Материалдар / География сабағында АКТ қолданудың оқушылардың танымдық белсенділігіне әсері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

География сабағында АКТ қолданудың оқушылардың танымдық белсенділігіне әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада педагогикалық оқыту технологияларын, оның түрлерін қарастырылады. Географияны оқу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану әрекеті, жалпы білім беретін мектептердегі география оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға байланысты көбірек мүмкіндіктер ұсынады. Осы мақалада оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пайдалануының маңыздылығы және әрекет салуы талқыланады.
Авторы:
04 Маусым 2024
160
4 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚУ КЕЗІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ

Адилбаева ЖҰЛДЫЗ

zh.akimova77@gmail.com

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті,

Ғылыми жетекшісі: Кадирбаева Дидар Артықбаевна

Қарағанды қ., Қазақстан



Аннотация: мақалада педагогикалық оқыту технологияларын, оның түрлерін қарастырылады. Географияны оқу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану әрекеті, жалпы білім беретін мектептердегі география оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға байланысты көбірек мүмкіндіктер ұсынады. Осы мақалада оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пайдалануының маңыздылығы және әрекет салуы талқыланады.

Қазіргі заманғы қоғам жаһандық ақпараттандыруда қарқындап дамып келе жатыр. Әлеуметтік, экономикалық және технологиялық даму процестері білім беру жүйесінде тиісті өзгерістерді талап етеді. Еліміздегі білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған дамудың жаңа кезеңін өтуде.ТМД елдерінде білім беру жүйесінің жаңа парадигмасына нақты бет алу байқалады. Осыған орай, ақпараттандыру қазіргі білім беру жүйесінің басты бағытттарының бірі білім саласында ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану мен түрлі дидактикалық және педагогикалық міндеттерді шешу құралы болып отыр.

«Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасында білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық жүзеге асыру және осы арқылы сапалы білімге қолжетімділікті арттыру деп көрсетілген. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер мен электронды оқыту құралдары - оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан да қазіргі білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен электронды оқыту құралдарын пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шарт болып отыр.

Педагогикалық оқыту технологияларын, оның түрлерін тиімді, дұрыс түсіну үшін бұл ұғымның теориялық аспектілерін толық түсінуді қажет етеді. «Ақпарат» термині латынның Informatio «түсіндіру» «мазмұндама» деген сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білідіреді. Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу үшін қолданылады. Ақпаратты тек қандай да бір мәліметтердің жиынтығы деп түсінуге болмайды. Ақпарат белгілі бір мәселелерді шешуге қажетті, ұғынықты және белгілі бір дәрежедегі бағалылығы танылған білім болып табылады. «Ақпарат дегеніміз – ақпаратты алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе» . Қазіргі заманғы ғылым мен технологиялардың даму кезеңі оқу-ағарту саласында жаңа технологиялық әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді. Күнделікті сабақта компьютер мен электронды оқу құралдарын пайдалану – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды оқыту құралытар даярлау сияқты міндеттерді шешу көзделіп отыр. Көптеген электронды оқыту құралытар, электронды оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары білім алушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға әсері мол. Ақпараттандыру – компьютерлiк техникалар мен бағдарламалар, әдiстемелiк құралдар кешенiмен жабдықтау. Көп жағдайда пайдаланушылар ақпараттандыруды «компьютерлендіру» ұғымымен бірдей түсінік ретінде қарастырады. Ақпараттандыру идеологтарының бірі академик А.П. Ершов «Компьютерлер күрделі интеллектуалдық жұмыстарды орындайтын қызметкердің рӛлін атқарады» деп атап кеткен. Білім алушы ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды, мидың және орталық жүйке жүйесінің көмегімен талдап, есте сақтайды. Білім алушының ойша есеп шығаруы, мәтінді бір тілден екінші тілге аударуы ақпаратты өңдеу үрдісіне мысал болады. Қандай да бір нәтижеге жету мақсатындағы ақпаратқа қатысты іс-әрекеттер тізбегінің жиынтығы ақпараттық үрдіс деп аталады.

Ақпарат түрлерін жіктеудің бірнеше критерийлері бар. Бірінші критерийі ретінде көру, есту, иіс сезу, сипап сезу сияқты адамның ақпаратты қабылдау түрлерін атауға болады. Қабылдау түрлеріне байланысты ақпаратты негізгі үш топқа бөлеміз:

1. Мәтін, кескін, графика, сурет, фотосурет, анимация, бейнефильм секілді көру арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны визуалды ақпарат деп атайды.

2. Дыбыс, сөз, әуен сияқты есту арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны дыбыстық ақпарат деп атайды.

3. Арнайы техникалық құралдар көмегімен адамның сенсорлық жүйелері арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны сенсорлық ақпарат деп атайды. Бұл келтірілген ақпарат түрлері басқа критерийлер бойынша да жіктеледі. Соның бірі – адамның ақпаратты қабылдау әдісіне байланысты. Сондықтан да қабылданатын ақпаратты тура және ассоциативті ақпарат деп бөлеміз.

Ақпаратты ұсынудың бірнеше әдістері бар: ауызша, жазбаша және сурет, графика, бейнемәлімет, дыбыстық мәлімет арқылы көрнекілік негізде ұсыну т.б. Білім алушы ақпаратты іздеу, жинау, сұрыптау, өңдеу, сақтау арқылы ғана ой-елегінен өткізіп ұсына алады. Сонымен қатар, баспа құралдары, техникалық құралдар арқылы да ақпаратты тарата аламыз. Ақпараттың ең негізгі ерекшелігі-ол адамға интуитивті түсінікті, екінші жағынан оның ғылыми дәл анықтамасын беру мүмкін емес, сондықтан ақпарат туралы ұғым қолданылады.

Білім алушылардың географияны оқытуда мүмкіндік беретін ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланудың төменде көрсетілген бірненше артықшылықтарын анықтадық:

1. Оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында

айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі білім

орындарында отырып қол жеткізуге болады.

3. Оқыту жүйесінің кӛп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен

оқу сапасын арттырады.

4. Білім алушы өз бетімен немесе өзге білім алушылармен топтасып бірге

жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

5. Білім алушылардың танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік

жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады

Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану нәтижесінде келесі мәселелерді шешу мүмкін болады:

- білім алушыларды материалмен танысу жылдамдығын арттыру;

- оқу үрдісін жекешелендіру. Мысалы, оқулық барлық білім алушыларға арналған, және мұғалімге де жалпы әдістемелерді қолдануға тура келеді, ал компьютер оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

- кері байланысты жақсарту. Оқулықпен жұмыс барысында мұндай кері байланысты орнату мүмкін емес. Сонымен қатар, нәтижелі кері байланыс арқылы компьютерлер жұмыстарды өзі атқарып, мұғалімнің шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңдағы жағдайда мұғалімдер: - ақпарат элементтерінің көздерін біліп, оларды курс бойынша білім алушыларға әдебиеттер тізімі ретінде беруі керек;

- зерттеулік сипаты бар ақпарат элементтерінің тәжірибелік қолданылуын нақты мысалдар арқылы білім алушыларды оқыту керек;

- білім алушыларды оқытуда ақпараттық көшбасшы болып, ақпараттық белсенділікті танытуы керек.

Мұғалімдер қазіргі таңда жаңа кәсіби қабілеттерді иемденіп, келесідей ісәрекеттерді жасайтын ақпараттандырушы болуы керек:

- білім алушыларды ақпараттық іс-әрекеттің негізгі үрдістерімен, қоғамның ақпараттық ресурстар құрылымымен таныстыру;

- интернет ресурстарынан ақпарат іздеу қабілеттерін қалыптастыру;

- электронды ақпарттық-іздеу жүйелерін қолдану, кәсіби және өзін-өзі оқыту іс-әрекеттерінде ақпараттық технологияларды қолдану, алынған деректердің жүйеленуін жүргізу, жеке картотекалар, компьютерлі деректер қоры түрінде ақпараттық базаны ұйымдастыру сияқты іс-әрекеттерге үйрету.

Бүгінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты өзгерістерді бастан кешіріп жатыр. Қазіргі кезде қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық үдерістерге ілесуінің мәні зор. Сондықтан білім беру формалары мен әдістеріне деген кӛзқарас өзгере бастады. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, оқу үрдісінде ақпарттық технологияларды пайдалану болып табылады.






ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Филатова Н.Б. Компьютер на уроке географии // География в школе. –2001. - №2. 51-53 с.

  2. Беспалько В.П. Образование и обучение с участием компьютеров

(педагогика третьего тысячелетия) - М.: МПСИ, 2002. – 176 с.

  1. Новиков С.П. Применение новых информационных технологий в

  2. образовательном процессе // Педагогика. – 2003. - №9. - С. 32–38.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!