Материалдар / "ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БАЯНДАМАСЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БАЯНДАМАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
398
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ


Ниетбаева Кабира Туремуратовна

География пәні оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі

Ақтөбе гуманитарлық колледжі

Ақтөбе қаласы, Қазақстан

Қазіргі оқыту процесінде инновациялық педагогикалық технологиялар кеңінен қолданылуда. Оқыту технологиялары білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын, саналы ойлауын, қоғамдық көзқарасы мен өзіндік пікірін, еркін сөйлеуін қалыптастыруда маңызды болып келеді. Оқыту процесінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану – сабақтың ұйымдастыру формасын, мазмұнын өзгертеді. Педагогтің сабақ мазмұны мен құрылымына инновациялық өзгерістер енгізуі - білім алушылардың танымдық әрекетін өзбетінше ұйымдастыруына, бірлескен оқу ортасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуына ықпал етеді. Оқытудың инновациялық педагогикалық технологияларын қолдану – мұғалімнен үлкен ізденісті де талап етеді. Орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинский: “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” - деген.

Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана отырып білім беру – мұғалімнің инновациялық қызметі болып табылады. Инновациялық қызмет - оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталады. Мұндай технологияларды қолдану арқылы оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастырады, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі кезде оқытудың инновациялық педагогикалық технологиялары кеңінен қолданылады. Соның бірі - сын тұрғысынан ойлауды дамыту. География пәнін оқытуда сын тұрғысынан ойлауды дамытудың әдіс-тәсілдерін қолдану тиімді деп есептеймін. Сыни ойлау – ашық қоғам негізі, жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселені ойлай алуы, зерттеуі, қорытуы және өз ойын еркін жеткізе алуы. Сын тұрғысынан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Сонымен бірге сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының әдістерін тиімді пайдалану арқылы сабақты диалогқа, ізденіске бағыттай аламыз.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың білім алушылар үшін бірнеше тиімді жақтары бар. Атап айтатын болсақ: пәнге деген жеке қызыушылығын оятады; танымдық қабілеттілігі мен әлеуметтік мәдени тәрбиесін қалыптастырады; шығармашылық жұмысқа баулиды; оқытушының уақытын үнемдейді; қосымша мәліметтер береді; білім алушыларға сенім білдіріледі; талантты, қабілетті білім алушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады; білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді. Сонымен бірге оқытушы үшін де тиімді тұстары көп. Олар: барлық баланы оқыту; оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру; білім берудің формасын оңтайландыру; білім алушының жеке қабілетін айқындау. Бұл технологияның негізгі артықшылығы үнемі қайталау, кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болдырмау, білім алушылар жетісіктерінің жариялылығы, қателерді түзеуге мүмкіншіліктің болуы, барлық білім алушылардың өз дарынын, табысқа жету мүмкіндігіне жағдай жасалуы және оқыту мен тәрбиенің тұтастығы болып табылады. Сонымен бірге сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процесс болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталады, мәселенің шешімін қабылдаумен аяқталады. Сыни ойлау күрделі процесс болғандықтан, білім алушыларға сыни ойлау ортасын жасау маңызды болып келеді. Сыни ойлау ортасында әр білім алушының ойы шыңдалады, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетеді, нақты мақсат қоюға дағдыланады, өзіне деген сенімі артады, оқу процесіне белсенді қатысады, басқалардың пікірін сыйлайды, өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қояды, сараптауға, бағалауға дағдыланады, пәнге деген қызығушылығы артады.

Сын тұрғысынан ойлауға бағытталған сабақ - білім алушылардың қызығушылығын ояту, оқу проблемасының мағынасын тану және сабақ соңында үйренгенін өз ой елегінен өткізіп ой-толғаныс жасау құрылымдарынан тұрады. Білім алушылардың дербес ойлауын дамыту үшін география сабағында бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының әрбір әдіс-тәсілдері өзіндік белгілі бір мақсаттарды: салыстыру, жинақтау, топтау, идея жинау, талдау, талдау, баға беру және т.б. жүзеге асыруды асыруды көздейлі. Мысалы: «Заманауи картографиялық әдістер» тақырыбын өткен кезде, студенттердің сабаққа қызығушылығын ояту үшін әрі осы тақырып бойынша не білетінін анықтау үшін «Ассоциация», «Кластер», «Мен не білемін?» әдістерін қолдануға болады. «Ассоциация» әдісін қолданған кезде, оқытушы студенттерге: «Картографиялық әдістер» деген кезде, ойыңа қандай ұғымдар мен түсініктер келеді? – деп сұрауға болады. Осы әдіс арқылы студенттер идея жинайды және мектеп бағдарламасын еске түсіреді. Ойларын айтып болған соң, айтылған ұғымдар мен түсініктердің мағынасын сұрау арқылы тақырыптың мағынасын өздігінен ашуға мүмкіндік береміз. Аталған тақырыптың мағынасын ашу үшін топтық жұмыстар жүргізуге болады. Топтық жұмыстарда «ЖИГСО», «Ротация немесе Айналмалы бекет», «Кубизм», «Ақылдың 6 қалпағы» және т.б. әдістерін қолдануға болады. Топтық жұмыстарды ұйымдастыруда «Кубизм» әдісін қолданған кезде: «Картографиялық әдістер көмегімен қандай мәлімет алуға болады?» (ассоциациялау), «Өлшем жұмыстарын жүргізген кезде қандай картографиялық құралдар қолданылады және неліктен?» (түсіндіру), «Дәстүрлі және электрондық карталар» (Венн диаграммасы бойынша салыстыру), «Карта бойынша қандай картометриялық көрсеткіштерді анықтауға болады» (талдау), «Жаңа технологияның қарқынды дамуы картографияға қандай өзгерістер әкелді?» (жинақтау), «Интернеттің менің өмірімде алатын орны» (эссе жазу арқылы баға беру) жұмыстарын жүргізуге болады. Бұл тақырыпты әр қырынан тереңірек талдауға, уақытты үнемдеуге, аз уақытта көп мәлімет алуға, сабақты мазмұнды етуге көмектеседі. Сабақ соңында «Зияткерлік әңгіме», «Аяқталмаған сөйлем», «Етістіктер сөйлейді», «Мен не үйрендім», «Рефлексиялық шеңбер» тағы басқа да әдістерді қолдануға болады. Оқытушы қандай әдісті қолданса да, оның білім алушылардың білім алуы мен дамуына тигізетін маңыздылығына көңіл бөлгені дұрыс. Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру, білім алушы мен мұғалімдердің өзара қарым - қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру сияқты міндеттер әрекетсіз жүзеге аспайды. Оқу - адамның саналы өміріндегі басты әрекеті. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы білім алушының сана - сезімін дамытуға бағытталады. Оқу әрекеті – адамзат баласы жинақтаған тәжірибені меңгеру болып табылады. Қазіргі кезде білім беру мақсаты мен міндеттерінің дәстүрлі оқытудан түбегейлі өзгешеліктері бар. Ол білім, іскерлік, дағдыларды меңгертудің негізі ретінде білім алушының дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ету міндеттерін шешуді көздейді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бізде білім алушылардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға  болатын, әлемнің түрлі  бөліктеріндегі және  тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты  туралы мысалдар  жеткілікті. Әр сабақта оқушыларды сын  тұрғысынан ойлауға үйрететін жұптық, топтық тапсырмаларды қарастыру, сонымен қатар Блум таксономиясы бойынша  құрылған сұрақтар  арқылы сабақтарды жүргізуге болады. Диалог  арқылы сын  тұрғысынан ойлауды  дамыту білім алушылар арасындағы қарым-қатынасты реттейді және жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін, зияткерлік  сапаларының дамуына ықпал етеді. Қазақстандағы кәсіби  дамудың жаңа бағдарламасына сай сыни  тұрғыдан ойлайтын  мұғалімдер рефлексивті оқытуға мән беруі керек. Рефлексивті оқытуға білім алушылардың үйренгені жайында сыни тұрғыдан ойлауы жатады. Бұл олар көрсеткен сыни  тұрғыдан ойлау тәртіптері  мен  дағдыларын зерттеуді, жазып алуды және  бағалауды талап  етеді. Бұл қабілеттер мен  дағдылар оқу процесіндегі  белгілі бір дәлелдерді  талқылап, қарастыруды қажет  ететін тапсырмаларды  орындау  барысында көрініс береді. Білім алушылардың сын  тұрғысынан ойлау қабілеттерінің негізгі ерекшеліктері: ұтқырлығы – бұл ең жақсы түсініктемені  табуға  ұмтылу, дайын  жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап ету, кез келген дәлелді есепке алу; эмоцияға емес, себепке негізделу болып табылады. Сонымен бірге сыңаржақтылықтың болмауы - бұл барлық қорытындыларды бағалау, болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктерді қарастыру, баламалы интерпретацияларға ашық  болуға  ұмтылу. Пайым – дәлеледердің деңгейі мен маңызын мойындау, балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын  мойындау болып табылады. Тәртіп -  тиянақты, нақты және  жан-жақты болу деген сөз. Өзіндік сана-сезім - өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыз, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті  екенін сезіну. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтындар белсенді  болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді  талдайды, мағынаны анықтау  үшін саналы түрде стратегиялар қолданады, ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сыни көзқараспен қарайды, ал мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болып келеді. Сын тұрғысынан ойлауды  үйрету  үшін  мынадай шаралар орындалуы керек: сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;  ойлануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру  керек; әртүрлі идеялар мен пікірлерді  қабылдау; үйрену барысындағы білім алушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; сабақ кезіндегі кейбір білім алушылардың қолайсыз жағдайларын елемеуге тырысу; білім алушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді мен дәйекті болуын  талап  ету; сыни  тұрғыдағы ойлуды бағалау болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясымен жұмыс жасайтын педагог мынадай талаптарды басшылыққа алады: сабақты түрлендіре  білу; білім алушылар алдында  еркін сөйлеу;  өзіне сенімді болу; өз ойын жинақтап жеткізе  білу;    шығармашылықпен жұмыс жасай алу.

ХХІ ғасыр - білім ғасыры. Бүгінгі жастардың өмірден  үйренері де және білім алуға деген қажеттілігі де көп. Сондықтан  оларды таңдандыру, қызықтыру үшін әрбір сабақ жаңалық  болуы керек. Сабақта сыни  тұрғыдан ойлауды  дамытудың әдіс-тәсілдерін қолдану білім алушылардың білім алуға  қызығушылығын  оятады, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытады, белсенділігін  арттырады, жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеуге ықпал етеді.

Әдебиеттер:

1. Мұғалімге  арналған нұсқаулық.

2. Әлімов А., Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. Оқу құралы, Алматы, 2015

3. Бұзаубақова К.Ж., Инновациялық педагогика негіздері. Алматы, 2009












 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!