәселелерін (ауа, су, топырақ, жер байлығы);
- Өсімдік және жануарлар әлемін қорғау мен пайдаланудың қазіргі кездегі жағдайы туралы;
- Шаруашылық қызметтердің әр түрлерін талдауда экология заңдарын біліп пайдалануы;
- Жақын табиғи айналадағы қоршағане орта жағдайын бағалау (көше, аула, мектеп жанындағы үлескі т.б.);
- Табиғат байлығы мен сұлулығын қорғау және жақсарту үшін әркімнің өз үлесін қосуы;
- Мүмкіндігінше жергілікті аймақтық мәселелерді көтеру, оған оқушылардың араласуын, туған өлкесіне патриоттық сана сезімін ояту.
- Геоэкологиялық білім беруде, жаратылыстану
пәндері (география, биология, химия, математика, физика т.б.) пәндерімен байланысы жүзеге асырылады.
ІІІ. Таңдау пәнінің мақсатымен міндеті
Курстың негізгі мақсаты.
Жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып «адам – қоғам - табиғат» арасындағы үйлесімділік рухында тәрбиелеу. Экологиялық білім беру жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудан бастап көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беруді қарастырады. Қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін мәңгі қажеттілігін сездіре отырып, оқушының дүниеге деген ізгі көзқарасын қалыптастырамыз.
Курстың бағдарламалары төмендегі міндеттерді шешуге көмектеседі.
-
Экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру.
-
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды үйрету.
-
Қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлесімділігін сәйкестендіру.
-
Оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру.
-
Экология саласындағы ғылым жетістіктерімен хабардар ету.
-
Оқушылардың өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Курс бағдарламасы бір жылға яғни 10-шы сыныпқа есептелген, барлық сағат саны 34, аптасына 1-сағаттан.
Күтілетін нәтиже
-
Жеке адаммен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетін білім беру барысында қалыптастырады.
-
Экологиялық дағдарыстың ұлғаюынан мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін үйретеді.
-
Туған жердің геоэкологиясын толық білуді қамтамасыз етеді.
-
Мектеп қабырғасында экологиялық біліммен тәрбиені ұштастырады.
-
Оқушылардың экологиялық сауатын ашады.
Курстың өзектілігі: бұл геоэкология пәнінде бүкіл әлемнің соның ішінде Қазақстандағы апатты аймақтар және туған өлкеміздегі болып жатқан жайсыздықтар мен жетістіктер жайында баяндалады. Бұл жағдайлардан оқушылар хабардар болып қана қоймай өз ойларын ортаға сала отырып, білімдерін әрі қарай шыңдауына мүмкіндік алады. Міне осылай біз оқушылардың өз туған жерінің құлдырауына емес көркеюіне үлес қоса алтындай дәрежеде білім бере отырып көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сабақтың көбіне конференция, ойын, тест түрінде жүргізілу барысы оқушыларға тиімді болып келеді. Әсіресе, конференция сабағы оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, саясатқа деген қызығушылығын оятары сөзсіз. Сабақтың осылай өтілу барысы оқушылар мен мұғалімдерді өз дәрежесінде қанағаттандырады.
Геоэкология пәнінің әр тақырыбындағы тақырыпшаларға тоқталып өткенде түрлі сызба – нұсқалар, суреттер, плакаттар, Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық картасы, Қазақстанның экологиялық картасы т.б. көрнекіліктер пайдаланылады.
Төмендегі кестеде көрсетілгендей, әр сабағымды әртүрлі жаңа технологиялардың тек қана элементтерін пайдаланамын.
№ |
Авторлары |
Технологиялар атауы |
1 |
Джинни Л, Стилл С, Крутис, Меред Ит, Чарльз Темпл. |
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы |
2 |
Жанпейісова М.М. |
Модульдік технологиясы |
3 |
Қараев Ж. А. |
Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы |
4 |
Ғалиев Т.Т. |
Жүйелік тұрғысынан оқыту технологиясы |
Біздің алдағы мақсатымыз оқушылардың бағдарлы мектеп мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жан-жақты терең геоэкологиялық білім алуға жұмылдыру.
ІV. Оқушыларға қойылатын талаптар:
-
««Геоэкология – еліміздегі экологиялық мәселелердің шешу жолдары» тақырыбындағы қолданбалы курсынан алған теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, жалпы дүние жүзі елдері туралы мәліметтерді ауызша, жазбаша жұмыстарында сауатты қолдану;
-
Өтілген тақырыптар аясында география пәнін терең және жетік меңгеру;
-
Шығармашылық іздену мен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгере отырып, салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу;
-
Деңгейлік тапсырмаларды орындау
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
-
Оқу жылының соңғы тоқсанында берілетін тақырыпқа реферат жазу;
-
Мектепішілік және аудандық география пәнінен олимпиадаларға қатыстыру;
-
Реферат жоспарға сай жазылу деңгейі;
-
Тест, сөзжұмбақ, сынақтар алу;
-
Реферат немесе баяндаманың өтілген тақырыпқа сәйкес келу деңгейі
-
Теориялық білімді практикалық жұмыстарда қолдана білу деңгейі;
-
Тест тапсырмаларын орындау бойынша бағалау;
V. Оқу курсының тақырып мазмұны
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Кеңес |
Қолда-нылатын әдістер |
Дидактика-лық материалдар |
1 |
Кіріспе Геоэкология ғылымы және оған үлес қосқан ғалымдар |
Тақырып бойынша жалпы түсінік беру |
Баян- дау |
Экологиялық сызба-нұсқалар |
І тарау. Дүниежүзіндегі геоэкологиялық жағдайлар. |
||||
2 |
Дүниежүзіндегі экологиялық проблеманың туындау себебі, экологиялық дағдарыс. |
Қоғам және табиғат арақатынасы туралы |
Түсіндір-ме |
Табиғат компонент-терінің сызба-нұсқасы |
3 |
Экологиялық кодекстің жобасы |
«Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңының 73-74 бап. |
Баяндау |
Жасыл ел бағдарламасы бойынша материалдар |
4 |
Табиғат заңдылықтарыныа сүйене белу. |
Экология және табиғатты қорғау бағытын оқып үйрену. |
Пікір-сайыс |
Қоршаған ортаның суреттері |
5 |
Шет тілдерінен енген экологиялық термин сөздіктер |
Географиялық термин сөздіктер және экономикалық терминдермен таныстыру |
Ақпарат-тау және жинақтау |
Термин сөздіктер анықтамалары |
ІІ тарау. Адам және табиғат экологиясы. |
||||
6 |
Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясының оқытудың актуальдылығы |
Экологиялық білім бағдарламасы (1999 ж) |
Баяндау |
Құжаттар, Әртүрлі материалдар |
7 |
Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар. |
Оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру |
Сұрақ-жауап |
Сызбанұсқалар |
8 |
Апатты табиғат құбылыстарының адамға тигізетін әсері олармен күресуі |
Экологиялық апатты жерлер туралы |
Сұрақ-жауап |
Зиянды қалдықтар туралы сызбанұсқа |
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайлары, елдегі теңіздер мен көлдердің экологиясы. |
||||
9 |
Каспий теңізінің ластануы. |
Каспий теңізінің ластануы |
Пікір-сайыс |
Картамен жұмыс |
10 |
Каспиидегі «Элен» кемесі, экологияны ретету станциясы. |
Мемлекеттік экологиялық саясатты жетілдіре білуді үйрету |
Лекция |
Метеорология-лық құралдар мен экологиялық нұсқаулар |
11 |
Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық аймаққа айналуы. |
Арал теңізімен Балқаш көлінің экологиялық жағдайы туралы |
Баяндау сұрақ-жауап |
Экологиялық деректер |
12 |
Возрождение аралының әлемді алаңдатуы |
Адам өміріне зардаптардың әсері жайлы |
Конференция |
Экологиялық карта |
13 |
Ембі мұнайлы ауданының экологиялық жағдайы. |
Өндірілген өнімнің пайда зияндығы туралы |
Сұрақ-жауап |
Физикалық карта |
ІҮ тарау. Елдегі өнеркәсіпті аудандардың геоэкологиялық жағдайы. |
||||
14 |
Алматы қаласының экологиялық жағдайы |
Өнеркәсіпті қалаларда пайда болатын экологиялық зардаптар туралы |
Баяндау |
Қазақстанның экономикалық картасы |
15 |
Жамбыл облысының геоэкологиялық ерекшеліктері. |
Фосфор өндіру өнеркәсібінің табиғатқа зияны |
Түсіндір-ме |
Экономикалық карта |
16 |
Батыс экономикалық аудандарындағы экологиялық жағдайлар. |
Қазба байлықтардың пайдасы мен зияны |
Баяндау |
Суреттер |
17 |
Уран мен мұнайдан уланған жерлердің тағдыры. |
Адам денсаулығына зиянды әсерлері туралы |
Пікір-сайыс |
Тірексызбалар |
18 |
Өскемен өңіріндегі экологиялық жағдай |
Химиялық шикі заттардың зияны туралы |
Әңгімеле-су |
Тірексызбалар |
Ү тарау. Туған өлке экологиясы, менің елім Қазақстан |
||||
19 |
Географиялық орны, жер бедері, табиғат ерекшелігі |
Оңтүстіктің экологиялық жағдайы зерттеу тарихы |
Баяндау |
Қазақстанның физикалық картасы |
20 |
Геологиялық құрылысы |
|||
21 |
Географиялық зерттелу тарихы, ұлы-жібек жолы. |
тарихи мәліметтер архив деректерін пайдалану |
Ойтолғаныс |
Физикалық карта |
ҮІ тарау. Жер ресурстарының экологиясы |
||||
22 |
Топырақ эрозиясы |
Топырақ эрозиясын болдырмау жолдары |
Сұрақ-жауап |
Суреттер |
23 |
Жер туралы заңдағы жер кодастры мәселелері |
Жер кодекстерінің заңдары туралы |
Лекция |
Заң кодекстері |
24 |
Жер ресурстарын бағалаудың ландшафттық экологиялық тәсілі |
Жер байлықтарын зерттеп оқыту |
Лекция |
Физикалық карта |
ҮІІ тарау. Ішкі сулардың экологиясы |
||||
25 |
Биосферадағы судың биологиялық және экологиялық айналымы |
Биосферадағы тіршіліктің маңызы туралы |
Зерттеу |
ГАЖ арқылы түсірілген фотосуреттер |
26 |
Шардара су қоймасының экологиялық жағдайы |
Шардара су қоймасының ахуалы |
Баяндау |
Карта схемалар |
27 |
Сырдария өзенінің қазіргі жағдайы |
Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы |
|
Карта |
ҮІІІ тарау. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі. |
||||
28 |
Туған өлкенің өсімдіктер мен жануарлар әлемі. |
Туған өлкенің табиғаты туралы |
Баяндау |
суреттер кеппешөптермен жұмыс |
29 |
Өсімдіктер мен жануарларды қорғау саласындағы өзекті мәселелер |
Қазақстан бойынша |
гербари кеппешөптермен жұмыс жүргізу |
тірек сызбалар |
30 |
Қорықтар табиғат қорғаны |
Еліміздегі 10 қорық |
|
Қазақстанның физикалық картасы |
ІХ тарау. Шымкент қаласының геоэкологиясы |
||||
31 |
Өнеркәсіп орындары, транспорт түрлерінің, тұрмыстағы кейбір жағдайларының қала атмосферасына әсері |
Өнеркәсіп орындарының қала атмосферасына әсері |
Семинар |
Қазақстанның экологиялық картасы |
32 |
Шымкент қаласының экологиялық әл-ахуалын жақсарту мақсатындағы жүргізілетін іс-шаралар |
Қалдықсыз өнім шығару туралы |
Түсіндір-ме |
Тірексызба |
33 |
Экологиялық проблемаларды оң шешу елімізге сын. |
Экологиялық проблемаларды шешу жолдары |
Баяндау |
Сызбанұсқа |
34 |
Шардара су қоймасына экскурсия |
топсеруен |
Саяхат |
топсеруен |
VІ. Тақырыптық жоспар
«Геоэкология – еліміздегі экологиялық мәселелердің шешу жолдары» тақырыбындағы қолданбалы курсының 10 «б» сыныбына арналған бағдарлама бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
1 |
Кіріспе (1 сағат) Геоэкология ғылымы және оған үлес қосқан ғалымдар |
1 |
|
Дүниежүзіндегі геоэкологиялық жағдайлар (4 сағат) |
|||
2 |
Дүниежүзіндегі экологиялық проблеманың туындау себебі, экологиялық дағдарыс |
1 |
|
3 |
Экологиялық зардаптардың алдын алу шаралары, экологиялық кодекстің жобасы |
1 |
|
4 |
Табиғат заңдылықтарына сүйене білу |
1 |
|
5 |
Шет тілдерінен енген экологиялық термин сөздіктер |
1 |
|
Адам және табиғат экологиясы (3 сағат) |
|||
6 |
Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясының оқытудың актуальдылығы |
1 |
|
7 |
Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар |
1 |
|
8 |
Апатты табиғат құбылыстарының адамға тигізетін әсері олармен күресуі |
1 |
|
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайлары, елдегі теңіздер мен көлдердің экологиясы (5 сағат) |
|||
9 |
Каспий теңізінің ластануы |
1 |
|
10 |
Каспийдегі «Элен» кемесі, экологияны реттеу станциясы. |
1 |
|
11 |
Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық аймаққа айналуы |
1 |
|
12 |
Возрождение аралының әлемді алаңдатуы |
1 |
|
13 |
Ембі мұнайды ауданының экологиялық жағдайы. |
1 |
|
Елдегі өнеркәсіпті аудандардың геоэкологиялық жағдайы (5 сағат) |
|||
14 |
Алматы қаласының экологиялық жағдайы |
1 |
|
15 |
Жамбыл облысының геоэкологиялық ерекшеліктері |
1 |
|
16 |
Батыс экономикалық аудандарындағы экологиялық жағдайлар |
1 |
|
17 |
Уран мен мұнайдан уланған жерлердің тағдыры |
1 |
|
18 |
Өскемен өңіріндегі экологиялық жағдай |
1 |
|
Туған өлкенің геоэкологиясы, менің елім Оңтүстік Қазақстан (3 сағат) |
|||
19 |
Географиялық орны, жер бедері, табиғат ерекшелігі |
1 |
|
20 |
Геоэкологиялық құрылысы |
1 |
|
21 |
Географиялық зерттелу тарихы, ұлы – Жібек жолы. |
1 |
|
22 |
Жер ресурстарының экологиясы (3 сағат) |
1 |
|
23 |
Топырақ эрозиясы |
1 |
|
24 |
Жер туралы заңдағы кодастры мәселелері |
1 |
|
25 |
Жер ресурсартарын бағалаудың ландшафтық экологиялық тәсілі |
1 |
|
Ішкі сулардың экологиясы (3 сағат) |
|||
26 |
Биосферадағы судың биологиялық айналымының экологиялық жағдайы |
1 |
|
27 |
Шардара су қоймасының экологиялық жағдайы |
1 |
|
28 |
Сырдария өзенінің қазіргі жағдайы |
1 |
|
Өсімдіктер мен жануарлар әлемі (3 сағат) Туған өлкенің өсімдіктер мен жануарлар дүиесі |
|||
29 |
Өсімдіктер мен жануарларды қорғау саласындағы өзекті мәселелер |
1 |
|
30 |
Қорықтар табиғат қорғаны |
1 |
|
Шымкент қаласының геоэкологиясы (4 сағат) |
|||
31 |
Өнеркәсіп орындары, транспорт түрлерінің, тұрмыстағы кейбір жағдайларының қала атмосферасына әсері. |
1 |
|
32 |
Шымкент қаласының экологиялық әл-ахуалын жақсарту мақсатындағы жүргізілетін іс-шаралар |
1 |
|
33 |
Экологиялық проблемаларды оң шешу елімізге сын |
1 |
|
34 |
Шардара су қоймасына экскурсия |
1 |
|
Дидактикалық материалдар
І тарау. Дүниежүзіндегі геоэкологиялық жағдайлар.
Геоэкологиялық жағдайлар тарауы, өзге елдердегі жағдайлар мен қатар оның туындау себептері: экологияның қоршаған ортаға зиянды әрекетінің күшеюінің экологиялық дағдарысқа алып келетіндігі, экологиялық Кодексінің жобасы, табиғатты қорғай білу адамзаттың борышы екені, соынмен қатар, шет тлдерінен енген экологиялық термин сөздіктермен танысып, дүниежүзілік мұхиттардың, соның ішінде, Атлант мұхитының ластануы, оны қорғау жолдары мен экологиялық зардаптардың алдын алу шаралары жайында түсінік беріледі.
ІІ тарау. Адам және табиғат экологиясы.
Адам және табиғат экологиясы тарауы, адаммен табиғаттың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуын, түрлі аурулардың (қан аздық, сары ауру, туберкулез, зоб т.б.) жер бетіне тарауын, олардың шығу себептерін сондай-ақ Возрождение аралындағы бактериялогия лық ядролық қару – жарақты сынаудың нәтижесінде пайда болған түрлі аурулар және олардан қорғану жолдарымен таза табиғи ортаны сақтап қалу жайында түсінік беру
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайлары, елдегі теңіздер мен көлдердің экологиясы.
Елдегі теңіздер мен көлдердің судың ластануына, әсер ететін, өнеркәсіптерден шыққан қалдық сулардың келіп қосылуы, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіруде зиянды әрекеттер т.б. себептер жайында түсінік беру.
БУТАКОВ Алексей
Иванович Арал
т-н
тұңғыш зеттеп,
картаға түсірген
саяхатшы-географ
ІҮ тарау. Елдегі өнеркәсіпті аудандардың геоэкологиялық жағдайы.
Бұл бөлімді өткен кезде ең алдымен өнеркәсіпті қалалардағы экологиялық жағдайлармен таныстыра отырып, олардың шығу себептерінің адам мен табиғатқа тигізетін әсерлерін айта отырып, экологиялық жағдайларды болдырмау жолдары қарастырылады.
Ү тарау. Туған өлкенің геоэкологиясы, менің елім Оңтүстік Қазақстан.
Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстан мемлекетімен шектесіп жатуы, қоңыржай климаттық белдеуінде орналасуы, табиғат зоналарының ішінде шөл зонасында орналасуы қамтылған. Табиғат ерекшеліктері жөнінде мәлімет бере отырып жер қыртысы мен жер бетінің геоэкологиялық дамуындағы өзгерістер туралы түсінік беріледі.
ҮІ тарау. Жер ресурстарының экологиясы.
Топырақтың ластануының басты себептеріне (жел, лас су, химиялық зиянды затты пайдалану арқылы егін егу) тоқталу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының жер кодексіндегі заңдарды түсіндіру.
ҮІІ тарау. Ішкі сулардың экологиясы.
Биосферадағы судың тіршілік үшін маңызы, Шардара қоймасындағы судың ластануының басты себептері (тұрмыстық қалдық сулар, жел, құстардың орын ауыстыруы) жайында түсінік беру.
ҮІІІ тарау. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі.
Өз өлкемізде кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері мен таныса отырып өсімдіктер мен жануарлардың адам іс-әрекетінің нәтижесінде азайып бара жатқандығын және оларды қорға жолдары көрсетіледі.
ІХ тарау. Шымкент қаласының геоэкологиясы.
Шымкент қаласының геоэкологиялық жағдайы тарауында, Шымкент қаласының ластығы жөнінен облыстар арасында алатын орны, қаладағы зауыт, фабрикалар көлік тұмыстық қалдықтардың әсері қаланың экологиялық әл-ахуалын жақсарту мақсатындағы жүргізілеін іс-шаралармен танысу. Туған өлкеміздің экологиялық жағдайы толғандыратын жағдайлардың бірі болғандықтан; қалада орын алып жатқан экологиялық жағдайларға тоқталуды жөн көрдім. Шардара жеріне ең біріншіден әсер ететін экологиялық апатты жағдай Қызылорда маңынан келетін Арыстанды-Қарабас желінің әсері. Экологиялық жағдайдың туындауына бірінші себебін тигізеді. Сонымен қатар Арал теңізінен келетін құстардың орын ауыстыруына байланысты, өзенге саңғырықтарын тастап өтуі де, өз әсерін тигізіп жатса, қалада тұрып жатқан халықтардың күл-қоқысты қалай болса солай өзен жағасына тастауларына байланысты сондай-ақ жаздың күндері көптеп адамдардың өзен жағасына келіп, сауық-сайран салып керексіз болған заттарын суға тастауы. Сонымен қатар өзеннің тұрмыстық қалдық заттардың әсерінен де ластанып жатқандығы т.б. келеңсіз жағдайлар мен қатар өз туған өлкеміздің экологиялық әл-ахуалын, жақсарту мақсатында жүргізілетін іс-шаралармен танысу.
Топырақты және оны жетілдіруде адамның шаруашылық қызметі
Адамның әрекеті |
Оның жағымсыз нәтижелері |
ОҚ облысы жағдайына арналған ұсыныстар |
1. Жерді жырту |
Топырақ эрозиясы |
Топырақты шығынсыз өңдеу. Орман белдеуін отырғызу. |
2. егістікті суландыру |
Топырақтың сулануы |
Суаруды қопсытумен алмастыру, ұнтақтау, орман белдеуін отырғызу. |
3. Кен және химия өндірістік қалдықарымен топырақты бүлдіру |
Топырақтың улануы мен бұзылуы |
Руданы өңдеуде топырақ қабатын ашу, қатты қалдықтарды шахтаның бос жерлеріне кейін қайтару |
4. Малды иесіз қадағаламай жаю |
Топырақты таптау және тақырға айналдыру |
Малды иесіз жайғызбау, өскен шөптің биіктігін, оның орынсыз орылмауы бақылау |
5. Жол, соқпақ салу |
Топырақты нығыздау, суды егістікке кетпейтіндей жол бойымен, өзен сағасына ағызу |
Жеке, көлікке тек белгіленген жолмен жүру. Бұны көлік жүргізу ережесін енгізу. |
VІІ. Білім беру деңгейін бақылау
1. Түрлі географиялық картадан
түрлі елдердің тарихи-географиялық орындарын, онымен шектесетін
мемлекеттер шекараларын, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси
құрылымдарындағы өзгерістерді анықтай алады.
2. Өзіне берілген тапсырма бойынша архив орындарында түрлі
құжаттармен, кітапханадағы каталог-карточкалармен, мұражайдағы
мұрағаттармен өздігінше жұмыс істеп, оның нәтижесін практикада
пайдалана алады.
3. Мерзімді баспасөз материалымен үнемі, әрі жүйелі жұмыс істейді,
одан жинақталған мәліметтерді күнделікті оқу үрдісінде
пайдаланады.
4. Монографиялармен жұмыс жүргізіп, өздігінше конспект, тезис,
реферат дайындайды.
5. Экологиялық география туралы түрлі көзқарастарға өз пікірін
білдіреді, оны дәлелдейді, пікірталасқа қатысады.
6. Қазіргі қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық
проблемаларды талдауға, салыстыруға, себеп-салдарын анықтауға,
географиялық білімдерін еркін қолдана алады.
7. Мақсат қоя біледі, жоба құру. Болжам жасау сияқты шығармашылық
іздену әдістемесін меңгереді. 8. Әр тоқсан сайын сынақ
түрінде тест тапсырмаларын алып отырамын. Таңдау курсына баға
қойылмайды.
VІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
«География және табиғат» журналы. 2003 ж.№2 №4, 2004 ж. №3 №4 №5, 2005 ж. №4.
-
«Биология география және химия» журналы. 2001 ж. №2, 2000 ж №6.
-
«Атамекен» газеті. 2002 ж. 23.01, 8.02, 15.04, 5.05, 10.07, 12.09, 15.08, 15.09.
-
«Атамекен» газеті. 2003 ж. 25.02, 25.03.
-
«Атамекен» газеті. 2004 ж. 24.11, 25.02.
-
Арал тағдыры. Құрастырған: М. Құлкенов. Рецензенті: Л. Нұрымбетов. Алматы «Қазақстан» баспасы, 1989 ж
-
«Қазақстанның физикғалық географиясы»оқулық (8-сынып)
-
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Дүниежүзінің әлеуметтік-экономикалық географиясы» оқулық (10 сынып).