Әдістемелік әзірлеме тақырыбы: Геометриялық
денелер
Мақсаты: Геометриялық денелер
тақырыбына сабақ үлгісін дайындау арқылы оқушылардың кеңістіктке
елестету қабілеттерін дамытуда сызудың ролін ашу. Геометриялық
денелер тақырыбына дәстүрлі емес сабақ әзірлемесін
ұсыну.
Өзектілігі: Қазіргі техника мен ғылымның дамыған
заманында, әсіресе техникалық мамандықта оқитын оқушыларға сызудың
маңызын, қажеттілігін ұғындыру. Геометриялық денелер тақырыбының
маңызын ашу.
Сабақ әзірлемесі
Тақырып: Геометриялық
денелер
Сабақ мақсаты:
Білімділік
- Оқушыларға георметриялық
денелер туралы мәлімет беру. Оқушылардың геометриялық денелерді ,
геометриялық фигуралардан ажыратуына ықпал ету.Геометриялық
денелердің кескінін сызбада орындау тіртібін
үйрету.
Дамытушылық
– Оқушылардың кеңістікте
елестету қабілеттерін дамыту, сызба аспаптарымен жұмыс істеуде
икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік – Оқушыларды сызба жұмыстарын
орындау кезінде ұқыптылыққа және төзімділікке
тәрбиелеу
Сабақтың
түрі: аралас
Әдісі: ойын
Көрнекілігі: слайдтар, геомтериялық дене
макеттері, тақта, бор.
Пәнаралық
байланыс: геометрия
Сабақтың жоспары:
-
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин.
-
Үй тапсырмасын тексеру 7 мин.
-
Жаңа тақырып түсіндіру 40 мин.
-
Сергіту кезеңі 5 мин.
-
Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин.
-
Сабақты қорытындылау 8 мин.
-
Үйге тапсырма беру 3 мин.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үй тапсырмасын тексеру
-
Жаңа тақырып түсіндіру
Тақырып: Геометриялық денелер
Геометриялық беттермен шектелген кеңістіктегі
бөлшекті геометриялық дене деп атайды. Геомтериялық денелер екіге
бөлінеді; қырлы денелер және айналу денелері.
Қырлы денелерге көпжақтар
жатады. Көпжақтар деп жан-жағы жазықтықтармен шектелген дене көпжақ
ты деп аталады. Олардың жазық фигура болып шектелген
бөлігі жағы, ал осы жақтардың өзара
қиылысқан жері қыры деп
аталады
Призма - шеткі жақтары
тіктөртбұрыштар немесе параллелограмм, ал табандары өзара тең әрі
параллель орналасқан көпбұрыш болып келетін қырлы дене. Егер
призманың табандары дұрыс көпбұрыш болса дұрыс призма, ал бұрыс
болса бұрыс призма деп аталады. Табандарының бұрыштарының санына
қарай призма үшқырлы, төртқырлы, бесқырлы т.б. призма болады
(сурет).
Пирамида – шеткі жақтары
үшбұрыштар, табаны көпбұрыш және бір төбесі бар қырлы дене.
Табанының бұрыш санына байланысты пиармида да үш, төрт, бес...
қырлы болады. Егер табаны дұрыс көпбұрыш болса, дұрыс пирамида, ал
керісінше болса бұрыс пирамида деп аталады (
сурет).
Айналу денелері деп доғал беттермен шектелген
денелерді айтады. Олардың түрлері өте көп. Солардың кейбіреулерін
қарастырсақ.
Цилиндр. Цилиндр - шеткі беті
АВ кесіндісінің белгілі бір ось бойымен айналуы нәтижесінде пайда
болатын, табандары шеңбер болып келетін айналу денесі. Цилиндрдің
ось ббойымен айналған шеткі жаны жасаушысы деп аталады
(сурет).
Конус – тікбұрышты үшбұрышты
катеттерінің бірінен айналырғанда шығатын, табаны шеңбер болып
келетін айналу денесі (сурет).
Шар. Дөңгелекті диаметрлерінің
біреуінен айналдырғанда пайда болатын айналу денесін шар дейді.
Шардың бетін сфера дейді. Оның проекциялары өзара тең шеңберлер
болады ( сурет).
Тор деп шеңбер жазықтығында
жатқан, бірақ оның центрі арқылы өтпейтін екінші шеңбердің ось
бойымен айналғанда пайда болатын айналу денесі (
сурет).
суреттер
Үш заттан қралған геометриялық
денелер тобын сызбада кескіндеуді өзара перпендикуляр проекция
осьтерін сызудан бастайды. Мысалы дұрыс алтықырлы пирамида, призма
және конус берілген. Алдымен өлшем бойынша геомериялық денелердің
гризонталь кескіндері тұрғызылады. Геометриялық денелердің
арақашықтығын өлшеп, қажетті центрлік сызықтарын жүргізеді.
Берілген диаметрлер бойынша конустың табаны және пирамиданың табаны
(алтықырлы – шеңберді тең 6 бөлікке бөлу) гризонталь проекция
жазықтығына кескінделеді. Ал, алтықырлы призма табандары фронталь
жазықтыққа параллель орналасқандықтан оның ұзындығы мен табанының
диаметріне тең ені кескінделеді. Горизонтлаль кескінде конустың
және приамиданың төбелері мен пирамиданың қырлары кескінделеді.
Фронталь кескінін сызу үшін центрлік сызықтарын және конус,
пирамида және призма контурларынан х осіне перпендикуляр жүргізеді.
Центрлік сызық бойынан конус пен пирамиданың төбелерін белгілеп
жасаушылары мен жақтарын кескіндейді. Фронталь кескінде призманың
табаны кескінделеді, яғни шеңбер сызып, алты бөлікке бөледі.
Артынша екі кескіні бойынша үшінші кескінін тұрғызады. Заттар
бірінің артында бірі тұрғандықтан көрінбейтін контурларды үзік
сызықтармен жүргізеді (сурет).
Сурет
-
Сергіту кезеңі
Оқушыларға сызба аспаптары туралы жұмбақтар
жасырылады.
-
Қысқа таяқ діңі бар
Шиырлаған ізінде
Сайрап жатқан тілібар.
(қалам)
-
Көкқұтанша ақ айдында бір акяқпен
тұрады,
Тұмсығымен ол мұнда шыр айналып
шығады.
(циркуль)
-
Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі.
(сызғыш)
-
Бір
жорға бар шабысты
Ақ аңызға жабысты
Жорғаласа талпынып
Келтірер көп табысты
(қарындаш)
-
Бір
нәрсе бар білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең
кіргізеді.
(кітап)
5.Жаңа тақырыпты
бекіту
1. Ойын. «Ұқсатып көр»
Топ екіге бөлініп, бір біріне геометриялық
дененің бірін көрсетеді, екінші топ сол денеге ұқсайтын затты
атайды. Мысалы, шар – доп, глобус т.б.
2. Ойын: топтастыр
Тақтада магнитпен (араласып) жапсырылған
геометриялық денелерді жылдам қырлы және айналу денелері қатарына
топтсатыру.
3.
Практикалық тапсырма
№4
графикалық жұмыс орындау
Тапсырма: берілген геометриялық денелер тобын үш
жазықтықта кескіндеп, аксонометриясын сызу. Сызбаға МЕСТ-ке сәйкес
өлшем түсіріп, негізгі жазуды толтыру.
Тапсырмаға қойылатын талаптар:
-
Компоновканың дұрыс болуы
-
Сызбаның ұқыпты орындалуы
-
Сызба сызықтарын дұрыс қолдану
-
Өлшем дұрыс түсірілу
-
Үш
кескіннің дұрыс орындалуы
-
Аксонометрияның дұрыс орындалуы
-
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың сабақтан алған білімдерін, сабаққа
қатысу деңгейлерін бағалау.
Оқушылардың бастап сызған сызбаларын
талдау
-
Үйге тапсырма беру.
Үйден: оқу: Есмұхан Ж.М. §15
Пркатикалық жұмыс: №4 графикалық жұмыс
«Геометриялық денелер
тобы аяқтау»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Министрлігі
ШҚО
Әкімдігінің Білім Басқармасы
КМҚК «Құрылыс колледжі»
Баяндама
ЭКСПО-2017 көрмесі
Дайындаған: Мақыпов
Еламан
С12 тобы студенті
Тексерген: Шүкіманова
А.Б.
Семей қаласы,
2016ж.