Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
география есептер шығару жолдары
Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға есеп шығару жолдарын түсіндіру тәсілдерін қолдану үшін әдістемелік көмек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
6920
10 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
УДК Г.С. Аймырзаева¹, К.Д. Дуйсебаева² №13 мектеп –гимназиясының география пәні мұғалімі, Алматы, Казахстан e-mail: gulbaram-60@mail.ru Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан e-mail: d.gulzada01@mail.ru ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ It gives possibility to practice that knowledge to decision the geographical tasks. Doing geographical tasks developed pupil’s mentality, creative possibility and their interesting to the subject. It helps to check themselves and to develop their knowledge. Ғылым мен техника, ақпараттандыру технологиясы күшті қарқынмен өсіп отырған кезде оқушыларды даярлауға қойылатын талаптар да дами түседі. Берілетін білім көлемін ұлғайта отырып, оның терең игерілуін қамтамасыз ету керек. Ұстаздың мақсаты - оқушылардың білім сапасын арттыру.Сабақта қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары оқушының іскерлігін, ізденімпаздығын, жан – жақтылығын дамытады. Мәселен, географиялық есептерді шығара білу теориядан алған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді. Георафиялық есептер шығару оқушылардың логикалық ойын, шығармашылық қабілетін дамытады, пәнге деген қызығуын арттырып, өзін - өзі тексеруге , білімін жан – жақты толықтыруға көмектеседі. 1.Картадан географиялық координаталарды анықтау. Меридиан мен параллель сызықтарының көмегімен картадан географиялық координаталарды оңай анықтауға болады. Ол үшін ең алдымен нүктенің қандай ендіктердегі паралельдердің және қандай бойлықтардағы меридиандардың аралығында орналасқандығын білу керек. Материктiң өлшемдерiн анықтау. 1.Африка материгінде оңтүстiктен солтүстiкке дейінгі қашықтық 20° меридиан бойынша неше градус неше км? 32°с.е + 37°о.е = 69° (градус) 69° х 111 = 7659 (км) 2. Батыс пен шығыс 10° параллель бойында қашықтық неше градус және неше км? 15°б.б + 52°ш.б = 67 °( градус) 67 ° х 109, 6 = 7343, 2 км 2.Карталардың жіктелуі Карталар мазмұнына және масштабына қарай жіктеледі. Карталар масштабына қарай 3топқа бөлінеді Ірі масштабты карталар - 1: 1000-нан және оданда ірілері Орта масштабты – 1: 200 000-нан 1 : 1000000-ға дейінгілер Ұсақ масштабты – 1 : 1000000 – нан ұсақтар 1.Масштабтарды сандықтан атаулыға және керісінше айналдырып жазу. а) 1: 2000 – 1 см –де...20 м г) 1 см – 1000 м, бұл....1: 100000 б) 1: 1000000 – 1 см –де.....10км. д) 1 см – 200 км, бұл....1: 20000000 в) 1: 50000 – 1 см –де...500м е) 1 см – 30000 м, бұл....1: 3000000 2.Масштаб 1:5000. Жер бетіндегі қашықтық 260м болса картадағы қашықтықты(ұзындығын) табу. Берілгені: Масштаб 1:5000 - атаулық масштабты табу. 1 см –де 50 м 1км -1000м J- картадағы қашықтық 1 м – 100см L – жер бетіндегі қашықтық 260м · 100см =26000см 1.Токио және Пекин қалаларының картадағы қашықтығы 30 см, яғни нақтырақ айтқанда – 1500 км. Картаның масштабын анықтаңыз. Шешуі: 30см – 1500 км Х = 1500км : 30см = 50 (км) = 50000 (м) =5000000(см) 1см – х Жауабы: 1:50 00000 2.Жер бетіндегі 2 нүктенің ара қашықтығы 420 км, карта бетіндегі ұзындық 7 см. Картаның масштабын анықтау. L – жер бетіндегі қашықтық J- картадағы қашықтық Шешуі: М = 420 км : 7см = 60 (км) = 60000 (м) =6000000 (см) М -? Жауабы: 1:6000000 3. 1 : 2 500 000 масштабымен берілген картада екі қаланың арақашықтығы 6 см. Екі қаланың Жер бетіндегі арақашықтығын табу. Шешуі: Х – екі қаланың Жер бетіндегі арақашықтығы.Масштаб анықтамасын пайдаланып, пропорция құрамыз. х2 500 000 Х = 6 · 2 500 000 =15 000 000(см) =150 000 (м) = 150(км) Жауабы: 150км 3.Ауа температурасы мен қысым Тәулік ішіндегі ең төмен температура күн шығар алдындағы уақытқа тура келеді. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және төменгі температуралардың айырмасын теператураның тәуліктік амплитудасы дейді. Ауаның температурасы тәулік ішінде 4 рет өлшенеді.Әрбір 100 м биікке көтерілгенде температура орта есеппен 0,6°С төмендейді. (1км –де -6°С өзгереді) Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді. Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады. Биіктік артқан сайын қысым азая береді. Жер бетінің түрлі аймақтарындағы және түрлі биіктіктегі атмосфералық қысымды бірбірімен салыстыру үшін 45° ендіктегі теңіз деңгейіндегі қысым алынады. Сынап бағанасының 760 мм биіктігіне тең осы қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1мм төмендейді. Ауа температурасы мен қысымға байланысты есептер шығару. 1.Жаз айларында Іле Алатауының теңіз деңгейінен 1000 м биіктігінде атмосфералық қысымның мөлшері. 930 мм, ал температурасы +21º С градус болса, оның биік нүктесінде (шыңында) атмосфералық қысым мен температурасы қанша болмақ? Шешуі: Талғар шыңы 4973 ≈ 5000 Қысымды есептеу: 5000:10 = 500 930 – 500 = 430 Температураны өлшеу: 5000:1000 = 5 5 ∙ (-6ºС) = -30°C -30ºC + 21°C = - 9ºC 2. Тау етегіндегі ауа температурасы +18ºС , ал шыңында - 6 ºС. Таудың биіктігін анықтаңыз. Шешуі: +18 °С – (-6ºС) = 24°C 24 ºC: 6 °С = 4 ∙ 1000 = 4000 Жауабы: таудың биіктігі 4000м немесе 4 км 3.Альпинистер 3000 м тау басына көтерілгенде, барометр осы биіктіктегі атмосфералық қысым 450 мм екенін көрсетті. Бұл кезде жер бетіндегі атмосфералық қысым нешеге тең? Шешуі: 3000:10 =300 300 + 450 = 750 мм Жауабы: жер бетіндегі атмосфералық қысым – 750 мм 4.Барометр тау етегіндегі атмосфералық қысым 740 мм, тау басында 440 мм көрсетсе, таудың салыстырмалы биіктігін қалай анықтаймыз? Шешуі: 740 – 440 = 300 300∙10 = 3000м Жауабы: таудың салыстырмалы биіктігі 3000м немесе 3 км 5. Егер жер бетіндегі қысым 750 мм болса, 5 км биіктіктегі ұшып бара жатқан ұшақтың бортында қандай атмосфералық қысым болатынын есептеп шығарыңдар. Шешуі: 5 км – 5000 м 5000м: 10м =500 750 – 500 = 250 мм Жауабы: 250 мм атмосфералық қысым 4.Ауадағы су буының температурасымен байланыстылығы Ауадағы су буының мөлшері буланатын беттің жағдайына және температураға байланысты. Ауадағы су буы мұхит үстінде мол, ал құрлық үстінеде аз болады. Сонымен бірге неғұрлым температура жоғарылаған сайын ауадағы су буының мөлшері арта береді. 1м³ ауада түрлі температура болатын су буының мөлшері. Температура (С°) Су буы (грамм)
Кестеде көрініп тұрғанындай, ауа белгілі бір температураға сәйкес су буын ұстап тұра алады. Егер ауаға сол температурада ұстап тұра алатын су буы жинақталса, оны с у б у ы м е н қ а н ы қ қ а н а у а дейді. Мысалы,+30ºС температурада ауа су буымен қанығуы үшін оның 1м³ – 30 г су буы жинақталуы керек, су буының мөлшері 25 г-ға ғана жетсе, ол қанықпаған ауа болады.Температурасы жоғарлаған жағдайда қаныққан ауа қанықпаған ауаға айналады. Мысалы, 0º С температурада 1м³ ауа қанығу үшін 5 г су буы керек. Егер ауаның температурасы +10ºC –қа көтерілсе, онда ауаның қанығуына 5г су буы жеткіліксіз болып шығады. Абсолют және салыстырма ылғалдық. Ауадағы су буының мөлшері абсолют және салыстырма ылғалдықпен анықталады. А б с о л ю т ы л ғ а л д ы қ – 1 м ³ ауадағы су буының нақты мөлшері, ол граммен есептелінеді (г/м 3).С а л ы с т ы р м а ы л ғ а л д ы қ – 1 м ³ ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температудағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы; пайызбен (%) есептелінеді. 5.Ауа температурасындағы ылғалдылық 1.Ауаның температурасы 0 ºС, салыстырмалы ылғалдықы 30 %, абсолюттік ылғалдылықты табу. Шешуі : 0 °С температурада 5 г/м³ суы бар. 5 г/м³ - 100 % х х - 30 % Жауабы: абсолюттік ылғалдылық – 1,5 г/м³
-30 | 0,5 |
-20 | 1 |
-10 | 2 |
0 | 5 |
+10 | 9 |
+20 | 17 |
+30 | 30 |
- Ауаның температурасы - 20 °С , салыстырмалы ылғалдылық 40%, абсолюттік ылғалдылықты табу.
- Ауаның температурасы + 20°С , абсолюттік ылғалдылық 15 г/м³, салыстырмалы ылғалдылықты табу.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
Барлығы 663 959 материал жиналған
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ