Материалдар / География пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

География пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Маусым 2024
188
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

География пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Еспентаева Гульшат Сапаргалиевна

М.Бегалиева атындағы ЖОББ мектебінің

География пәнінің мұғалімі Педагог-сарапшы


Аннотация

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Қазақстанда жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін реформалау құзырлылық ұстанымына және әлемдік білім беру кеңістігіндегі оқытудың озық әдістемелері мен амал-тәсілдеріне негізделген.


Бұл Қазақстанның білім беру жүйесінің өтпелі кезеңі аяқталып, дамыған елдер моделіне сәйкес келетіндігін және ТМД елдерінің арасынан мемлекетіміз көшбасшылық орынға шығып, 2021 жылға дейін жоғары білім сапасы мен халықаралық деңгейде нәтиже беретінін айқындайды. Cондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2021 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA халықаралық зерттеулері аясында өкізілетін оқушылардың ғылыми - жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері қарастырылуда. Қазіргі таңда оқушының өзін-өзі дамытуға, алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыруға, оны қолдана білуге бағытталған жұмыстарға көңіл бөлінуде.

PISA (Programme for International Student Assessment) халықаралық зерттеудің мақсаты 15 жастағы оқушылардың математикалық, жаратылыстану мен оқудағы сауаттылығын бағалау болып табылады. Зерттеудің негізі мектептің бағдарламасын меңгеру ғана емес, жеке тұлғаның дамуындағы білімін, дүниетанымын шыңдау, әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға бағыттау.

Жаратылыстану бағытында деңгейлеп оқыту жүйесі еуропалық стандарт талаптарына сәйкестендіріліп, әлемдік білім кеңістігіне шығу, қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен тілдік құзіреттілікке ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. География сабағында креативті ойлау тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың кеңістік, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және географиялық тұжырымдамалар мен географиялық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады. Оқушылардың күнделікті өмірде туындаған көптеген мәселелерді шешу үшін алған білім және біліктілік қабілеттерін қолдана алуға әсер етеді.

География сабағында креативті ойлау тапсырмаларын қолдану арқылы жаңа тақырыпты жылдам, өз бетімен игеріп, дұрыс түсінетін, кездескен мәселелерді шеше алатын, істің мағынасын терең және нақты түсінуге тырысатын байқағыштық қасиеті жақсы дамыған, сауатты сөйлеп, білімді игерген, оны практикада асыратын, картаның тілін, теориялық білімді теңгеріп, географиялық үрдістердің жүруін болжай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұғалім арнайы тапсырма дайындап, оны сабақта қолдану арқылы оқушының зерттеушілік, ізденушілік дағдысы қалыптасады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, сабаққа деген ынтасы мен бейімділіктер жүйелі түрде дамытуға жағдай жасау арқылы арнайы қабілеттілікті жоғары деңгейге жеткізуге болады.

PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды шешу жолдары ретінде мына мәселелерді атап өткен жөн:

    1. Оқушыларға тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде құрып, ондағы білу, түсіну, қолданудан гөрі синтез, анализ, бағалауға мән беру.

    2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу.

    3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге асыру үшін, білім беруде сабақтың құрылымын өзгерту, яғни оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін әр10 мин сайын жағдаятты өзгертіп отыру.

    4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын-ала ескерту.

    5. Тапсырманы зейін қойып, орындауға және эксперименттік есептер, зертханалық шағын зерттеу жұмыстарын орындата отырып, өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, өзін-өзі бағалауға үйрету.

Осы іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін қалыптастыруға жол ашылады. Ол үшін мұғалімдердің жан-жақтылығы, шығармашылығы, білімі жоғары деңгейде болуы керек.

Дүниежүзінің географиялық келбетін, географиялық ойлауды, білімді және география тілі мен әдістерін қолдануды қамтитын география мәдениетін меңгерген оқушыны тәрбиелеу.

Жеке тұлғаның географиялық мәдениеті – бұл Жердегі табиғат, олардың алуан түрлі болуының себептері туралы, тұрғындар мен олардың шаруашылық қызметі туралы білімдеріне сүйенетін өмірлік құндылықтар жүйесі, бұдан қоршаған ортаға деген құнды қарым-қатынас жүйе құрушы ретінде алынады да, «адам – табиғат – қоғам – мәдениет» өзара қарым-қатынастары барысында оқушының мінез-құлқын реттейді.

Дүниежүзінің географиялық келбеті – aдамның аумақтық табиғи-қоғамдық жүйенің қасиеттері мен зaңдылықтары туралы түсініктерінің жиынтығы.

Геогрaфиялық ойлау – географиялық нысaндардың, құбылыстар мен процестердің маңызды қасиеттерін, сонымен қaтар олардың арасындағы байланыстарды тану және бейнелеу процесі, aумақтылығымен, кешенділігімен, жаһандылығымен ерекшеленеді.

Тапсырмаларға нұсқаулық

Дүниежүзінің географиялық келбетін, географиялық ойлауды, білімді және география тілі мен әдістерін қолдануды қамтитын география мәдениетін меңгерген оқушыны тәрбиелеу.

Жеке тұлғаның географиялық мәдениеті – бұл Жердегі табиғат, олардың алуан түрлі болуының себептері туралы, тұрғындар мен олардың шаруашылық қызметі туралы білімдеріне сүйенетін өмірлік құндылықтар жүйесі, бұдан қоршаған ортаға деген құнды қарым-қатынас жүйе құрушы ретінде алынады да, «адам – табиғат – қоғам – мәдениет» өзара қарым-қатынастары барысында оқушының мінез-құлқын реттейді.

Дүниежүзінің географиялық келбеті – адамның аумақтық табиғи-қоғамдық жүйенің қасиеттері мен заңдылықтары туралы түсініктерінің жиынтығы.

Географиялық ойлау – географиялық нысандардың, құбылыстар мен процестердің маңызды қасиеттерін, сонымен қатар олардың арасындағы байланыстарды тану және бейнелеу процесі, аумақтылығымен, кешенділігімен, жаһандылығымен ерекшеленеді.

Құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру тәсілдерінің бірі – білім беру үдерісінде креативті ойлау тапсырмаларды құрастыру және пайдалану. Креативті ойлау тапсырмасының ерекшелігі көбінесе шарттар мен сұрақтар дербес ретінде белгіленіп, бір қарағанда бір-бірімен байланысты емес. Жағдай мен сұрақтарды байланыстыру-оқушының міндеті. Мұндай "байланыстыру" үшін жеке тәжірибені, қосымша ақпаратты тарту қажет, контекстпен жұмыс істеу қажет. Осы жерден креативті ойлау тапсырмаларының дизайны - олар көбінесе нақты өмірлік практикадан алынған жағдайды сипаттайды. Тапсырмалар шарттары да, сұрақ формасы да пәндік жағдайға байланысты емес. Керісінше, өмірлік жағдайды пәнге аудару және тапсырмалардың күрделілігін құрайды. Әрбір тапсырма-шешім талап ететін жағдай, жағдай. Креативті ойлау тапсырмалары оқушылардың танымдық қызығушылығын, ойлау дербестігін, зерттеу іскерлігін қалыптастыру мақсатында сабақтың әртүрлі кезеңдерінде танымдық тапсырмалар ретінде қолданылады. Креативті ойлауға құзыреттілік-бағытталған тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың географиялық білімді әртүрлі жағдайларда қолдану қабілеттерін қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс.

Креативті ойлау халықаралық бағалау білім беру саясаты мен педагогикалық саясатта оң өзгерістерге ықпал етеді.

Дамытуға болатын шығармашылық ойлау қабілетін бағалау және проблемалардың шығармашылық шешімін табу.

Идеяларды іздеуде және сипаттауда оқушылардың қаншалықты дәрежеде шығармашылық ойлауға қабілетті екендігін, бұл қабілеттің оқыту тәсілдеріне, мектептің қызметіне және басқа да білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне қалай байланысты екендігін сипаттайды.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) оқу жетістіктерін бағалаудың төртінші бағыты ретінде «Жаһандық құзыреттілік» бағытын енгізген.

PISA тесті 15 жастағы оқушылардың креативтілігін, сын тұрғысынан ойлау, көшбасшылық және алдын ала жобаланған стандартты емес жағдайға бейімделе білу қабілетін бағалайды.

Оқушылар өз бетінше шешім қабылдауды және таптаурын болған стереотиптерді ұстанбауды үйренуі керек.

Назар аударуды қажет ететін маңызды мәселелер автоматтандыру және жасанды интеллект, компьютерлік ойлау тұжырымдамалары мен цифрлық технологияларды ұтымды қолдана білу.

PISA зерттеулеріндегі креативтілікке арналған тапсырмалар ерекшелігі:

Тапсырмалар көбіне келесі мәселелерге шоғырланған:

  • Бұрыннан белгілі білімді қолдану емес, жаңа идеяларды ұсыну процесі;

  • Ұсынылған тәсілдер мен шешімдердің басқаларға ұқсамайтын ерекшелігі (жауаптар маңызды және құнды болған жағдайда);

  • Баламалы шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін және соған орай мәселені жақыннан қарастыруды және нақтылауды талап ететін ашық проблемалар;

  • Жауаптар емес, шешімін табу процесі мен тәсілдері.


Қорытынды

Креативті ойлау тапсырмаларын құрастырып, сабақта қолдану арқылы оқушылардың географияға деген қызығушылығының артуына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар мәтінді көзбен жүгірту арқылы басты элементті анықтауға, ізденіс аймағын тарылтуға, қажет ақпаратты ажырата алуға ықпал етеді. Мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру, автор ой түйінінен қорытынды шығаруға, мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды жасап өз ойын зерделеуге, әлем туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген пікірді салыстырып, басқа ақпарат көздерінен алған біліммен мәтіннен алған ақпаратты байланыстыру арқылы бағалауға, түсінуге дағдыланады.

Креативті ойлау тапсырмаларын орындау барысында пәнаралық ақпаратты тарту бағдарламалық материалды терең және мағыналы меңгеруге ықпал етеді, оқушылар құбылыстар, процестер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтаудың практикалық іскерліктерін меңгереді және жетілдіреді. Бұл ретте фактілерді, теорияларды, заңдарды ұғынуға, география, физика, химия, биология, экология бойынша алған білімдерін нақтылау және тереңдету үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

Креативті ойлау тапсырмалары мұғалімге бір уақытта бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

оқушылардың жазбаша құзыреттілігінің даму деңгейін бағалау, яғни оқушы мәтінде қаншалықты түсіну және одан қажетті ақпаратты ала алады;

пән білімі мен біліктілігінің даму деңгейін бағалау;

  • жалпы оқу іскерліктері мен дағдыларын дамыту деңгейін бағалау (интеллектуалдық, танымдық, жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениеті т.б.).

  • қазіргі әлемде табысты бейімделу үшін қажетті білім алу және қызмет тәсілдерін таңдау қабілетін бағалау, яғни стандартты емес жағдайларда нәтижелі әрекет ету;

  • зерттеу құзыреттілігін дамыту арқылы пәнге танымдық қызығушылықты қалыптастыру;

    • әр оқу пәні мен жалпы білім беруге қатысты оқушылардың прогресін салыстыруға ықпал етеді;

    • ағымдағы және күтілетін нәтижелер арасындағы айырмашылықтарды төмендету жолдарын анықтайды.

Аудандық білім беру бөлімі, мектептер халықаралық зерттеулерге дайындау мақсатында жоспар құрып, сол жоспарға сай PISA халықаралық зерттеуіне дайындық жүргізуде. Әдістемелік құралға енгізілген тапсырмалар оқушыларды PISA халықаралық зерттеуіне дайындауда, ай сайын өткізіліп жатырған сынақтарда қолданылып жүр.

Қорыта айтқанда креативті ойлау тапсырмаларын құрастыруда мұғалімнен көп еңбек, терең білімділік, күш-жігер, жан-жақтылық, ізденімпаздық, жаңа ақпарат көздерін мейлінше тиімді қолдана алатын қажыр-қайрат талап етіледі. Осы аталған маңызды сипаттар мұғалімнің жан-жақты ізденістегі шығармашылық тұлғасында тоғысып және де оқу үрдісінде ұтымды қолданылған жағдайда құзыреттілік қалыптастырудың сапалы да өрелі мақсатына жетуге өрісті ықпал етпек. Сонда ғана өскелең ұрпаққа сапалы білім алуына дұрыс бағыт-бағдар беріліп, оқушылардың өмірде таңдайтын кәсіби бағытына жетуде адастырмайтын жол ашылады әрі елшілдік ұстанымдағы зияткерлік тұлғасын қалыптастыруға айқындауға жол ашылады деп білеміз.

60

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Муканова С.Д. PISA оқушылардың жетістіктерін халықаралық бағалау бағдарламасы. https://edu.mcfr.kz/article/322-pisa- oushylardy-jetstktern-halyaraly-baalau-badarlamasy

  2. Суранчиев Ж.М. Геометриялық прогрессия тақырыбын өтуде PISA тапсырмаларына ұқсас есептер шығару арқылы оқушылардың математикалық-функционалдық сауаттылығын дамыту. http://www.myshared.ru/slide/1302764/

  3. Сергеева А.М. "География сабағындағы логикалық тапсырмалар жинағы" А.2012 ж

  4. Хабибуллин Р.Х. «Раздаточные материалы по географии» 6-7 кл.Москва «Дрофа» 2003 жыл

  5. TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу

7.https://bilimdiler.kz/geographia/13568-kyzykty-geografiya.html

  1. https://bilimland.kz






4


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!