Материалдар / География пәнінен практикалық жұмыс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

География пәнінен практикалық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға арналған практикалық жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2021
545
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

География пәні


Практикалық жұмыстар - оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті лабораториялық жұмысқа ұқсас. Кейбір оқу пәндерінің әдістемелерінде (мысалы, еңбек және кәсіби оқыту әдістемесінде) "лабораториялық-практикалық жұмыс" деген термин қолданылады. Практикалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау — анализсинтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы. Практикалық жұмыстар білімді бекітуге және нақтылауға себепші болады. Практикалық жұмыстарды орындау мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты. Мысалы, химиядан практикалық жұмыс химиялық құбылыстарды түсіндіруге жөне бақылау біліктілігін дамытуға; заттарды алуға және ажырата білуге себепші болады; оқушыларды химиялық лабораториядағы жұмыстың қарапайым тәсілдерімен таныстырады; заттармен, химиялық ыдыстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Биологиядан практикалық жұмысқа табиғи объектілерді анықтау бойынша жүргізілетін жұмыстар, эксперимент жатады. География сабағы бойынша жүргізілетін практикалық жұмыстар арқылы географиялық және топографиялық карталармен жұмыс істей білу, тұрғылықты жердің планын құру және т.б. біліктілігі қалыптасады. Оқытудың бастапқы сатысында практикалық жұмыстар жалықтырушы сипатта болады. Жұмыстың күрделілігі біртіндеп өзгереді: оқушылар көп уақыт алмайтын күрделі тапсырмаларды орындауға көшеді. Тиісті дағдыларды меңгергеннен кейін оқушылар практикалық жұмысты өз бетімен жүргізулеріне

1 сарамандық жұмыс

1. Қалауы бойынша мектеп атласы біреуіне талдау жасау:

а) атластың библиографиялық көрсеткіштерін (атлластың аты, авторлары, шыққан жері мен жылы) анықтау;

ә) атластың құрылымын (негізгі карталар топтары, олардың орналасу реті) анықтау;

б) қалауы бойынша бір тақырыптық картаның мазмұнына, картографиялық кескінделу әдіс-тәсілдеріне, математикалық негізіне сипаттама беру;

в) картадағы қосымша материалдар жиынтығын (қосымга мәтін, суреттер, сандық көрсеткіштер, географиялық атаулар көрсеткіші) анықтау және оларға баға беру;

г) талдау жасалынған атлас туралы қорытынды жасау.

2. Жалпы географиялық және тақырыптық карта бойынша өлшеу жұмыстарын жүргізу:

а) қалауы бойынша алынған нүктелердің арасындағы немесе материктердің батыстан-шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай қашықтығын градуспен, км-мен өлшеу;

ә) қалауы бойынша алынған нүктелердің немесе географиялық объектілердің географиялық координаталарын анықтау;

б) берілген координаталар бойынша нақты объектілердің географиялық орнын анықтау;

в) орындалатын тапсырмалар негізінде қорытынды жасау.


2 сарамандық жүұмыс

1. «Геосаясат», «геосаяси жағдайы» туралы түсініктер мен елдің геосаяси жағдайына баға берудің талаптарын (көршілес елдер, олардың саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайы, саяси ұйымдар мен жанжал ошақтарына қатысты және т.б.) естеріңе түсіру.

2. Қалауы бойынша бір елдің геосаяси жағдайына баға беріп, оның халықаралық жағдайлар әсерінен өзгеру мүмкіндігін сипаттау.

3. Саяси карта бойынша геосаяси жағдайы өте қолайлы немесе қолайсыз елдерді анықтап, олардың тізімін дәптерге жазу.


3сарамандық жүұмвс

1. Оқулық мәтіні мен сызбаларды пайдалана отырып, табиғат ресурстардың түрлерін анықтау.

2. Ресурспен қамтамасыз етілу түсінігінің мәнін ашып, дүние жүзі бойынша минералдық, су, жер ресурстарының таралу заңдылығын және осы ресурс түрімен жақсы қамтамасыз етілген елдерді анықтау.

3. Қалауы бойынша төмендегі карталарды талдауға арналған сұрақтар топтамасын анықтау:

- минералдық ресурстар;

- жер ресурстары;

- агроклиматтық ресурстар;

4. Табиғат ресурстарын игеру мен шаруашылық қажетіне пайдалану барысында туындайтын экологиялық проблемаларға мысал келтіру.



4 сарамандық жұмыс

1. «Еңбек ресурстары», «Экономикалық белсенді халық», «Халықтың жастық-жыныстық құрамы», «Миграция», «Урбандалу» ұғымдарының мағынасын жазу.

2. Төмендегі жоспар бойынша елдер мен аймақтардағы еңбек ресурстарына салыстырмалы сипаттама беру:

а) халықтың саны, табиғи өсуі, ЭБХ-ң үлесі;

ә) жастық-жыныстық құрамы;

б) еңбек ресуртарының шаруашылық салалары бойынша таралуы;

в) мамандардың кәсіптік деңгейі, қалыптасқан еңбек дағдалары;

г) еңбек ресурстары арасындағы айырмашылықтары туралы қорытынды жасау;

3. Елдер мен аймақ халықтарының тарихи қалыптасқан кәсіпшіліктері туралы хабарлама жазу.


5 сарамңдық жұмыс

1. ҒТР-дың мәні мен мағынасын түсіндіру. Оқулық мәтініндегі сызба бойынша ҒТР-ң құрамдас бөліктерін анықтап, олардың әрқайсысының дүниежүзілік шаруашылық салаларына (өнекәсіп, ауыл шаруашылық, көлік т.б) тигізетін ықпалын нақты мысал келтіру.

2. ҒТР-ң негізгі белгілерін анықтап, олардың дүниежүзілік шаруашылықтағы көріністеріне нақты мысалдар келтуру.

3. ҒТР-ң дүние жүзілік шаруашылықтың аумақтық құрылымына тигізетін әсерін анықтап, бұрын және жаңа игерілген аудандар шаруашылығындағы айырмашылықтарға мысалдар келтіру.

4. ҒТР жағдайында өндірістік және өндірістік емес салалар арасындағы арақатынас неліктен және қалай өзгерді?

5. Жұмыс қорытындыларын кесте түрінде дәптерге түсіру: кестенің 1-ші бөлігіне - өнеркәсіп, 2-ші бөлігіне – ауыл шаруашылығығы, 3-ші бөлігіне – көлік жүйесі дамуындағы ҒТР-ң ролі көрсетіледі.


6 сарамандық жүмыс

1. Төмендегі жоспар бойынша Ресей Федерациясына қысқаша эконом-географиялық сипаттама беру.

а) елдің эконом-географиялық және геосаяси жағдайы;

ә) табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына шаруашылық баға беру;

б) халқының саны, ұлттық, жас-жыныстық құрамы, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, ЭБХ және т.б.

в) шаруашылығына жалпы сипаттама;

г) сыртқы экономикалық байланыстары, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы байланыстар.

2. Ресей экономикасының кейбір көрсеткіштерін картографиялық әдіс-тәсілдер арқылы бейнелеу:

а) кескін картаға Ресейдің көршілес елдерін белгілеу, аумақтық жанжал ошақтары мен келіспеушілік байқалатын аудандарды белгілеу;

ә) кескің картаға аса маңызды пайдалы қазбалар мен кен орындарын түсіру;

б) кескін картаға ірі өнеркәсіп орталықтарын, экономикалық зоналар мен аймақтарды және көлік жүйелерінің ірі магистральдарын, халықаралық туризм орталықтарын, экологиялық зардап аудандарын түсіру.

3. Ресей Федерациясының эконом-географиялық жағдайын қорытындылау.


7 сарамаңдық жұмыс

1. Қосымша әдебтиеттер мен оқулық мәтінін пайдаланып, жоспар бойынша Орта Азия елдерінің біріне сипаттама беру.

2. Салыстырмалы сипаттама қорытындыларын кесте түрінде толтыру, кестеге республикалар аты, табиғат жағдайы мен ресурстарының ерекшеліктері, шаруашылығының мамандану салалары, даму мүмкіндіктері, Қазақстанмен экономикалық байланыстарына байланысты және т.б. мәліметтерді енгізу

болады.[1]

Сыныптар бойынша жоспарланған практикалық жұмыстар орындалды.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!