ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оn-line режимінде ұйымдастырылған іс-шараға география пәнінің көптеген мұғалімдері қатысып, географияны оқыту үдерісінде тәжірибелік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың жеке қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттырудың әртүрлі мәселелері талқыланды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ



ТАСКАРАЕВА КАЛБИБИ АХМЕТОВНА

«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі»

кафедрасының аға оқытушысы


2021 жылдың 28-мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Зерттеу және зерттеушілер», «Картография және географиялық деректер базасы» тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі туралы онлайн-кеңес өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Географиялық деректер базасы мен картография және зерттеушілер бөліміне тәжірибелік тапсырмалар беру арқылы кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Міндеттері:

  • Зерттеу және зерттеушілер тақырыптарына тәжірибе тапсырмалар құрастыру;

  • Картография және географиялық деректер базасы, географиялық карталар, картосхемаларды қолданып практикалық жұмыстарды көрсету.

Оn-line режимінде ұйымдастырылған іс-шараға география пәнінің көптеген мұғалімдері қатысып, географияны оқыту үдерісінде тәжірибелік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың жеке қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттырудың әртүрлі мәселелері талқыланды.

Іс-шарада қашықтықтан оқыту барысында оқушылардың жалпы зияткерлік қабілеттері мен логикалық ойлау деңгейлеріне қарай жасалатын тапсырмалардың түрлерімен таныстырып, тәжірибелік тапсырмаларды құрастыру жөнінде педгогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.

Сонымен қатар, кеңес барысында географиядағы зерттеу тәсілдерімен байланысты тәжірибелік тапсырмаларды қолданудың маңызы айқындалып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен басқа пәндермен сабақтастық арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту туралы ой қозғалып, төмендегідей сұрақтар талқыланды:

  • География пәні мұғалімдері оқушының ойлау дағдыларын ескеріп тәжірибелік тапсырмалар жасауда кездесетін қиындықтар.

  • Білім алушының нәтижеге қол жеткізуіне тәжірибелік тапсырмалардың әсері қандай?

  • Тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастырғанда оқушылардың іс-әрекеттері қандай болуы мүмкін?

Пікір алмасу нәтижесінде оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау және олардың ықылас - жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім денгейін зерттеудің қажеттілігін нақтылап, білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық тәжірибе жасаудың жолдары қарастырылды.

Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар әдістемелік кеңес дер кезінде мазмұнды әрі тәжірибелік деңгейде өткенін атап көрсетіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2021
427
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі