Материалдар / География пәнінен олимпиада тапсырмалары 9 - сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

География пәнінен олимпиада тапсырмалары 9 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
география пәнінен олимпиада тапсырмалары 9 - сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
3310
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Олимпиаданың І кезеңі 9 – сынып

Эссе тақырыбы

  1. Елдің ертеңі – жастар.

  2. ХХІ ғасырдың білім кеңістігі қандай болмақ?

  3. Аққулар қонған айдын көл (экология тақырыбы)

  4. Астанам – бас қалам


Олимпиаданың ІІ кезеңі.

Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз.


Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық Қазақстанда жоқ. Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие екенінен бейхабар.

Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін, заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге болады.

Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100 мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді.

Салтанат бір жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Ол жоғары оқу орнын биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Өзім таңдадым. Мамандығымды жақсы көремін. Бірақ болашақта сұранысқа ие бола ма, жоқ па, оны ойламаппын. Ауыл мектебін бітіргендіктен шығар, көп мамандық түрлері барын білмеппін. Оқуды бітірген кезде мамандығыма сай тез жұмыс табамын деп ойлағанмын. Бірақ, міне, бір жыл болды, әлі жұмыссызбын. Түйіндемемді арқалап қанша жерге бардым. Мектептерде бұл пән бойынша орын толық, сағат жоқ деп шығарып салады. Енді басқа саладан жұмыс іздестіруді ойлап.

Тағы бір үлкен проблема: қолына диплом алғандардың 90 пайызы өз мамандығына сай жұмыс таба алмайды. отырмын, – дейді Салтанат.

Қазақстанда жоғары оқу орындарында таңдау көп. Алайда жас түлектердің көпшілігі тегін оқу деп жаны қалайтын мамандық бойынша оқуға түспейді. Қалаған мамандығын меңгермеген соң, қолында дипломы болғанымен, жұмыс істеуге құлқы болмайды.

«Ұрпақ тағдыры – білім» қозғалысының жетекшісі Ерсайынның есебінше, мектеп бітірушілердің 20-30 пайызы ғана мамандықты дұрыс таңдайды

Қазақстанда мамандықтарға талдау жасалмайды. Ал түлектер тек грантқа ие болуды ойлайды. Ол мамандыққа сұраныс бар ма, бітірген соң жұмыс таба алады ма, оны ойламайды. Мектептерде кәсіптік бағдар беру жағы қарастырылмағандықтан, оқушылардың қолында мамандықтар туралы ақпарат жоқ, түк хабарсыз.

Арнайы зерттеу жүргізбедік, бірақ жылда жоғары білім алған жастардың 10-20 пайызы ғана өз мамандығымен жұмысқа тұратыны шындық. Қалғаны ақша табу үшін құрылысқа, күзетке орналасады, – дейді Ерсайын.


  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.


1.Неге түлектер қажетті кәсіп түрлерінен хабарсыз?

  1. Бұл проблема қалай шешімін таппақ?

  2. Салтанат неліктен бос жүр?

  3. Неге ЖОО-нын бітірген жастардың жұмыс жасауға ниеті жоқ?


  1. Ерсайынның пікірінше, оқу бітірген жастардың көп бөлігінің өз мамандығы бойынша еңбек етпеуінің себебі неде? Өз тұжырымыңызды білдіріңіз.




  1. Кестені толтырыңыз.



Мәтінде қандай мәселелер көтерілді?

Мәтіннің негізгі ойы қандай?








































Пән атауы

Мазмұны

1.

Қазақ әдебиеті

Тартқан сымнан жіңішке

Үзіліп кетпей неғып тұр.

  1. Үзінді қай жырдан алынған? Кімнің бейнесі сомдалған? Қандай көркемдік тәсіл қолданылған?

2.

Қазақ әдебиеті

а) Сарказм. 2-3 мысал келтіріңіз.

ә) Төрт түлік малға байланысты мақал-мәтелдер. 4-5 мысал келтіріңіз.

3.

Қазақ тілі

Сұрақтарға жауап беріңіз (әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі):

1. «Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы» қашан қабылданды?

а) 1998 ж. 11 шілде

ә) 1997 ж. 11 шілде

б) 1999 ж. 11 шілде

в) 1996 ж. 11 шілде

г) 1995 ж. 11 шілде

2. Көркем әдебиет стиліне тән емес ерекшелікті көрсетіңіз.

а) Образды сөздер мол қатысады

ә) Экспрессивті сөздер мол болады

б) Мәтінге ритм, интонация әсерлілік құру үшін көп қатысады

в) Шығарма тартымды болу үшін, синоним сөздер, грамматикалық амалдар көп жұмсалады

г) Тілдесу адамдардың бетпе-бет кездесуі үстінде жүреді

3. Нүкте қойылмайтын жағдайды көрсетіңіз.

а) Тиянақталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемдерден кейін және екпінсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады

ә) Сұраулы сөйлемдерден кейін нүкте қойылады

б) Адамның аты, тегінің бас әріптері шартты түрде қысқартылып алынғанда нүкте қойылады

в) Тағысын тағылар, тағы басқалар деген сөздер қысқартылып алынғанда нүкте қойылады

г) жыл, ғасыр сөздері қысқартылып қолданылса, нүкте қойылады

4. Дүниежүзінде ең көп тараған тіл?

а) қытай

ә) ағылшын

б) араб

в) орыс

г) испан

5. «Құдатғу білік» кімнің еңбегі?

а) М. Қашқари

ә) Ж. Баласағұн

б) А. Йассауи

в) Әл-Фараби

г) А. Йүгнеки

4.

Қазақ тілі

Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз (дұрыс талдаған талапкерге 10 ұпай, әр қате үшін бір ұпайдан шегеріледі):

Шіліңгір шілдеде әуеге алақандай бұлт жоламады. Жалындаған шарболат күн көз қарыды, ауа көңірсік сасыды. Бидайықтың басы сарғайып, ойдың шөбі жапырыла жығылып, аяқ астында шырма-шату бытысып жатты. Теміреткі орнындай сары ала өң күш алды, жайлаудың өңі тайып, жас баланың жаялығындай жалқақ тартты. Әр жерде қурай сораяды. Сай, қолаттың қойбүлдіргені, өзен жағасының сиырбүлдіргені, шатқал-шатқалдың тікенек тошаласы, қан түйіріндей қызылқат, итмұрын, сия көк бояу қарақаттың алды қарайып, ата бастады.


5.

Тіл мәдениеті

Тәуелсіздіктің нұрлы таңы.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!