Материалдар / География ғылымының дамуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

География ғылымының дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған оқу мазмұны бойынша 7 сынып географиясының "География ғылымының дамуы" тақырыбына құрастырылған ашық сабағы. Оқушылар Саяхатшылар мен зерттеушілердің ғылыми еңбектерін ашқан материктерін біледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2018
643
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мектеп: Арыс қаласы, Байырқұм елді мекені. «М.Шаханов» атындағы жом

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Жарасбаев А

Сынып: 7 Қатысқандар: 20 Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы:

География ғылымының дамуы

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

7.1.1.2.Саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға береді.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:

Географиялық саяхатшылар мен зерттеушілерді біледі


Басым бөлігі:

Саяхатшылар мен зерттеушілердің ғылыми еңбектерін ашқан материктерін біледі

Кейбірі:

Зерттеушілер мен саяхатшылардың жүрген жолдарын кескін картаға түсіре алады


Бағалау критерйиі

  • Географиялық зерттеушілерді біледі және ашқан жаңалықтарын салыстырады

  • Жеке саяхатшылардың немесе зерттеушілердің ғылымға қосқан үлесіне сип аттау арқылы талдау жасайды.

  • Географиялық нысандарды картадан тауып, шартты белгілерімен кескін картаға түсіре алады

  • Белгілі бір нысанына әр түрлі дереккөздер арқылы сипаттама береді;

Тілдік мақсаттар

Оқылым-айтылым: Мәтін мазмұнын түсініп оқиды және өз ойын еркін жеткізе алады.

Жазылым- тыңдалым: Пікір алмасады. Зерттеушілердің еңбектерін салыстырады. Постер және картамен жұмыс жасайды..

Айтылым, жазылым: Тақырыпта берілген географиялық нысандардың атауларын атайды. Географиялық нысандардың атауларын есте сақтап, дәптерлеріне қатесіз жазып алады.

Пән бойынша сөздер мен терминдер: атмосфера, этнограф, фольклоршы, фаунасы, флора, экспедиция.

Құндылықтарға баулу

Оқушылардың бойына бірі-біріне деген сыйластық, топпен жұмыс ішінде ынтымақтастыққа, азаматтыққа және жауапкершілікке баулу.

Пәнаралық байланыс

Тарих. зерттеушілердің өмірбаянын білуде, Ұлы географиялық ашылулар кезеңімен танысуда.

Алдыңғы білім

Жер шарын Ұлы географиялық ашулардан кейінгі кезеңдегі зерттеулер.


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған сабақ түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



Ұйымдастыру кезінде оқушыларды түгендеу.

Сергіту сәті: «Сәттілік тілеу» оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

Презентация, музыка

Сыныпты «Мозайка» әдісімен зерттеушілердің суреттерін құрастыру арқылы және оқушы санына байланысты 3 топқа бөлемін.

1 - топ «Ғалымдар»

2 – топ «Зерттеушілер»

3 – топ «Саяхатшылар»


«Еркін тыңдалым» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын. (Топтық жұмыс)

1- топ География ғылымы қандай сұрақтарға жауап беруі тиіс?

2- топ Бүгінгі күнгі географтар қандай мәселелерді шешеді?

3-топ «География» ғылымы қандай негізгі бағыттарға бөлінеді?




Оқулық,

АКТ

Жұмыс дәптері, карта, кескін карта,






Сабақтың ортасы

30 минут




































«Миға шабуыл» немесе «ой қозғау»


Бейнеролик: «Ұлы географиялық ашылулар» атты бейнеролик көрсету

Оқушылар көргенін ортаға салады

1. Қалай ойлайсыздар, осы бейнетаспаны көре отырып нені байқадық?

2. Бүгінгі сабақ тақырыбымен қандай байланысы бар ?

Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру және сабақтың тілдік мақсатына назар аудару


1 –топ: «Ғалымдар» тобының тапсырмасы.

«Кейс-стади» – әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасау.

  1. География ғылымының дамуы қалай басталды?

  2. Ортағасырлық кезеңдегі географиялық зерттеулер.Жаңа жерлер қандай мақсатпен ашылды және кімдер ашты?

  3. Қазақстанның география ғылымының дамуы қалай өрбіді? Ш. Уалиханов және Қ. Сәтбаевтардың еңбектеріне мәлімет беріңдер.


Дескриптор

Географиялық ғылымның дамуын сатылап талдайды

Географиялық зерттеушілердің еңбектерін біледі, салыстыра алады

Қазақстандағы география ғылымының дамуын сипаттайды, ғалымдардың еңбектерін сипаттай алады.


Оқушыларды бағалау «Бағдаршам» әдісі


2- топ «Зерттеушілер» тобының тапсырмасы

«Нысананы тап» әдісі бойынша оқушылар атлас және кескін карта бойынша төменде берілген материктердегі ашылған географиялық орындарды анықтайды.

  1. «Жаңа дүние» Америка

  2. Азия

  3. Африка


Дескриптор

Зерттеушілердің саяхаттап жүрген жолдарын кескін картаға түсіреді

Шартты белгілермен жұмыс жасайды


Оқушыларды бағалау «Смайликтер» арқылы бағаланады.


3 – топ «Саяхатшылар» тобының тапсырмасы

«Кластер» әдісі арқылы топ мүшелері жұмыс жасайды.

  1. Ескі дүние бөлігіне

  2. Жаңа дүние бөлігіне

  3. Жалпы материктердің зерттелуін ретімен орналастыру


Дескриптор

Географиялық зерттеулерді жіктейді

Зерттеулерді кластерге түсіреді

Географиялық зерттелу кезеңдерін түсінеді


Оқушыларды бағалау «Бас бармақ» әдісі







Оқулық, АКТ

Карта













Сабақтың соңы

5 минут



«Бастағы қалпақ»

Оқушылар дөңгелене тұрады. Музыка қосылады,

сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол сабақ туралы өз ойын ортаға салады.


Кері байланыс «Білім шыңы»

Күн – түсіндім, білдім

Бұлт – әрекет жасадым

Найзағай – түсініксіз болды.










Саралау

Бағалау


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

1.Мұғалімнің қолдауынсыз тапсырманы орындай алмайтын білімге құштарлығы баяу оқушыларға «Кейс-стади» – әдісі бойынша Жаңа жерлер қандай мақсатпен ашылғанын және кімдер ашқанын топ мүшелерімен пікірлерін талқылау арқылы орындайды.

2.Мұғалімнің көмегіне аздап сүйенетін өзіндік білімге құштары бар оқушыларға «Нысананы тап» әдісімен зерттеушілер мен саяхатшылардың суреттерін пайдалану арқылы зерттеген аймақтарын анықтайды.

3. Мұғалімнің қолдауын қажет етпейтін, өз бетінше берілген тапсырманы орындай алатын аса қабілетті оқушыларға «Кластер» әдісі

бойынша жалпы материктердің зерттелуін ретімен орналастыру тапсырмаларын ұсынамын

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді.

Бағалау кезінде оқушылар нақты, әділ, шынайы бағаланады.

Бағалаудың міндеттері:

  • Қалыптастыру

  • Ынталандыру

  • Уәждеу




Картамен жұмыс жасауда көрнекі құралдарға абай болу.

Сынып ішінде техника қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақтың мақсаттары, немесе оқу мақсаттары шынайы және қол жетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?




Қорытынды бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты.)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарды не нәрсеге назар аудару қажет?























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!