Материалдар / География пәнінен тапсырмалар жинағы

География пәнінен тапсырмалар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мен оқушыларға көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Шілде 2020
2929
2 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақы жылқы тұқымдарының таралуы

Қазақы жылқы тұқымдарының түрлері

Таралған аудандары

Пайдалану


Жабы жылқысы

Атырау,Ақтөбе,Қарағанды,Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл,Шығыс Қазақстан,Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары

Күш көлігі ретінде


Адай жылқысы


Атырау мен Маңғыстау облыстары

Салт мінуге қолайлы,жүрісі жеңіл әрі жүйрік


Көшім жылқысы


Ақтөбе,Алматы және Жамбыл облыстары

Қара жұмысқа,ұзақ жүріске қолайлы

Қостанай жылқысы

Республиканың солтүстік аудандарында,соның ішінде,Қостанай облысы

Салт мінуге,көлік ретінде жегуге қолайлы







Қазақы жылқы тұқымдарының таралуы кестесін толтыр

Қазақы жылқы тұқымдарының түрлері

Таралған аудандары

Пайдалану


Жабы жылқысы




Адай жылқысы





Көшім жылқысы




Қостанай жылқысы










1. 1 тонна құмшекер алу үшін қанша тонна қант қызылшасы қажет?

2. Қазақстандағы темекі өндіретін шетелдік кәсіпорын?

3. Қазақстандағы жетекші көлік түрі?

4. Батыс аудандар арқылы өтетін ескі теміржол?

5. Трансқазақстан теміржолының жүріп өтетін маршрутын ата?

6. «Тарих – уақытпен берілген география, ал география – кеңістіктегі тарих» деп айтқан атақты француз географы?

7. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) деген не?

8. Елге тұрақты тұру үшін келу не деп аталады?

9. Тұрақты тұруға елден кету не деп аталады?

10. Еңбек ресурсы дегеніміз не?

11. Модернизация деген не?

12. Қазақстанда дінге сенушілердің ішінде сүниттік ислам неше пайызын құрайды?

13. Қалалардың қалыптасуы мен дамуын не деп атайды?

14. Ең алдымен өнеркәсіпте ішкі машиналық өндіріс орнату не деп аталады?

15. Жаңа идеялардың,ғылым мен білімнің және технологияның енуімен байланысты термин сөз?

16. Либерализация деген не?

17. Барлық аумағында бірыңғай заң шығарушы және атқарушы билік қалыптасқан мемлекетті не деп атайды?

18. Республикалық басқару формасы неше бөлінеді?

19. Монархиялық басқару формасы нешеге бөлінеді?

20. Әкімшілік-территориялық құрылыс формасын ата?

21. «Үлкен жетілік» елдерін ата?

22. «Қоныс аударушылар капитализмі» елдерін ата?

23. Экономика мен саясаттағы «Үшінші әлем» елдерінің жетекші орындағы елдерін ата?

24. «Жаңа индустриалды» елдерді ата?

25. Сыртқа мұнай шығаратын елдер?

26. «Мешеу» елдер?

27. Парламенттік республикада үкімет басшысы?

28. Теократтық монархия елі?

29. Муссондық ағыс тән мұхит?

30. Ресейдің ең үлкен аралы







1

1. 6-9 тонна қант қызылшасы керек.

2. «Филип Моррис»

3. теміржол көлігі

4. Орынбор-Ташкент

5. Петропавл-Акмола-Караганды-Мойынты-Шу

6. Элизе Реклю

7. ЖІӨ деген – экономиканың барлық салалары бір жыл ішінде өндірген өнімнің құны.

8. иммиграция

9. эмиграция

10. Мемлекет экономикасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар.

11. Өнеркәсіптің жетекші салаларын дамыту,халыққа,шаруашылыққа қызмет көрсетудің көптеген формаларын жетілдіру.

12. 70%

13. урбандалу

14. индустриализация

15. инновациялық даму

16. экономиканы әр түрлі шектеулерден босату.

17. унитарлы (бірыңғай) мемлекет

18. парламенттік, президенттік

19. конституциялық, абсолюттік, теократтық

20. унитарлы, федеративтік

21. АҚШ, Жапония,Германия,Франция,Италия,Канада,Ұлыбритания

22. Канада,Аустралия,Жаңа Зеландия,ОАР,Израиль

23. Үндістан,Бразилия,Мексика

24. Корея,Гонконг,Малайзия,Тайланд

25. Сауд Арабиясы,Кувейт,Катар,БАӘ,Ливия,Бруней.

26. Бангладеш,Ауғанстан,Йемен,Мали,Чад,Гаити,Гвинея.

27. премьер-министр

28. Ватикан

29. Үнді мұхиты

30. Сахалин











2

Жеңіл өнеркәсіп құрылымы

Шикізат өндірісі

Жартылай дайын өнімдер

Дайын өнімдер

Мақта

Жіп иіру

Тігін

Шитті мақта

Тоқыма

Тоқылған бұйымдар(трикотаж)

Мал терісі

Былғары

Тері

Кілем

Аяқ киім

Галантерея





Жеңіл өнеркәсіп құрылымы кестесін толтыр(дәптерге)

Шикізат өндірісі

Жартылай дайын өнімдер

Дайын өнімдер






































1. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда Гиппарх Жер дүниенің ортасында қозғалмай тұрады деп есептеп, планеталардың қозғалу теориясын жасаған.

2. 1543 жылы поляк ғалымы Николай Коперник «Аспан сфераларының айналысы туралы» деген еңбегінде Жер қозғалмайды және бүкіл Ғаламның ортасында тұрады деген ілімді жоққа шығарды.

3. 1718 жылы ағылшын астрономы Эдмунд Галлей жұлдыздың меншікті қозғалысын тапқан.

4. 1761 жылы орыс ғалымы Михаил Ломоносов Шолпан планетасының атмосферасын ашты.

5. 1755 жылы Иммануил Кант және 1776 жылы Пьер Лаплас Күн жүйесінің пайда болуы туралы алғашқы гипотезаны ұсынды.

6. Бермуда аралдары - Атлант мұхитының солтүстік-батысында, Солтүстік Американың Флорида түбегі жағалауынан оңтүстік-шығысқа қарай 900 км-дей жерде орналасқан.

7. Гаити - Америка құрлығының ең кедей елі. 10 миллион тұрғыны бар, астанасы - Порто-о-Принс қаласы.

8. Ең алғашқы қолжазба түріндегі карталар жинағын б.з-дың 2 ғ-ында Клавдий Птолемей жасаған.

9. Алғашқы жұлдыздық атласты неміс астрономы И.Байер құрастырған (1603).

10. Навигациялық карталар теңізде (мұхит, өзен) кемемен жүзу уақытына арнап жасалған карталар жүйесі.

11. Жалпы жер тану (негізін Аристотель қалады) және ел тану (Геродот) .

12. Ұлы геогр. ашылулардың ғыл. қорытындылары голланд ғалымы Б. Варениустың“Жалпы география” атты еңбегінде (1650 ж.) жинақталды.

13. Гренландия жергілікті тұрғындары — иннуиттер.

14. Монте-Карло қаласы орналасқан ел – Монако.

15. Висла, Одра өзендері орналасқан ел – Польша.

16. Геодезиялық және картографиялық жұмыстар үшін Ф.Н.Красовский эллипсоиді қолданылады. Бұл өлшем бойынша экваторлық радиус — 6378,2 км, полярлық радиус — 6356,8 км, меридиан ұзындығы — 40008,5 км, экватордың ұзындығы — 40075,7 км, жер бетінің жалпы ауданы — 510 млн км2.

17. Жер өз орбитасын 365 тәулік 6 сағ 9 мин 9,6 с-та бір рет айналып шығады.

18. Манапури - Жаңа Зеландиядағы көл. 

19. Ең алғашқы градустық торы бар картаны, яғни ендік пен бойлықты дәл өлшеп, картографиялық бағыт ұстанған ғалым Птоломей жасаған.

20. ХV ғ атақты неміс картографы Мартин Бехайм алғашқы глобусты жасады.Оның глобусында Еуропа, Азия, Африка бейнеленген. Бехаймның глобусында Америка туралы түсінік жоқ.Оның орнын Бехамның ойы бойынша Еуропадан Шығыс Азияға қарай мұхит алып жатыр. Бұдан теңізшілердің арасында «Еуропадан батысқа қарай жүзе берсе, Азияның шығыс жағалауына жетуге болады» деген пікір туған.

 21. 1627 ж. шыққан «Книга большого чертежа» («Үлкен сызба кітабы») атты еңбекте қазіргі республиканың батыс, оңт. және орт. бөліктерінің біршама жерлеріне нақтылы сипаттама берілген.

22. Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғыл. еңбек П.И. Рычковтың 1762 ж. шыққан «Топография Оренбургская» («Орынбор топографиясы») атты кітабы болды.

23. Атақты неміс ғалымы А.Гумбольдт өзінің Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесінде «Центральная Азия» («Орталық Азия») деген көлемді еңбегін шығарды.

24. 19 ғ-дың 30-жылдарына дейін Қазақстан туралы жиналған геогр. деректер А.И. Левшиннің «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» («Қырғыз-қазақ не қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы») деген кітабында (1832) қорытындыланды.

25. И. Г. Борщов «Материалы для ботанической географии Арало-Каспийского края» («Арал-Каспий өлкесінің ботаникалық географиясына арналған деректер») деген классик. монографиясында Бат. Қазақстанды ландшафтылық-геогр. облыстарға бөлді.

26. 1865—79 ж. аралығында А.Татаринов Оңтүстік Қазақстаннан Ленгер, Келтемашат, Боралдай, т.б. қоңыр көмір кен орындарын ашты.

27. Н.И. Андрусовтың «Мангышлак» («Маңғыстау») атты еңбегі. Мұнда автор түбектің тектоникасы, стратиграфиясы туралы белгілі болған барлық деректерді тұжырымдады.

28. Л.С. Берг «Аральское море» («Арал теңізі») монографиясында (1908) қорытындылады.

29. Северцов «Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных» («Түркістан жануарларының таулы және жазық өңірде таралуы») деген күрделі еңбегінде (1873) Орта Азияны геогр. аудандастырудың негізін қалады (Оңтүстік Қазақстанды қоса).

30. [1927 ж. шыққан М.Д. Пономарев пен В.Н. Барсуктың «Климатический очерк Казахстана» («Қазақстанның климаттық очеркі») еңбегі] жасалды.

31. И.П.Герасимов Үстірттің, Неуструев Каспий ойпатының топырақ жамылғысын зерттеді.

32. Қазақстанның бірінші географиялық атласы екі том болып 1982 және 1985 жылдары жарық көрді.

33. Қара теңіздің басты порты? Диксон.

34. Хатанга, Лена, Яна өзендері қай теңізге құяды? Лаптевтер.

35. Колыма,Алазея,Индигирка,Хрома өзендері қай теңізге құяды? Шығыс Сібір .

36. Басс бұғазы —Австралия мен Тасман аралы аралығындағы бұғаз. Басты порты — Мельбурн қаласы Басс бұғазын 1798 жылы ағылшын зерттеушісі Дж.Басс ашқан, соның құрметіне осылай аталған.

37. Сангар бұғазы немесе Цугару бұғазы - Хонсю және Хоккайдо аралдарының арасындағы бұғаз. Жапон теңізін Тынық мұхитымен жалғастырады.

38. Зонд бұғазы

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!