Материалдар / Геосаясаттың негізгі объектілері мен субъектілері

Геосаясаттың негізгі объектілері мен субъектілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Геосаясаттың негізгі объектілері мен субъектілері туралы оқушылар үйренеді. Геосаясаттың маңыздылығын біледі. 10 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2022
9159
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі____

(білім беру ұйымының атауы)


Cабақ жоспары

Геосаясаттың негізгі объектілері мен субъектілері

(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы География___________________


Дайындаған педагог: ____Бултекова Ақтоты Айғалиқызы _____


2022 жылғы «01» наурыз


1.Жалпы мәліметтер

Курс, топ ___1 курс, ФК-21-2


Сабақ типі ___теория


2. Мақсаты, міндеттері:

  • Геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтау.

  • Дүниежүзі елдерінің геосаясатына сипаттама беру.


3. Сабақты жабдықтау

3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

1. К. Каймулдинова, С. Әбілмажінова – География 10 сынып. – Алматы: Мектеп,2019.

2. География: оқулық. 2-бөлім. С. Қ. Төлепбекова, А. И. Аманжолов, А. М. Жылқайдарова – Алматы: АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ, 2019.


3.2. Техникалық құралдар, материалдар:

Техникалық құралдар (компьютер, ұялы телефон,), слайдтар, карта, және т.б


4. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 2 минут, студенттермен амандасу, тексеру.


Үй тапсырмасын сұрау: 7 минут, алдыңғы тақырыпты «сканворд» әдісі арқылы талдау.


Жаңа сабаққа дайындық: 5 минут. Презентация.


Жаңа сабақ: 15 минут.

Жаңа сабақты бастар алдын студенттер дүниежүзі аймақтары бойынша топқа бөлінеді. 1-топ Азия аймағы, 2-топ Оңтүстік Америка аймағы, 3-топ Еуропа және Африка аймағы.Топқа бөлінгеннен кейін елдердің картасы беріледі. Студенттер карталарға қарап қай елдер екенін тауып, қандай елдерге мәлімет беру керектігін анықтайды. Сабақ барысында студенттерге тақырып бойынша мәліметтер беріледі. Геосаяси объектілер мен субъектілерге анықтама береді. Сонымен қатар дүниежүзі елдернің геосаяси жағдайы туралы Интернет желісінен анықтамаларды іздеу арқылы жүзеге асырады. Дүние жүзі елдерінің геосаяси жағдайын, қуатын бағалау келесі параметрлер бойынша жүргізіледі:

- географиялық (территория көлемі, орналасқан орны, жер бедері, шекараларының ұзындығы мен конфигурациясы, т.б.);

- геофизикалық (климат, табиғи ресурстардың болуы, су ресурстарының болуы, т.б.);

- саяси (саяси режим, басқару және мемлекеттік құрылыс ерекшеліктері, т.б.);

- әлеуметтік (өмір деңгейі, әлеуметтік құрылым ерекшеліктері, халықтың урбандалу дәрежесі, т.б.);

- экономикалық (экономиканың даму дәрежесі, экономикалық өсім қарқыны мен перспективалары, инфрақұрылым, стратегиялық қорлардың болуы, т.б.);

- әскери (қарулы күштердің әскери қабілеттілігі, заманауи қару-жарақтың болуы, әскерилер саны, ядролық қарудың болуы, т.б.);

- мәдени-діни (конфессиялық және ұлттық дәстүрлер, ғылым, білім, денсаулық, т.б. даму деңгейі);

- демографиялық (халық саны, оның құрамы, халық тығыздығы, адам туу және өлім деңгейі, т.б.);

- экологиялық (қоршаған ортаның жағдайы, т.б.).


1. Геосаясат нысаны дегеніміз – құрлық, су (теңіздер мен мұхиттар), жер шарын қоршап жатқан ауа қабығы кіретін ғаламшарлық кеңістік. Миллиондаған жылдар бойы теңіз бен құрлық, ауа мен жер қыртысының бір-біріне қарсы тұруы. Яғни, геосаясат нысаны – мемлекеттер мен олардың шегаралары, ресурстары, т.б. нысандарымен қоса алғандағы ғаламшарлық кеңістік.

Ғылым ретінде геосаясаттың нысаны – ғаламшарлық кеңістік, жүйедегі геосаяси процестер мен дүниежүзілік қауымдастықтағы құбылыстар.

Геосаясат субъектісі – әртүрлі географиялық, геофизикалық, әлеуметтік кеңістіктерде ресми немесе бейресми билік алу мақсатында геосаяси кеңістікті өзгертуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын мемлекет немесе мемлекеттер блогы.

Геосаясаттың субъектілері мен нысандарын анықтап, мүдде, экспансия, рецессия, қарсы әрекет, эволюция санаттарына сипаттама берелік.

Геосаяси мүдделілік нысанның табиғи аумағына өз әсерін белгілеу немесе кеңейту жоспарларында көрінеді. Қызмет көрсету саласының барлық түрінде: мәдениет, экология, қорғану, т.б. геосаяси мүдделілік байқалады.

Экспансия субъектінің нысанға немесе оның мүдделері аясына бағыну мен пайдалану мақсатында әсер ету аймағын белгілеу немесе кеңейту жөніндегі іс-әрекеттерді білдіреді. Экспансия тіршілік әрекетінің барлық салаларында да көрінуі мүмкін.

Рецессия – экспансияның қарама-қарсылығы, яғни экспансия нысаны немесе геосаясаттың басқа да субъектілері тарапынан қарсы іс-қимылды азайту мақсатында субъектінің нысанға әсер ету аймағын қысқарту. Геосаяси рецессияны оған эмоциялық жағымсыз реңк бермей, экспансия сияқты геосаяси субъектілер арасындағы қарым-қатынаста қажет объективті процесс ретінде қарастыру керек.

Геосаяси қарсы әрекет – нысан мен оның әсер ету аймағын экспансиядан қорғау жөніндегі қарсы шаралар жүйесі.

Геосаяси ось – магистральды көлік коммуникацияларынан, қалаларды шоғырландырудан тұратын, табиғи нысандармен шектелген және ерекше ұлттық-мәдени орта құрайтын аумақтық құрылым. Геосаяси ось мөлшері үлкен, бірнеше мемлекет пен табиғи аймақтардың аумағын қамтуы мүмкін.

Геосаяси эволюция – мүдделердің тарихи дамуы, экспансия, рецессия мен осьтің рөлі. Эволюцияны зерделеудің негізгі мақсаты – неғұрлым тұрақты геосаяси мүдделерді, сондай-ақ бүкіл тарих бойы іске асырылған осьтерді анықтап, мүдделердің ауысу кезеңділігін анықтау.

Геосаясатқа байланысты негізгі ұғымдарға қысқаша шолу жасай отырып, бұл білім бағыты саяси, географиялық, тарихи ғылымдар кешенінің қиылысында жатыр деп айтуға болады. Сондықтан геосаясаттың анықтамасын тек оның пәніне деген жүйелі көзқарасынан шығаруға болады.

Сонымен, геосаясат – мемлекеттер (немесе геосаясаттың өзге де субъектілері) арасындағы қарым-қатынастың дамуын зерттейтін, олардың мүдделерін іске асыру нәтижесінде пайда болатын, экспансияда (немесе рецессияда) көрсетілген және мемлекет аумағына (немесе геосаясаттың өзге де нысаны), тіршілік әрекетінің барлық саласына әсер ету мақсатында осьтер бойынша бағытталған білім саласы.

Геосаясаттың ерекшелігі халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат туралы білім кешенінде қолданылатын ось пен аумақ түсініктерінің арқасында осы анықтамада көрінеді. Геосаясат пәнінің сипаттамасын негізге ала отырып, Қазақстан геокеңістігінің эволюциясын, оның дамуының тұрақты бағыттарын, дүниежүзінің жаһандық бөлінісінің қазіргі жағдайындағы геосаяси тұжырымдаманың келбетін сипаттауға тырысамыз.

5. Бекіту тапсырмалары: 7 минут. Георафиялық диктант

1. Геосаясат нысаны дегеніміз – ................

(құрлық, су (теңіздер мен мұхиттар), жер шарын қоршап жатқан ауа қабығы кіретін ғаламшарлық кеңістік.)

2.....................– әртүрлі географиялық, геофизикалық, әлеуметтік кеңістіктерде ресми немесе бейресми билік алу мақсатында геосаяси кеңістікті өзгертуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын мемлекет немесе мемлекеттер блогы.

(Геосаясат субъектісі)

3. ..............субъектінің нысанға немесе оның мүдделері аясына бағыну мен пайдалану мақсатында әсер ету аймағын белгілеу немесе кеңейту жөніндегі іс-әрекеттерді білдіреді.

(Экспансия)

4. Рецессия – .................қарама-қарсылығы

(экспансияның)

5. Геосаяси ось мөлшері .......................аумағын қамтуы мүмкін.

(үлкен, бірнеше мемлекет пен табиғи аймақтардың)

6......................– мүдделердің тарихи дамуы, экспансия, рецессия мен осьтің рөлі.

(Геосаяси эволюция)

6. Бағалау: 2 минут. Стикер бойынша.

7. Сабақ бойынша рефлексия: 6 минут.

Бүгінгі сабақтан алған әсерім қаңдай?

Нені үйрендім?

Нені түсінбедім?

Нені білгім келеді?


8. Үй тапсырмасы: 1 минут.

Тақырыпты қайталау. Геосаясат пен географияның қандай айырмашылығы бар екенін табу.























































- географиялық (территория көлемі, орналасқан орны, жер бедері, шекараларының ұзындығы мен конфигурациясы, т.б.);

- геофизикалық (климат, табиғи ресурстардың болуы, су ресурстарының болуы, т.б.);

- саяси (саяси режим, басқару және мемлекеттік құрылыс ерекшеліктері, т.б.); азия



- әлеуметтік (өмір деңгейі, әлеуметтік құрылым ерекшеліктері, халықтың урбандалу дәрежесі, т.б.);

- экономикалық (экономиканың даму дәрежесі, экономикалық өсім қарқыны мен перспективалары, инфрақұрылым, стратегиялық қорлардың болуы, т.б.);

- әскери (қарулы күштердің әскери қабілеттілігі, заманауи қару-жарақтың болуы, әскерилер саны, ядролық қарудың болуы, т.б.); еуропа



- мәдени-діни (конфессиялық және ұлттық дәстүрлер, ғылым, білім, денсаулық, т.б. даму деңгейі);

- демографиялық (халық саны, оның құрамы, халық тығыздығы, адам туу және өлім деңгейі, т.б.);

- экологиялық (қоршаған ортаның жағдайы, т.б.). О.А



- экономикалық (экономиканың даму дәрежесі, экономикалық өсім қарқыны мен перспективалары, инфрақұрылым, стратегиялық қорлардың болуы, т.б.);

-әлеуметтік (өмір деңгейі, әлеуметтік құрылым ерекшеліктері, халықтың урбандалу дәрежесі, т.б.);

- географиялық (территория көлемі, орналасқан орны, жер бедері, шекараларының ұзындығы мен конфигурациясы, т.б.); африка



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ