Материалдар / "ГеоСәт" интеллектуалдық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ГеоСәт" интеллектуалдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоғары сынып оқушыларына арналған география пәнінен сайыс сабақ. Ұстаздарға сабақтарын түрлендіріп өтуі үшін ұсынылатын мысал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Шілде 2018
679
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«География әлемі»   білім сайысы

Жүргізуші –1: Саламатсыздар ма?Құрметті ұстаздар мен оқушылар! География пәні бойынша ХХІ ғасыр Көшбасшысы сайысымызға Қош келіпсіздер! Бүгінгі сайысымыз 10-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі.Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар! (таныстыру).

 Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:

1 кезең. Тақтада 1,2,3,4,5,6,7,8 ұяшықтары беріледі. Оқушылар өздері таңдаған ұяшықтағы 4 сұраққа жауап береді. Ұпай саны-5.

2 кезең. Тақтада 6 түрлі тақырыптағы тапсырмалар берілген.Дұрыс жауап берген оқушы 10 ұпай санына ие болады.

3 кезең. Тақтада біз пайдаланып жүрген 42 алфавит бойынша сұрақтар берілген. Бұл сұрақ жауаптарының басқы әріптері  алфавитпен байланысты болады, тек қана Ё, Ң, Һ, Щ, Ъ, Ь әріптері ғана сөз ортасында кездеседі.

Дұрыс жауап – 1 ұпай.

4кезең. «Жұмбақ» сайысымызда география пәнінен жұмбақтар жасырамыз, әр дұрыс жауап 3 балл.

Оқушының аты-жөні

«Бәйге»

5 балл

«Ғажайыптар әлемі» 10 балл

«Әріптер сөйлейді» 1балл

«Полиглот»

3 балл

Қорытынды

балл

1







2







3







4







5







6







7







8









Жүргізуші –2: I-кезең. «Бәйге» Әр сайскерге таңдаған ұяшығы бойынша 4 сұрақ қоямын, әр дұрыс жауап 5 балл.

1.

Сөнбеген жанартаулар мен гейзерлердің, мұздықтардың көп болуынан «Мұз бен от елі» деп аталатын ел  (Исландия)

2. Қазақстандағы шина жасау зауыты орналасқан қала  (Шымкент)

3. Ауаның горизонталь бағытта қозғалуы  (Жел)

4. Бангладеш астанасы (Дакка)

2.

1. Қысы қатал болатын Лапландияны дүние жүзі халықтары қалай атайды? («Аяз Атаның мекені»)

2. Қазақстандағы өлшеуіш аппаратура шығаратын зауыт қай қалада (Көкшетау)

3. Құрлық бетіндегі ішіне су толған табиғи ойыс (Көл)

4. Швейцария астанасы (Берн)

3.

1. «Екі өзен аралығы» деп аталатын ойпат, бұл ойпатта қай екі өзен ағып өтеді?  (Месопатамия ойпаты.Тигр және Евфрат өзендері)

2. Қазақстандағы аккумулятор шығаратын зауыт орналасқан қала  (Талдықорған)

3. Жан-жағын су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі  (Арал)

4. Марокко астанасы (Рабат)

4.

1. Еуропадағы қай мемлекетті «Сүт фермасы» деп атайды.  (Дания)

2. Қазақстандағы титан-магний зауыты орналасқан қала  (Өскемен)

3. Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан биік бөлігі (Тау)

4. Канада астанасы (Оттава)

5.

1. Еуропадағы бұл елді «Қызғалдақтар елі» деп атайды. (Нидерланды)

2. Қазақстандағы кабель зауыты орналасқан қала (Семей)

3. Абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар (Горизонтальдар)

4. Финляндия астанасы (Хельсинки)

6.

1. «Күншығыс елі» (Жапония)

2. Қазақстандағы толық циклды металлургия комбинаты орналасқан қала (Теміртау)

3. Жер бетінде полюстен полюске ойша жүргізілген сызық  (Меридиан)

4. Болгария астанасы (София)

7.

1. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы жалғастырып тұрған канал?(Панама каналы)

2. Фернан Магеллан жер шарын қашан айналып шықты?(1519 - 1522ж)

3. Құрлықтың су кеңістігіне кіріп тұрған бөлігі не деп аталады? (Түбек)

4. Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді? (Анд)

8.

1. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер? (үндістер)

2. Антарктиданы ашқан саяхатшылар ?( Ф. Беллинсгаузен, М. Лазарев)

3. Солтүстік бағыт пен белгілі бір зат арасындағы бұрыштық өлшем (азимут)

4. Жердің Күнді айналуынан қандай құбылыс байқалады? (жыл мезгілдері ауысады)

Жүргізуші –1: II-кезең. «Ғажайыптар әлемі»Сайыс ережесі бойынша әр арнайы тақырып бойынша сандарды таңдайсыздар! Таңдаған саныңыз бойынша сұрақтар қойылады.



Қазақстан қорықтары

10

20

30

40

Әлем саяхатшылары

10

20

30

40

Елтану

10

20

30

40

Жануарлар дүниесі

10

20

30

40

Өсімдіктер дүниесі

10

20

30

40






География-Математика

10

20

30

40



Қазақстан қорықтары

10- Қиыр Шығыста ғана кездесетін «малиус боката» алмасының жабайы түрлері кездесетін қорық  (Наурызым)

20- Үстірт қорығында өсірілетін жабайы қойдың түрі  (Муфлон)

30- Қазақстанда ең алғашқы қорық қай жылы құрылды (1926 ж Ақсу-Жабағылы)

40- Қорғалжың  қорығы орналасқан  облыс (Ақмола)

 

Әлем саяхатшылары

10- ХVғасырда Еуропадан Үндістанға баратын жол іздеген португал теңізшісі Бартоломеу Диаш екі мұхиттың түйіскен жерінде күшті желді байқаған. Тозығы жеткен кемелер суға кетіп, апатқа ұшыраған адамдар аман қалып, бес ай бойы осы жерде тіршілік еткен. Бұл қай жер?
(
Қайырлы Үміт мүйісі)
20- 1595 жылы Еуропа елдеріне сипаттама берген Атласты шығарған кім? (Герард Меркатор)
30- Су асты зерттеулерінің негізін қалаушы және алғаш акваланг ойлап тапқан француз  теңіз саяхатшысы. Экспедициясының материалдары бойынша мұхиттағы тіршілік  туралы көптеген фильмдер түсірілді.

(Жак Иф Кусто)

40- Диаметрі 50см болатын глобусты алғаш жасаған неміс географы

(М. Бехайм)
Елтану

10- «Бонсай», «Икебана» қай елдің өнері?(Жапония)

20- Бұл елде 1993 жылдан бастап халыққа тегін электр энергиясы, су, табиғи газ және ас тұзын беру жүзеге асуда.Газ өнеркәсібі халықты жұмыспен қамтамасыз ететін сала.Суармалы егіншілік пен қой шаруашылығы басты орынды алады, Копетдаг тауының етегі атақты «ақалтеке» жылқысының Отаны.    (Түрікменстан)

30- Бұл жоғары дамыған елді «теңіз бен тау елі» деп атайды.Оның келбетін машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, шарап өндірісі мен субтропиктік егіншілік анықтап береді.Бұл ел әлемге атақты музыканттарды, көркемсурет шеберлерін сыйлаған.Шетелдік туризмнен көп пайда түсіреді, жыл сайын 36 млн-ға жуық туристер келеді.  (Италия)

40- Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан.Тарихи-мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстары негізінде халықаралық туризм дамыған. Әлемдегі ең ірі өзеннің атырауында тұрғандықтан жергілікті халық ауыл шаруашылығымен айналысады.Мақта – ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.  (Египет)

50- Латын Америкасындағы бұл елдің атауы испан тілінен аударғанда   «бай жағалау» дегенді білдіреді. Астанасы Сан-Хосе, елдегі  екінші ірі қала Лимон деп аталады. Бұл қай ел? (Коста-Рика)

 Жануарлар дүниесі

10- Белгілі зерттеуші Александр Гумбольдт Ориноко өзенінен құрлыққа крокодилдердің қаптап шыққанын байқаған. Олардың өзеннен қашуына не себеп болды? (Жер сілкінісі)
20- Шығыс Қазақстандағы  мүйізінен (панта) бағалы дәрілік шикізат алынатын жануар . (Марал)

30- Анд тауының символы  (Лама)

40- Еуразияның тайгасында тіршілік ететін Қиыр Шығыста ерекше қорғауға алынған жыртқыш   (Уссурий жолбарысы) 

Өсімдіктер дүниесі

10- Африка материгіндегі Намиб шөлінде өсетін бұл өсімдік 2000 жылға дейін тіршілік етеді.Жапырақтары ұшынан бірте-бірте қурап, сабағынан өсіп отыратын өте сирек кездесетін өсімдік.  (Вельвичия)

20- Бұдан екі ғасыр бұрын Еуропа халықтары Орта Азияның шөлдерінде «Оңтүстік қарағайы» өседі деп қате пікірде болған. Бірақ ботаник В. Леонтьев бұл пікірді теріске шығарды. «Оңтүстік қарағай» деп аталған өсімдікті ата? (Сексеуіл)
30- Бұл ағаштың биіктігі 100 м-ге дейін жетеді, қабығы қалың, отқа тез жана қоймайды.Өсуге кедергі келтірмеуі үшін ағаш жыл сайын қабығын тастайды.  (Эвкалипт)

40- Оңтүстік Американың саваннасында бұтағы өте қатты, қабығынан тері илеуге қажетті шикізат алынатын  ағаш  (Кебрачо «балта сынар»)

География - Математика

10 – Тау етегінде температурасы +300 С, ал шыңында – 160 С болса, таудың биіктігінде ауа температурасы нешені көрсетеді? (+ 460)

20 – . 5 км биіктікте термометр 00-ты көрсетті. Осы кезде тау етегінде температура қандай болады? (5х6= 300С)

30 - . Арал теңізінің ауданында жауын-шашынның жылдық мөлшері 150мм шамасында , ал булану мөлшері 1000 мм. Ылғалдану коэффициентін анықтаңыз? ( Кы= 150:1000=0,15)

40 - . Дүние жүзі құрлықтағы ең биік және ең төменгі нүктелерінің арасындағы айырма неше метрге тең? ( 8848+403=9251 м.)



Жүргізуші –2: III-кезең. «Әріптер сөйлейді»Бұл сайысымызда алфавит әріптерін таңдайсыздар, таңдаған әріпіңіз бойынша сұрақ қоямыз. Тек қана Ё, Ң, Һ, Щ, Ъ, Ь әріптері ғана сөз ортасында кездеседі. Сұраққа ойланып, нақты жауап беруіңіз шарт.



А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К

Қ

Л

М

Н

Ң

О

Ө

П

Р

С

Т

У

Ұ

Ү

Ф

Х

Һ

Ц

Ч

Ш

Щ

Ъ

Ы

І

Ь

Э

Ю

Я



 

А- Бесінші мұхит деп аталатын қабық (Атмосфера)

Ә- Бұл мемлекеттің астанасы-Баку қаласы (Әзірбайжан)

Б- Тәулігіне бағытын екі рет өзгертетін жел (Бриз)

В- Сирек кездесетін түсті металл (Вольфрам)

Г-  Каспий теңізінің I ғасырдағы аталуы  (Гиркан)

Ғ- Қоғамда өндіргіш күштерінің сапа жағынан түбегейлі өзгерісі (ҒТР)

Д- Еуропаның ең ірі өзені унай)

Е- Қазақстанның ең суы мол өзені  (Ертіс)

Ё- Эфиопияның  астанасы  (Аддис-Абёба)

Ж- Семейде көпір салу үшін қаржылай көмек көрсеткен ел (Жапония)

З- Африкадағы «Қызыл металл» елі (Замбия)

И- Геотермальды энергияны  пайдаланатын ел (Исландия)

Й- Аустралияның  солтүстіктегі шеткі нүктесі (Йорк)

К-«Климат» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді  Көлбеу»)

Қ- Қай жемісті «шөл падишасы» деп атайды (Құрма пальмасы)

Л- Бастапқы меридиан басып өтетін қала (Лондон)

М- Тропосфераны зерттейтін ғылым  (Метеорология)

Н- Салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал (Нивелир)

Ң- Марқакөл қорығының эндемик балығы  (Мөңке)

О- Мұнайды сыртқа экпорттайтын елдерді біріктіретін ұйым   (ОПЕК)

Ө- Қазақстанның экологиялық жағынан ең лас қаласы (Өскемен)

П- Ежелгі біртұтас материк (Пангея)

Р- Еуропаның ең ірі теңіз порты оттердам)

С- Ауа райын болжайтын адамдар (Синоптиктер)

Т- Ресей жеріндегі батпақтың 80 қай зонада орналасқан (Тундра)

У- Қала  халқының үлес салмағының өсуі  (Урбандалу)

Ұ- Әлемдегі көл кеме қатынасы дамыған аймақ  (Ұлы көлдер)

Ү- Канаданың   жалауында бейнеленген өсімдік  (Үйеңкі)

Ф- Финноскандияның шығыс бөлігінің  негізгі тұрғындары (Финдер)

Х- Жапонияның астанасы орналасқан арал (Хонсю)

Һ- Халықаралық «Қызыл кітап» басылып шыққан жыл (1966 жыл)

Ц-  «Құрылыс наны» (Цемент)

Ч- АҚШ-ның ірі мегаполистерінің бірі(Чипитс)

Ш- Шығыс Қазақстандағы ең қуатты СЭС (Шүлбі)

Щ- Балқаш көлінің батыс бөлігінің суы қандай болып келеді (Тұщы)

Ъ- Қазақтанның «Қызыл кітабы» ұйымдастырылған жыл  (1978 жыл)

 Ы- Бұл қазаншұңқырды «Орта Азияның меруерті» деп атайды (Ыстық көл)

І-  Алматы қай таудың баурайында орналасқан  (Іле Алатауы)

Ь- Мұздар елінің астанасы (Рейкьявик)

Э- Аустралиядағы ең ірі көл (Эйр)

Ю- Қытайдың ұлттық валютасы (Юань)

Я- Қай түбек өзінің кіші екенін білдіреді (Ямал)



Жүргізуші –2:  IV-кезең. «Жұмбақ» сайысымызда география пәнінен жұмбақтар жасырамыз, жауабын 3 тілде айту шарт (қазақша,орысша,ағылшынша) әр дұрыс жауап 3 балл.

1. Теңізді, тауларды, халықты

Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер- земля - earth)

2. Аузынан жалын атқан

Күл мен бу шашып жатқан

Төгілген сұйық нәрсе

Тас болып қатып жатқан. (Жаңартау –вулкан - volcano)

3. Жан-жағы су болып жатқан,

Ортасы ну болып жатқан. (Арал- остров - island)

4. Нұры салқын,өзі жарық

Шалқалап жүзген қайық. (Ай – луна - moon)

5. Дауыл дәнді ұшырып, шарлар жауды аспаннан

Шекемізді ісіріп, қаштық үйге сасқаннан. ( Бұршақ- град - hail)

6. Әрлі гүл, әрлі гүлдің үстінде жанды гүл. (Көбелек- бабочка-butterfly)

7. Үйге кірді қара жер, назарыңды сала көр.

Шыр үйіріп, үңіліп, іздегеніңді таба көр. (Глобус-глобус-globe)

 III. Марапаттау. Жүргізуші –1:  1) Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтағанша, сергіту сәті ортаға (оқушыларымыздың орындауында) билерін қарсы алыңыздар!!! (би).

2) Ұлылардың ізін басар
Бізде жоқ па талапкерлер?
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, - демекші бүгінгі сайыскерлеріміздің жан - жақты екенін көрдік. Ойынның аты ойын. Ойын болған соң жеңімпаз болады. Сайыскерлеріміздің еңбегін бағалау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
(әділқазылар жеңімпазды жариялайды, марапаттау кезі).

 IV.Қорытынды.

3) Жүргізуші –2: Азығы бір күнге жететін айламен емес,

Білімі мың жылға жететін пайдамен өмір сүрейік!

 Құрметті ұстаздар мен оқушылар сайысымызды тамашалауға келгендеріңізге үлкен рахмет! Келесі сайысымызда кездескенше , сау болыңыздар!!!



 







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!