Материалдар / ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру, оның білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпаратты технологиялар маңызды рөл атқарады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2021
389
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

ТАЖИМЕТОВА МАЛИКА УЛУГБЕКОВНА

Түркістан облысы, Сайрам ауданы №41. Жамбыл атындағы жалпы орта мектептің

география пәні мұғалімі



«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдану мен оның тиімділігін арттырудың маңызы аса зор. Олай болса, география пәнінің мұғалімі де компьютерді жетік біліп, ақпараттық технология көздерін пайдаланудан хабардар болуы қажет. Әлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын дамытудың бүгінгі күйін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасындағы білім беру стандартында қабылдап отырған негізгі құзыреттіліктерді: проблеманың шешімін табу, ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерді дамыту қажет екендігін ескеруіміз керек. География ғылымы – өте  қызықты да күрделі ғылым. Пәнге қызықтыру үшін оқушыға табиғаттың күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.

ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру, оның білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпаратты технологиялар маңызды рөл атқарады.

Стандартта ақпараттық құзырет келесі бөліктерді қамтиды:

-       Оқу іс-әрекетін іске асыру үшін ақпараттарды іздеу, талдау және таңдап алу;

-       Оқу әрекетінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес таңдап алған оқу материалдарын жіктеу;

-       Оқу іс-әрекетінде пайдалану үшін алынған ақпараттарды өңдеу және өзгерту;

-       Өңделген ақпараттарды оқу іс-әрекеті үрдісінде қолдану;

-       Сыни тұрғысынан талданған ақпараттар, негізінен, саналы шешім қабылдауға;

-       Өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға;

-    Өз бетінше шешім табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және ақпараттарды тасымалдауға дағдыландыру.

Жаңа ақпараттық технологияны сабақта пайдалану, оқушының шығармашылық интеллектуалдық  қабілетінің  дамуына, өз білімін өмірге пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.

Білім беру субъектілерін қазіргі заман талабына сай,  Жерсерік  арнасы арқылы қашықтықтан оқыту және электрондық оқулықтарды пайдаланып, география пәніне деген қызығушылығын арттыру- әрбір география пәні мұғалімінің міндеті.

Соңғы жылдарда жаңа технологиялардың көмегімен оқыту- бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша емес,  дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту  үрдісінде оқытушы мен оқушы арасында тиімді субъектілік  қатынас болып табылады.

Электронды оқулықтар оқушыны білім қорымен қаруландырып қана қоймай, оның танымдық белсенділігін арттыруда да алатын орны ерекше.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың оқушының субъектілігін дамытуында және білім сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері көп:

-         мәтіндік, графикалық, аудио-бейне, ақпараттық анимацияның бірігуі;

-         ғалымдар мен педагогтардың дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі тарихи оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары мен мәдени  орталықтарына, жер шарының ең алыс және қызық түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндік жасады;

-         оқу, көру, материалдарды іріктеу, керекті жерлерін жазып алу, қажет рефераттарды дайындауға мүмкіндік береді;

-         оқушылардың әлеуметтік қоғамның мүшесі болуына қажеттілігін арттыра түседі;

-         ғылыми жұмыстармен айналысу, қажетті материалдар табу мәселесін  жеңілдетеді;

-         электронды поштаны қолдануға дағдыландырады;

-         телеконференция өткізуге, алыс қашықтықтан ұжымдық жұмыс ұйымдастыруына   мүмкіншілік береді;

-         мультимедия жүйелері ақпаратты пайдалануға, әр түрлі параметрлер бойынша  өзгертуге мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, электронды оқулықпен білім берудегі ерекшеліктер мыналар болмақ:

-          түрлі анықтамалық ақпараттар алады;

-          оқушылар өздігінен білім алады;

-          пәнге қызығушылығы артады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі;

-          оқушының шығармашылық ізденісі жоғарылайды;

-          қосымша терең білім алады және өзін-өзі тексереді;

-          тақырыпқа қажетті бейнекөріністі тамашалап, талдайды;

-          дидактикалық материалды қолдану тиімділігі артады;

-          сарамандық жұмыстарды өзбетімен жүргізуге дағдыланады;

-           кескін картамен жұмыстанады;

-          дайындалған материалды қайта-қайта қарауға мүмкіндігі болады;

-          оқушы мен мұғалімнің шығармашылық қарым-қатынасы мен ізденісін арттырады;

-          әңгімелерін әрлеуге көмектеседі;

-          ҰБТ-ға дайындалуға көмектеседі;

-          деңгейлік тапсырмалар орындайды;

-          тесттік тапсырмалар шешеді. 

Жаңа технология жүйесінде мәнді ойындардың атқаратын маңызы зор. Мәнді ойын сабағында оқушылар әр-түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Ондай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға қызығушылығын арттырады. Өмірде кездесетін әр-түрлі қиындықтарда дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді. Ұстаздар арнайы тақырыпқа байланысты слайд дайындап, видео көрсетіп оқушының білім алуына барынша ықпал жасауда. Оқушы көру арқылы тақырыпты түсініп, тапсырманы талдап, тест шешіп топпен немесе жеке жұмыс жасайды.

Мәселен, «Суреттер сөйлейді» әдісінде берілген саяхатшылар немесе зерттеушілердің суретін танып, оның еңбектері туралы айту керек болады. Әр елдің туларын да танып білу керек. Туларда әрбір түс және белгілерді жатқа білгені дұрыс. Себебі, елдердің тулары бір-біріне ұқсас келеді, тек түстердің орналасуында айырмашылықтар кездеседі.

«Жұмбақ сұрақ» оқыту ойыны. Ертеде бір байдың үш ұлы болады. Күндердің күнінде бай ұлдарын дүниедегі ең ғажайып затты тауып келуге жұмсайды. Үшеуі солтүстіктен оңтүстікке қарай үш жолмен кетеді. Үлкен ұлы өз жолында үстірттен, кейін су жағалай жүріп, бір кезде тұз бен балық сатып отырған адамдарға кездеседі, сол жерден ол бір адамнан ұшар кілем сатып алады. Ортаншы ұлы жолында үйіліп тұрған қара алтынды көреді, кейін шөл даламен жүріп отырып, шөлде су сұрап отырған адамнан сиқырлы дүрбі алады. Кенже ұлы жолында алтын, күміске толы қоймадан, бір жақ беті ащы, екінші жағы тұщы судан, кейін үлкен алма бағына келеді, ол жерден ол өмір алмасын сатып алады. Кейін үш ағайынды тауда жолығып, сол жерде дүрбімен әкелерін көрсе, әкелері ауыр науқас екен, тез арада ұшар кілемге отырып, әкелеріне өмір алмасын береді. Әкелері ауруынан айығып, барлық затты бағалы деп есептейді. Сонымен, ұлдар қай жерлермен жүріп өтті, қай ел екенін картаға қарап анықта. Жауабы: Қазақстан Мұндай жұмбақ сұрақтар баланың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілеттін арттырады.

«Ойлан тап» ойыны Пайдалы қазбаларға байланысты, шартты белгілерді алып, оны қай елде өндіретінін табу керек. Міне осы әдістерді электронды түрде картамен бірге орналастырса, оны анықтау барысында оқушының ойлау қабілеті артады және көре отырып жұмыс жасайды.

«Тұлғаны таны» әдісіде осыған ұқсас, тұлғаны танып біледі. Сәйкестендіру тапсырмаларын орындаудада өте тиімді. Оқушы бұл жерде танып қана қоймай, ізденушілік қабілеті артады. Берілген тұлғаны тану үшінде интернеттің көмегіне жүгінеді. Қазіргі кезде олимпиаданың көпшілігі онлайн түрінде болып жатыр, яғни ақпарттық технологияны қолданудамыз. Қашықтықтан білім беру дегеніміз- белгілі бір қашықтықта отырып, компьютірлік телекоммуникация және де басқа байланысу орталықтар көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттар мен өзара алмасу тәсіліне негізделген.

Қазіргі таңда оқушылар, студенттер қашықтықтан білім алуда. Зумм, білім ленд, онлайн мектеп, ватсап арқылы білім алып отыр. Білім лендте енгізілген тақырыпты оқып, тапсырмаларын орындайды. Зумм арқылы мұғаліммен бетпе-бет отырып та білім алып, бөлісіп отыр. Қосымша пәндерде қызықты тақырыптар, яғни ізденушілікті қажет ететін тапсырмалар берілсе, оқушылар іздену арқылы көптеген мәліметтер жинайды. Сол жинаған мәліметтерінен слайд жасап, тиісті праграмаларға салып дайындағанда да, интерттеттің көп көмегі тиеді. Интернет арқылы оқушы көп мәлімет алады. Тест шешуде, маңызды ақпарат табуда, интернетке жүгінеді. Олимпиадалық тапсырмаларда кейбір сұрақтар немесе тақырыптар өтіліп жүрген оқулықта кездеспеуі де мүмкін. Міне осы жағдайда өте тиімді деп айтуға болады. Әрі оқушының да қызығушылығын тудырады.

Географияны оқыту барысында ақпараттық технолгияларды қолдану мен құру саласында кеңістік ақпараттарды кезең бойынша тез жұмыс істеуге, өзімізге қажетті ақпаратты пландар мен карталардан іздемей- ақ, үлкен жылдамдықпен жету мүмкіндігіне сонымен қатар, мәліметтер базасындағы ақпаратты енгізу мен жаңарту үшін геодезияның қазіргі заманауи электрондық құралдарының анықтау жүйесін қолданып, ең жаңа дәл ақпаратқа қол жеткізе аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы

«Ақпараттық технология – нәтижелі білім» «Қазақстан мектебі» №6, 2012 жыл

3.Оқу пәндеріне мазмұндық сапасын жақсартудың өзекті мәселелері «География, биология, экология орта мектепте» №2, 2012 жыл.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!