Материалдар / География пәнінен 8 сыныпқа арналған номенклатуралар жиынтығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

География пәнінен 8 сыныпқа арналған номенклатуралар жиынтығы

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінен 8 сыныпқа арналған номенклатуралар жиынтығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2024
124
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Shape2


«Қазақстанның географиялық орны»

Қазақстан аумағы 2724,2 мың км2- ге тең. Ресей, Канада,Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9- орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен.Қазақстан батысында – Еділдің төменгі ағысынан, шығысында – Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км- ге, солтүстіктегі – Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь – Шань тау жүйесіне дейін 1650 км – ге созылып жатыр.

Мемлекеттер: Әзербайджан, Өзбекстан (2354 км), Қырғызстан ( 1241 км), Түркіменстан (426 км), Монғолия, Қытай Халық Республикасы ( 1782 км), Тәжікістан, Ресей Федерациясы (7591 км).


ТАҚЫРЫП

« ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР БЕДЕРІ, ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ»

Жазықтар: Шығыс- Еуропа, Батыс Сібір және Солтүстік Қазақ жазығы, Тұран жазығы, Құлынды жазығы , Барабы жазығы,

Шөлдер: Сарыесік – Атырау, Тауқұм, Іріжар құмы, Бестас құмы, Жаманқұм, Мойынқұм, Үлкен және Кіші Борсық, Арал маңы Қарақұмы, Баршақұм, Нарын құмы, Тайсойған құмы, Сам құмы, Қарынжарық құмдары

Үстірттер мен қыраттар: Үстірт, Шағырай үстірті, Маңғыстау үстірті, Кендірлі -Қиясан,

Көлдер: Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл, Қамыстыбас көлі, Жақсықылыш көлі, Ақжайқын,Қарақойын көлі, Индер көлі, Аралсор көлі, Шалқар көлі, Теке, Сілеті, Қызылқақ, Жалаулы, Шүрексор, Үлкен Әжіболат көлі, Қалибек, Шағалалытеңіз, Қойбағар, Құсмұрын, Сарықопа, Әйке, Теңіз,

Таулар: Алтай (Мұзтау шыңы 4506 м), Сауыр (Мұзтау 3816 м), Тарбағатай (Тастау 2992 м), Жетісу Алатауы (Бесбақан шыңы 4622 м), Тянь-Шань, Сарыарқа (Ақсораң 1565 м), Мұғалжар Үлкен Боқтыбай 657 м), Көкше тауы, Күнгей Алатауы, Қырғыз Алатауы,Ұзынқара, Шу-Іле таулары, Талас Алатауы, Қаратау жотасы

Биік шыңдар: Белуха ( 4506 м ), Ақсораң (1565 м), Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м), Бесбақан ( 4464 м), Мұзтау (3816 м), Тастау ( 2991 м)


ҚАЗАҚСТАННЫҢ БИІК ТАУ ШЫҢДАРЫ

Хантәңірі (Сарыжаз жотасы) – 6995 м

Бүкіл одақтың география қоғамына 100 жыл шыңы (Меридиандық жота) – 6276 м

Талғар шыңы (Іле Алатауы) - 4973 м

Шоқтал тауы (Күнгей Алатауы) - 4770 м

Бесбақан тауы (Жетісу Алатауы) - 4622 м

Металлургтер тауы (Іле Алатауы) – 4600 м

Мұзтау шыңы (Алтай, Қатын жотасы)- 4506 м

Манас шыңы (Талас Алатауы) - 4482 м

Ашутор тауы (Теріскей Алатауы) - 4427 м

Мұзтау тауы (Жетісу Алатауы) – 4370 м

Комсомол шыңы (Іле Алатауы) – 4376 м


ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫҢ ТАРАЛУ АЙМАҚТАРЫ:

Мұнай-газ бассейндері: Каспий маңы мұнайлы-газды аймағы, Маңғыстау-Үстірт мұнайлы газды аймағы, Шу-Сарысу газды аймағы,Теңге, Жетібай, Жаңаөзен, Қаражанбас, Қаламқас, Теңіз, Қарашаған, Құлсары, Қосшағыл, Мақат (1915 ж), Доссор (1911 ж), Кеңкияқ, Жаңажол, Қарашығанақ (1979ж)

Көмір бассейндері: Жайық–Каспий (Жайық-Жем) қоңыр көмір алабы, Жыланшық қоңыр көмір алабы, Қаратау қоңыр көмір алабы, Шу қоңыр көмір алабы, Оңтүстік Балқаш қоңыр көмір алабы, Іле қоңыр көмір алабы, Торғай (Обаған) қоңыр көмір алабы, Теңіз-Қоржынкөл тас көмір алабы, Екібастұз тас көмір алабы, Майкүбі қоңыр көмір алабы, Оңтүстік Жайсан қоңыр көмір алабы.


РУДАЛЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР

Темір:Қашар, Сарыбай, Соколов, Әйет, Лисаков, Кентөбе, Қаратас, Атансор

Марганец: ( 11 кен орны бар, дүние жүзі бойынша 2- ші орында): Атасу, Жезді, Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Маңқыстау.

Хром: (21 кен орны бар) Мұғалжар тауы, Кемпірсай, Дөң т.б

Никель: Мұғалжар тауы, Бұрақтал, Аққара т.б

Алюминий: (200 кен орны бар), Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы- Ақмола және Торғай ойысында (Арқалық торабы).

Мыс:Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл т.б

Полиметалдар ( қорғасын, мырыш, мыс қоспалары, алтын, күміс жатады): Кенді Алтай, Риддер мен Зырян, Жетісу Алатауындағы Текелі және Қаратаудағы Ащысай мен Мырғалымсай


РУДАСЫЗ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР

Асбест: Қостанай (Жітіқара), Қарағанды (Жезқазған), Мұғалжар (Бөгетсай), Шу- Іле таулары, Хантау кен орындары.

Фосфорит: Қаратау (Шолақтау, Ақсай, Жаңатас т.б)

Тұз: Каспий маңы ойпаты мен Батыс Сібір жазығы


Қазақстанның ішкі сулары

«Өзендер»:

Қазақстан аумағында ірілі – ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км- ден асады.

Каспий теңіз алабы: Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен т.б жатады.

Арал теңізі алабы: Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері.

Балқаш-Алакөл алабы: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б


Өзендер

Жалпы ұзындығы

Қазақстандағы ұзындығы

Ертіс

4248 км

1700 км

Есіл

2450 км

1400 км

Жайық

2428 км

1082 км

Сырдария

2219 км

1400 км

Тобыл

1591 км

800 км

Іле

1439 км

815 км

Шу

1186 км

800 км

Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Жем, Сағыз, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Бақанас, Шу, Іле, Аягөз, Сырдария, Әмудария, Арыс, Шарын,Сарысу,Торғай, Ырғыз, Жыланшық



«Көлдер және бөгендер»

Қазақстанның кең – байтақ аумағында ірілі – ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар.Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар.Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60 % - ын алып жатыр.

Қазақстанның аса ірі көлдері: Арал, Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сілетітеңіз, Сасықкөл, Құсмұрын, Марқакөл, Сарықопа, Қорғалжың, Үлкенқараой, Шағалалытеңіз, Теке (37- жуық атаусыз құрғап қалған өзен салалары құяды), Қамыстыбас, Қызылқақ, Жалаулы, Қарасор, Арыс, Аралсор, Ұялы.

Тектоникалық көлдер: Марқакөл, Қарасор, Теңіз – Қорғалжан тобы, Көкшетау көлі (Бурабай, Зеренді, т.б)

Реликті (қалдық көл): Каспий, Арал

Мұздық көлдер типі.Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі.Оларға мореналық көлдер жатады.Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т.б мұздық көлдер жатады.

Кар көлдері.Биік тауларда қар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде пайда болған шұңғымаларда таралған. Кар ойыстардың пішіні көбіне дөңгелек болып келеді, олар суға толғанда кар көлдері құралады. Мұндай көлдер өте көп, бірақ олардың көлемі шағын болады.

Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер.Оларды дала табақшалары деп те атайды.Түбі тегіс ойыстар суға толып, шағын көлдерге айналады. Қазақстанның солтүстігінде, Батыс – Сібір жазығнда мұндай көлдер көп.

Ескі арна көлдері. Қазақстан өзендерінің ирелеңдеп ағу нәтижесінде негізгі арнадан бөлініп қалған көлдер.

Су бөгендері:

Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, олард тоған деп атайды.Елімізде қазір 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда 90 км3 тұщы су жиналған.


Бөгендер

Орналасқан жері

Іске қосылған жылы

Ауданы

Бұқтырма

Ертіс, ШҚО

1967

5500

Қапшағай

Іле, алматы обл.

1970

1847

Шардара

Сырдария, ОҚО

1966

900

Сергеев

Есіл, СҚО

1969

117

Қаратомар

Тобыл, Қостанай обл

1965

92

Самарқан

Нұра, Қарағанды обл

1941

82

Бөген

Бөген, ОҚО

1967

65

Вячеслав

Есіл, Ақмола обл

1969

61

Киров

Көшім, БҚО

1967

39

Шерубай – Нұра

(Топар)

Нұра, Қарағанды обл

1960

39

Кеңгір

Кеңгір, Қарағанды обл

1952

37

Өскемен

Ертіс, ШҚО

1963

37



КАСПИЙ ТЕҢІЗІ

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл 450 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!